Көкпекті ауданы әкімдігінің
20__ жылғы «___»___________
№___қаулысымен бекітілген
Көкпекті ауданы бойынша «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Көкпекті ауданы бойыншамемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 327 «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» Жарлығын іске асыру үшін әзірленді және Көкпекті ауданы бойынша«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі - қызметшілер) қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу тәсілін айқындайды.
2. Қызметшілердің қызметін жыл сайынғы бағалау (бұдан әрі - бағалау) олардың жұмыс тиімділігі мен сапасын айқындау үшін жүргізіледі.
3. Бағалау мемлекеттік әкімшілік қызметте болған әрбір жыл өткен сайын, көрсетілген мерзім басталған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей, бірақ осы лауазымға орналасқан күннен бастап алты айдан ерте емес мерзімде жүргізіледі.
4. Қызметшілерді бағалау мыналардан:
1) қызметшінің тікелей басшысының бағалауы;
2) айналмалы бағалау (қызметшінің қарамағындағы немесе олардың әріптестерінің бағалауы).
Қызметшінің тікелей басшысы оның лауазымдық нұсқаулығына сәйкес өзі бағынатын тұлға болып табылады.
Жергiлiктi бюджеттен қаржыланатын атқарушы органдардың басшылары, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдық округтердің әкімдері үшiн бағалау аудан әкiмi немесе оның уәкiлеттiк беруiмен оның орынбасарларының бiрiмен өткiзiлуi мүмкiн.
5. Бағалау нәтижелері бойынша қызметшілер қызметіндегі кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар әзірленеді, олардың қызметіндегі жақсартуды қажет ететін бағыттар айқындалады, тағылымдамадан өткізу, ілгерілету бойынша ұсыныстар әзірленеді.
6. Қызметшінің соңғы үш жыл бойы екі «қанағаттанарлықсыз» деген баға алуы, оны аттестаттаудан өткізуге негіз болып табылады.
Аттестаттаудан өткізу туралы шешім қабылдау кезінде алдыңғы аттестаттаудан өткізуге негіз болған бағалау нәтижелері ескерілмейді.
7. «Қанағаттанарлықсыз» деген баға алған қызметші мемлекеттік әкімшілік лауазымға алғаш қабылданған тұлғаға тәлімгер ретінде бекітілмейді.
8. Қызметшінің қорытынды бағасын тұрақты жұмыс істейтін Бағалау жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) бекітеді, оны қызметшіні лауазымға тағайындау және лауазымнан босату құқығы бар адам құрады.
9. Комиссия кемінде үш мүшеден, соның ішінде төрағадан тұрады.
10. Дауыс беру қорытындысы Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыс саны тең болған жағдайда, Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
Комиссия төрағасы Көкпекті ауданы әкімі аппаратының басшысы болып табылады.
Комиссия хатшысы Көкпекті ауданыперсоналды басқаруқызметінің қызметкері болып табылады. Комиссия хатшысы дауыс беруге қатыспайды.
Егер Комиссия құрамына оған қатысты бағалау жүргізілетін қызметшінің тікелей басшысы, сондай-ақ осы Әдістеменің 4-тармағы 2) тармақшасында көрсетілген қызметшілер кіретін болса, олар осы қызметшіге қатысты дауыс беруге және шешім қабылдауға қатыспайды.
2. Бағалау жүргізуге дайындық
11. Персоналды басқаруқызметі Комиссия төрағасының келісімі бойынша бағалауды өткізу кестесін әзірлейді.
Персоналды басқару қызметі бағалау өткізуге дейін бір айдан кешіктірмей бағаланатын қызметшіге, сондай-ақ осы Әдістеменің 4-тармағында көрсетілген тұлғаларға бағалау жүргізілетіні туралы хабарлайды және оларға толтыру үшін бағалау парағын жібереді.
3. Тікелей басшының бағалауы
12. Тікелей басшы осы Әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тікелей басшысының бағалау парағын персоналды басқаруқызметінен алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде толтырады, қызметшіні толтырылған бағалау парағымен таныстырады және екі жұмыс күні ішінде толтырылған бағалау парағын персоналды басқару қызметінеқайтарады.
Қызметшіні толтырылған бағалау парағымен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргізіледі.
Қызметшінің танысудан бас тартуы құжаттарды Комиссия отырысына жіберуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда персоналды басқару қызметініңқызметкері және тікелей басшы танысудан бас тарту туралы еркін нұсқада акт жасайды.
4. Айналмалы бағалау
13. Айналмалы бағалау қызметшінің қарамағындағы адамдардың, ал қарамағындағы адамдар болмаған жағдайда - қызметші жұмыс істейтін құрылымдық бөлімшеде лауазымды атқаратын адамның (олар болған жағдайда) бағалауын білдіреді.
Мұндай адамдардың тізімін (үш адамнан аспайтын) қызметшінің лауазымдық міндеттері және қызметтік өзара әрекеттестігіне қарай персоналды басқаруқызметі бағалау жүргізілгенге бір айдан кешіктірмей анықтайды.
14. Осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалар осы Әдістеменің 2-қосымшасына сәйкес нысанда айналмалы бағалау парағын толтырады.
15. Осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалармен толтырылған бағалау парағы оларды алған күннен екі жұмыс күні ішінде персоналды басқару қызметінежіберіледі.
16. Персоналды басқару қызметіосы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалардың орта бағасын есептейді.
17. Осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалармен бағалау жасырын түрде жүргізіледі.
5. Қызметшінің қорытынды бағасы
18. Персоналды басқару қызметіқызметшінің қорытынды бағасын мына формула бойынша Комиссия отырысына дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей есептейді:
а = b + с
а - қызметшінің қорытынды бағасы,
b - тікелей басшының бағасы,
с - осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалардың орта бағасы.
19. Қорытынды баға мына шкала бойынша қойылады:
21 баллдан төмен - «қанағаттанарлықсыз»,
21-ден 33 балға дейін - «қанағаттанарлық»,
33 баллдан жоғары - «тиімді».
6. Комиссияның бағалау нәтижелерін қарауы
20. Персоналды басқару қызметіКомиссия төрағасымен келісілген кестеге сәйкес бағалау нәтижелерін қарау бойынша Комиссияның отырысын өткізуді қамтамасыз етеді.
Персоналды басқару қызметі Комиссияның отырысына мына құжаттарды:
1) толтырылған тікелей басшының бағалау парағын;
2) толтырылған айналмалы бағалау парағын;
3) қызметшінің лауазымдық нұсқаулығын;
4) осы Әдістеменің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қорытынды баға көрсетілген Комиссия отырысы хаттамасының жобасын тапсырады.
21. Комиссия бағалау нәтижелерін қарастырады және мына шешімдердің бірін шығарады:
1) бағалау нәтижелерін бекітеді;
2) бағалау нәтижелерін қайта қарайды.
Бағалау нәтижелерін қайта қарау туралы шешім қабылдаған жағдайда Комиссия хаттамада тиісті түсіндірмемен келесі жағдайларда бағаны түзетеді:
1) егер қызметшінің қызмет тиімділігі бағалау нәтижесінен көп болса, бұл ретте қызметшінің қызмет нәтижесіне құжаттамалық растау беріледі;
2) қызметшінің бағалау нәтижесін санауда қате жіберілсе.
Бұл ретте қызметшінің бағасын төмендетуге жол берілмейді.
22. Персоналды басқару қызметі бағалау нәтижелерімен ол аяқталған соң бес жұмыс күні ішінде қызметшіні таныстырады.
Қызметшіні бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргізіледі.
Қызметшінің танысудан бас тартуы бағалау нәтижелерін оның қызметтік тізіміне енгізуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда персоналды басқару қызметінің қызметкері танысудан бас тарту туралы еркін нұсқада акт жасайды.
23. Осы Әдістеменің 20-тармағында көрсетілген құжаттар, сондай-ақ комиссия отырысының қол қойылған хаттамасы персоналды басқару қызметінде сақталады.
7. Бағалау нәтижелеріне шағымдану
24. Комиссия шешіміне қызметшінің мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға немесе оның Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаментіне шағымдануы шешім шыққан күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
25. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган немесе оның Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаментіне қызметшіден шағым түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде шағым қарайды және бұзушылықтар анықталған жағдайда, мемлекеттік органға Комиссия шешімінің күшін жою туралы ұсыныс жасайды.
26. Қабылданған шешім туралы ақпаратты мемлекеттік орган екі апта ішінде мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға немесе оның Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша аумақтықдепартаментіне береді.
Көкпекті ауданы әкімдігіатқарушы органдары «Б»корпусы мемлекеттік
әкімшілік қызметшілерініңқызметін жыл сайынғыбағалаудың әдістемесіне
1қосымша
нысан
Тікелей басшысының бағалау парағы
Бағаланатын қызметшінің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда):________________
Бағаланатын қызметшінің лауазымы:____________________________________
№
|
Өлшем
|
Көрсеткіштіңмәні
|
Баға
|
р/н
|
|
(саны)
|
(балл)
|
1.
|
Бастамашылығы
|
2-ден 5-ке дейін
|
|
2.
|
Лауазымдыміндеттерінорындаусапасы
|
2-ден 8-ге дейін
|
|
3.
|
Әрекеттестіккеикемділігі
|
2-ден 5-ке дейін
|
|
4.
|
Қызметтікэтиканысақтауы
|
2-ден 5-ке дейін
|
|
БАРЛЫҒЫ (барлықбағалардыңбағасы)
Таныстым: Тікелейбасшы
Қызметші Т.А.Ә. (бар болғанжағдайда)____
Т.А.Ә.(бар болғанжағдайда)_______ күні___________________________
күні_____________________________ қолы____________________________
қолы_____________________________
Көкпекті ауданы әкімдігі атқарушы органдары «Б» корпусы мемлекеттік
әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесіне
2қосымша
нысан
Айналмалы бағалау парағы
Бағаланатын қызметшінің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда):________________
Бағаланатын қызметшінің лауазымы:____________________________________
№
|
Өлшем
|
Көрсеткіштіңмәні
|
Баға
|
р/н
|
|
(саны)
|
(балл)
|
|
Бағыныштыадам
|
1.
|
Жұмыстыжоспарлайалуқабілеті
|
2-ден 5-ке дейін
|
|
2.
|
Жұмысқаынталандыруқабілеті
|
2-ден 5-ке дейін
|
|
3.
|
Қызметтікэтиканысақтауы
|
2-ден 5-ке дейін
|
|
|
Барлығы (барлықбағалардыңбағасы)
|
|
|
|
Әріптесі
|
1
|
Топтажұмысістейалуқабылеті
|
2-ден 5-ке дейін
|
|
2
|
Қызметтікэтиканысақтауы
|
2-ден 5-ке дейін
|
|
3
|
ЛауазымдыміндеттерінорындаусапасыБарлығы (барлықбағалардыңбағасы)
|
2-ден 5-ке дейін
|
|
Көкпекті ауданы әкімдігі атқарушы органдары «Б» корпусы мемлекеттік
әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесіне
3 қосымша
Нысан
Бағалау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы
_____________________________________________________________________(мемлекеттік органның атауы)
№
|
Қызметшінің Т.А.Ә.
(барболғанжағдайда)
|
Тікелейбасшыныңбағасы
|
Айналмалыбаға
|
Қорытындыбаға
|
р/р
|
|
|
|
1
|
|
|
|
|
...
|
|
|
|
|
Комиссияқорытындысы:
____________________________________________________________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Тексерген:
Комиссияхатшысы:_____________________________ Күні:_________________
(Т.А.Ә. (барболғанжағдайда), қолы)
Комиссиятөрағасы:____________________________ Күні:_________________
(Т.А.Ә. (барболғанжағдайда), қолы)
Комиссиямүшесі:______________________________ Күні:_________________
(Т.А.Ә. (барболғанжағдайда), қолы)
Достарыңызбен бөлісу: |