«Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
«Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік төменгі лауазымына орналасу үшін жалпы конкурс жариялайды:
1. Мемлекеттік тұқым инспекциясы бөлімінің бас маманы – Есіл,
Ғ. Мүсірепов атындағы, Уәлиханов аудандары бойынша тұқым шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспектор санаты «D-O-4»,
3 бірлік
Жалақысының мөлшері қызмет атқарған жылдарына байланысты 83 282 теңгеден 112 430 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық міндеттері:
Тұқым шаруашылығы субъектілерінің уәкілетті орган бекіткен бастапқы, элиталық және өнеркәсіптік (жаппай) тұқым шаруашылығын жүргізу сызбалары мен әдістерін, тұқым шаруашылығы саласындағы әдістемелік және технологиялық талаптарды сақтауын мемлекеттік бақылауды, соның ішінде сорттық және тұқымдық бақылауды жүзеге асырады.
Мыналарды бақылайды:
- тұқым өндіруді, сақтауды, сандық-сапалық есебін жүргізуді, бірегей және элиталық тұқымдарды, 1-3-көбейтілген тұқымдарды өндіру және сату жөніндегі құжаттамаларды жүргізуді;
- субсидияланған элиталық және 1-3-көбейтілген тұқымдардың мақсатқа сай пайдаланылуын;
- тұқым шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын;
- аттестатталған тұқым шаруашылығы субъектілерінің біліктілік талаптарына сәйкестігін;
- аттестатталған тұқым шаруашылығы субъектілерінде және қатардағы ауыл шаруашылығы құрылымдарында ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттық егістерін байқаудан өткізу сапасын;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің тұқым шаруашылығы туралы қаулыларын сақтауын мемлекеттік бақылау мақсатында тұқым шаруашылығы субъектілеріне бару және олардан тұқым шаруашылығы саласында қызметті жүзеге асыру мәселелері бойынша ақпарат алу;
- аттестатталған тұқым шаруашылығы субъектілері көрсететін қызметтердің сапасын тексеру;
- тұқым шаруашылығы туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуы туралы ұйғарымдар беру және тұқым шаруашылығы саласында қызметті жүзеге асыру кезіндегі әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасау;
- тұқым сапасына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін тұқым топтамаларынан сынама алу;
- белгіленген тәртіппен аттестатталған тұқым өндірушілердегі тұқым өндірісін бақылайды (тұқым себу үшін дайындалған алқаптарды тексеру, вегетация кезеңінде сорттық егістіктерді тексеру, сорттық және буданды егістіктерді байқаудан өткізуді және алқаптық тексеруді бақылау, тұқымның түсімін (жиналуын), оларды тасымалдауды, өңдеуді (тазалауды) және сақтауды, тұқым қоймаларының дайындығын бақылау).
Жетекшілік ететін мәселелер бойынша жедел ақпарат ұсынады және есептілік құрады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:
Жоғары: «ауыл шаруашылық ғылымдары» (агрономия, немесе топырақтану және агрохимия, немесе өсімдіктерді қорғау және олардың карантині) бейіні бойынша.
«Қазақстан – 2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтiн Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн; осы санаттың лауазымдары бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдерді білу («Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы», «Өсімдіктерді қорғау туралы», «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы», Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексін, «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы», «Қоғамдық кеңестер туралы», Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған «Агробизнес – 2020» бағдарламасы).
2. Мемлекеттік тұқым инспекциясы бөлімінің бас маманы –
тұқым шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспектор
санаты «D-O-4», 1 бірлік
Жалақысының мөлшері қызмет атқарған жылдарына байланысты 83 282 теңгеден 112 430 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық міндеттері:
Тұқым шаруашылығы субъектілерінің уәкілетті орган бекіткен бастапқы, элиталық және өнеркәсіптік (жаппай) тұқым шаруашылығын жүргізу сызбалары мен әдістерін, тұқым шаруашылығы саласындағы әдістемелік және технологиялық талаптарды сақтауын мемлекеттік бақылауды, соның ішінде сорттық және тұқымдық бақылауды жүзеге асырады, оның ішінде мыналарды:
- тұқым өндіруді, сақтауды, сандық-сапалық есебін жүргізуді, бірегей және элиталық тұқымдарды, 1-3-көбейтілген тұқымдарды өндіру және сату жөніндегі құжаттамаларды жүргізуді;
- субсидияланған элиталық және 1-3-көбейтілген тұқымдардың мақсатқа сай пайдаланылуын;
- тұқым шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын;
- аттестатталған тұқым шаруашылығы субъектілерінің біліктілік талаптарына сәйкестігін;
- аттестатталған тұқым шаруашылығы субъектілерінде және қатардағы ауыл шаруашылығы құрылымдарында ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттық егістерін байқаудан өткізу сапасын;
- аттестатталған тұқым шаруашылығы субъектілері көрсететін қызметтердің сапасын тексеру;
- тұқым шаруашылығы туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуы туралы ұйғарымдар беру және тұқым шаруашылығы саласында қызметті жүзеге асыру кезіндегі әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасау;
- тұқым сапасына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін тұқым топтамаларынан сынама алу;
- белгіленген тәртіппен аттестатталған тұқым өндірушілердегі тұқым өндірісін бақылайды (тұқым себу үшін дайындалған алқаптарды тексеру, вегетация кезеңінде сорттық егістіктерді тексеру, сорттық және буданды егістіктерді байқаудан өткізуді және алқаптық тексеруді бақылау, тұқымның түсімін (жиналуын), оларды тасымалдауды, өңдеуді (тазалауды) және сақтауды, тұқым қоймаларының дайындығын бақылау).
Тұқым шаруашылығы туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуы туралы ұйғарымдар береді және тұқым шаруашылығы саласында қызметті жүзеге асыру кезіндегі әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасайды. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша жедел ақпарат ұсынады және есептілік жасайды. Басқарманың веб-сайтында материалдарды жаңарту үшін жетекшілік ететін мәселелер бойынша ақпарат ұсынады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:
Жоғары: «ауыл шаруашылық ғылымдары» (агрономия, немесе топырақтану және агрохимия, немесе өсімдіктерді қорғау және олардың карантині) бейіні бойынша.
«Қазақстан – 2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтiн Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн; осы санаттың лауазымдары бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдерді білу («Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы», «Өсімдіктерді қорғау туралы», «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы», Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексін, «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы», «Қоғамдық кеңестер туралы», Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған «Агробизнес – 2020» бағдарламасы).
3. Қаржыландыру және бухгалтерлік есеп бөлімінің бас маманы
санаты «D-O-4», 1 бірлік
Жалақысының мөлшері қызмет атқарған жылдарына байланысты 83 282 теңгеден 112 430 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық міндеттері:
Мемлекеттік сатып алу жоспарларын жасаумен және оларды басқарма сайтында орналастырумен айналысады.
Салалық бөлімдердің мамандарымен бірлесіп:
- ауыл шаруашылығы басқармасы үшін бюджеттік бағдарламалар аясында жергілікті бюджеттен бөлінетін қаражат есебінен жұмыстарды (қызметтерді) орындау және тауарларды сатып алу бойынша конкурстарды ұйымдастыруға қажетті құжаттаманы жасауды;
- өткізілген мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша шарттар жасауды;
- мемлекеттік сатып алу бойынша мониторингті және есептілікті жүзеге асыруды ұйымдастырады.
Қаржы басқармасымен, облыстық ведомстволармен, тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді жеткізушілермен өзара әрекет жасайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:
Жоғары: «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (экономика, немесе есеп және аудит, немесе қаржы), «құқық» бейіндері бойынша.
«Қазақстан – 2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтiн Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн; осы санаттың лауазымдары бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдерді білу («Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы», Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі), Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексін, «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы», «Қоғамдық кеңестер туралы», Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған «Агробизнес – 2020» бағдарламасы).
4. Ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу және маркетинг бөлімінің
бас маманы санаты «D-O-4», 1 бірлік
Жалақысының мөлшері қызмет атқарған жылдарына байланысты 83 282 теңгеден 112 430 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық міндеттері:
Ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу және қайта өңдеу жөніндегі ауыл шаруашылық кооперативтер мен басқа да құрылымдардың қызметіне талдауды жүзеге асырады. Халықаралық ИСО 9001 стандарттары және ХАССП принциптері негізінде сапа менеджменті жүйесінің әзірленуіне және кәсіпорындарға енгізілуіне мониторинг жасайды. Дайындаушы ұйымдарға ҚҚС субсидиялау жұмысын жүргізеді. Агроөнеркәсіптік кешен және тамақ өнеркәсібінің отандық кәсіпорындарын қолдау жөніндегі АӨК дамыту бағдарламаларының іске асырылуына мониторинг жасайды. Петропавл қаласында апта сайын ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізуге қатысады. Қазақстандағы және Таяу шетелдегі астық бағасына мониторинг жасайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:
Жоғары: «ауыл шаруашылық ғылымдары» (зоотехния, немесе фермерлік іс, немесе мал шаруашылығы өнімін өндіру технологиясы), «техника ғылымдары және технологиялар» (қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (салалар бойынша), «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (экономика, немесе есеп және аудит, немесе қаржы), «құқық» бейіндері бойынша.
«Қазақстан – 2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтiн Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн; осы санаттың лауазымдары бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдерді білу («Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы», Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексін, «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы», «Қоғамдық кеңестер туралы», Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған «Агробизнес – 2020» бағдарламасы).
«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттарға тестілеу бағдарламасындағы «D-O-4» санаты үшін: мемлекеттік тілді білуге, Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Конституциялық заңың, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», Қазақстан Республикасының заңдарын білуге және бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;деңгейін анықтауға арналған тестілер белгіленеді.
Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидалары негізінде өткізіледі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
-
осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;
-
3х4 үлгідегі суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;
3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;
6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).
Осы Қағидалардың 85-тармағының 3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызмет (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді. Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсыну талап етілмейді.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктерілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер одан мемлекеттік органда әңгімелесуге жіберу туралы хабарлама алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде өтеді. Әңгімелесу өткізу кезінде кандидаттардың конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыпқа эссе жазуларына жол беріледі.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар және сарапшылар шақырылады. Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, Қағидаларының 30- тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.
Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде (жариялаған мемлекеттік органның және мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның интернет-ресурсында немесе мерзімді баспасөз басылымдарында) қолма-қол, пошта арқылы мына мекен-жайға ұсынылуы тиіс: 150000, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Парковая көшесі, 57 «В» (2 қабат, 234 кабинет) мекенжай бойынша орналасқан «Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ немесе dsh@sko.kz электрондық пошта арқылы немесе «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде. Анықтамаларды 8(715)2534307, факс 8(715)2533631 арқылы алуға болады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
Достарыңызбен бөлісу: |