Конкурс өткізу туралы хабарландыру



Дата01.07.2016
өлшемі21.97 Kb.
#170329
Мемлекеттік тілді оқыту курстары оқытушыларын іріктеу бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыру
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Ақмола филиалы мемлекеттік тілді оқыту курстары оқытушыларын іріктеу бойынша конкурс жариялайды.

Конкурсқа қатысуға арналған құжаттар 2016 жылдың 8-12 ақпан аралығында мына мекенжай бойынша: 020000, Көкшетау қ., Әуезов көшесі, 214 үй, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Ақмола филиалы, бас маман-аудармашы, 28 каб. Конкурсқа қатысушының кері мекенжайы көрсетілген (өзінің тапсырған немесе пошта арқылы жіберген) мөр басылған конвертте немесе kokch_26@nationalbank.kz электронды поштасы бойынша электронды түрде қабылданады.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

- «Оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті», «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандықтары бойынша жоғары (ЖОО-дан кейінгі) филологиялық немесе аталғандарға ұқсас мамандық бойынша білімі;

- қазақ тілін оқыту тәжірибесі 5 (бес) жылдан кем емес;

- ғылыми дәрежесі (құптарлық).

Конкурсқа қатысу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Ақмола филиалының мемлекеттік тілді оқыту курстары оқытушыларын іріктеу жөніндегі конкурстық комиссиясына келесі құжаттарды ұсыну қажет:

- конкурстық іріктеуге қатысушы туралы жалпы мәліметтер көрсетілген түйіндеме;

- жеке тұлғалар үшін жеке басын куәландыратын және азаматтық әрекет қабілеттілігін растайтын құжаттардың көшірмелері;

- жоғары (ЖОО-дан кейінгі) білім туралы дипломдардың нотариус куәландырған көшірмелері;

- ұсынымдар (болған жағдайда);

- білім, жұмыс тәжірибесі, кәсіби деңгейге (біліктілікті арттыру туралы, ғылыми дәрежелер мен атақтардың берілгендігі, санаттың болуы, ғылыми жарияланымдар, сертификаттар, мінездемелер, ұсынымдар, олардың кәсіби қызметі мен біліктілігін сипаттайтын өзге де мәліметтер) қатысты құжаттардың көшірмелері (болған жағдайда).

Ұсынылған құжаттарды қарау қорытындылары бойынша конкурстық комиссия құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде конкурстық іріктеуге қатысушылардың құжаттарының белгіленген талаптарға сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы шешім қабылдайды.

Конкурстық комиссияның хатшысы конкурстық комиссия шешім қабылдағаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде:

үміткерлерге әңгімелесу өтетін күн туралы;

әңгімелесуге өтпеген конкурстық іріктеуге қатысушыларға конкурстық комиссияның шешімі туралы хабардар етеді.


Мемлекеттік тілді оқыту курстарын өткізу бойынша қайтарымды қызмет көрсету шартының негізгі талаптары:

Мемлекеттік тілді оқыту курсының оқытушысымен мемлекеттік тілді оқыту курстарын өткізу бойынша қайтарымды қызмет көрсету шарты жасалатын болады.



Бір академиялық сағаттың құны Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес төлеуші есебінен табыс салығының ұсталуымен 4 242 (төрт мың екі жүз қырық екі) теңге.

Байланыс деректері: Көкшетау қ., Әуезов көшесі, 214 үй, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Ақмола филиалы, бас маман-аудармашы, 28 каб., тел. 257224, 8(778)9917555 Шынар Бексеитова, kokch_26@nationalbank.kz

Құжаттар топтамасы толық ұсынылмауы конкурстық комиссияның оларды қараудан бас тартуына негіз болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет