Конкурс жариялайды



Дата30.06.2016
өлшемі25.69 Kb.
#167761
«Асубұлақ кенті әкімінің аппараты» ММ
«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымды бос орынға конкурс жариялайды.

Бас маман-заңгер (Е-G-3 категориясы), лауазымдық жалақысы мемлекеттік қызмет өтіліне байланысты 53813 теңгеден 64704 теңгеге дейін.

Конкурсқа қатысушыларға кәсіптік талаптар: Жоғары кәсіптік білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі. Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін, «Қазақстан–2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Функционалдық міндеттері: Негізгі қызмет, жеке құрамы бойынша өкімдердің, шешімдердің жобасын жасау. Мемлекеттік құқықтық бөліммен хат алмасу. Әкімшілік құқықбұзушылық Кодексі бойынша белгіленген орындарда сауда жасау, жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау, иттерді және мысықтарды күтіп-ұстау, көріктендіру Ережелерін және жасыл екпелерін жою және бүлдіру ережелерін бұзғандармен жұмыс істеу. Құқықтық білім беру мектебінің құжаттарын жүргізу; кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімін жүргізу. Мекеменің өрт қауіпсіздік жағдайын зерттеуге қатысты құжаттарды толтырып, бақылайды.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, конкурс өткізетін мемлекеттік органға, келесі құжаттарын ұсынады: белгіленген нысан бойынша өтініші, мөлшері 3х4 фотосуреті, толтырылған анкетасы, нотариалдық куәландырылған білімі туралы құжаттарының, еңбек кітабінің көшірмелері, 2010 жылғы 23 қарашадағы ҚР денсаулық сақтау Министрілігі бекіткен № 907 бұйрығы бойынша (2010 жылғы 21 желтоқсанда № 6697 нормативті-құқықтық актісі мемлекеттік тіркеуі Реестрде тіркелген). ҚР азаматының жеке куәлігінің көшірмесі, құжаттарды ұсынған кезде нақты тестілеуден өткені туралы маңыздылығы тегінен төмен емес қорытындысының сертификаты.

Құжаттар бұқаралық ақпарат құралдарында «Дидар», «Рудный Алтай» газеттерінде конкурс өтетіні туралы соңғы хабарландырудан бастап 10 жұмыс күні ішінде тапсырылады. Мекенжайы: ШҚО, Ұлан ауданы, Асубұлақ кенті, Октябрьская көшесі, 1-үй «Асубұлақ кенті әкімінің аппараты», тел.: 8 (723-38) 78-603 , эл.пошта-asubulak@ulan.vko.gov.kz; e-mail asubulak@bk.ru.

Конкурс өту күні туралы, конкурсқа өткізілетін қатысушылар конкурстық комиссия арқылы хабарландырылады. Конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу әңгімелесуге жіберілгендігі туралы күннен бастап 5 жұмыс күн ішінде «Асубұлақ кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде өтеді.

Айтылған қызметті иеленген тұлғаларға көмек қаражаты төленбейді, тұрғын үй, басқа жеңілдіктер көрсетілмейді. Конкурсқа қатысуға жұмсалатын шығындарды (конкурс өтетін жерге барып қайтатын шығындарды, үй жалдау және басқа шығындарды) қатысушылар өз қаражаттарымен өтейді.



Құжаттарды қабылдау 2013 жылғы 4 қазанынан бастап 18 қазанына дейін

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет