Көрнекі құралдар: интерактивті тақта, қатты картонға шығарылған гүлдер, күн нұры шығарылған суреттер, алма ағашы, шар



Дата06.09.2023
өлшемі20.93 Kb.
#476693
Қазақстан туған өлкем, табиғаты аса көркем


Күні: 17.04.2023 ж.
Тақырыбы: Қазақстан туған өлкем, табиғаты аса көркем
Мақсаты: Қазақстанның табиғатының көрікті жерлерімен таныстыру
Білімділік: туған өлке, оның алуан түрлі табиғатымен таныстыру
Тәрбиелік: Туған өлкеге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу
Дамытущылық: ой – өрісін, жеке тұлға ретінде дамыту
Көрнекі құралдар: интерактивті тақта, қатты картонға шығарылған гүлдер, күн нұры шығарылған суреттер, алма ағашы, шар.
Әдіс тәсілі: түсіндіру, сөздік, ойын, сұрақ – жауап.

Тәрбие сағатының барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Психологииялық ахуал. Топқа бөлу. «Тұрғын үй» әдісі арқылы
Оқушылар шаттық шеңберінде тұрады. «Үйде 3 адам тұрады», - дегенде 3 адамнан бірігу керек. Солай бірнеше сан айтылады. Соңғы сан айтылған кезде сол адамдар мүшесімен топқа бөлінеді.
Мұғалім:
-Осынау кең байтақ жеріміздің шалқар көлдері, асқар таулары, алтын дәнді даласы, ақ күмістей қаласы, сендер секілді болашақ ұрпағы бар туған жеріміз – Қазақстан деп аталады. Оқушылар сендер Қазақстанның қандай көрікті жерлерін білесіңдер? Бүгін біз Қазақстанның 5 көрікті жерлеріне саяхат жасайтын боламыз.
Бурабай.
Бурабай ұлттық паркі - республикалық деңгейдегі ерекше жүйе бойынша қорғалатын табиғи орындардың қатарына жататын мемлекеттік мекеме болып табылады. Бурабай – қазақ даласының ортасында орналасқан тамаша жер. Өсімдіктің 757 түрі бар, оның 12-сі қызыл кітапқа енгізілген. Ақмола облысының солтүстігіндегі Көкшетаудың жоғары жағында орналасқан «Бурабай» ұлттық паркінде 14 көл, соның ішінде Бурабай өзені, үлкен және кіші Чебачье, Щучье, Катарколь, Горное, Маябалик, Лебединское, Қарасье және басқа да ірі көлдер бар. Олардың ішінде тереңдігі 35 метрге жететін ең терең және таза көл Щучье, ал жылы және таязы Бурабай. Әулиекөл жағасында орналасқан Оқжетпес тауы Бурабайдағы ең танымал жерлердің бірі. Биіктігі 300 м болса да, оқ жетпейтіндей алып әрі Әулиекөлдің сәні. Көкшетау қыратының ең биік жері. Көкше жанында орналасқан.
Жұмбақтас Әулиекөлдің, Бурабайдың сол жақ жағалауында Көкшетау және Теміртаудың ортасында шығанақ орналасқан. Шығанақтың дәл ортасында желге мүжілген гранит қабаттарының үймесінен тұратын тас арал бар. Бұл тас – Жұмбақтас. Пішіні пирамида тәріздес. Жиектері дөңгеленген. Биіктігі 18 метр. Әр жағынан қараған сайын әртүрлі пішінге ұқсайды: қызға, кемпірге, свинкске.
Каспий теңізі.
 Еуропа мен Азия аралығында орналасқан жер шарындағы ең үлкен тұйық көл. Үлкендігіне қарап, оны теңіз деп атайды. Каспий теңізі 5 мемлекеттің жағалауын шайып жатыр: Қазақстан, Ресей, Түркенстан, Әзірбайжан, Иран.
Каспий теңізі балыққа бай, итбалық та көп кездеседі. Бекіре балығы көп ауланады. Балықтың 55 түрі кездеседі.
Іле Алатауы.
Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында орналасқан. Оңтүстікке қарай доға тәрізденіп иілген жота ендік бойымен созылған. Ұзындығы 350 км, ені 30 – 40 км. Шілденің орташа темпаратурасы тау етегіндегі аңғарларда 20 – 25°С-тан тау басында 0°С-қа дейін және онан да төмен түседі.  Қаңтардың орташа температурасы етегінде –6 – 8°С. Іле Алатауыда 381 мұздық бар. Ең ірісі – Корженевский мұздығы. Тау бастарын мәңгі қар мен мұз басқан. Солтүстік бөктерінде – Алматы қаласы орналасқан. 
Шарын шатқалы.
Шатқал Алматы қаласынан 195 км-дей шығысқа қарай орналасқан. Шатқалдың тереңдігі 200 метр. Биіктігі 150-300 метрлі қызыл түсті жартастардан тұрады. Жартастардың пішіндерінің осылай қалыптасуына жел әсер еткен. Шатқалдың түбінде Кетпен жотасынан бастау алатын Шарын өзені ағып жатыр.
Шарын шатқалының төменгі аралығында үнділік бөріқарақат (барбарис) тораңғы терегі жайлап өскен. Күз айларында бұл аңғар қып-қызыл жидектерге толады.
Балқаш көлі.
Пішіні жарты айға ұқсас. Балқаштың басты ерекшелігі: оның бір бөлігі – тұшы судан, ал екінші бөлігі – тұзды судан тұрады. Тағы бір таңқалдыратын құбылыс, ол құрғақ климатты шөл далада және жауын-шашын сирек жауатын аймақта орналасқан. Көлдің суын Қазақстан және Қытай мемлекеттері ұтымсыз пайдалануда. Сол себепті, оған тартылып қалу қаупі төніп тұр.

Бүгінгі тәрбие сағатымыз 3 кезеңнен тұрады:


1. «Күн сәулесі» (күннің сәулесіне топтың аттарына сәйкес мәлімет жазады)
2. «Гүлдер» (гүлдерде жазылған сұрақтарға жауап береді)
3. «Алма ағашы» (стикерді алма ағашына жапсырады)
«Күн сәулесі»
-Алдарыңда тұрған күннің сәулесіне Каспий теңізі тобы Каспий теңізі туралы, Балқаш тобы Балқаш көлі туралы, Іле Алатауы тобы Іле Алатауы туралы алған мәліметті жазасыңдар.
-Жарайсыңдар оқушылар енді біз келесі тапсырмаға көшейік
«Гүлдер»
-
Табиғатта әдемі гүлдер өседі. Гүлдерді алу үшін әр топтан 2 оқушы шығып тақтадағы гүлдердегі жазылған сұраққа жауап беру керек.
«Алма ағашы»
-Сабақты қорытындылау мақсатында ағашқа сабақтан алған өз әсерімізді жазайық.
-Оқушылар бүгінгі тәрбие сағатынан пайдалы мәлімет алдыңдар деп ойлаймын. Қазақстанның көрікті жерлері бұлармен тоқтап қалмайды. Әлі де көптеген жерлер бар. Сендер олардың жартысымен таныстыңдар. Ары қарай өздерің қосымшы мәлімет алып білімдеріңді арттырыңдар. Сау болыңыздар!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет