«Көк сандықтың» Шет ауданының балаларын аралағаны жөнінде есебі



Дата05.07.2016
өлшемі18.13 Kb.
#179156
«Көк сандықтың» Шет ауданының балаларын аралағаны жөнінде есебі

Саяхат аралығы ---- 16.11.2015жыл

16.01.2016жыл

1.«Көк сандықтың»саяхаты акция-жобаға қамтылған балалар- 425 бала

2.Аудандық балалар кітапханасы арнайы жоба бойынша жоспар арқылы жұмыстар атқарды. /Қосымша арнайы ақпарат берілді/

3.Саяхаттап барған жерлер, мекемелер,оқу орындар:

Аудандық балалар кітапханасы, оқырмандар залы,

Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп гимназиясы,

Ж.Ақылбаев атындағы орта мектеп гимназиясы,

Аудандық білім бөліміне қарасты Оқушылар үйі,

Мектеп-интернат,

Аудандық мәдени-сауық орталығы,көрермен залы ,жаңа жыл қарсаңындағы тәңертеңгіліктер өткізілген кездерде,

«Нұрдәулет» балабақшасы,

«Балдырған» балабақшасы,

Ақадыр балалар кітапханасы,ауылдық кітапханалар.

4.Акцияға қатысқандар: әр жастағы жас бүлдіршіндер,оқушылар, ұстаздар, ата-аналар.

Акцияның ашылу сәттерінде «Көк сандықтың» шығу тарихымен , саяхаттың мақсаты жайлы және миссиясымен таныстырып, біздің ауданның балаларына осы жоба арқылы жаңа кітаптарды насихаттап, жаңа авторлармен таныстырылып,кітапты дұрыс таңдау, көбірек оқуға үйрету ,пікір-талас ұйымдастыра білу керектігін жеткізіліп отырды.

Арнайы кітап көрмесі,әр кітаптарға шолулар жасалынды.

Өткізілген жерлерде «Бәріміз оқимыз!,Әрқашан оқимыз!, Кез келген жерде оқимыз!-атты ұрандар ілінді.

«Көк сандыққа»арнайы әдеби зал ашылды.

5.Акция- жобаның өз мәнінде өту үшін ат салысқандар аудандық орталықтандырылған кітапхана қызметкерлері,мектептер, сынып жетекшілері,балабақша тәрбиешілері , оқушылар үйінің мамандары, ата-аналар.

6.Өткізілген іс шаралар---15

7.Акция жайлы ата-аналар тарапынан, оқырман- оқушылар тарапынан жақсы пікірлер айтылды,осы жоба әрі қарай өзінің жалғасын табады деген алғыстарын білдіруде.

«Мен қандай кітаптің кейіпкеріне ұқсағым келеді.», «Маған қандай кітап ұнады?», «Көк сандықтан тағы қандай кітаптарды көргім келеді?» атты тақырыпта балаларға эссе шығармалар жаздырылды.

8.»Жолың болсын ,Көк сандық!» атты акция – жобаның жабылу рәсімі өткізіліп,мерекелік кеш ұйымдастырылды, белсене қатысқан оқырмандарға Алғыс хаттар берілді.

«Көк сандық» Ақтоғай ауданына саяхаттап жол сапарға аттанды.


Шет аудандық орталықтандырылған Ахметова Гүлшара

кітапхана жүйесінің директорының орынбасары: Қамиқызы

«Мәдениет қайраткері»

және еңбек ардагері

медальдарының иегері

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет