Конкурс ережесі «Астана Опера»



Дата24.07.2016
өлшемі89 Kb.
#218976
түріКонкурс


«Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театры
Хор әртістері бос лауазымына орналасуы туралы

КОНКУРС ЕРЕЖЕСІ
«Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театры хор әртістері бос лауазымына орналасуға Конкурс жариялайды:

1. Сопранолар партиясы

2. Альттер партиясы

3. Тенорлар партиясы

4. Бастар партиясы
I. Жалпы ережелер
Конкурстың құрылтайшысы және ұйымдастырушысы «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театры» КеАҚ болып табылады (бұдан әрі – Театр).

Конкурсты дайындауға құрамы Театр директорының өкімімен бекітілетін Ұйымдастыру комитеті басшылық етеді.



Хор әртістері бос лауазымына орналасу Конкурсы (бұдан әрі – Конкурс) театр директорының өкіміне сәйкес жүргізіледі.

Осы Ереже Конкурстың өткізілу тәртібін, шарттарын және мерзімін, сондай-ақ Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптарды және Конкурс жеңімпаздарын іріктеу критерийін айқындайды.


II. Конкурсқа қатысу өтінімін беру тәртібі
Конкурсқа қатысу өтінімдері (құжаттары) Конкурс туралы ереже БАҚ-та және театрдың интернет-сайтында ресми түрде жарияланған сәттен бастап қабылданады.

Конкурсқа қатысу өтінімдері (құжаттары) Конкурс туралы ереже БАҚ-та ресми түрде жарияланған сәттен бастап қабылданады.

Конкурсқа қатысу өтінімдері 2014 жылғы 16 мамыр сағ.13.00-ге дейін мына мекен-жай бойынша қабылданады: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Қонаев көшесі, 1, «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театры» КеАҚ Кадр жұмысы департаменті немесе astanaopera.hr@gmail.com электрондық пошталары бойынша қабылданады. Ұйымдастыру комитетіне көрсетілген мерзімнен кешіктіріліп тапсырылған өтініштер қарастырылмайды. Үміткерлерді Конкурсқа қатысуға іріктеуді Ұйымдастыру комитеті жүзеге асырады.

Үміткерлер Конкурсқа қатысу үшін оларды іріктеу мақсатында Ұйымдастыру комитетіне төмендегі құжаттарды ұсынады:

- үміткердің немесе оның өкілінің Конкурсқа қатысуға толтырған өтінімі (өтінім нысаны – қосымшада);

- үміткердің портреттік фотосуреті (*jpg форматындағы файл) – 3x4см;

- төлқұжатының немесе жеке куәлігінің көшірмесі;

- музыкалық оқу орнын аяқтағандығы туралы диплом көшірмесі;

- түйіндеме 3 тілде – мемлекеттік, орыс және ағылшын (дауыс түрін көрсету МІНДЕТТІ тұрғыда);

- орындайтын конкурстық бағдарлама (3 шығарма).

Байқауға қатысуға жіберілген үміткерлердің тізімі «Астана Опера» театрының ресми сайтында жарияланатын болады www.astanaopera.kz.

Ұйымдастыру комитеті үміткерге Конкурсқа қатысушылардың құрамына енгізілмегендігі туралы оның себеп-салдарын түсіндірмей, үміткердің түйіндемедегі көрсетілген электрондық почтасы немесе телефоны бойынша ресми түрде хабарлайды.


III. Конкурсқа қатысу шарттары
- Конкурсқа қатысу тегін.

- Ұйымдастыру комитеті Конкурсқа қатысушылардың жол шығындарын,

тұратын орнын және басқа да материалдық шығындарының ақысын өтемейді.

- Конкурсқа қатысушылар өз концертмейстерлерімен, сондай-ақ Ұйымдастыру комитеті өтеусіз негізде ұсынған концертмейстерлермен өнер көрсетуге құқылы. Егер қатысушы Ұйымдастыру комитетінің концертмейстерімен өнер көрсетсе, концертмейстерге орындауға қажетті ноталық материалын алдын ала ұсынуға міндеттенеді.

- Конкурсқа қатысуға жіберілген өтінімі үміткердің Ережеде мазмұндалған талаптармен толық келіскені туралы куәландырады.
IV. Конкурсты өткізу тәртібі

- Конкурстың әділ қазылар алқасының (бұдан әрі – Әділ қазылар алқасы) төрағасы мен мүшелерін Театр директоры бекітеді.

- Төраға әділ қазылар алқасының жұмысын ұйымдастырады, отырыстарын өткізеді.

- Конкурсанттардың кезегі әліпби ретімен.

- Әділ қазылар алқасы қатысушыдан өнер көрсетуін тоқтатуға немесе осы немесе басқа музыкалық фрагментті қайталауды сұрауға құқылы.

- Конкурсқа қатысушылардың барлық тыңдаулары жабық түрде өтіп, олар бейнетасымалдағыштарға жазылады. Дауыстар тең болған жағдайда Төрағаның дауысы шешуші болып табылады.

- Қазылар алқасының шешімі түпкілікті және қайтадан қаралуға жатпайды.


V. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар
- Конкурс бір кезеңнен тұрады. Әрбір дауыс түріне арналған тиісті конкурстық бағдарлама осы Ережеге қосымшада берілген.

- Орындау барысы сахналық мәдениеттің жалпыға бірдей қабылданған нормаларына сай болуы керек.



- Барлық туындылар жатқа, түпнұсқа тілінде айтылуы қажет.

- Конкурсқа қатысушы қоса беріліп отырған бағдарламадан үш туындыны дайындап келуі қажет: қазақ тілінде және тыңдауда орындалуы тиіс екеуі кез келген шет тілінде. Қазақ тіліндегі шығарманы орындау міндетті болып табылады. Сондай-ақ әділ қазылар алқасы қатысушыдан үшінші шығарманы да орындауын сұрауға құқылы.

- ән айту;

- парақтан оқу.
VI. Конкурсты өткізу мерзімі
Конкурс ерлер дауысы үшін 2014 жылғы 18 мамырда және әйелдер дауысы үшін 2014 жылғы 19 мамырда Астана қаласы, Қонаев көшесі, 1үй мекенжайы бойынша «Астана Опера» театрының хор класында өтеді. Конкурстың басталуы сағат: 09.00-де.
VII. Конкурс жеңімпаздарын іріктеу критерийлері
Конкурс жеңімпаздарын іріктеу төмендегі критерийлер бойынша жүзеге асырылады:

дауыс тембрі

үн толымдылығы

диапазоны

фразировкасы

екпіндік-ырғақтық сезінуі

динамикалық иірімдері

орындалатын шығарманың интерпретациясы

артистизмі

сырт келбеті


VIII. Конкурс қорытындысын шығару

Конкурс шешімі келесі күні хабарланады.

Конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталады, оларға ұсынылатын лауазымға сәйкес келісім-шарт жасасу ұсынылады.

Театрда жұмыс істеу келісім-шарт негізінде ұсынылады. Конкурстан өткен үміткердің айлық жалақасының көлемі кәсіби сапасына сай белгіленеді.

Байқау жеңімпаздарының тұрақты жұмыс істеуі қол қойылған келісім-шартқа сәйкес басталады.

Қосымша

Сопрано

Л. Хамиди, А. Жұбанов. «Абай» операсынан Ажардың ариясы

(II картина)

Л. Хамиди, А. Жұбанов. «Абай» операсынан Ажардың жоқтауы (IVкартина)

М. Төлебаев. «Біржан-Сара» операсына Сараның Ариясы (III акт)

Е. Рахмадиев. «Қамар-Сұлу» операсынан Қамардың Ариясы (I акт)

П. Чайковский. «Иоланта» операсынан Иолантаның Ариясы

Н. Римский-Корсаков. «Қар қызы» операсынан Қар қызының ариозасы

(I акт)

А. Даргомыжский. «Су перісі» операсынан Ольганың әні



С. Рахманинов. «Алеко» операсынан Земфираның каватинасы (Режь меня...)

Г. Гендель. «Королева Фей» операсынан Ханымның ариясы

Й. Гайдн. «Шағын үйшік» операсынан Көне ария

В. Моцарт. «Фигароның үйленуі» операсынан Графинияның ариясы

(II акт)

Дж. Верди. «Риголетто» операсынан Джильданың ариясы (II акт)

Дж. Верди. «Сицилия кештері» Еленаның болеросы

П. Масканьи. «Ауылдық ар-намыс» Сантуццияның ариясы


Меццо-сопрано және альт

Е. Рахмадиев. «Қамар-Сұлу» операсынан Балымның ариозосы

Е. Брусиловский. «Қыз-Жібек» операсынан Дүрияның екі әні

П. Чайковский. «Евгений Онегин» операсынан Ольганың ариясы

А. Даргомыжский. «Су перісі» операсынан Княгиня ариясы

Н. Римский-Корсаков. «Садко» операсынан Любаваның ариясы (речитативсіз)

А. Бородин. «Князь Игорь» операсынан Кончак әйелінің каватинасы

С. Прокофьев. «Александр Невский» кантатасынан Қалыңдық әні

В. Моцарт. «Фигароның үйленуі» операсынан Керубинидің каватинасы (таңдау бойынша)

Дж. Россини. «Севиль шаштаразы» операсынан Бертаның ариясы

Дж. Верди. «Трубадур» операсынан Азученаның ариясы

Дж. Верди. «Реквием» Liber scriptum proferetur

Ж. Бизе. «Кармен» операсынан Хабанера

Ж. Массне. «Вертер» операсынан Шарлоттаның хаты


Тенорлар

А. Жұбанов, Л. Хамиди. «Абай» операсынан Айдардың ариясы (IVакт)

А. Жұбанов, Л. Хамиди. «Абай» операсынан Айдардың әні (Айттым сәлем, Қаламкас)

Е. Брусиловский. «Қыз-Жібек» операсынан Төлегеннің ариясы (II Акт,1-ші картина)

М. Жагорқызы. «Дудар-ай» әні

М. Толебаев. «Біржан-Сара» операсынан Біржанның шығу ариясы

Н. Римский-Корсаков. «Мамыр түні» операсынан Левконың әні

Н. Римский-Корсаков. «Патша қалыңдығы» операсынан Лыковтың ариясы (таңдау бойынша)

А. Бородин. «Князь Игорь» операсынан Владимир Игоревичтің романсы

П. Чайковский. «Евгений Онегин» операсынан Ленскийдің ариясы (таңдау бойынша)

П. Чайковский. «Иоланта» операсынан Водемонның романсы

С. Рахманинов. «Алеко» операсынан Жас сығанның романсы

А. Скарлатти. «O cessate di piagarmi»

Дж. Джордани. «Caro mio ben»

Г. Доницетти. «Махаббат шырыны» операсынан Немориноның ариясы (Unа furtivа lagrima…)

Дж. Верди. «Травиата» операсынан Альфредтің ариясы (II акт, речитативсіз)

Дж. Верди. «Риголетто» операсынан операсындағы Герцогтың балладасы

(I акт)

Дж. Пуччинни. «Тоска» операсынан Каварадосси ариясы ( I акт)

Ж. Массне. «Вертер» операсынан Вертердің ариясы

Ф. Легар. «Күлкілер елі» операсынан Су-Чонгтың әні

Баритондар

М. Төлебаев. «Біржан-Сара» операсынан Жанботаның ариясы (2-картина)

Л. Хамиди, А.Жұбанов. «Абай» операсынан Абайдың ариясы (таңдау бойынша)

С. Мұхамеджанов. «Айсұлу» операсынан Серкенің каватинасы

Б. Жұманиязов. «Махамбет» операсынан Махамбеттің әнұраны

П. Чайковский. «Евгений Онегин» операсынан Онегиннің ариясы

С. Рахманинов. «Алеко» операсынан Алеконың каватинасы

А. Бородин. «Игорь князь» операсынан Игорь князьдің ариясы

С. Артемовский. «Дунайдың арғы жағындағы Запорожец» операсынан Сұлтанның ариясы

А. Рубенштейн. «Демон» операсынан Демонның романсы (Не плач, дитя…)

Г. Гендель. «Ombra mai fu»

Дж. Кариссими. «Vittoria, vittoria»

Дж. Верди. «Травиата» операсынан Жермонның ариясы

Дж. Верди. «Отелло» операсынан Ягоның шумақтары (I акт)

Ж. Бизе. «Кармен» операсынан Эскамильоның шумақтары

П. Масканьи. «Ауылдық ар-намыс» операсынан Альфионың шығуы



Бастар

М. Төлебаев. «Біржан-Сара» операсынан Жанботаның ариясы

Б. Жұманиязов. «Махамбет» операсынан Жәңгірханның ариозосы

Е. Брусиловский. «Ер-Тарғын» операсынан Қартқожақтың шығу әні

А. Жұбанов, Л. Хамиди. «Абай» операсынан Сырттаның ариясы

П. Чайковский. «Евгений Онегин» операсынан Греминнің ариясы

М. Глинка. «Иван Сусанин» операсынан Сусаниннің ариясы

М. Глинка. «Руслан және Людмила» операсынан Фарлафтың рондосы

А. Бородин. «Князь Игорь» операсынан Кончактың ариясы

М. Мусоргский. «Борис Годунов» операсынан Бористің ариясы

Г. Гендель. «Ombra mai fu» (транспортта орындауға болады)

Дж. Кариссими. «Vittoria, vittoria» (транспортта орындауға болады)

В. Моцарт. «Фигароның үйленуі» операсынан Фигароның ариясы (таңдау бойынша)

В. Моцарт. «Фигароның үйленуі» операсынан Бартолоның ариясы

В. Моцарт. «Сиқырлы флейта» операсынан Зорастроның ариясы

В. Моцарт. «Дон-Жуан» операсынан Лепореллоның ариясы

Дж. Россини. «Севиль шаштаразы» операсынан Базилионың ариясы (до-мажорда)

Дж. Верди. «Дон-Карлос» Родеригоның ариясы (O Сarlo, ascolta..., речитативсіз)

Дж. Верди. «Аида» операсынан Рамфистің ариясы

Ш. Гуно. «Фауст» операсынан Мефистофельдің шумақтары


«Астана - Опера»

Мемлекеттік опера және балет

Театры» КеАҚ директоры

Т.М. Мұхамеджанов мырзаға





ӨТІНІШ

Сізден _______________________________________________________ бос қызмет орнына орналасу Конкурына қатысуыма рұқсат беруіңізді сұраймын.


Байланыс деректерім:


Пошталық мекен-жайым:____________________________________________

Үй телефоным:_____________________________________________________

Ұялы телефон нөмірім:______________________________________________

Электронды поштам:_________________________________



Күні Қолы



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет