КОМПЬЮТЕРЛІК ОҚЫТУ ОЙЫНДАРЫ
Ақпараттандыру жағдайында білім беруді, оның ішінде мектепке дейінгі тәрбие, оқыту мен балаларды дамыту үшін жаңа болашақ ашылады. Осы кездегі маңызды міндет баланың іс-әрекетінің негізгі түрін ақпараттық-қатынастық технологиялармен алмастырмай, оларды мектепке дейінгі мекемелерде тәлім-тәрбие мен білім берудің жалпы жүйесіне енгізу болып саналады.
Мектепке дейінгі білім беру үшін компьютерлік ойындар (КО) мультимедиалық интерактивтік оқытатын бағдарламалар болып табылады және баланың танымын, зияттық іс-әрекет тәсілдерін, қоршаған орта картинасының тұтастығын, құндылық бағыттарын және т. б. дамытуды қалыптастыруды қамтамасыз ететін баланың біртұтас ақпараттық білім беру ортасын жасауға бағытталған болады.
Балалар үшін ойын – бұл әлемді танудың және өзін-өзі дамытудың бір ғана тәсілі. Ойын – бұл танымдық іс-әрекет, ол оны қоршаған табиғат пен әлеуметтік ақиқат туралы баланың ойлануының өзіндік практикалық формасы болып табылады.
Оқу процесінде компьютерлік ойындарды дәстүрлі әдістермен және педагогикалық жаңашылдықпен үйлестіріп жүйелі пайдалану жағдайында дайындығы әр түрлі деңгейдегі балаларды оқыту тиімділігі артады. Сонда бірнеше технологияның бірмезгілде әрекет етуінің салдарынан білім беру нәтижесінің сапасы жақсарады.
Білім берудің жаңа парадигмасының қызмет етуі үшін, білім беру үрдісі субъектілерінің мобильді инфокоммуникациялық әрекеті ретінде қазақ, орыс және ағылшын тілдеріне сәйкес, ұлттық стратегиялық ақпараттық-білім беру қорлары мен әдіснамалық және мазмұндық негізде қамтамасыз ету ретінде білім беруді ақпараттандырудың стратегиялық бағыты – «Мектепке дейінгі мекемелер үшін компьютерлік оқыту ойындары» цифрлық білім беру қорлары индустриясын дайындау.
Компьютерлік оқыту ойындары ҚР МЖБС Мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының 1.001-2009 мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие беру талаптарын іске асыруға бағытталған, сонымен бірге:
– мектепке дейінгі жастағы баланың дербес дамуын кешенді қостауды іске асыру мен сапалы кеңістік құру;
– тіл дамыту мен ана тілі, қарым-қатынас мәдениеті, сауат ашу негіздерін меңгеруге дайындау;
– мектепке дейінгі балалардың адамның өнегелі мінез-құлқының үлгісіндегі адамгершілік, құндылық бағдарлары, мінез-құлық қағидасы мен ережесі, қазақстандық қоғамда туындаған халықтың салт-дәстүрлерін қалыптастыру;
– Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілігін, мемлекеттік рәміздерге құрметін, қоршаған ортаға, отбасына, әр түрлі ұлт өкілдеріне адамгершілік қарым-қатынасын тәрбиелеу;
– баланың қоршаған ортаға тұтас бейнесін, өзі туралы, жақын әлеуметтік орта туралы алғашқы ұғымдарды қалыптастыру;
– баланың эстетикалық сезімдерін, бейнелеу, көркем-тілдік, музыкалық қызмет және т.б. шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Компьютерлік оқыту ойындары ойлау (классификация, сериация), есту зейінін дамытуға, кеңістік бағдарын қалыптастыруға, сөздікті белсендіру, қолдың ұсақ моторикасын дамытуға, көлем туралы, геометриялық фигуралар туралы ұғымды бекітуге, 10-ға дейін тіке санау дағдысы, цифр мен санның қатынасына дағдылануды қалыптастыру, спектр түстерінен білімдерін бекіту, көру жадын, кеңістіктік қиялын, қозғалыс жылдамдығын және т.б. жаттықтыруға бағдарланады.
ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚТАР
Электрондық мазмұн отандық білім беру жүйесінде маңызды орын алады. Жыл өткен сайын заманауи оқулық ол – электрондық оқулық екеніне ғалымдар мен тәжірибелі мұғалімдердің сенімі артып отыр. Жуықта болып өткен қазіргі заман оқулықтарын дайындау мәселелеріне арналған конференцияда 115 баяндаманың 45-і (40%) электрондық оқулықтар мен олардың білім беру үрдісіндегі алатын орнына арналды. Электрондық оқулықтар (ЭО) білімнің пәндік саласында авторлық ұжымдармен, ғалымдармен және тәжірибелі мұғалімдермен қашықтан өзара әрекеттесу негізінде олардың географиялық орналасу орындарына тәуелсіз жүзеге асырылатын мектеп оқушыларын мультимедиалық интерактивтік оқыту процесі ретінде компьютерлік қолданбалы бағдарламалар болып табылады.
Қазақстан мектептері үшін ЭО-дың өзектілігі, бір жағынан, ауылдық мектептер санының басым болуына байланысты – 79 %, олардың 71 шағын комплекті, екінші жағынан, бұл мектептерде таржолақты байланыс желілерінің басымдылығынан Интернеттің өтімділік қабілеті төмен. Қазақстанда 7620 мемлекеттік мектеп, оның ішінде:
– бастауыш мектептер (1-4 сыныптар) - 1104, оның ішінде шағын комплектілері - 4303 ;
– негізгі мектептер (оқытудың бастауыш және негізгі сатыларының оқушылар контингенті бар 1-9 сыныптар) - 1178;
– орта мектептер (оқытудың бастауыш, негізгі және сатыларының оқушылар контингенті бар 10-11 сыныптар) - 5338.
Екінші жағынан, мектептерде Интернет таржолақты байланыс желілері басымырақ.
Электрондық оқулықтар негізінде оқыту нәтижелері:
1. Мектеп оқушыларының білім сапасын арттыру;
2. Білім беру процесінің мазмұны мен құрылымын өзгерту;
3. Ауылдық және шағын комплекті мектеп оқушыларының цифрлық теңсіздігін жою;
4. мұғалімдердің кәсіптік-әдістемелік біліктілігін арттыру:
– педагогтардың компьютерлік сауаттылық саласында;
– оқу процесінде ЭО-ды пайдалану саласында;
– педагогтардың қашықтан оқыту технологияларын меңгеру саласында;
– ақпараттық-қатынастық және цифрлық мультимедиа технологияларын оқып білудің педагогикалық мүмкіндіктері саласында.
5. Ақпарқатынастық іс-әрекеттің тәсілдерін меңгеруін сипаттайтын оқушылардың ақпараттық мәдениетін дамыту:
– АҚТ-ның көмегімен оқу ақпаратын іздеу және модельдеу;
– алынған оқу-білімдік ақпараттың құндылығын бағалау;
– оқу мақсаттарында ең маңызды ақпаратты таңдау;
алынған ақпараттың негізінде оқу іс-әрекетін жобалау.
ВИРТУАЛЬДЫҚ ТРЕНАЖЕРЛАР
Кәсіптік білім беру алдына маманның мынадай тұлғалығын қалыптастыру мақсаты қойылады: үздіксіз өзіндік білім алуға, жаңа ақпаратты өз бетімен іздеуге және еңбек базарында қоғамдық өндіріс пен бәсекелестік қабілеттің өзгеру жағдайларына олардың бейімделу қабілетін арттыруға өмір бойы өзін-өзі дамытуға дайындықты меңгеру.
Техникалық және кәсіптік білім алуға арналған виртуальдық тренажерлар (ВТ) мамандық бойынша білік пен машықты қалыптастыруға бағытталған компьютерлық колданбалы бағдарламалық өнімдер болып табылады (автомобильдің техникалық қызметін жүргізу, компьютерді құрайтын бөлшектерді жинау-талдау, ауылшаруашылық техникаларын жөндеу, киімдерді құрастыру, шаш сәндеуді орындау және т.б.). ВТ терең академиялық білімін және басшылық пен қызметкерлердің практикалық машығын арттыруға, сондай-ақ әртүрлі стандартты емес және жұмыстың күрделі кезеңдері және т.б. жағдайлар кезінде өндірісте жұмыс істеу уақытында қауіпсіздікті сақтауға бағытталған аралық буын болып саналады.
Виртуальдық тренажерларды пайдалану күрделі құрастырылымдарды, машинаның бөлшектерін және тетіктерін, нақты және виртуальды объектілер мен процестер туралы оқу ақпаратын модельдеуді көзбен көруді қамтамасыз етеді, қымбат зертханалық жабдықтарды сатып алу шығындарын қысқартады, оқу зертханаларындағы қауіпсіздік деңгейді арттырады.
Виртуальдық тренажерлардың ерекшелігі сонда, олар оқушыларға әр түрлі жабдықтармен жұмыс істеудің практикалық машықтарын меңгеруге мүмкіндік береді, сол немесе басқа білік мен машық толық қалыптасқанша қандай да бір өндірістік міндеттерді әлденеше рет қайталауға мүмкіндік береді. Компьютер әрбір кезеңді бақылайды, сондықтан басынан аяғына дейін өңдеудің барлық технологиясын көрнекі түрде өтуге болады. Виртуальдық шеберханадағы мұндай жұмыс нағыз (шынайы, материалданған) жабдықтармен жұмыс істеу кезінде әлеуетті түрде мүмкін болатын қателіктерді ескертеді, алдымен тренажерларда технологияны жүргізіп байқауға мүмкіндік береді де нақты өндірістік жағдайға бейімделу процесін жеңілдетеді.
Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін ақпараттандыру және виртуальдық тренажерларды дайындау оқу-әдістемелік әдебиеттер мен жабдықтардың, зертханалар мен шеберханалардың жетіспеушілігін жеңуге көмектесетін ақпараттық-кәсіптік ортаны жасайды, еңбектену біліктілігін өндірудің көлемді процестерімен жоғары технологияларды пайдалануды үйлестіреді, оқушылардың өз беттерімен алуан түрлі істейтін жұмыстарын және көлемін арттыра отырып, таным процесін белсенді ету мүмкіндігін қамтамасыз ететін кумулятивтік, ақпараттық, әлеуметтендіруші, білімдік және когнитивтік қызметтерді іске асырады, алынған білімдер мен оларды қолданудың әдіснамасын көкейтесті етеді.
Виртуальдық тренажерларға кәсіптік мектептер мен колледждердің мұқтаждығы техникалық және кәсіптік білім берудің 26 бағытының 141 мамандығы бойынша ең аз дегенде 282 бірлікті және ортакәсіптік білім беруден кейінгі 37 бағыттың 378 мамандығы бойынша 758 бірлікті құрайды.
Бағдарлама келесі міндеттерді шешуге бағытталған:
• Кәсіптік лицейлер мен колледждердегі кәсіптік білім мазмұнын арттыру.
• Оқу процесінде ақпараттық-қатынастық технологияларды пайдалану саласында кәсіптік лицейлер мен колледждердің оқытушы құрамына әдістемелік көмек беру.
• Кәсіптік лицейлер мен колледждер базасының инфрақұрылымын жаңарту, кәсіптік-межеленген ақпараттық-білім беру ортасын құру.
• Ауқымды Интернет желісінің қазақстандық компонентін кеңейту.
ЭЛЕКТРОНДЫ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЗЕРТХАНАЛАР
Жоғары оқу орындарының ақпар-қатынастық инфрақұрылымының маңызды компоненттері электрондық ғылыми зертханалар (ЭҒЗ) болып саналады. Ғылымды зерттеп білудің қажетті және тым маңызды бөлігі – эксперимен жүргізу. Атап айтқанда тәжірибе – табиғат құбылыстары туралы алғашқы түсініктердің көзі. ЭҒЗ қолдану білім берудің жаңа парадигмасына өтуге мүмкіндік береді, дәстүрлі және электрондық оқытудың формалары мен әдістерін оңтайлы үйлестіру ғылыми білімнің негіздерін беру мен игеруге, ақпараттық қоғамда қызметтік іс-әрекеттер үшін қажетті білік пен машықты қалыптастыруға жаңа сапа береді.
Электрондық ғылыми зертханалар (ЭҒЗ) бүгінгі таңдағы өндіріс талаптарын ескере отырып, келешек маманның кәсіптік қызметін жете ұғынуды қамтамасыз ететін нақты білім мен білікке дейін жалпы өндірістік цикл туралы түсініктерден бастай отырып, әрбір пән бойынша оқу ақпараты жинақталатын алыстан қатынас құрудың бағдарламалық өнімдері болып табылады.
ЭҒЗ білімнің іргелі негіздеріне қол жетімділікті арттыруды, барлық әлемнің мамандарымен қатынас жасауға дайын маманның бәсекелестік қабілетін арттыру мен кәсіптік өсуі үшін қажеттіліктерді қамтамасыз ететін біртұтас ақпараттық білім ортасын құру мақсатымен жоғары кәсіптік білім беру мамандықтарының бағыттары бойынша дайындалынады.
ЭҒЗ-ның дайындамасы қазіргі заманғы кәсіптік оқыту процесінің қайшылықтарын да, дәстүрлі оқулықтардың ғылым мен технологиялардың жоғары ырғақпен және пәрменді дамуына сай қазіргі заманғы деңгейіне үйлеспеуін де шешуге бағытталған.
Электрондық ғылыми зертхананың ерекшелігі 3 тілдік межеленуі болап саналады, өйткені жоғары білімді маман 3 тілде кәсіптік тезаурусты меңгеруі тиіс.
ҚР ЖОО-ның электрондық ғылыми зертханаларына мұқтаждығы 337 бірлікті құрайды, оның ішінде 172 бакалавриат мамандығы бойынша, 4 жоғары арнайы білім беру мамандығы бойынша, 161 жоғары оқу орнынан кейінгі білім –магистратура мамандығы бойынша.
Жасалатын электрондық ғылыми зертханалар келесі міндеттерді шешуге бағытталған:
• Білім мазмұнын қазіргі заманғы ақпараттық-қатынастық технологияларға аудару арқылы жоғары білімнің сапасын арттыру.
• Студенттердің, оқытушылар мен мамандардың ақпараттық-қатынастық өзара әрекеттері үшін жоғары білімнің барлық бағыттары бойынша кәсіптік-межеленген ақпараттық білім ортасын құру.
• Оқу процесінде ақпараттық-қатынастық технологияларды пайдалану саласында ЖОО-ның профессор-оқытушы құрамына әдістемелік көмек көрсету.
• ЖОО-ның электрондық инфрақұрылымын жаңарту.
Достарыңызбен бөлісу: |