Концессиялық жобаларды қоса қаржыландыру ережесін бекіту туралы



Дата04.03.2016
өлшемі23.11 Kb.
#38281
Концессиялық жобаларды қоса қаржыландыру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 қазандағы N 945 Қаулысы

      2004 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 152-1-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Концессиялық жобаларды қоса қаржыландыру ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министрі                            К. Мәсімов

      Қазақстан Республикасы

Үкіметінің    
2008 жылғы 15 қазандағы
N 945 қаулысымен  
бекітілген  

Концессиялық жобаларды қоса қаржыландыру ережесі

     1. Осы Концессиялық жобаларды қоса қаржыландыру ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 152-1-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және концессиялық жобаларды республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен қоса қаржыландыру тәртібін айқындайды.


      2. Концессиялық жобаларды қоса қаржыландыру - бұл концессия объектілерін құру (салу) және реконструкциялау үшін белгілі бір шығындар көлемін қаржыландыру үшін бюджеттік қаражатын бөлу.
      3. Концессиялық жобаларды қоса қаржыландыруды тиісті бюджеттік бағдарламаның әкімшісі концессия объектісін құру (салу) және реконструкциялау кезеңінде жүзеге асырады.

4. Концессиялық жобаларды қоса қаржыландырудың жалпы көлемдері қоса қаржыландыруды талап ететін концессиялық жобалар тізбесін ескере отырып жасалған тиісті концессия шарттарымен белгіленеді.

5. Концессиялық жобаларды қоса қаржыландырудың жылдық көлемдері Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңдарымен және мәслихаттардың тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттерді бекіту туралы шешімдерімен айқындалады.

6. Концессиялық жобаларды қоса қаржыландыруға республикалық және жергілікті бюджеттерден қаражат бөлу тиісті бюджеттік бағдарламаларды төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.


      7. Төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларын тиісті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері концессия шарттарының талаптарын ескере отырып, бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде әзірлейді.
      8. Төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларында белгіленген мерзімдерде бюджеттен қаражат алу үшін концессионерлер бюджет қаражатын бөлуге арналған өтінімді және бұрын алынған қаражаттың игерілуі туралы есепті тиісті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне ұсынады.
      Өтінімдер тиісті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына сәйкес бюджеттен қаражат бөлу болжанып отырған ай басталғанға дейін 15 күннен кешіктірмейтін мерзімде беріледі.
      9. Республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен концессиялық жобаларды қоса қаржыландыруға концессионердің өтінімдерін қанағаттандыру бюджеттік бағдарламаның тиісті әкімшісінің төлемдер бойынша қаржыландырудың жылдық жоспарында көзделген сомалар шегінде жүзеге асырылады.
      10. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі шеңберінде концессиялық жобаларды қоса қаржыландыру жүзеге асырылатын бюджеттік бағдарламаның тиімді, нәтижелі және нысаналы іске асырылуы үшін жауапты болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет