Кодексінің 34-бабына және «Әкімшілік рәсімдер туралы»



Дата03.03.2016
өлшемі11.65 Kb.
#35779
түріКодекс
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі көрсететін мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі  №393 қаулысы 



Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабына және «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған:
1) «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындау» мемлекеттік қызмет стандарты;
2) «Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау» мемлекеттік қызмет стандарты;
3) «Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау» мемлекеттік қызмет стандарты;
4) «Мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау» мемлекеттік қызмет стандарты;
5) «Еңбек ету қабілетінен айырылу; асыраушысынан айырылу; жұмысынан айырылу; жүктілігіне және босануына байланысты табысынан айырылу; жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айырылу; бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу әлеуметтік қатер жағдайларына әлеуметтік төлемдер тағайындау» мемлекеттік қызмет стандарты;
6) «Бала тууға және бала күтімі бойынша жәрдемақылар тағайындау» мемлекеттік қызмет стандарты;
7) «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау» мемлекеттік қызмет стандарты бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрi    К.МӘСІМОВ.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет