ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ЗАҢ ФАКУЛЬТЕТІ
|
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
|
|
Құрметті студенттер, магистранттар, докторанттар және жас ғалымдар!
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 2015 жылдың 27 наурыз айында өткізілетін Қазақстан Республикасы Конституциясының 20-жылдығына арналған «Қазақстан Республикасы Конституциясы – қалыптасқан мемлекеттің басты заңы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында студенттер, магистранттар, докторанттар және жас ғалымдардың ғылыми мақалаларының конкурсын жариялайды және Сіздерді аталған іс-шараға белсенді қатысуға шақырады. Конкурс 2015 жылдың 27 ақпанында 214 аудиторияда, сағат 10.00 басталады.
Конкурс аясында келесі секциялардың жұмысы жоспарланып отыр:
-
№
|
Секция атауы
|
Жауаптылар
|
Электрондық пошта адресі
|
1
|
Конституция – орнықты мемлекеттің тұрақты даму факторы ретінде
|
Ашимова Э.А.
Тулеубаева Г.Ж.
|
enuyur@yandex.ru
|
2
|
Қазақстан Республикасының конституциялық-құқықтық дамуы аясында халықаралық құқық нормаларын ұлттық заңнама аясында имплементациялау
|
Ашимова Э.А.
Тулеубаева Г.Ж.
|
enuyur@yandex.ru
|
3
|
Қазақстан Республикасында азаматтық-құқықтық және әлеуметтік-еңбек қатынастарын құқықтық реттеудің конституциялық бастауы
|
Ашимова Э.А.
Тулеубаева Г.Ж.
|
enuyur@yandex.ru
|
4
|
Қылмыстық-құқықтық саясатты дамытудың конституциялық негізі
|
Ашимова Э.А.
Тулеубаева Г.Ж.
|
enuyur@yandex.ru
|
5
|
Экология және экономика («жасыл экономика» жағдайында кәсіпкерлікті дамыту) саласындағы қатынастарды реттеудің конституциялық-құқықтық негіздері
|
Ашимова Э.А.
Тулеубаева Г.Ж.
|
enuyur@yandex.ru
|
Қатысу бойынша қойылатын талаптар
Конкурстың жұмыс тілдері – қазақ, орыс, ағылшын.
Баяндамаларды рәсімдеуге қойылатын талаптар:
3 беттен 5 бетке дейінгі аралықта компьютерде терілген мәтін 14-ші шрифт Times New Roman, мәтін арасы 1 интервал, абзац аралығы – 1 см, жиек мөлшері – 3 см болуы тиіс. Қайнар көздердің көрсетілуі «APA stile» стильінде болуы қажет (www.apastyle.org). Мәтін стилистикалық және техникалық тұрғыдан редакцияланған болуы талап етіледі. Материалдың электрондық нұсқасына бет саны қойылмайды.
Конкурсқа қатысуға тілек білдірушілер 2015 жылы 23 ақпанға дейін электронды поштаға сәйкесінше секциялар бойынша материалды жіберуі тиіс:
-
Рәсімдеуге қойылатын талаптарға сәйкес баяндама мәтінін;
-
Жіберілетін материалға ғылыми жетекшінің пікір-ұсынысын;
-
Конкурсқа қатысуға өтінішті жіберулері қажет.
Жоғарыда аталған құжаттар болмаған жағдайда мақала материалдар қабылданбайды.
Конкурсқа қатысу ақысыз. Сонымен қатар, конкурстың соңында конкурс жеңімпаздары жарияланады.
Конкурсқа қатысу үшін өтініш
-
Тегі, аты, әкесінің аты _________________________________________
-
Дәрежесі (жас ғалым, докторант, магистрант (мамандық шифрі), студент) _____________________________
-
Баяндама тақырыбы_______________________________________________
-
Секция ________________________________________________________
-
Оқу орны, ұйым ________________________________________________
-
Адрес, телефон, e-mail___________________________________________
-
Қатысудың үлгісі: тікелей сырттай
Мақаланы рәсімдеудің үлгісі:
УДК.......
ЗАҢ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
(1 аралық)
Ахметов Ерлан Абаевич
nngmath@mail.ru
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ғылыми жұмыстар бойынша декан орынбасары, Астана, Қазақстан
Ғылыми жетекшісі – Алтынбасов Б.О., з.ғ.к., доцент
(1 аралық)
Мақала мәтіні
(1 аралық)
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Конституция Республики Казахстан. Алматы, «Юрист». 2007.
2. Комментарий к Уголовному кодексу Республики Казахстан. Общая и Особенная части / под ред. И.Ш. Борчашвили. Изд. 2-е. Алматы. Жетi Жаргы. 2007. – С. 45-46.
3. Курс уголовного права. Особенная часть. Том 5. Учебник / под ред. Г.Н. Борзенкова, В.С. Комисарова. М., «Зерцало-М». 2002. – С. 77-78.
4. Онгарбаев Е.А. «Классификация преступлений и ее правовое значение». –КВШ, Караганда, 1996. – С. 96-97.
|
Сілтемелер мен мәліметтер мақаланың соңында беріледі.
Көрсетілген уақыттан кейін келіп түскен өтініштер қарастырылмайды.
Ұйымдастыру комитеті конкурс баяндамаларын іріктеу құқығына ие.
Конкурстың өтетін орны мен уақыты: 010008, Астана қаласы, Мирзоян көшесі, 2. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, бас оқу корпусы, аудитория 214, сағат 10.00 басталады.
ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ
Достарыңызбен бөлісу: |