Көліктік бақылау комитеті аумақтық органдарының су көлігіндегі қызметі бойынша 2014 жылғы 3 айына талдау



Дата23.02.2016
өлшемі18.08 Kb.
#5752
Көліктік бақылау комитеті аумақтық органдарының

су көлігіндегі қызметі бойынша 2014 жылғы 3 айына талдау


  1. Теңіз көлігі

Есептегі кезеңде кеме реестрлерінде 289 теңіз кемелері тіркелген (в 2013 ж. – 292), соның ішінде:

Теңіз кемелерінің мемлекеттік кеме тізілімінде – 170 бірлік (2013 ж. - 163);

Бербоут-чартерлік тізілімде – 111 бірлік (2013 ж. - 124);

Кеме кітабында – 5 бірлік (2013 ж. - 5).

Одан басқа, салынып жатқан Кеме тізілімінде – 8 кеме тіркелген (2013 ж. - 6).

Өткен жылмен салыстырғанда тіркелген кемелер көлемі 3 бірлікке азайған.


Теңіз флотындағы апаттар

Есептегі кезеңде 1 апаттық оқиға тіркелген (2013 ж. – 2).

Теңіз көлігіндегі апаттық оқиғаның себебі болып дауылды жағдайларда теңіз көлігі иесімен қауіпсіз тұрақты қамтамасыз етпеуі табылады.
2. Өзен флоты

Кеме реестрлерінде 825 өзен кемелері тіркелген (2013 ж. - 816), соның ішінде:

Мемлекеттік кеме тізілімінде – 825 бірлік (2013 ж. - 815);

Жалға алынған шетел кемелер тізілімінде - 0 бірлік (2013 ж. - 1);

Жыл басынан өзен кемелері тіркелген саны – 10 бірлік (2013 ж. – 4), қайта тіркелгені - 3 бірлік (2013 ж. - 4) және тіркеуден алынғаны 12 бірлік (2013 ж. - 21).

Өткен жылғы көрсеткіштерімен салыстырғанда тіркелген өзен кемелерінің саны 9 бірлікке ұлғайған.

Есептегі кезеңде аумақтық органдармен 706 өзен кемелері қаралған (2013 ж. - 666), оның ішінде қолданыстағы 2 өзен кемелері (2013 ж. – 0) және нәтижесінде 2 ұйғарым шығарылған (2013 ж. - 9).

Аталған кезеңде өзен флотындағы командалық құрамының 42 тұлғасы дипломдалған (2013 ж. - 28) және 2013 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда 50% жоғары болып отыр.

Аталған кезеңде 8 адам атестатталған (2013 ж. - 0).
Өзен флотындағы апаттық оқиғалар

Есептегі кезеңде өзен кемелерімен апаттық оқиғалар тіркелмеген (2013 ж. - 0).




3. Шағын көлемді кеме флоты

Есептегі кезеңде республика бойынша 29 247 шағын көлемді кеме тіркелген (2013 ж. – 28061 бірлік). Тіркелген кемелер саны 1186 бірлікке ұлғайды.

Жалпы есептегі кезеңде тіркеуден 383 шағын көлемді кемелер алынған (2013 ж. – 1575 бірлік).

Жыл басынан республика бойынша 480 шағын көлемді кеме тіркелген (2013 ж. - 315).



Есептегі кезеңде шағын көлемді кемелерге жыл сайынғы 945 техникалық байқау өткізіліп (2013 ж. - 897), 5,4% ұлғаю тіркелен.
Шағын көлемді кеме флотындағы апаттық оқиғалар

Есептегі кезеңде шағын көлемді кемелермен көліктік оқиғалар тіркелмеген (2013 ж. - 1)

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет