Конкурс туралы хабарландыру Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар



Дата09.07.2016
өлшемі58.48 Kb.
#187305
«Б» корпусы төменгі бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар:
Е-G-4 санаты үшін: жоғары немесе ортадан кейін білімі, “Б” корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптар” Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығына сәйкес.


Санаты

Еңбек сiңiрген жылдарына байланысты




min

max

Е-G-4


62462

84115
** Ескерту: Е-G-4 санаты мемлекеттік мекемелерінің штат кестесінде жетекші маманы лауазымдар төменгі болады.

«Шарбақты ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 141100 Павлодар облысы, Шарбақты ауданы Шарбақты ауылы, Советов көшесі, 51 тел. 8(71836)21290, факс 8(71836) 21172, электронды мекенжайы org.ashr@pavlodar.gov.kz. Шарбақты ауданы «Б» корпусындағы әкімшілік бос лауазым орындарына жалпы конкурс (ҚР барлық азаматтары үшін) жариялайды.



«Шарбақты ауданы Жылы-Бұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ жетекші маманы, санаты Е-G-4. № 35/25-1-09-02

Функционалдық міндеттері:

Шаруашылық кітабын жүргізу; жеке қосалқы шаруашылық деректер базасын жүргізу; халық, мал және құс санағы; ауыл шаруашылық мәселелері және статистикалық есептілікті ұсыну; мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу; бюджетке салық алымдары мен төлемдерді төлеуге жәрдемдесу, мемлекеттік қызмет көрсету.


Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Жоғары немесе ортадан кейінгі техникалық немесе кәсіптік білім.



Е-G-4 санатындағылар үшін келесі біліктіліктің болуы тиіс: бастамашыл, адамдармен тіл табыса білу, талдау жасай білу, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаны бағдарлай білу, тұтынушыны бағдарлай білу, сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

  1. осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

  2. 3х4 үлгідегі суретпен осы Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;

  3. бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

  4. еңбек өтілін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

  5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің м.а. 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

  6. Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

  7. құжаттарды тапсыру кезінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижесі бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

  8. конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру кезінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, ұжымды басқару қызметі құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Егер азамат еңбек өтілін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін болса, еңбек өтілін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсыну талап етілмейді.

Құжаттар пакетін толық тапсырмаған жағдайда конкурстық комиссиямен оларды қарамауға негіздеме болып табылады.

Конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күні ішінде тапсырылуы тиіс.

Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзiмiнде азаматтардың өздерi тапсырған немесе поштамен жiберген (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі құжат тігілетін папкада) құжаттары қабылданады.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар «Шарбақты ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің ұжымды басқару қызметіне құжаттарын қолма-қол тәртіпте, пошта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы немесе «е-қызмет» біріктірілген ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірмей береді. Оларды ұсынбаған тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілгендері туралы хабарланған соң бес жұмыс күні ішінде әңгімелесуге жіберілген кандидаттар «Шарбақты ауданы әкімінің аппараты» ММ-де әңгімелесуден өтеді.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі. Байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органдарының қызметкерлері қатыса алады.

Тиісті мемлекеттік органының басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылардың қатыстыруға жол беріледі. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салада, оның ішінде ғылыми салада жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға үміткерлерге арналған тестілеу бағдарламасы Е-G-4 санаты үшін: Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут; Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тестілер.

Осы бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (90 сұрақ) кем дегенде 45 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды. Осы бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестілерді орындау үшін жалпы уақыт 80 минутті құрайды.

«Б» корпусындағы лауазымына кандидаттардың жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу бағдарламасы санаты Е-G-4: бастамашылық деңгейін анықтау үшін (12 тапсырма), коммуникативтілік (12 тапсырма), аналитикалық (12 тапсырма), ұйымдастырушылық (12 тапсырма), әдептілік (12 тапсырма), сапаға бағдарлану (12 тапсырма), тұтынушыға бағдарлану (12 тапсырма), сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік (12 тапсырма).

Екінші бағдарлама бойынша тестілерді орындау үшін жалпы берілген уақыт 75 минут.



Екінші бағдарлама бойынша 4 (төрт) балдан тәуекел етуге мүмкіндік беріледі: бастамашылық – 1,5 балл, коммуникативтілік – 1,5 балл, аналитикалық – 2 балл, ұйымдастырушылық – 1,5 балл, әдептілік – 1,5 балл, сапаға бағдарлану – 1,5 балл, тұтынушыға бағдарлану – 1 балл, сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік – 2 балл.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органына немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, немесе Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет