Сымсыз өрт сөндіру жүйесі



Дата15.02.2024
өлшемі13.77 Kb.
#491849
Сымсыз өрт сөндіру жүйесі


Сымсыз өрт сөндіру жүйесі

Өрт сөндіру жүйесі — сорғы станциясындағы өртті дер кезінде байқау және оны сумен немесе баска да әдістермен (газ, көбік, кұм, киіз және т.б.) сөндіруге арналған кұрылғылар кешені.


Егер имарат көлемі 2000 м3-дан артық болмаса, онда кіші және орта сорғы станциялары сыртқы өртке қарсы сумен жабдықтау жүйесінің құрылыс нормалары мен қағидалары бойынша карастырылмайды. Сонымен қатар өрт сөндіретін су өтімі 10 л/сек-тан төмен болса, үлкен сорғы станцияларында суға толтырылған резервуарлар немесе өртке қарсы тұрақты су құбыр желілері қарастырылады.




Ғимарат көлемі 50 мың текше метрге дейін, ал қоршауы I және II дорежедегі отқа төзімді және өндіріс категориясының өрт қауіптілігі Г, Д және Е-ден жоғары болмаған жағдайда өртке қарсы сумен жабдыктау жүйесіндегі су өтімі 10 л/сек-ке дейін жетеді. (Г — жабық тарату қәрылғысы, май толтырылған аппаратура, сыйымдылығы 60 кг-нан аспайды; Д — май машиналары залы; Е — аккумулятор және қышқыл сақталынатын бөлме). Егер I және II дәрежеде отка төзімділік кез келген көлемде, өндіріс категориясы Г және Д, I—IV дәрежеде отка төзімділік көлемі 5000 текшеметрден төмен болса, онда сорғы станциясы ғимараттарында ішкі өртке қарсы су құбыры желісі құрылыс карталары мен қағидалары бойынша карастырылмайды. Сорғы станция ғимараты, коршау категориясы А, Б, В, (кабельді бөлме және жабық тарату құрылғысы толтырылған аппаратура, май көлемі 60 кг-ға дейін), ғимарат көлемі 0,5—5000 м3 және су өтімі 5 л/сек.; ғимарат көлемі 5000—50000 м3 болса, онда әрқайсысының су өтімі 2,5 л/сек. келетін екі ағынша карастырылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет