Конкурс жариялайды. 090000, Орал қаласы, Ж. Досмухамедов көшесі 45, 2 қабат, 213 кабинет



Дата05.07.2016
өлшемі38.05 Kb.
#179018
«Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» ММ «Б» корпустың бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды.
090000, Орал қаласы, Ж.Досмухамедов көшесі 45, 2 қабат, 213 кабинет

анықтама үшін телефондар: 8-(7112) 505406, факс 8-(7112) 506506, email: bajtabyn@mail.ru

1. Мемлекеттік сатып алу мониторингісін жүргізу бөлімінің бас маманы, (уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысынан шығу уақытына дейін) Д-О-4 санаты, лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 64063  теңгеден 86485 теңгеге дейін

Функционалдық міндеттері:

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне және сұраныс бойынша басқа да мемлекеттік органдарға мемлекеттік сатып алу жөніндегі ақпаратты жинақтау, жиынтықтау және ұсынуды жүзеге асырады;

мемлекеттік сатып алу заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстарды жинау, жиынтықтау және талдау және жалпылауды жүзеге асырады;

мемлекеттік сатып алу веб-порталында мемлекеттік мекемелермен және кәсіпорындармен, мемлекеттің қатысу үлесі бар заңды тұлғалармен мемлекеттік сатып алу жылдық жоспарларын орналастыруына талдау жасайды;

жергілікті қамту көлемі туралы ақпараттар бойынша мәліметтердің толық болуын қамтамасыз етеді;

мемлекеттік сатып алу бойынша облыстың бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен жоспарланған және өткізілген конкурстар туралы деректерді жинау және жиынтықтауды жүзеге асырады.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

      Жоғары білім.  Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі. Мамандықтар «Әлеуметтік ғылымдар және бизнес» (экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару, менеджмент).

2. Қаржы-шаруашылық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы Д-О-4 санаты, лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 64063  теңгеден 86485 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері:

мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру және өткiзу рәсiмiн орындайды, алда болатын мемлекеттік сатып алуда басқарманың мүддесін білдіреді;

мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілдерін анықтайды;

басқарманың лауазымды тұлғаларымен ұсынылған тауарлардың, қызметтердің және жұмыстардың сипаттамалары негізінде заңнамада белгіленген мерзімде бюджеттік өтінімге сәйкес: мемлекеттік сатып алу жоспарын жасайды, уәкілетті органды хабарлаумен және басқарма басшысының бұйрығы негізінде оған қажетті өзгерістер мен толықтырулар енгізеді, оны жүзеге асырумен айналысады;

тауарлар, қызметтер және жұмыстарды жеткізушілерге басқарманың лауазымды тұлғаларымен ұсынылған біліктілік талаптары (техникалық сипаттамалары) негізінде құжаттарды дайындайды, жосықсыз жеткізушілер тізілімімен салыстыруды жүзеге асырады, Веб-порталында хабарландыру орналастырады және мемлекеттік сатып алудың қорытындысын дайындайды;

қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасын жасайды, оның парақтарына қол қоюмен оны тауарлар, қызметтер және жұмыстар жеткізушілерге жолдайды және шарт және шарттық міндетемелер талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушыларына қатысты кінараттық претензиялық талаптардың жобаларын дайындау және жазбаша хабарлама жолдау жұмыстарын жүргізеді;

заңды күшіне енген сот шешімі негізінде мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушылары тізілімін дайындайды және оны уәкілетті органға жолдайды;

мемлекеттік сатып алу саласындағы істер жағдайын талдау жүргізеді және уәкілетті органға мемлекеттік сатып алу туралы есептер ұсынады.

басқарманың тауарлар, орындалатын жұмыстар (қызметтер) мемлекеттік сатып алуы бойынша құжаттардың заңдылығын, уақытылығын және дұрыстығын қамтамасыз етеді.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

      Жоғары білім.  Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі. Мамандықтар «Әлеуметтік ғылымдар және бизнес» (экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару, менеджмент). Техникалық ғылымдар және технологиялар (ақпараттық жүйелер).


Конкурс «Бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымға орналасуға конкурс өткiзу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгi Төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы № 06-7/32 Бұйрығымен бекітілген Бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымға орналасуға конкурс өткiзу қағидалары негізінде жүргізіледі.

Конкурсқа қатысуға конкурс өткiзу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды тапсырады:

1)    осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтiнiш;

2)    3х4 үлгiдегi суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;

3)     бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

4)    еңбек қызметiн растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

5)    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекiтiлген (Қазақстан Республикасының Нормативтiк құқықтық актiлердiң тiзiлiмiнде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тiркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

6)   Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлiгiнiң көшiрмесi;



7)   құжаттарды тапсыру сәтiнде уәкiлеттi органмен белгiленген шектi мәннен төмен емес нәтижемен тестiлеуден өткенi туралы қолданыстағы сертификат.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгiмелесу жiберу туралы хабардар етілген күннен бастап 5 жұмыс күн iшiнде конкурс жариялаған «Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» ММ-де өтеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет