Кодексiнiң 34-бабына, «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы»



Дата04.07.2016
өлшемі187.51 Kb.
#176328
түріКодекс
Діни қызмет саласында мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 қазандағы № 1311 Қаулысы.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiнiң 34-бабына, «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-1, 15-2-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) «Республика аумағындағы шетелдiк дiни бiрлестiктердiң қызметiн, шетелдiк дiни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы дiни бiрлестiктер басшыларын тағайындауын келiсу» мемлекеттік қызмет стандарты;
      2) «Дінтану сараптамасын жүргізу» мемлекеттік қызмет стандарты;
      3) «Дін қызметі саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау, сондай-ақ үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру» мемлекеттік қызмет стандарты бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы


Үкіметінің       
2012 жылғы 15 қазандағы 
№ 1311 қаулысымен   
бекітілген      

«Дін қызметі саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау, сондай-ақ үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру» мемлекеттік қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік қызмет мекенжайлары осы стандартқа 1 және  2-қосымшаларда көрсетілген облыстардың, республикалық маңызды қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдарының сәулет және қала құрылысы басқармалары (бұдан әрі – басқармалар) Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің аумақтық органдармен (бұдан әрі – аумақтық органдар) келісім бойынша көрсетеді.


      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттік қызмет «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы Заңының 5-бабының 5) тармақшасы негізінде жүзеге асырылады.
      4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат облыстардың, республикалық маңызды қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдарының интернет-ресурстарында орналастырылған.
      5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесінде мемлекеттік қызметті алушы ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау, сондай-ақ үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім не қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз тасымалдағышта уәжделген жауап алады.
      6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (мемлекеттік қызметті алушылар) көрсетіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
      1) мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағында белгіленген қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
      ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін анықтау туралы шешім алу үшін – күнтізбелік отыз күнді;
      үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім алу үшін – күнтізбелік отыз күнді құрайды;
      2) мемлекеттік қызметті алуға арналған құжаттар пакетін тапсыруға ниеттенген мемлекеттік қызметті алушының күтуін рұқсат берілген ең ұзақ уақыт – 30 минут;
      3) мемлекеттік қызметті алушыға өтініш жасаған күні сол жерде көрсетілетін қызмет көрсету үшін рұқсат берілген ең ұзақ уақыт – 30 минуттан аспайды.
      8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      9. Басқармалардың жұмыс кестесі: 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінде және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңында белгіленген демалыс және мереке күндерінен басқа, жұмыс күндері, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліспен ұсынылады.
      Мемлекеттік қызмет кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
      10. Мемлекеттік қызмет басқармалардың ғимаратында көрсетіледі. Басқармалардың үй-жайларында бөлек кіретін есігі бар, күту және құжаттарды дайындау залы, күту орындары, толтырылған бланк үлгілері бар ақпараттық стенділер болады. Мүмкіндігі шектеулі мемлекеттік қызметті алушыларға қызмет көрсету үшін жағдай көзделген.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      11. Мемлекеттік қызметті алушылар ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін анықтау туралы шешім алу үшін мынадай құжаттарды ұсынады:


      1) осы стандарттың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
      2) жеке тұлғалар үшiн – салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқасын міндетті түрде ұсына отырып, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі немесе заңды тұлғалар үшін – салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқасын міндетті түрде ұсына отырып, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың не куәліктің көшірмесі;
      3) тіркелген діни бірлестік басшысының қолы қойылған ғибадат үйін (ғимаратын) салу туралы анықтама-негіздеме (ғибадат үйінің (ғимаратының) және ол тиесілі болатын діни бірлестіктің атауын, салудың мақсатын, осы аумақта рухани құндылықтарды қанағаттандыруға мұқтаж келушілер санын, ғибадат үйінің (ғимаратының) діни қызметшісінің кандидатурасын көрсете отырып));
      4) ғибадат үйін (ғимаратын) салу жоспарланып отырған ауыл (село), кент, шағын аудан, орам аумағында әрекет ететін жергілікті қоғамдастық жиналысының (жиынының) ғибадат үйін (ғимаратын) салуға (жақын маңда тұрғын үйлер болған жағдайда) келісетіні туралы шешімінің көшірмесі.
      Мемлекеттік қызметті алушылар үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім алу үшін мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) осы стандарттың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
      2) жеке тұлғалар үшiн – салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқасын міндетті түрде ұсына отырып, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі немесе заңды тұлғалар үшін – салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқасын міндетті түрде ұсына отырып, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың не куәліктің көшірмесі;
      3) салыстырып тексеру үшін құжаттың түпнұсқасын міндетті түрде ұсына отырып, жылжымайтын мүлiк объектісіне меншік құқығын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      4) жылжымайтын мүлiк объектісіне ауыртпалықтардың жоқ екендігі туралы анықтама;
      5) салыстырып тексеру үшін құжаттың түпнұсқасын міндетті түрде ұсына отырып, жылжымайтын мүлік объектісіне техникалық паспорттың көшірмесі;
      6) тіркелген діни бірлестік басшысының қолы қойылған үйді (ғимаратты) ғибадат үйі (ғимараты) етіп қайта бейіндеу туралы анықтама-негіздеме (ғибадат үйінің (ғимаратының) және ол тиесілі болатын діни бірлестік атауын, қайта бейіндеу мақсатын, осы аумақта рухани қажеттіліктерді қанағаттандыруға мұқтаж келушілер санын, ғибадат үйінің (ғимаратының) діни қызметшісінің кандидатурасын көрсете отырып));
      7) үйді (ғимаратты) қайта бейіндеу жоспарланып отырған ауыл (село), кент, шағын аудан, орам аумағында әрекет ететін жергілікті қоғамдастық жиналысының (жиынының) ғибадат үйі (ғимараты) етіп қайта бейіндеуге (жақын маңда тұрғын үйлер болған жағдайда) келісетіні туралы шешімінің көшірмесі.
      Осы тармақта көрсетiлген құжаттарды алған кезде басқарма олардың толықтығын тексереді. Құжаттардың толық болмауы фактісі белгіленген жағдайда басқарма құжаттарды алған сәттен бастап екі жұмыс күн ішінде мемлекеттік қызметті алушыны ұсынылған құжаттарды қараудан бас тарту туралы жазбаша хабардар етеді.
      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 08.05.2013 № 460 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      12. Өтініштер үлгісі облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдарының интернет-ресурстарында орналастырылған.
      13. Мемлекеттік қызметті алуға қажетті құжаттар мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген басқармаларға тапсырылады.
      Басқарма үш жұмыс күні ішінде осы стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттар көшірмелерін ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салуды, олардың орналасатын жерін айқындауды және үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеуді келісу үшін (функционалдық мақсатын өзгерту) аумақтық органдарға жібереді. Келісу он бес жұмыс күні ішінде келiсу не дәлелді негіздемемен келісуден бас тарту туралы хатты жіберу арқылы жүзеге асырылады.
      Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 08.05.2013 № 460 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      14. Басқармалардың құжаттамалық қамтамасыз ету қызметінің тіркеу мөртабаны (кіріс нөмірі, күні) қойылған мемлекеттік қызметті алушы өтінішінің көшірмесі осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың өткізілгендігін растау болып табылады.
      15. Мемлекеттік қызметті алушыға (не нотариалды расталған сенімхат бойынша өкілге) шешім осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайларға жеке өзі келгенде беріледі немесе мемлекеттік қызметті алушыға көрсетілген мекенжайға пошта арқылы жіберіледі.
      16. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға:
      1) елді мекеннің бас жоспарлары негізінде орындалған егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларының және (немесе) құрылыс салу жобаларының, сондай-ақ ауыларалық аумақтар үшін аудандық жоспарлау жобаларының болмауы;
      2) осы стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттарда дұрыс емес мәліметтердің ұсынылуы;
      3) құжаттардың тиісінше ресімделмеуі;
      4) аумақтық органның келісуінің болмауы негіз болып табылады.
      Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 08.05.2013 № 460 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

3. Жұмыс қағидаттары

      17. Басқармалар мемлекеттік қызметтерді ұсыну кезінде мынадай қағидаттарды басшылыққа алады: адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарының сақталуы, заңдылықтың сақталуы, көрсетілетін қызмет туралы толық ақпараттың берілуі, сыпайылық, құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету, ақпаратты қорғау және құпиялылығын сақтау.



4. Жұмыс нәтижелері

      18. Мемлекеттік қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижелері осы стандартқа 5-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.


      19. Басқармалардың жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапасы мен тиімділігі көрсеткіштерінің нысаналы мәндері жыл сайын жергілікті атқарушы органдардың бұйрығымен бекітіледі.

5. Шағымдану тәртібі

      20. Басқармалар қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіру, сондай-ақ шағымды дайындауда жәрдем көрсету осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар арқылы жүзеге асырылады.


      21. Көрсетілген қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым жазбаша нысанда пошта бойынша не қолма-қол осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген байланыс деректері арқылы (мекенжайлар мен телефондар) басқарма басшысының атына беріледі.
      22. Мемлекеттік қызметті ұсыну кезінде мемлекеттік қызметті алушыларға дөрекі қызмет көрсетілген жағдайда басқармалар қызметкерлерінің әрекетіне шағым жазбаша нысанда пошта бойынша не қолма-қол осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша басқарма басшысының атына беріледі.
      23. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
      24. Мемлекеттік қызметті алушының шағымында оның тегi, аты, әкесiнiң аты, ұйымның атауы (заңды тұлғалар үшін) пошталық мекенжайы көрсетiледi. Шағымға тұтынушы қол қоюға тиiс.
      25. Шағым басқармалардың құжаттамалық қамтамасыз ету қызметінде тіркеледі. Шағым беруші тұлғаға өтініштің тіркелген уақыты мен күні, өтінішті қабылдаған тұлғаның тегі мен аты-жөні, шағымға жауап алу мерзімі көрсетілген оның көшірмесі беріледі. Шағымның қаралу барысы туралы ақпаратты басқармалардың құжаттамалық қамтамасыз ету қызметінің қызметкерлері береді.
      Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221 Заңында белгіленген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады.
      26. Осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген жергілікті қоғамдастық жиналысының (жиынының) шешімін алу тәртібі туралы ақпаратты облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының стенділерінен және интернет-ресурстарынан алуға болады.
      Ескерту. Стандарт 26-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 08.05.2013 № 460 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

«Дін қызметі саласындағы құзыретті органмен   


келісу бойынша ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу
және олардың орналасатын жерін анықтау, сондай-ақ 
үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары)
етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын     
өзгерту) туралы шешімдер беру» мемлекеттік   
қызмет стандартына                
1-қосымша                     

Мемлекеттік қызмет көрсететін басқармалардың тізбесі

Р/с№

Атауы

Мекенжайы

Телефон нөмірлері

Жұмыс кестесі

1

2

3

4

5

1

Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы

Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 87

8 (7162) 40-10-17, ф. 25-47-42

Жұмыс күндері: дүйсенбі – жұма. Жұмыс уақыты: сағ. 09.00-ден 18.00-ға дейін, түскі үзіліспен. Демалыс күндері: сенбі – жексенбі

2

Ақтөбе облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы

Ақтөбе қаласы, Әбiлқайыр хан даңғылы, 40

8 (7132) 55-13-99

3

Алматы облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы

Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 36/42

8 (7282) 24-56-14, 27-13-19

4

Атырау облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы

Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 77

8 (7122) 32-03-63

5

Шығыс Қазақстан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы

Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 27

8 (7232) 26-36-69

6

Жамбыл облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы

Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі, 72

8 (7262) 43-78-79, 43-78-77

7

Батыс Қазақстан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы

Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 215

8 (7112) 50-45-14, 50-98-06

8

Қарағанды облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы

Қарағанды қаласы, Гоголь көшесі, 34

8 (7212) 56-43-04, ф. 56-66-12

9

Қостанай облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы

Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 85

8 (7142) 57-54-12

10

Қызылорда облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы

Қызылорда қаласы, 3-іріленген орам

8 (7242) 26-30-46

11

Маңғыстау облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы

Ақтау қ., 14 шағын ауданы, 1-үй, 102 каб.

8 (7292) 31-36-47

12

Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы

Павлодар қаласы, Жеңіс алаңы көшесі, 5б-үй

8 (7182) 32-76-64, 32-82-94

13

Солтүстік Қазақстан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы

Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 23

8 (7152) 46-35-57

14

Оңтүстік Қазақстан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы

Шымкент қаласы, Бейбітшілік көшесі, 3

8 (7252) 23-17-67

15

Алматы қаласының сәулет және қала құрылысы басқармасы

Алматы қаласы, Абылайхан даңғылы, 91, 7-9-қабаттар

8(727)
279-58-24

16

Астана қаласының сәулет және қала құрылысы басқармасы

Астана қаласы, Әуезов көшесі, 6

8 (7172)
33-37-30

«Дін қызметі саласындағы құзыретті органмен   
келісу бойынша ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу
және олардың орналасатын жерін анықтау, сондай-ақ 
үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары)
етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын     
өзгерту) туралы шешімдер беру» мемлекеттік   
қызмет стандартына                
2-қосымша                     

Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі мен оның аумақтық органдарының мекенжайлары мен жұмыс кестелері

Р/с №

Атауы

Мекенжайы

Телефон нөмірлері

Жұмыс кестесі

1

2

3

4

5

1.

Ақмола облысының Дін істері департаменті

020000 Көкшетау қаласы, Горький көшесі, 37

8(7162) 40-16-03 akmola@din.gov.kz

Жұмыс күндері: дүйсенбі – жұма. Жұмыс уақыты: сағ. 09.00-ден 18.00-ға дейін, үзіліс 13.00-ден 14.00-ға дейін Демалыс күндері: сенбі – жексенбі

2.

Ақтөбе облысының
Дін істері департаменті

030000 Ақтөбе қаласы, Әбiлқайыр хан даңғылы, 40

8(7132) 55-23-43 55-29-93 aktobe@ din.gov.kz

3.

Алматы облысының
Дін істері департаменті

040000 Талдықорған қаласы, Тәуелсiздiк көшесі, 38

8(7282) 27-06-38 ф. 27-25-33 zhetysu@ din.gov.kz

4.

Атырау облысының Дін істері департаменті

060010 Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 77

8(7122) 32-16-40 atyrau@din.gov.kz

5.

Батыс Қазақстан облысының
Дін істері департаменті

090000
Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 201

8(7112) 24-10-50 ф. 50-63-95 batys@din.gov.kz

6.

Жамбыл облысының
Дін істері департаменті

080012
Тараз қаласы, Төле би көшесі, 35

8(7262) 57-92-01 zhambyl@din.gov.kz

7.

Қарағанды облысының
Дін істері департаменті

100000 Қарағанды қаласы Костенко көшесі, 6

8(7212) 41-34-10 42-07-52 karaganda@din.gov. kz

8.

Қостанай облысының
Дін істері департаменті

110000 Қостанай қаласы, Таран көшесі, 85

8 (7142) 54-84-35 kostanay@din.gov.k z

9.

Қызылорда облысының
Дін істері департаменті

120000 Қызылорда қаласы, Жақаев көшесі, 76

8(7242) 26-38-74 kyzylorda@din.gov. kz

10.

Маңғыстау облысының
Дін істері департаменті

130000
Ақтау қаласы, 14 шағын ауданы, 1 үй

8(7292) 43-03-32 mangystau@din.gov. kz

11.

Оңтүстік Қазақстан облысының
Дін істері департаменті

160000 Шымкент қаласы, Тәуке хан көшесі, 6

8(7252) 30-14-92 ontustik@din.gov.k z

12.

Павлодар облысының
Дін істері департаменті

140000 Павлодар қаласы, Ленин көшесі, 61

8(7182) 32-73-25 pavlodar@din.gov.k z

13.

Солтүстік Қазақстан облысының Дін істері департаменті

150000 Петропавл қаласы, Конституция көшесі, 58

8(7152) 46-30-25 sko@din.gov.kz

14.

Шығыс Қазақстан облысының Дін істері департаменті

070004 Өскемен қаласы, М. Горький көшесі, 40

8(7232) 26-25-44 shygys@din.gov.kz

15.

Астана қаласының
Дін істері департаменті

010000 Астана қаласы, Бейбiтшiлiк көшесі, 11

8(7172) 55-74-53 ф.32-74-21 astana@din.gov.kz

16.

Алматы қаласының
Дін істері департаменті

050000 Алматы қаласы, Абылай хан көшесі, 74 а

8(7272) 72-87-42 almaty@din.gov.kz

«Дін қызметі саласындағы құзыретті органмен   
келісу бойынша ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу
және олардың орналасатын жерін анықтау, сондай-ақ 
үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары)
етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын     
өзгерту) туралы шешімдер беру» мемлекеттік   
қызмет стандартына                
3-қосымша                     

(Облыстың, республикалық маңызы бар    


қаланың, астананың) сәулет және қала   
құрылысы басқармасының бастығы         
________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)        
Өтініш беруші                          
________________________________________
________________________________________
      ________________________________________
(жеке тұлға үшін тегі, аты, әкесінің аты,
мекенжайы және телефоны, заңды тұлға   
үшін ұйымның атауы, пошталық мекенжайы,
телефоны)                  

ӨТІНІШ

__________________________ мекенжайы бойынша орналасқан жалпы көлемі ____ гектар жер учаскесінде ғибадат үйін (ғимаратын) салу туралы шешім беруді сұраймын.


      Ғибадат үйі __________________________________________________.
                                           (конфессияға тиесілілігі)
      Ғибадат үйі құрылысының қаржыландыру көзi _________________________.
      Ғибадат үйінің сыйымдылығы (адамдар саны) ____________________.

      Қолы, күні, мөрі (заңды тұлғаларға)

«Дін қызметі саласындағы құзыретті органмен   
келісу бойынша ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу
және олардың орналасатын жерін анықтау, сондай-ақ 
үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары)
етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын     
өзгерту) туралы шешімдер беру» мемлекеттік   
қызмет стандартына                
4-қосымша                     

(Облыстың, республикалық маңызы бар    


қаланың, астананың) сәулет және қала   
құрылысы басқармасының бастығы         
________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)        
Өтініш беруші                          
________________________________________
________________________________________
      ________________________________________
(жеке тұлға үшін тегі, аты, әкесінің аты,
мекенжайы және телефоны, заңды тұлға   
үшін ұйымның атауы, пошталық мекенжайы,
телефоны)                

ӨТІНІШ

      ________________________ мекенжайы бойынша орналасқан ________________ үйін (ғимаратын) ғибадат үйі (ғимараты) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беруді сұраймын.


      Ғибадат үйі
_______________________________________________________________.
                                    (конфессияға тиесілілігі)
      Ғибадат үйінің сыйымдылығы (адамдар саны) _________________________________.

      Қолы, күні, мөрі (заңды тұлғаларға)



«Дін қызметі саласындағы құзыретті органмен   
келісу бойынша ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу
және олардың орналасатын жерін анықтау, сондай-ақ 
үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары)
етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын     
өзгерту) туралы шешімдер беру» мемлекеттік   
қызмет стандартына                
5-қосымша                     

Кесте. Сапа және қолжетімділік көрсеткіштерінің мәні

Сапа және тиімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің келесі жылғы нысаналы мәні

Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні

1

2

3

4

1. Уақтылылығы

1.1. Құжатты тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну жағдайларының %-ы (үлесі)







2. Сапасы

2.1. Қызметті ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушылардың %-ы (үлесі)







3. Қолжетімділік

3.1. Қызметті ұсынудың сапасына және оны ұсыну тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушылардың %-ы (үлесі)







3.2. Ақпаратқа электрондық форматта қол жеткізуге болатын қызметтердің %-ы (үлесі)







4. Шағымдану үдерісі

4.1. Қызметтің осы түрі бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына негізді шағымдардың %-ы (үлесі)







5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушылардың %-ы (үлесі)








Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет