Қайталай
Мемлекеттік тілді оқыту курсы оқытушысын іріктеу бойынша
конкурс туралы хабарландыру
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Ақтөбе филиалы мемлекеттік тілді оқыту курсы оқытушысын іріктеу бойынша конкурс жариялайды.
Конкурсқа қатысуға арналған құжаттар 2016 жылғы 17-23 ақпанды қоса алғанда, аралығында мына мекенжай бойынша: 030006, Ақтөбе қ., Асау Барақ к-сі, 45-үй, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Ақтөбе филиалы, аударма қызметі, 11-каб. конкурсқа қатысушының кері мекенжайы көрсетілген (өзінің тапсырған немесе пошта арқылы жіберген) конвертте немесе Ussenova@nationalbank.kz электронды поштасы бойынша электронды түрде қабылданады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
- «Оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті», «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандықтары бойынша жоғары (ЖОО-дан кейінгі) филологиялық немесе аталғандарға ұқсас мамандық бойынша білімі;
- қазақ тілін оқыту тәжірибесі 5 (бес) жылдан кем емес;
- ғылыми дәрежесі (құптарлық).
Конкурсқа қатысу үшін ҚРҰБ Ақтөбе филиалының мемлекеттік тілді оқыту курсы оқытушысын іріктеу жөніндегі конкурстық комиссиясына келесі құжаттарды ұсыну қажет:
- конкурстық іріктеуге қатысушы туралы жалпы мәліметтер көрсетілген түйіндеме;
- жеке тұлғалар үшін жеке басын куәландыратын және азаматтық әрекет қабілеттілігін растайтын құжаттардың көшірмелері;
- жоғары (ЖОО-дан кейінгі) білім туралы дипломдардың нотариус куәландырған көшірмелері;
- ұсынымдар (болған жағдайда);
- білім, жұмыс тәжірибесі, кәсіби деңгейге (біліктілікті арттыру туралы, ғылыми дәрежелер мен атақтардың берілгендігі, санаттың болуы, ғылыми жарияланымдар, сертификаттар, мінездемелер, ұсынымдар, олардың кәсіби қызметі мен біліктілігін сипаттайтын өзге де мәліметтер) қатысты құжаттардың көшірмелері (болған жағдайда).
Конкурстық комиссия құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде:
үміткерлерге әңгімелесу өтетін күн туралы;
әңгімелесуге өтпеген конкурстық іріктеуге қатысушыларға конкурстық комиссияның шешімі туралы хабардар етеді.
Мемлекеттік тілді оқыту курсын өткізу бойынша қайтарымды қызмет көрсету шартының негізгі талаптары:
Мемлекеттік тілді оқыту курсының оқытушысымен мемлекеттік тілді оқыту курсын өткізу бойынша қайтарымды қызмет көрсету шарты жасалатын болады.
Бір академиялық сағаттың құны Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес төлеуші есебінен табыс салығының ұсталуымен 4 242 (төрт мың екі жүз қырық екі) теңге.
Байланыс деректері: Ақтөбе қ., Асау Барақ к-сі, 45-үй, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Ақтөбе филиалы, аударма қызметі, 11-каб., +7 (713) 2215-691, 87012084172, Гульбану Усенова, Ussenova@nationalbank.kz.
Құжаттар топтамасы толық ұсынылмауы конкурстық комиссияның оларды қараудан бас тартуына негіз болады.
Достарыңызбен бөлісу: |