Көкпекті аудандық «Нұр Отан» партиясы 2014 жылғы І жарты жылдықтағы атқарған жұмыстары туралы ақпарат Аудандық



Дата12.07.2016
өлшемі39.88 Kb.
#193603
Көкпекті аудандық «Нұр Отан» партиясы 2014 жылғы І жарты жылдықтағы  атқарған жұмыстары туралы ақпарат

Аудандық «Нұр Отан» партиясында қазіргі уақытта 1641 партия мүшесі бар, оның ішінде 184 зейнеткер, 73 жұмыс істемейтін азаматтар, 14 мүгедек және 69 бала күтімінде отырған азаматтар тіркелген.  Қазіргі уақытта жаңа үлгідегі партия билеттерін ауыстыру кезіндегі Көкпекті аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалы 1028  жаңа үлгідегі партия салтанатты табыс етті. 2013 жылғы І жарты жылдықта 13 адам партия қатарын  толықтырса, ағымдағы жартыжылдықта 49 адам партия қатарын толықтыруда. .


2014 жылы  31 қаңтар  күні  «Нұр Отан»  партиясы Көкпекті аудандық партия филиалының кеңейтілген Саяси кеңес отырысы өткізілді. Күн тәртібі бойынша  Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды.
2014 жылдың  ақпан айының 7-сі күні «Нұр Отан» партиясы Көкпекті аудандық филиалы «Жас Отан» жастар қанатының есепті-сайлау конференциясы өтті. Есепті баяндамадан соң Рахимбаев А., Орынбеков Н.Ғ., Канапьянова Р., Серікқызы М., Апсадыкова С.К. өздерінің ой-пікірлерін айтты.
«Жас Отан»  жастар қанатының облыстық конференциясына делегаттар сайланды.
Конференцияға аудан әкімінң орынбасары К.Смаилова мен «Нұр Отан» партиясы  аудандық филиалы төрағасының орынбасары Г.Акшабаева қатысты.





2014 жылғы 28 ақпан күні  «Нұр Отан» партиясы Көкпекті аудандық филиалының  төрағасы Д.М.Мусин партия мүшелерін  Партияның 15 жылдық мерекесімен құттықтады.
Салтанатты отырыс барысында  партияның белсенді мүшелеріне  Алғыс хаттар, партия мүшелеріне қабылданушыларға партиялық билеттер   табыс етілді.

2014 жылдың 7 наурызы күні Биғаш бастауыш партия ұйымында   «Ардагерлерді ардақтайық»  акциясы аясында   еңбек ардагерлері-әйелдермен  кездесу өткізілді. Кездесуге  Биғаш селолық округінің  әкімі Р.А.Наурызбаева қатысты. Бастауыш партия ұйымының төрағасы С.С.Калиев  ардагер әйелдерді  мерекелерімен құттықтады.


«Мәңгілік елді бірге жасайық!» атты «Нұр Отан» партиясының 15 жылдығына  арналған Көкпекті ауданы орталығында орналасқан мекемелер мен ұйымдар арасында  өткен көркемөнерпаздар байқауына аудандық кітапхана ұжымы белсене қатысты.12 наурыз күні өткен байқауда сахна шымылдығын ашқан  хордың орындауындағы  «Арайлы алтын ұям» әні жоғары деңгейде шырқалып,зор қошеметке ие болды.





Ағымдағы жылдың 13 наурызында және 6 маусымда   Көкпекті ауданының Самар ауылында   республикалық «Жолда қабылдау»  акциясы өтті. Тұрғындармен кездесуге ШҚОФ «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Т.Т.Түсіпбеков, ШҚО ІІД ӘПБ полиция подполковнигі  С.Ю.Коваленко қатысты. Акция барысысында  азаматтарға кеңестер берілді. Соңынан әр түрлі номинациялар бойынша марапаттау жасалды. Әкімшілік  полиция қызметін қалай жақсартуға  болатындығы жөнінде сауалнама жүргізілді.
18.03.2014году  представителями партии «Нұр Отан» в рамках акции «Ардагерлерді ардақтайық»  были вручены  продуктовые пакеты одиноким престарелым и инвалидам получателям услуг «Кокпектинского реабилитационного центра» приуроченные ко дню празднования Наурыз. Получатели услуг остались довольными полученными подарками и выразили свою благодарность представителям партии «Нұр Отан», а также коллективу КГУ «Кокпектинский реабилитационный центр» за оказанные заботу и внимание по отношению к одиноким престарелым гражданам.





Ағымдағы жылдың 8 сәуірі күні  Көкпекті аудандық  «Нұр Отан»  партиясы филиалында аудандық  МЗТ орталығымен  бірлескен «Ашық есік күні»  өткізілді. Қаралған мәселе: «2014 жылдың 1 сәуірінен бастап  зейнетақы және әлеуметтік жәрдемақы мөлшерінің  көбеюі туралы».
Ағымдағы жылдың  4 мамыры күні Көкпекті аудандық «Нұр Отан»  партиясының филиалында  ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі Н.А.Кузьмин  болып партия активімен кездесті. Кездесуден соң  Николай Алексеевич
«Көкпекті оңалту орталығы» ММ барып мүмкіндігі шектеулі балалармен жүздесті. Оларға 3Д телевизорын сыйға тартты.
5 мамыр күні 2014 жылы Парламент Мәжілісінің депутаты Н.С.Сабильянов Көкпекті ауданында болды. Раев атындағы балалар үйіне барып, балалар үйінің тыныс-тіршілігімен  танысты. Соңынан аудандық Мәдениет үйінде аудан тұрғындарымен кездесті.
2014 жылы 20 маусымда  Көкпекті ауданының Самар ауылында  мамандықтар жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңке аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, еңбекпен қамту орталығы мамандарының , аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалының қатысуымен өткізілді. Мамандықтар жәрмеңкесіне барлығы 9 өндіріс орны қатысты. Барлық қатысушылар саны-36 адам. Оның 12-сі жұмысқа орналастырылды. 14 адам қоғамдық жұмысқа тартылды. 1 адам жастар практикасына жіберілді. Сонымен қатар қатысушыларға кеңестер берілді.





2014 жылдың І жарты жылдығында партияның қоғамдық қабылдауында 41 адам жеке бас мәселелерімен қабылдауда болса, 2013 жылғы І жарты жылдықта 13 адам қабылдауда болған. Осы екі жылдың жартыжылдықтарын салыстырғанда 28 ????????
2014 жылдың 17 ақпаны күні  «Нұр Отан» партиясының  Көкпекті аудандық  филиалының  қоғамдық қабылдауында қоғамдық қабылдауында   партия төрағасы Д.М.Мусин  азаматтардың жеке сұрақтары бойынша қоғамдық қабылдау жүргізді. Қабылдау барысында 14 азаматтың  өтініштері қаралды.
«Нұр Отан» партиясының Көкпекті аудандық филиалының төрағасы Дүйсенғазы Мағауяұлы Мусин ағымдағы  жылдың 4 наурызы күні Үлкенбөкен және Преображенка елді мекендерінде  болып  азаматтарды қабылдады. 7 өтініш түсті. Дүйсенғазы Мағауяұлы барлық өтініштерді мұқият тыңдап, сала басшыларына тапсырмалар берді.





2014 жылғы 12 наурыз  күні  Көкпекті аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалының қоғамдық қабылдауында  белгіленген кесте бойынша  аудандық Жер қатынастары бөлімінің бастығы  Ж.М.Бахтинов  азаматтарды қабылдады. Қоғамдық қабылдауға келген азаматтарға  мәселелері бойынша жауаптар қайтарылды.

 

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет