және спорт басқармасы» ММ
«Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік төменгі лауазымына орналасу үшін жалпы конкурс жариялайды:
-
Әкімшілік-құқықтық бөлімнің бас маманы, «D-O-4» санаты, 1 бірлік.
Жалақысының мөлшері қызмет атқарған жылдарына байланысты 83 282 теңгеден 112 431 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық міндеттері:
Есеп және есеп беру мемлекеттік сатып алу мәселелерін жүргізеді. Мүлікті түгендеу бойынша деректерді өндеуді, құжаттарды қарастыруды, мұрағатқа тапсыруды, бастапқы құжаттарды сақтауды, бухгалтерлік есепті қағаз және электронды түрде тіркеуді қамтамасыз етеді. Тоқсандық және ай сайынғы жедел есептерді, мемлекеттік сатып алу жоспарларын құрастырады, олардың ұйымдастырады және жүргізеді. Шарттарды жасайды, ведомствоға қарасты ұйымдар арасында мемлекеттік сатып алуға бақылау жасайды. Мемлекеттік сатып алу порталында жұмыс жүргізуді және мемлекеттік сатып алу және ЖЖМ бойынша есептілікті қамтамасыз етеді. Қаржыландыру және мемлекеттік сатып алу бойынша ведомствоға қарасты ұйымдармен тәжірибелік семинарлар өткізеді. Бюджеттің орындалуына талдауды және мониторингті қамтамасыз етеді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:
Жоғары білім: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (қаржы, немесе экономика, немесе есеп және аудит), немесе құқық (құқықтану) бейіндері бойынша.
Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білуі.
«Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.
Қазақстан Республикасының заңдарын, сондай-ақ дене шынықтыру және спорт саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.
-
Оқыту-спорттық бөлімнің бас маманы, «D-O-4» санаты, 1 бірлік.
Жалақысының мөлшері қызмет атқарған жылдарына байланысты 83 282 теңгеден 112 431 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық міндеттері:
Спорттың олимпиадалық және олипиадалық емес түрлерін дамытуға жауапты, ережелерді құрастыруға, облыс құрама командаларының жинақталуына, спорттың түрлері бойынша бағдарламаларды әзірлеуге, ОРДО, спорттық резервті даярлау бойынша жаттықтырушы-оқытушы құрамының жұмысына жауап береді. Өткізілетін іс-шараларды есепке алады, спортшылардың нәтижелерін қадағалайды. Түрлі деңгейдегі жарыстарда облыс құрама командаларының өнер көрсетуіне талдау жасайды. Оқу-жаттықтыру сабақтары мен жиындарының өткізілуіне, ОЖЖ бойынша дайындық жоспарларының жүзеге асырылуына және спорт түрлері бойынша облыстың аға жаттықтырушыларының жұмысына бақылау жүргізеді. Облыстың жетекші спортшыларының оқуға түсу және сабақтан босату сұрақтары бойынша М.Қозыбаев атындағы СҚМУ дене шынықтыру факультетімен байланыс жасайды. Жалпы білім беретін мектептердің оқушыларын сабақтан босатуды жүзеге асырады, ОЖЖ өткізуге және іссапарға жіберуге бұйрықтар әзірлейді. Спортшыларға спорттық дәреже, жаттықтырушы-оқытушы құрамы мен төрешілерге санаттар беру сұрағымен айналысады. «Үздік БЖСМ», «Жылдың үздік жаттықтырушысы», «Жылдың үздік спортшысы» байқау-конкурстарының шарттарын әзірлейді және өткізеді. Рекордтар кестесін жүргізеді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:
Жоғары білім: білім (дене шынықтыру және спорт), немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (психология, немесе мемлекеттік және жергілікті басқару) бейіндері бойынша.
Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білуі.
«Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.
Қазақстан Республикасының заңдарын, сондай-ақ дене шынықтыру және спорт саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.
«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттарға тестілеу бағдарламасындағы «D-O-4» санаты үшін: мемлекеттік тілді білуге,
Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңы, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын білуге және бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;деңгейін анықтауға арналған тестілер белгіленеді.
Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидалары негізінде өткізіледі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
-
осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;
-
3х4 үлгідегі суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;
3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;
6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).
Осы Қағидалардың 85-тармағының 3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.
Бұл ретте, персоналды басқару қызмет (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.
Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсыну талап етілмейді.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктерілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер одан мемлекеттік органда әңгімелесуге жіберу туралы хабарлама алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде өтеді. Әңгімелесу өткізу кезінде кандидаттардың конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыпқа эссе жазуларына жол беріледі.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар және сарапшылар шақырылады. Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, Қағидаларының 30- тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.
Конкурстың кезеңдері туралы «Солтүстік Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ көпшілікке көрінетін ақпараттық стендінде орналасатын болады, сонымен қатар, http://ufks.sko.gov.kz интернет ресурсында.
Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде қолма-қол, пошта арқылы мына мекен-жайға ұсынылуы тиіс: 150000, Петропавл қаласы, Абай көшесі, 15 үй, 302 кабинеті, «Солтүстік Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ немесе sport@sko.kz электрондық пошта арқылы немесе «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде. Анықтамаларды 8(7152) 50-26-67 арқылы алуға болады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
Достарыңызбен бөлісу: |