Конысбаева Молдир
Эссе
"Халықаралық деңгейдегі теңсіздік көрсеткіштері"
Әлемде теңсіздiк өте көп, сондықтан біз теңсіздікпен күресу қажетпіз.
Осылайша адамдар материалдық игілік бәріне тең бөлінген қоғамда өмір
сүргiсi келеді.
Байлар мен кедейлер. Үлес салмағы бойынша: 99% да 1%. Баршылық
пен жоқшылық. Бүкіл әлемдегі байлықтың жартысын иеленіп отырған
байлар 1% да, планетадағы адамдардың қалған бөлігі – 99%. Байлар мен
кедейлердің үлес салмағы арасында бұрын-соңды мұншалық орасан
айырмашылық болмаған.
Йель университетінің бір топ зерттеушісі "Nature Human Behaviour"
журналына шыққан «Неліктен адамдар теңсіздікті қоғамда өмір сүргісі
келеді?» деген ғылыми еңбекте көрсеткендей, барлық адамдар, тіпті
балалардың өзі теңсіздік бар қоғамда өмір сүргiсi келеді екен. Мәселе
мынада. Адамдарды көп жұмыс істеп, бірақ соған сай ақы алмау және түк
iстемей-ақ тура сондай мөлшерде жалақы алатындардың бары
ашуландырады екен.
Қазіргі кезде АҚШ-та және басқа елдерде бұл екі ұғым араласып
кеткен. Өмірде теңсіздік көп болғандықтан бiз автоматты түрде бұл
әділетсіздік деп ойлаймыз. Сол себепті мәселені адамдардың табыстары
әртүрлі болуына әкеп тірейміз. Ал шын мәнінде мәселе әділетсіздікте.
Кедейлік және кедейлер жоқ мемлекет Утопия боп саналады. Ал егер
қоғамда әділеті жоқ теңдік орнаса, ол күйреуге апарады, деп санайды
Стэнфорд университетінің профессоры Николас Блум.
«Адамда мотивация болмаса, ода жұмысқа, бiр нәрсеге қол жеткізуге,
жаңалық ойлап табуға деген құлшыныс болмайтыны анық. Мейлі, мен
суретші, стамотолог немесе құрылысшы болайын, егер маған ақша
өздігінен, ешқандай жұмыс жасамай-ақ келiп тұрса, не үшін мен аптасына
50 сағат жұмыс істеуім керек?».
Зерттеушілер теңсіздікке байланысты ортақ мәмілеге келу керектігiн
айтады. Теңсіздікпен күресте бір-бірне тығыз қатысты үш нәрсені
ұмытпауымыз керек дейді олар.
Бiрiншi: адамдар нәсілiне, шығу тегіне, жынысына тб. қарамастан
мүмкіндіктері тең болуы тиіс.
Екінші: сыйақы, жәрдемақы жасаған еңбегіне сай бөлінуі тиіс.
Үшінші: жетістіктер теңдігі деп аталатын нәрсе, жағдайдың қандай
екеніне қарамастан салдардың бірдей болуы. Мұны түсiну қиындау.
Мысалы, өзіңізбен бірдей жұмыс істеген адам 10 фунт, ал сiз 5 фунт
алсаңыз, «нәтиже бойынша тең.
Осы нәрселерден келіп адамдар санасында экономикалық теңсіздік
ұғымы туады.
Принстон университетінің құрметті профессоры Гарри Дж.
Франкфурт өзiнiң «Теңсіздік туралы» (On Inequality) атты кiтабында бiздiң
моральдық міндетіміз теңдікке қол жеткізу емес, кедейліктi жою екенін
айтады. Әр адамда жақсы өмір сүру үшін қажеттінiң бәрі болу керек, біз
осы деңгейге жетуіміз қажет дейді ол.
Экономикалық теңсіздік деген, орасан, қарама-қайшылығы көп,
шиеленісіп кеткен мәселе. Әлеуметтік-экономикалық теңсіздік мәселесі
жаһандық дағдарыспен байланысты. Қазақстан сияқты шикізатты
экспорттаушы, дамушы мемлекеттерде нақ осы мәселе белең алуда.
Әлеуметтік теңсіздік нарықтық экономика саясатын ұстанып отырған
барлық елдерге тән. Әлеуметтік теңсіздік әлеуметтік белсенділіктің
қалыптасуына, адам капиталының өсуіне жағдай жасайды. Бірақ, шамадан
тыс әлеуметтік теңсіздік социумның (қоғам) тұрақты дамуына қауіп
төндіреді.
Қазіргі таңда Қазақстандағы теңсіздіктің ресми көрсеткіштеріне
халықаралық, адамзат дамуының индексі және елдің өз көрсеткіштері
жатқызылады. Ресми статистикалық деректер бойынша, Қазақстандағы
теңсіздік жағдайы дағдарыстық емес және жыл сайын теңсіздік көрсеткіші
төмендеп келеді. Осылайша, Джини индексі 2001-2015 жылдар
аралығында 0,366 дан 0,278 – ге төмендеген.
Қазақстандағы теңсіздік бірнеше көрсеткіштер арқылы анықталады:
аймақтық және елді мекендік тұрғыдағы ресми көрсеткіштер, жан басына
шаққандағы ақшалай көрсеткіш, еңбекақы және жұмыссыздық көлемі,
«кедейшілікте» өмір сүретін халық үлесі.
Қазақстандағы адамзат дамуының индексі соңғы 14 жылда 0,107 ге
жоғарылағанын көрсетіп отыр. Халықаралық көрсеткіш бойынша
Қазақстан даму деңгейі жоғары (0,784-0,677) елдердің қатарына
жатқызылады. Бірақ, бастапқыда, 1990-2000 жылдардағы көрсеткіш
Қазақстанның даму деңгейінің орташаға жатқызылғанын (0,669-0448)
аңғартады. Ресми статистика бойынша, Қазақстандағы теңсіздік
көрсеткіші төмендеуде. Мысалы, децильді коэффициент (байлар мен
кедейлердің арақатынасы) 2001 жылы 8,8-ден 2014 жылы 5,7-ге түскен.
Теңсіздікті қоныстану типі бойынша қалалық және ауылдық деп бөле
отырып анықтар болсақ, ауылдағы кедейшілік деңгейі қаладағыдағыдан
бірнеше есе көп екендігін аңғаруға болады. Статистикалық деректер
бойынша, 2015 жылы ауыл тұрғындарының 4,7 %-ның табысы күнкөріс
минимумынан төмен болса, қала тұрғындары үшін бұл көрсеткіш 1,3%-ды
құрады. Сонымен қатар, ауылда көп балалы отбасы саны көп
болғандықтан, тиісінше үй шаруашылығымен айналысатын адамдар саны
жоғары.
Ауылдық инфрақұрылым сумен қамтамасыз етілу, әлеуметтік-мәдени
ынта және ұмыспен қамтылу жағынан қала жағдайынан әлдеқайда артта
қалып отыр. 2001 жылы күшіне енген «Ауыз су» бағдарламасының жүзеге
асырылуына қарамастан, 2011 жылы 1 қаңтар айында қаланың сумен
қамтылуы 82%-ды құраса, ауылдық аймақтарда бұл көрсеткіш 42,5 %-ды
құрады.
Жоғарыда көрсетілген фактілерден бөлек, ауыл тұрғындарының
теңсіздік мәселесі кәсіби деңгейде білім алу қолжетімсіздігіне және
кәсіпкерлердің кәсіпкерлік тәжірибесінің жоқтығына да байланысты деп
қорытындылауға болады.
Қорытындылай келе, Қазақстандағы теңсіздік мәселесін шешу мақсатында
аймақтар арасындағы дисбалансты теңдестіру, сонымен қатар
моноқалаларды дамыту, түрлі индустриалды жобаларды жасау сынды
бірқатар шараларды жүзеге асыруға акцент қойылып отыр. Теңсіздік
мәселесін шешу мақсатында жұмысбастылық пен еңбекақы көлемін
арттыру мақсатында «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы қолға
алынды. Барлық аймақтағы жалақы көлемінің теңдей болуына қол жеткізу,
сонымен қатар кедейшілікті түбімен жою мақсатында «Болашақ»
бағдарламасымен мамандар оқытылуда. Яғни Жапонияны мысалға алар
болсақ, кедейшілікті төмендетудің ең тиімді шарасы – білім алу деңгейін
жоғарылату екендігін түсінуге болады. 2014 жылы аз қамтылған
қазақстандықтардың 10 мыңы осы бағдарлама арқылы білім алуға қол
жеткізді. Осылайша, мемлекет теңсіздікті төмендету мақсатында бірқатар
шараларды жүзеге асыруда.
Достарыңызбен бөлісу: |