Көліктік бақылау комитетінің су көлігіндегі 2013 жылғы қызметіне талдау



Дата23.02.2016
өлшемі48.5 Kb.
#2969
Көліктік бақылау комитетінің су көлігіндегі

2013 жылғы қызметіне талдау


  1. Теңіз көлігі

Есептегі кезеңде кеме реестрлерінде 283 теңіз кемелері тіркелген (в 2012 ж. – 291), соның ішінде:

Теңіз кемелерінің мемлекеттік кеме тізілімінде – 169 бірлік (2012 ж. - 139);

Бербоут-чартерлік тізілімде – 109 бірлік (2012 ж. - 144);

Кеме кітабында – 5 бірлік (2012 ж. - 8).

Одан басқа, салынып жатқан Кеме тізілімінде – 7 кеме тіркелген (2012 ж. - 6).

Өткен жылмен салыстырғанда тіркелген кемелер көлемі 8 бірлікке азайған.

Есептегі кезеңде қызметін теңіз көлігінде атқаратын шаруашылық субъектілеріне 16 тексеріс өткізілген, оның ішінде 12 жоспарлы және 4 жоспардан тыс тексеріс (2012 ж. – 43, оның ішінде 31 жоспарлы және 12 жоспардан тыс). Тексеріс барысында қолданыстағы 51 кеме қаралып (2012 ж. – 105 кеме), 58 бұзушылық анықталған (2012 ж. - 57) және бұзушылықты жою туралы 10 ұйғарым шығарылған (2012 ж. - 19).
Теңіз флотындағы апаттар

Есептегі кезеңде 6 апаттық оқиғалар тіркелген (2012 ж. – 9).

Теңіз көлігіндегі апаттық оқиғалардың себептері болып келесілер табылады:

- дауылды жағдайларда теңіз көлігі иелері қауіпсіз тұрақпен қамтамасыз етпеуі;

- теңіз кеме порттарында навигациялық жағдайды дұрыс білмеуі.
2. Өзен флоты

Кеме реестрлерінде 826 өзен кемелері тіркелген (2012 ж. - 824), соның ішінде:

Мемлекеттік кеме тізілімінде – 826 бірлік (2012 ж. - 823);

Жалға алынған шетел кемелер тізілімінде - 0 бірлік (2012 ж. - 1);

Жыл басынан өзен кемелері тіркелген саны – 66 бірлік (2012 ж. – 60), қайта тіркелгені - 63 бірлік (2012 ж. – 80) және тіркеуден алынғаны 68 бірлік (2012 ж. - 73).

Өткен жылғы көрсеткіштерімен салыстырғанда тіркелген өзен кемелерінің саны 2 бірлікке ұлғайған.

Есептегі кезеңде аумақтық органдармен 1759 өзен кемелері қаралған (2012 ж. - 1794), оның ішінде қолданыстағы 732 өзен кемелері (2012 ж. – 627) және нәтижесінде 183 ұйғарым шығарылған (2012 ж. - 140).

Аталған кезеңде өзен флотындағы командалық құрамының 152 тұлғасы дипломдалған және 2012 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда 20% төмен болып отыр (2012 ж. - 191).

Аталған кезеңде 48 адам атестатталған (2012 ж. - 130) және 2012 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда 63% төмен болып отыр.

Атестатталатын тұлғалар санының төмендеуінің себебі болып командалық құрамының басым бөлігі 2010-2012 жылдары атестациялаудан өткені табылады


Өзен флотындағы апаттық оқиғалар

Есептегі кезеңде өзен кемелерімен апаттық оқиғалар тіркелмеген (2012 ж. - 3).


3. Шағын көлемді кеме флоты

Есептегі кезеңде республика бойынша 28 558 шағын көлемді кеме тіркелген (2012 ж – 29303 бірлік). Тіркелген кемелер саны 745 бірлікке азайды

Тіркелген кемелер санының төмендеуінің себебі болып ұзақ уақыт бойы техникалық байқаудан өтпейтін және пайдаланылмайтын шағын көлемді кемелерді тіркеуден шығару табылады.

Жалпы 2013 жылы тіркеуден 3069 шағын көлемді кемелер алынған (2012 ж. – 1892 бірлік).

Жыл басынан республика бойынша 2286 шағын көлемді кеме тіркелген (2012 ж. - 2834).

Есептегі кезеңде шағын көлемді кемелерге жыл сайынғы 7392 техникалық байқау өткізілген (2012 ж. - 6628).


Шағын көлемді кеме флотындағы апаттық оқиғалар

Есептегі кезеңде шағын көлемді кемелермен 15 көліктік оқиға тіркелінген (2012 ж. - 11)

Көліктік оқиғалардың басты себептері болып кеме иелеріменен кеме пайдаланудағы қауіпсіздік шараларын қолданбау, кеме басқару құқығысыз кемені басқару, техникалық байқаудан өтпеген және белгіленген тәртіппен тіркелмеген кемелерді пайдалану табылады.
Әкімшілік тәжірибе

Есептегі кезеңде су көлігінде бақылауды өткізу барысында 1087 (2012 ж. - 791) әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, 6,162 мың теңге көлемінде айыппұл салынған (2012 ж. – 4,306 мың)



В отчетный период при осуществлении контроля на водном транспорте выявлено 1087 (2012 г. - 791) административных правонарушений, наложено штрафов на сумму 6,162 тыс. (2012 г. – 4,306 тыс.) теңге.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет