Атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді. Конференция жұмысының бағыттары



Дата22.02.2016
өлшемі57.5 Kb.
#41




сУлеймАн ДемирелЬ атындағы университет

А Қ П А Р А Т Т Ы Қ Х А Т
Құрметті әріптестер!
2014 жылдың 24-25 сәуірінде Сулейман Демирель атындағы университеттің ұйымдастыруымен V «Мәдениеттер тоғысындағы тіл, әдебиет, аударма және журналистика мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.
Конференция жұмысының бағыттары:

  1. Лингвомәдени концептологияның қазіргі жағдайы мен болашағы

  2. Тіл біліміндегі жаңа үрдістер мен дәстүрлі бағыттар

  3. Мәдениеттер тоғысындағы әдебиеттану ғылымы: өткені, бүгіні, келешегі

  4. Қазіргі жағдайдағы аударматану ғылымының негізгі проблемалары

  5. Тілді мәдениаралық қарым-қатынас аясында оқыту: өзіндік ерекшелігі мен келешегі

  6. Мәдениеттер тоғысындағы түркітану ғылымы: жетістіктері, жаңа көзқарастар

  7. Орыс тілін оқытудың мәдени-антропологиялық аспектілері

  8. Қоғамның ақпараттануындағы әлеуметтік медиа мен дәстүрлі журналистиканың рөлі

  9. Мәдениеттер тоғысындағы көптілді білім беру жүйесінің әдіснамалық негіздері

  10. Қазіргі кезеңдегі халықаралық қатынастар мен экономиканың өзекті мәселелері

  11. Білім берудегі инновациялық технологияларды қолдану


Конференция тілі: қазақ, ағылшын, түрік және орыс тілдері.
Конференция жұмысына қатысу жөнінде өтініш пен мақала тезисі (300-500 сөз) 2014 жылғы 25 ақпанға дейін, ал мақаланың толық мәтіні (электронды түрде) мен қатысушының тіркеу формасы 2014 жылдың 15 наурызына дейін ұйымдастыру комитетінің электрондық поштасына жіберілуі тиіс. Көрсетілген мерзімнен кейін жіберілген мақалалар қабылданбайды. Мақала мазмұны мен грамматикалық қателер үшін ұйымдастыру комитеті жауап бермейді. Ұйымдастыру комитеті конференцияға келіп түскен мақалаларды таңдау және жариялау құқығын өзіне қалдырады.

Конференция бағдарламасына баяндаманы енгізу жөнінде ұйымдастыру комитетінің шешімі қатысушы тарапқа хабардар етілген соң арнайы шақыру және ұйымдастыру жарнасын төлеу реквизиттері жіберіледі.

Конференция материалдары «Мәдениеттер тоғысындағы тіл, әдебиет, аударма және журналистика мәселелері» деген атпен ғылыми жинақ ретінде жарық көреді. Ағылшын тілінде жазылған таңдаулы мақалалар жинағы шетелдік баспадан шығады.
Мақала көрсетілген үлгі бойынша рәсімделу керек.

Іссапар шығыны жіберуші немесе қатысушы тарапынан өтеледі. Конференцияны ұйымдастыру жарнасы – 4000 теңге. Шетелдік ғалымдар үшін жарна көлемі – 100 АҚШ доллары.

Конференция туралы толық ақпарат Сулейман Демирел университетінің сайтында берілген.


Ұйымдастыру комитетінің мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы облысы,

Қаскелен қаласы.



Веб-сайт: www.icbcb.kz , www.sdu.edu.kz , icbcb@sdu.edu.kz





«МӘДЕНИЕТТЕР ТОҒЫСЫНДАҒЫ ТІЛ, ӘДЕБИЕТ, АУДАРМА ЖӘНЕ ЖУРНАЛИСТИКА МӘСЕЛЕЛЕРІ»

24-25 сәуір 2014

Халықаралық ғылыми-практикалық конференция қатысушысының

өтініш беру формасы:


  1. Тегі, аты-жөні







  1. Мекеме (жұмыс орнының толық атауы)







  1. Мемлекет, қала







  1. Лауазымы (қызметі)







  1. Ғылыми дәрежесі / ғылыми атағы







  1. Мекенжайы (үй, пошта индексі)







  1. Байланыс телефоны (халықаралық байланыс кодымен)







  1. Электронды пошта (е-mail)







  1. Баяндама тақырыбы (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде)







  1. Секция атауы







  1. Қатысу формасы

(тікелей, сырттай)

Ескерту: Конференция жұмысына тікелей қатысып, баяндама жасаған қатысушыларға арнайы сертификат беріледі.





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет