Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындылары туралы хаттамасы



Дата29.02.2016
өлшемі61.9 Kb.
#31701
Үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша көзделген қызметтерді конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың

қорытындылары туралы ХАТТАМАСЫ

«Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті» РММ

010000, Астана қаласы,

Есіл ауданы, Орынбор к, 8





9 шілде 2015 ж.

  1. Мынадай құрамдағы конкурстық комиссия:




Талғат Болсынбекұлы Қазанғап



Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің Төрағасының м.а., конкурстық комиссияның төрағасы;


Жанболат Өстемірұлы Байбосынов

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің баспасөз БАҚ және интернет-ресурстарда ақпараттық жұмыс жүргізу басқармасы басқармасының басшысы (бұдан әрі - Комитет), конкурстық комиссия төрағасының орынбасары;


Данияр Қабдуәлиұлы

Қосыбаев



Комитеттің мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы;


Ерлан Амантайұлы Идрисов

Комитеттің баспасөз БАҚ және интернет-ресурстарда ақпараттық жұмыс жүргізу басқармасы басқармасының бас сарапшысы;


Қайнар Қаниұлы

Ахетов



Комитеттің баспасөз БАҚ және интернет-ресурстарда ақпараттық жұмыс жүргізу басқармасы басқармасының бас сарапшысы;


Әйгерім Нығметоллақызы Қаңтарбаева


Комитеттің мемлекеттік сатып алу басқармасының бас сарапшысы, конкурстық комиссияның хатшысы».

Қазақстан Республикасы үкіметтік емес ұйымдарының әлеуметтік маңызы бар жобаларды орындауы бойынша көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөнінде конкурс өткізді.

2. Қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі аталған конкурс үшін бөлінген сома 33 928 571 (отыз үш миллион тоғыз жүз жиырма сегіз мың бес жүз жетпіс бір) теңге 43 тиын ҚҚС есепке алмағанда құрайды, соның ішінде:

№1 лот 2015 жылы Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арналған Жолдауын жүзеге асыру аясында отандық БАҚ-ты әрі қарай дамыту және жаңғырту мәселелері бойынша еліміздің әр өңірінде республикалық семинарлар мен конференциялар ұйымдастыру және өткізу 10 714 285,71 теңге;



№2 лот «БАҚ қоғамдағы құқықбұзушылықтарға «нөлдік төзімділікті» қалыптастыру құралы ретінде», сонымен қатар халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана-сезім тудыру тақырыбында республикалық семинарлар және өңірлік дөңгелек үстелдер ұйымдастыру және өткізу 4 464 285,71 теңге;

№3 лот Ақпараттық материалдарды дайындау және оны әрі қарай алға жылжытуда заманауи медиа-құралдарды қолдану бойынша өңірлік БАҚ өкілдері үшін республикалық және өңірлік оқыту семинарларын ұйымдастыру және өткізу (кем дегенде елдің үш өңірінде) 3 571 428,57 теңге;

№4 лот БАҚ-тың дамуына әлеуметтік желілердің әсері, Қазақстанда БАҚ саласында заңдылықтар: тиімділіктері және мәселелері тақырыбына арналған республикалық семинарлар ұйымдастыру және өткізу 3 571 428,57 теңге;

№5 лот Журналисттің құқықтық және мәдени этикасын жақсарту еліміздің әр өңірінде республикалық және өңірлік семинар-тренингтер ұйымдастыру және өткізу 3 571 428,5757 теңге;

№6 лот Қазақстан Республикасының қарапайым халқы арасында блогерлік институттарды дамыту, сонымен қатар, Қазнеттің жаңа өнімдерін презентациясы, Интернет желісінде қазақстандық сегментті дамыту бойынша еліміздің әр қаласында республикалық конференциялар мен өңірлік семинарлар ұйымдастыру және өткізу 8 035 714,29 теңге.




  1. Келесі өтінімдер конкурсқа қатысуға жіберілді:



Әлеуетті өнім берушінің толық атауы

Баллдар

3

ОО «Молодежный продюсерский центр»

132

4

ОО «Молодежный продюсерский центр»

132

6

ОО «Молодежный продюсерский центр»

132

2

ЧФ «Институт Европейского права и прав человека»

108

1

ОО «Клуб главных редакторов»

123

5

ОФ «Международный фонд защиты свободы слова «Әділ сөз»

108

4. Конкурстық баға ұсыныстарын тіркеу үшін соңғы уақыт өткеннен кейін берілуіне байланысты бағалауға және салыстыруға қабылданбаған әлеуетті өнім берушілердің ұсыныстары бар конверттері жоқ.

5. Конкурстық комиссияның отырысына қатысуға конкурстық баға ұсыныстарын тіркеу үшін соңғы уақыт өткенге дейін оларды берген конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстары:




лоттың №

Әлеуетті өнім берушінің толық атауы




3,4,6

ОО «Молодежный продюсерский центр»

07.07.2015

17.30


2

ЧФ «Институт Европейского права и прав человека»

08.07.2015

09.24


1

ОО «Клуб главных редакторов»

08.07.2015

09.25


5

ОФ «Международный фонд защиты свободы слова «Әділ сөз»

08.07.2015

по почте

ашылды және мыналарды қамтиды:

лоттың №

Әлеуетті өнім берушінің толық атауы

баға ұсынымы, теңгемен

3

ОО «Молодежный продюсерский центр»

3 571 428,57

4

ОО «Молодежный продюсерский центр»

3 571 428,57

6

ОО «Молодежный продюсерский центр»

8 035 714,29

2

ЧФ «Институт Европейского права и прав человека»

4 464 285

1

ОО «Клуб главных редакторов»

10 714 285

5

ОФ «Международный фонд защиты свободы слова «Әділ сөз»

3 571 420

6. Конкурстық баға ұсыныстары қабылданбағандар – жоқ.
Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға берілген өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша ашық дауыс беру жолымен былай деп ШЕШТІ:


  1. конкурсқа қатысушының конкурстық өтінімдері жеңімпаз деп танылсын:

№3,4,6 лоттар бойынша ОО «Молодежный продюсерский центр»;

№ 2 лот бойынша ЧФ «Институт Европейского права и прав человека»;

№ 1 лот бойынша ОО «Клуб главных редакторов»;

№ 5 лот бойынша ОФ «Международный фонд защиты свободы слова «Әділ сөз».



  1. Тапсырыс беруші (Орынбор көш. 8 «Министрліктер үйі» 14 кіреберіс) 2015 жылға 8 тамызға дейінгі мерзімде мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасасын:

№3,4,6 лоттар бойынша ОО «Молодежный продюсерский центр» (Астана қ. 6 ш-а 4 үй 8А офис) 15 178 571 (он бес миллион жүз жетпіс сегіз мың бес жүз жетпіс бір) теңге 43 тиын соммаға;

№ 2 лот бойынша ЧФ «Институт Европейского права и прав человека» (Астана қ. Сауран көш 3 үй 38 п.) 4 464 285 (төрт миллион төрт жүз алпыс төрт мың екі жүз сексен бес) теңге соммаға;

№ 1 лот бойынша ОО «Клуб главных редакторов» (Астана қ. Тәуелсіздік көш 12/1 үй 416 офис) 10 714 285 (он миллион жеті жүз он төрт мың екі жүз сексен бес) теңге соммаға;

№ 5 лот бойынша ОФ «Международный фонд защиты свободы слова «Әділ сөз» (Алматы қ.Фурманова көш 130 үй 14 офис) 3 571 420 (үш миллион бес жүз жетпіс бір мың төрт жүз жиырма) тенге.

3) Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы осы хаттаманың мәтінін Тапсырыс берушінің интернет-ресурсына орналастырсын.

Осы шешімге дауыс бергендер:

«Жақтаушы дауыс» - 4 дауыс

«Қарсы» - 0 дауыс



Конкурстық комиссияның төрағасы:

Т.Б. Қазанғап


Конкурстық комиссия

төрағасының орынбасары:

Ж.Ү. Байбосынов

Комиссия мүшелері:

Д.Қ. Қосыбаев





Е.А. Идрисов




Қ.Қ. Ахетов


Комиссияның хатшысы:

А.Н. Қаңтарбаева


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет