1) мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды, олардың орта білім алғанға дейін оқуын ұйымдастырады;
2) орта білім беруді, оның ішінде кешкі (ауысымдық) білім беруді және интернаттық білім беру ұйымдары арқылы берілетін орта білімді ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
3) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді қамтамасыз етеді;
4) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің, балаларға қосымша білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын, сондай-ақ мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құрады, қайта ұйымдастырады және таратады;
5) мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау жұмыстарын ұйымдастырады;
6) мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жұмысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін ұйымдастырады;
7) мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша мемлекеттік білім беру ұйымдарында жұмысты ұйымдастырады;
8) мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
9) тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттерде бекітілген бюджет қаражатының көлемі шегінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
10) мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша жергілікті бюджеттерде бекітілген бюджет қаражатының көлемі шегінде мүмкіндігі шектеулі балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау бойынша жұмысты ұйымдастырады;
11) білім алушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуын ұйымдастырады;
12) жыл сайын 1 тамызға дейін мемлекеттік орта білім беру ұйымдары, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білім берудің білім беру бағдарламаларын, мамандандырылған жалпы білім беру және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алуды және жеткізуді ұйымдастырады;
13) білім алушыларға қосымша білім беруді қамтамасыз етеді;
14) мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қаржылық және материалдық көмек көрсетуге қаражат бөледі; Төтенше жағдайлар нәтижесінде шұғыл көмекті талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына, мемлекеттік білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын жалпы білім беретін мектептерді ағымдағы және шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға бөлінетін бюджет қаражатынан жиынтық көлемінен кемінде екі пайыздан аспайтын мөлшерді құрайды;
15) мемлекеттік білім беру ұйымдарын (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) және мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
16) арнайы оқу бағдарламалары бойынша оқытуды қамтамасыз етеді;
17) мамандандырылған Білім беру ұйымдарында дарынды балалардың білім алуын қамтамасыз етеді;
18) жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалар конкурстарын және кәсіби шеберлік конкурстарын, мектеп олимпиадаларын Республикалық маңызы бар қала, астана көлемінде ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етеді;
19) балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын тексеруді және тұрғындарға психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;
20) Дамуында ақауы бар балалар мен жасөспірімдерді оңалтуды және әлеуметтік бейімдеуді қамтамасыз етеді;
21) бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдарының кадрларын қайта даярлауды және қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді;
22) белгіленген тәртіппен жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды мемлекеттік қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
23) интернаттық ұйымдарға жатпайтын мектепке дейінгі ұйымдар мен орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
24) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдетілген бағамен тамақтандыруды ұйымдастырады
25) мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын бітірген адамдарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі;
26) Білім алушылардың қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жүруі туралы мәслихатқа ұсыныстар енгізеді;
27) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарына қажетті әдістемелік және консультативтік көмек көрсетеді;
28 білім беру ұйымдарының үлгілік ішкі ережелерін әзірлейді және бекітеді
29. негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарын оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын білім туралы мемлекеттік құжаттардың нысандарын, тәртібін және қамтамасыз етілуін ұйымдастыруды бақылауды жүзеге асырады;
30) білім беру мониторингін жүзеге асырады;
31) қамқоршылық кеңестерге көмек көрсетеді;
32) мемлекеттік білім беру ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
33) білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметке әдістемелік жетекшілікті жүзеге асырады;
34) мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының конкурс жеңімпаздарына «Үздік орта білім беру ұйымы» грантын төлейді;
35) негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында, мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында мәдениет және өнер, дене шынықтыру және спорт мамандықтар бойынша экстернат нысанында оқуға рұқсат береді;
36) әдістемелік кабинеттердің материалдық-техникалық базасын қамтамасыз етеді;
37) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін мемлекеттік ұйымдарға конкурс жеңімпаздарына «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің үздік ұйымы» грантын төлейді;
38) кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының және арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларға қолдау көрсету орталықтарының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
39) кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарында және арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларға қолдау көрсету орталықтарындағы тұлғаларға жағдай жасайды;
40) мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялау қағидаларына сәйкес мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялауды жүзеге асырады;
41) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жергілікті атқарушы органдарының мүддесіне сәйкес жүзеге асырады;
42) мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын тәртіптік жауапкершілікке тартады;
43) Алматы қаласының аумағында білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
44) Қазақстан Республикасының заңнамасында және білім беру саласындағы уәкілетті органда айқындалған тәртіппен мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
45) облыстық білім беру саласындағы кадр саясатын іске асырады, сондай-ақ білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен педагог қызметкерлерді аттестациялауды, білім беру ұйымдарының басшыларын тағайындау үшін тестілеуді ұйымдастырады;
46) балалар мен жасөспірімдерді тексерістен өтуді және консультативтік көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;
47) білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсетеді;
48) әдістемелік кабинеттің материалдық-техникалық базасын қамтамасыз етеді;
49) Алматы қаласының білім беру ұйымдарында ерекше білім беруді қажет етеітн балалардың білім алуы үшін арнайы жағдайлар жасайды;
50) Алматы қаласының белгіленген шағын учаскесі қажеттілігіне қарай мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарының тарифтiк кестелерiн, штат кестелерiн, жұмыс оқу жоспарларын, сондай-ақ орта бiлiм беру ұйымдарының сыныптар-комплекттерiнiң (мектепке дейiнгi ұйымдардағы, техникалық және кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарындағы топтардың) санын мақұлдайды;
51) ерекше көзге түскен білім беру қызметкерлерін көтермелейді, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік және ведомстволық наградаларға, жергілікті атқарушы органдардың айырым белгілеріне, құрметті атақтар беруге кандидаттарды ұсынады;
52) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;
53) өтініштерді талдайды және өтініш берушілер көтерген мәселелерді анықтайды;
54) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Алматы қаласының әкімі «Алматы қаласының Білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.