МҮлік салығы заңды тұЛҒалар мен дара кәсіпкерлерге салынатын мүлік салығ



Дата22.02.2016
өлшемі76 Kb.
#63
МҮЛІК САЛЫҒЫ
1. ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР МЕН ДАРА КӘСІПКЕРЛЕРГЕ  САЛЫНАТЫН МҮЛІК САЛЫҒЫ

Мүлік салығын төлеушілер

Мүлік салығын төлеушілер келесілер болып табылады:

1) Қазақстан Республикасының аумағында меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында салық салу объектісі бар заңды тұлғалар;

2) Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында салық салу объектісі бар дара кәсіпкерлер;

3) концессия шартына сәйкес концессия объектісі болып табылатын салық салу объектісін иеленуге, пайдалануға құқығы бар концессионер.

Егер осы бапта өзге жағдай белгiленбесе, келесілер мүлiк салығын төлеушiлер болып табылмайды:

1) өз ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, сақтау және қайта өңдеу үрдісінде тікелей пайдаланатын, меншік құқығында бар салық салу объектілері бойынша бірыңғай жер салығын төлеушілер;

2) мемлекеттік мекемелер;

3) уәкілетті мемлекеттік органның қылмыстық жазаларды атқару саласындағы түзеу мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындары;

4) діни бірлестіктер.


Салық салу объектісі

Қазақстан Республикасының аумағындағы дара кәсiпкерлер мен заңды тұлғалар үшiн салық салу объектісі төмендегілер болып табылады:

1) техникалық реттеу саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген топтастырмаға сәйкес осындайларға жататын және негiзгi құралдар құрамында есепке алынатын ғима­рат­тар, құрылыстар немесе қаржы есептiлiгiнiң халықаралық стан­дарттарына және Қазақстан Республикасының бух­галтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк туралы заңна­ма­сы­ның талаптарына сәйкес келетiн жылжымайтын мүлiк инвестициялары;

2) концессия шартына сәйкес концессия объектiлерi болып табылатын ғимараттар, құрылыстар.

Төмендегілер салық салу объектісі болып табылмайды:

1) Салық Кодексінің 375 және 376-баптарына сәйкес жер салығын салу объектісі ретіндегі жер;

2) Қазақстан Республикасы Yкіметінің шешімі бойынша консервацияда тұрған ғимараттар, құрылыстар;

3) ортақ пайдаланылатын мемлекеттік автомобиль жолдары мен олардағы жол құрылыстары:

бұрылу белдеуі;

жолдардың конструкциялық элементтері;

жол жағдайы мен оны абаттандыру;

көпірлер;

өткерме жолдар;

виадуктар;

жол тарамдары;

тоннельдер;

қорғаныш галереялары;

жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға арналған құрылыстар мен  құрылғылар;

су бұрғыш және су өткізгіш құрылыстар;

жол бойындағы орман алаптары;

желілік тұрғын үйлер және жол пайдалану қызметінің кешендері;

4) аяқталмаған құрылыс объектілері.



Салық мөлшерлемелері

Заңды тұлғалар (осы баптың 2, 3-тармақтарында аталғандарды қоспағанда) мүлік салығын салық базасының  1,5 пайыздық мөлшерлеме бойынша есептейді.

Салық базасының 0,5 пайыздық мөлшерлемесі бойынша мүлік салығын мына салық төлеушілер есептейді:

1) дара кәсіпкерлер;

2) оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын заңды тұлғалар.

Төменде аталған заңды тұлғалар мүлік салығын салық базасының 0,1 пайыздық мөлшерлемесі бойынша есептейді:

1) діни бірлестіктерді қоспағанда, Салық Кодексінің 134-бабында айқындалған заңды тұлғалар;

2) Салық Кодексінің 135-бабында айқындалған заңды тұлғалар;

3) негізгі қызмет түрі кітапханалық қызмет көрсету саласындағы жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) болып табылатын ұйымдар;

4) ғылыми кадрларды мемлекеттік аттестаттау саласындағы функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындар;

5) мемлекеттік меншіктегі және бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын су қоймаларының, су тораптарының және табиғат қорғау мақсатындағы басқа да су шаруашылығы құрылыстарының объектілері бойынша заңды тұлғалар;

6) ауыл шаруашылығы тауарларын өндіруші заңды тұлғалардың және шаруа немесе фермер  қожалықтарының жерін суландыру үшін пайдаланылатын гидромелиорациялық құрылыс объектілері бойынша заңды тұлғалар;



7) ауыз сумен қамту объектілері бойынша заңды тұлғалар.
Салықты есептеу және төлеу тәртібі

Салық төлеушілер салықты есептеуді салық базасына тиісті салық мөлшерлемелерін қолдану арқылы өздігінен жүргізеді.

Ортақ үлестік меншіктегі салық салу объектілері бойынша әрбір салық төлеуші үшін мүлік салығы мүлік құнындағы оның үлесіне парапар есептеледі.

Бюджетке салық төлеу салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша жүргізіледі.

Салықтың ағымдағы төлемдерінің сомасын, патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, салық төлеуші салық кезеңіндегі 25 ақпаннан, 25 мамырдан, 25 тамыздан және  25 қарашадан кешіктірмей тең үлестермен енгізеді.

Салық төлеуші салық кезеңі ішінде декларацияны тапсыру мерзімі басталғаннан кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей түпкілікті есеп айырысуды жүргізеді және мүлік салығын төлейді.



Патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер мүлік салығын салық кезеңі ішінде декларацияны тапсыру мерзімі басталғаннан кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей төлейді.

 

Салық есептілігі

Патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, салық төлеушілер салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша салық органдарына ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабын және декларацияны тапсыруға міндетті.

Патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша салық органдарына декларацияны тапсыруға міндетті.

Мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабы есепті салық кезеңінің 15 ақпанынан кешіктірілмей тапсырылады.

Декларация есепті жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірілмей тапсырылады.


  1. Жеке тұлғалардың мүлік салығы


Мүлік салығын төлеушілер

Салық Кодексінің 405-бабына сәйкес салық салу объектісі бар жеке тұлғалар жеке тұлғалардың мүлік салығын төлеушілер болып табылады.

Мыналар жеке тұлғалардың мүлік салығын төлеушілер болып табылмайды:

1) жедел қызметті өткеру (оқу) кезеңіндегі жедел қызметтегі әскери қызметкерлер;

2) меншік құқығындағы барлық салық салу объектілерінің жалпы құнынан Республикалық Бюджет туралы Заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген  мөлшері шегінде - Кеңес Одағының Батырлары, Социалистік Еңбек Ерлері, «Халық қаhарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атақтарын алған, үш дәрежелі Даңқ орденімен және «Отан» орденімен марапатталған адамдар, «Батыр ана» атағын алған, «Алтын алқа» алқасымен марапатталған көп балалы аналар, жеке тұратын зейнеткерлер;

3) меншік құқығындағы барлық салық салу объектілерінің жалпы құнынан Республикалық Бюджет туралы Заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 1500 еселенген мөлшері шегінде - Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестірілген адамдар, І және ІІ топтағы мүгедектер;

4) меншік құқығындағы барлық салық салу объектілерінің жалпы құнынан Республикалық Бюджет туралы Заңда белгiленген және тиiстi қар­жы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 1500 еселенген мөлшері шегінде - Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр  аралығында  кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған  адамдар.

Осы тармақтың 1) - 4) тармақшаларында аталған адамдар пайдалануға немесе жалға берілген салық салу объектілері бойынша салықты осы тарауда белгіленген тәртіппен есептейді және төлейді;

5) кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын салық салу объектілері бойынша дара кәсіпкерлер.

Салық салу объектісі

Жеке тұлғалар төлейтін мүлік салығын салу объектісі ретінде жеке тұлғаларға меншік құқығымен тиесілі Қазақстан Республикасының аумағындағы тұрғын үй-жайлар, саяжай құрылыстары, гараждар және өзге де құрылыстар, ғимараттар, үй-жайлар және аяқталмаған құрылыс объектілері қоныстану, пайдалану кезінен бастап танылады.


Салық мөлшерлемелері

Жеке тұлғалардың мүлік салығы салық салу объектілерінің құнына қарай, мынадай мөлшерлемелер бойынша есептеледі:



 

1

2

3

1.

1 000 000 теңгеге дейін  қоса алғанда

салық салу объектілері құнының 0,05 пайызы

2.

1 000 000 теңгеден жоғары 2 000 000 теңгеге дейiн қоса алғанда

500 теңге + 1 000 000 теңгеден асатын соманың  0,08 пайызы

3.

2 000 000 теңгеден жоғары 3 000 000 теңгеге дейiн қоса алғанда

1 300 теңге + 2 000 000 теңгеден асатын соманың             0,1 пайызы

4.

3 000 000 теңгеден жоғары 4 000 000 теңгеге дейiн қоса алғанда

2 300 теңге + 3 000 000 теңгеден асатын соманың  0,15 пайызы

5.

4 000 000 теңгеден жоғары 5 000 000 теңгеге дейiн қоса алғанда

3 800 теңге + 4 000 000 теңгеден асатын соманың 0,2 пайызы

6.

5 000 000 теңгеден жоғары  6 000 000 теңгеге дейiн қоса алғанда

5 800 теңге + 5 000 000

теңгеден асатын соманың  0,25 пайызы



7.

6 000 000 теңгеден жоғары 7 000 000 теңгеге дейiн қоса алғанда

8 300 теңге + 6 000 000 теңгеден асатын соманың             0,3 пайызы

8.

7 000 000 теңгеден жоғары 8 000 000 теңгеге дейiн қоса алғанда

11 300 теңге + 7 000 000 теңгеден асатын соманың  0,35 пайызы

9.

8 000 000 теңгеден жоғары 9 000 000 теңгеге дейiн қоса алғанда

14 800 теңге + 8 000 000 теңгеден асатын соманың            0,4 пайызы

10.

9 000 000 теңгеден жоғары 10 000 000 теңгеге дейiн қоса алғанда

18 800 теңге + 9 000 000 теңгеден асатын соманың  0,45 процентi

11.

10 000 000 теңгеден жоғары 50 000 000 теңгеге дейiн қоса алғанда

23 300 теңге + 10 000 000 теңгеден асатын соманың            0,5 пайызы

12.

50 000 000 теңгеден жоғары 120 000 000 теңгеге дейiн қоса алғанда

223 300 теңге + 50 000 000 теңгеден асатын соманың  0,75 пайызы

13.

120 000 000 теңгеден жоғары

 


748 300 теңге + 120 000 000 теңгеден асатын соманың               1 пайызы


Салықты есептеу және төлеу тәртібі

Жеке тұлғалардың салық салу объектілері бойынша салықты есептеуді салық кезеңінің 1 тамызынан кешіктірмей тиісті салық мөлшерлемесін салық базасына қолдану арқылы, салық төлеушінің тұрғылықты жеріне қарамастан салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша салық органдары жүргізеді.

Бірнеше жеке тұлғаның ортақ үлестік меншігіндегі салық салу объектісі үшін салық олардың осы мүліктегі үлесіне парапар есептеледі.

Бюджетке салық төлеу салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша есепті салық кезеңінің 1 қазанынан кешіктірілмей жүргізіледі.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет