Конкурсқа қатысу үшін жекеменшік мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары



Дата24.02.2016
өлшемі24.71 Kb.
#16434
түріКонкурс
«Шалқар аудандық білім, дене шынықтыру

және спорт бөлімі» ММ бойынша 2013 жылғы

22 тамыздағы № 2-264 бұйрығымен бекітілген.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидалары Білім және ғылым Министрірінің 2012 жылғы 4 мамырдағы № 198 бұйрығына негізделген.

«Шалқар аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі»ММ м.у.а басшысы атынан Н.Бисеков мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастырады. Қатысуға өтініш берген жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар қонкрусқа жіберіледі Өтініш нысаны ерікті

Конкурсқа қатысу үшін жекеменшік мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары

«Шалқар аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-не келесі құжаттарды тапсырады:

1) комиссия төрағасының атына ерікті нысандағы өтініш;

2) бизнес сәйкестендіру нөмері тағайындалған заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамасының,жарғының,жеке кәсіпкердің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің,банктен қарызының жоқтығы туралы анықтаманың,салық органдарынан қарызының жоқтығы туралы анықтаманың кошірмесі.

3) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары үшін қолданылатын жылжымайтын мүлікке құқықты орнатушы құжаттардың көшірмесі ( жекеменшік немесе жалға алу)

.4)медициналық кабинетке лицензияның немесе тіркелген жерін ескере отырып емханамен көрсетілуіне жасалған шарттың болуының көшірмесі;


5)білімберу органдарынын жолдамасымен мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша балаларды қабылдау және Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы » Заңына сәйкес бекітілген ата-аналар төлемінін тарифінен аспайтын мемлекеттік білімберу тапсырысы боиынша баланы күтіп бағуға ата-аналар төлемінін мөлшерін белгілеу туралы жеткізушінін міндеттемесі. Жеткізуші міндеттемесінін нысаны ерікті.

Растайтын құжаттар:


1) көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1684 қаулысымен бекітілген «Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу және білім беру объектілеріне санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық ережелерінің (бұдан әрі – санитарлық ережелер) талаптарына сәйкестігі;


2) санитарлық ережелер бойынша материалдармен және құралдармен жабдықтаудың қажетті деңгейіне сәйкестігі;

3) тәрбие мен оқыту бағдарламаларының Стандарт талаптарына сәйкестігі;

Жекеменшік мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тарапынан мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша орын санына байланысты ұсыныстар саны артқан жағдайда жеткізушілерді комиссия конкурс негізінде таңдап алады.
      Жеткізушіні конкурс арқылы таңдаудың қосымша критерийлері:
      1) тәрбиешілердің жалпы санынан олардың 10%-дан кем емес жоғарғы және бірінші санаттағы үлесі;
      2) мемлекеттік білім беру тапсырысы қызметін ұсыну бойынша тәжірибенің болуы болып табылады.

Қатысуға өтініш берген мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары толық құжаттарын 2013 жылы 26 тамыз сағат 11.00ге дейін кешіктірмей «Шалқар аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі»ММ Шалқар қаласы, Есет Батыр көшесі №84 мекен-жайға тапсырулары қажет.



Өтініш берген конверттер 2013 жылы 26 тамыз сағат 12.00де «Шалқар аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі»ММ бұйрығымен құрылған комиссиямен ашылады.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға Мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысының шешімі «Шалқар аудандық әкімінің аппараты» ММ http://shalkar.aktobe.gov.kz/ веб-сайтында жарияланады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет