Конференция жұмысының бағыттары: Лингвомәдени концептология және ұрпақтың мәдени сабақтастығы



Дата30.06.2016
өлшемі38.22 Kb.
#168538














сУлеймАн Демирел университетІ
А Қ П А Р А Т Т Ы Қ Х А Т
Құрметті әріптестер!
2015 жылдың 23-24 сәуірінде Сулейман Демирел университеті, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік Басқару Академиясы, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, KIMEP университеті және Ататүрік-Алатоо Халықаралық университеті (Қырғызстан) ұйымдастыруымен VII «Мәдениеттер тоғысындағы тіл, әдебиет, аударма және журналистика мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.

Қай кезеңде де білім мен ғылымның дамуы, белгілі бір деңгейде, халықтар арасындағы келісім мен мәдениеттер арасындағы рухани үйлесімділікке тікелей байланысты. Жыл сайын өткізілетін бұл конференцияның да басты мақсаты – түрлі мәдениеттердің ортақ құндылықтары мен ұлттық ерекшеліктеріне бағытталған шетелдік және отандық ғалымдардың ғылыми-зерттеу ізденіс жұмыстарымен танысу және талқылауға ғылыми орта қалыптастыру болып табылады.


Конференция жұмысының бағыттары:

  1. Лингвомәдени концептология және ұрпақтың мәдени сабақтастығы

  2. Тіл біліміндегі жаңа үрдістер мен дәстүрлі бағыттар

  3. Мәдениеттер тоғысындағы әдебиеттану ғылымы: өткені, бүгіні, келешегі

  4. Мәдениаралық коммуникация аспектісіндегі қазіргі аударматану: теория, тәжірибе, оқытудағы жаңа үрдістер

  5. Тілді мәдениаралық қарым-қатынас аясында оқыту: өзіндік ерекшелігі мен келешегі

  6. Мәдениеттер тоғысындағы түркітану ғылымы: жетістіктері, жаңа көзқарастар

  7. Қазіргі орыс тілін зерттеудегі өзекті мәселелер

  8. Коммуникация және медиа: қақтығыс пен бейбітшілік

  9. Қазақстанның этносаралық толеранттық және қоғамдық келісім моделі: маңызы, тарихы, құндылықтары

  10. Мәдениеттер тоғысындағы көптілді білім беру жүйесінің әдіснамалық негіздері

  11. Білім берудегі инновациялық технологияларды қолдану

  12. Бизнес және экономикалық зерттеулерде мәдениет мәселелері

  13. Пост-кеңестік Орта Азияның өзекті мәселелері

Төмендегі тақырыптарда дөңгелек үстел өкізуді жоспарлап отырмыз:



  1. Өзге және шет тілді аудиторияда тілдерді оқыту: мәселелер мен келешегі

  2. Тілдік тұлға және этникалық ренессанс


Конференция тілі: қазақ, ағылшын, түрік және орыс тілдері.
Конференция жұмысына қатысу жөнінде өтініш пен мақала тезисі (300-500 сөз) 2015 жылғы 13 ақпанға дейін, ал мақаланың толық мәтіні (электронды түрде) мен қатысушының тіркеу формасы 2015 жылдың 06 наурызына дейін ұйымдастыру комитетінің электрондық поштасына жіберілуі тиіс. Көрсетілген мерзімнен кейін жіберілген мақалалар қабылданбайды. Мақала мазмұны мен грамматикалық қателер үшін ұйымдастыру комитеті жауап бермейді. Ұйымдастыру комитеті конференцияға келіп түскен мақалаларды таңдау және жариялау құқығын өзіне қалдырады.

Конференция бағдарламасына баяндаманы енгізу жөнінде ұйымдастыру комитетінің шешімі қатысушы тарапқа хабардар етілген соң арнайы шақыру және ұйымдастыру жарнасын төлеу реквизиттері жіберіледі.

Конференция материалдары «Мәдениеттер тоғысындағы тіл, әдебиет, аударма және журналистика мәселелері» деген атпен электрондық ғылыми жинақ түрінде және баспадан тек Түйіндеме кітабы ғана шығарылады.

Ағылшын тілінде жазылған таңдаулы мақалалар жинағы шетелдік баспадан шығады.
Мақала көрсетілген үлгі бойынша рәсімделу керек.

Іссапар шығыны жіберуші немесе қатысушы тарапынан өтеледі. Конференцияны ұйымдастыру жарнасы – 5000 теңге. Шетелдік ғалымдар үшін жарна көлемі – 100 АҚШ доллары.

Конференция туралы толық ақпарат Сулейман Демирел университетінің сайтында берілген.


Ұйымдастыру комитетінің мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы облысы,

Қаскелен қаласы.



Веб-сайт: www.icbcb.kz , www.sdu.edu.kz , icbcb@sdu.edu.kz



«МӘДЕНИЕТТЕР ТОҒЫСЫНДАҒЫ ТІЛ, ӘДЕБИЕТ, АУДАРМА ЖӘНЕ ЖУРНАЛИСТИКА МӘСЕЛЕЛЕРІ»

23-24 сәуір 2015

Халықаралық ғылыми-практикалық конференция қатысушысының

өтініш беру формасы:


  1. Тегі, аты-жөні







  1. Мекеме (жұмыс орнының толық атауы)







  1. Мемлекет, қала







  1. Лауазымы (қызметі)







  1. Ғылыми дәрежесі / ғылыми атағы







  1. Мекенжайы (үй, пошта индексі)







  1. Байланыс телефоны (халықаралық байланыс кодымен)







  1. Электронды пошта (е-mail)







  1. Баяндама тақырыбы (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде)




  1. Секция атауы








Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет