Маңғыстау облысы әкімі аппаратына қарасты мемлекеттік мекеменің бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру
Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар
D-О-1 санаты үшін: Жоғары білім. Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-2, B-2, C-2, C-O-2, D-2, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) мемлекеттік қызмет өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың аға басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;
3) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-2, B-2, C-2, C-O-2, D-2, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес немесе ғылыми дәрежесінің болуы.
Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақылары
Санат
|
Еңбек сіңірген жылдарына байланысты
|
min
|
max
|
D-О-1
|
140298
|
189627
|
«Маңғыстау облысы әкімі аппараты» ММ, мекен-жайы: 130000, Ақтау қаласы, 14 шағын аудан, 1 үй, № 434 кабинет. Анықтама алу үшін телефондары: 8 (7292) 313889, 8(7292)316228. Факс: 8(7292)437634, электрондық мекенжайы: v.abieva@mangystau.gov.kz «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды:
1. Маңғыстау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы (1 бірлік, № 1-1, D-О-1 санаты);
Функционалдық міндеттері: басқарманың жұмысына басшылық жасау, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында мемлекеттік саясатты жүргізу, ұжымның жұмыс жоспарын бекітіп, орындалысына бақылау жасау.Басқарманың Маңғыстау облысы әкімдігінің 2013 жылғы 17 сәуірдегі № 115 қаулысымен бекітілген Ережесі негізінде басқарманың функциясын, құқық шеңберінде жұмысын ұйымдастыру және өз қызмет бағыты бойынша ішкі бақылау жүргізуді қамтамасыз ету. Басқарманың жалпы жұмысын басқару, ұйымдастыру, жоспарлау және реттеуді жүзеге асыру. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару органдары арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 13 маусымдағы № 102-V Заңынан туындайтын міндеттерге сәйкес Басқарманың автомобиль көлігі және жол саласындағы жұмысына басшылық жасайды.
Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар:
Жоғары білімі - құқық саласы (құқықтану, халықаралық құқық); әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару); техникалық ғылымдар және технологиялар (көлік, көліктік техника және технологиялар, құрылыс); қызмет көрсету (көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру, логистика (сала бойынша)) мамандықтары бойынша.
2. Маңғыстау облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы (1 бірлік, № 1-1, D-О-1 санаты).
Функционалдық міндеттері: басқармаға басшылық жасау, оның қызметін ұйымдастыру, жоспарлау және координациялау. Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік саясаттың қалыптасуына және оның іске асырылуына қатысу, басқарманың қызметіне талдау жасау және мониторинг жүргізуді ұйымдаствру, мемлекеттік жоспарлау жүйесіндегі құжаттарды, жер қатынастары саласындағы стратегиялық даму жоспарларын, мемлекеттік бағдарламалардың құзырына кіретін сұрақтары бойынша жоспарларын дайындауды ұйымдастыру, жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау, тиімді және кешенді (кешенді және тақырыптық) жоспарлы, жоспардан тыс тексеру жүргізу. Қазақстан Республикасының жер заңдарын бұзушыларға уақылы шаралар қолдану, жер заңнамасы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және нұсқама беру, құзіретті органдармен бірлескен тексерулерді жүргізу, Қазақстан Республикасы заңдарының орындалуын және сақталуын бірыңғай жүйеде қамтамасыз ету, есептіліктер жасалуын және жиналуын, есептілік деректерінің сапасын және уақытылығын қамтамасыз ету, заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау.
Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар:
Жоғары білім – қызмет көрсету мамандықтары (жерге орналастырушы, кадастр); Ауылшаруашылық ғылымдары (агрономия); техникалық ғылымдар және технологиялар (геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау, мұнай-газ ісі, геодезия және картография, геология); жаратылыстану ғылымдары (экология); құқық (құқықтану) мамандықтары бойынша.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
-
уәкілетті орган белгіленген нысандағы өтініш;
-
тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.
Құжаттар ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 5 жұмыс күннің ішінде тапсырылуы тиіс.
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар құжаттарын қолма-қол тәртіпте не электрондық почта мекен жайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не «e-қызмет» кіріктірілген ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрдеэлектрондықпочта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде Маңғыстау облысы әкімінің аппаратында өтеді. Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар, сондай-ақ Маңғыстау облысы әкімінің аппараты басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.
Шағым жасау тәртiбi:
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |