352 өтініш келіп түсті, оның ішінде: 281 жазбаша өтініш, 22



Дата24.02.2016
өлшемі141.77 Kb.
#15171
Банк секторы

2010 жылғы маусым айында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігіне (бұдан әрі – Агенттік) жеке және заңды тұлғалардан 352 өтініш келіп түсті, оның ішінде: 281 жазбаша өтініш, 22 өтініш Агенттіктің электрондық адресіне және ҚР электронды Үкіметі порталының блог-платформасына (бұдан әрі – блог-платформа) Агенттік Төрайымының атына келіп түскен 49 өтініш, олардың:

197 екінші деңгейдегі банктердің (бұдан әрі – банктер) қызметіне қатысты (жалпы санының 55.96%), 208 қаралған өтініштің (өткен кезеңдерде келіп түскен 115 өтінішті қоса алғанда) – 5 негізделген (жалпы қаралған санының 2.40 %);

9 өтініш – банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметіне қатысты (жалпы санының 2.56 %), 4 қаралған өтініштің (өткен кезеңдерде келіп түскен) - 0 негізделген;

28 өтініш – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметіне қатысты (жалпы санының 7,96%), 27 қаралған өтініштің (өткен кезеңдерде келіп түскен 22 өтінішті қоса алғанда) - 4 негізделген (қаралған өтініштердің жалпы санынан 14,81 %);

5 өтініш – бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің қызметіне қатысты (жалпы санының 1.42 %), 6 қаралған өтініштің (өткен кезеңдерде келіп түскен 5 өтінішті қоса алғанда) – 0 негізделген;

– 28 өтініш – жинақтаушы зейнетақы қорларының (бұдан әрі – ЖЗҚ) қызметіне қатысты (жалпы санының 7.96%), 27 қаралған өтініштің (өткен кезеңдерде келіп түскен 13 өтінішті қоса алғанда) – 0 негізделген;

62 ҚР заңнамасының нормаларына түсіндірмелер беру туралы өтініштермен және ҚР заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстармен жеке және заңды тұлғалардың сұратулары (оның ішінде қаржы ұйымдардың) (жалпы санының 17.61 %);

23 өтініш Агенттіктің құзырына кірмейтін мәселелер бойынша (жалпы санының 6.53 %).



Төменде 2010 жылғы маусым айындағы екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, сақтандыру ұйымдары, ЖЗҚ, бағалы қағаздар нарығындағы ұйымдар, акционерлік қоғамдар бөлігіндегі өтініштер жайлы және өтініштердің жалпы көлеміндегі олардың үлес салмағы жөнінде мәліметтер келтірілген:

1-кесте



Қаржы нарығының субъектілері

(қаржы ұйымдары, акционерлік қоғамдар)


Есепті кезеңде

Келіп түскен өтініштер

Қаралуы аяқталған

Есеп беру кезеңнің соңында қаралу үстінде

Саны

Қаржы нарығының тиісті секторындағы келіп түскен өтініштердің үлес салмағы, %

Саны **

Екінші деңгейдегі банктер

1

«Қазкоммерцбанк» АҚ

41

20.81

21

20

2

«Альянс Банкі» АҚ

25

12.69

16

9

3

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ

24

12.18

7

17

4

«Банк ЦентрКредит» АҚ

22

11.17

7

15

5

«БТА Банкі» АҚ ЕҰ -«Темірбанк» АҚ


20

10.15

13

7

6

«БТА Банкі» АҚ

16

8,12

4

12

7

«АТФ Банкі» АҚ

15

7.61

9

6

8

«Қазақстанның Тұрғын-үй құрылыс жинақ банкі» АҚ

10

5.08

4

6

9

«Цеснабанк» АҚ

7

3.56

6

1

10

«Kaspi Bank» АҚ

7

3.56

2

5

11

«Еуразиялық Банк» АҚ

5

2.55

3

2

12

«Сбербанк России» АҚ

3

1.52

1

2

13

«RBS (Kazakhstan)» АҚ

1

0.50

0

1

14

«Нұрбанк» АҚ

1

0.50

0

1

 







100










Жиынтығы:__179__55.96*__93__104'>Жиынтығы:

179

55.96*

93

104

2010 жылғы маусымда Агенттікке банк қызметінің мәселелері бойынша 197 өтініш келіп түсті.



Төменде алдыңғы есепті кезеңде келіп түскен өтініштерді қарау барысы туралы мәліметтер келтірілген ***.

2-кесте



Қаржы ұйымының атауы

Алдыңғы есеп беру кезеңдерінде келіп түскен және қаралуы 01.06.2010ж. дейін аяқталмаған өтініштер

Саны

Қаржы нарығының тиісті секторындағы үлес салмағы, %

Қаралуы 2010ж. маусымда аяқталды,

саны **

Есепті кезеңнің соңында қарау үстінде, саны

1

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ

23

19.50

23

0

2

«Қазкоммерцбанк» АҚ

17

14.41

15

2

3

«Альянс Банкі» АҚ

14

11.86

14

0

4

«АТФ Банкі» АҚ

9

7.63

9

0

5

«БТА Банкі» АҚ ЕҰ -«Темірбанк» АҚ

9

7.63

9

0

6

«Банк ЦентрКредит» АҚ

9

7.63

9

0

7

«Kaspi Bank» АҚ

8

6.78

8

0

8

«БТА Банкі» АҚ

8

6.78

8

0

9

«Цеснабанк» АҚ


6

5.08

5

1

10

«Қазақстанның Тұрғын-үй құрылыс жинақ банкі» АҚ

6

5.08

6

0

11

«Еуразиялық Банк» АҚ

3

2.54

3

0

12

«Хоум Кредит Банк» АҚ («Алма-Ата» ХБ» АҚ)

3

2.54

3

0

13

«Сбербанк России» АҚ

2

1.69

2

0

14

«Нұрбанк» АҚ

1

0.85

1

0

 

Жиынтығы:

118

100

115

3

**- барлық өтініштер негізделген болып табылған жоқ

*** - алдыңғы есеп беру кезеңіндегі мәліметтер анықталған


Сонымен қатар 3-кестеде есепті кезеңде екінші деңгейдегі банктер қызметіне қатысты қаралған шағымдар мен өтініштердің, сондай-ақ анықталған ҚР заңнамасын және/немесе банк қызметтерін ұсыну жөніндегі шарттар талаптарын бұзу негізділігінің көрсеткіштері келтірілген:

3-кесте



Қаржы ұйымының атауы

Қаралуы 2010ж. маусым айында аяқталған өтініштер

Саны

негізделген шағымдар

негізделгендердің жалпы санының негізделгендер %

анықталған ҚР заңнамасын және/немесе шарттың талаптарын бұзушылықтары бар шағымдар

анықталғандардың жалпы санының анықталғандар %

1

«Қазкоммерцбанк» АҚ

36

0

0.00

0

0.00

2

«Альянс Банкі» АҚ

30

3

60.00

3

60.00

3

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ

30

0

0.00

0

0.00

4

«БТА Банкі» АҚ ЕҰ -«Темірбанк» АҚ

22

0

0.00

0

0.00

5

«АТФ Банкі» АҚ

18

0

0.00

0

0.00

6

«ЦентрКредит Банк» АҚ

16

2

40.00

2

40.00

7

«БТА Банкі» АҚ

12

0

0.00

0

0.00

8

«Цеснабанк» АҚ

11

0

0.00

0

0.00

9

«Kaspi Bank» АҚ

10

0

0.00

0

0.00

10

«Қазақстанның Тұрғын-үй құрылыс жинақ банкі» АҚ

10

0

0.00

0

0.00

11

«Еуразиялық Банк» АҚ

6

0

0.00

0

0.00

12

«Хоум Кредит Банк» АҚ («Алма-Ата» ХБ» АҚ)

3

0

0.00

0

0.00

13

«Сбербанк России» АҚ

3

0

0.00

0

0.00

14

«Нұрбанк» АҚ

1

0

0.00

0

0.00




Жиынтығы:

208

5

100

5

100

Мынадай мәселелер халық үшін өзекті болып қалуда:



  • заемдарды қайта құрылымдау, оның ішінде өтеу бойынша мерзімін ұзарту, ипотекалық заем бойынша сыйақы ставкасының азаюын қарау және заем бойынша өсімпұлды алып тастау арқылы;

  • заемдарды қайта қаржыландыру;

  • кепілге салынған мүлікті соттан тыс тәртіпте сату;

  • заем бойынша ай сайынғы төлемді, өсімпұлды есептеудің дұрыстығын тексеру;

  • төлем карточкаларымен операциялар;

Жеке және заңды тұлғалардың барлық жоғарыда аталған және өзге де сұратулары бойынша тиісті түсіндірмелер берілді.

Жеке және заңды тұлғалардың есепті кезеңдегі шағымдары мен өтініштерін қарау нәтижесінде Агенттік мынадай бұзушылықтарды анықтады:


«Альянс Банкі» АҚ:

- мүлікті соттан тыс тәртіпте сатумен байланысты шығындардың (пошталық, нотариалдық және т.б.) орнын толтыруға негізсіз талап қойылған, мүліктік кепілдікті босатудан және заемшының құқық белгілеуші құжаттарын қайтарудан бас тартқан, осыған байланысты Банкке заемшымен жағдайды реттеу үшін шара қолдануға хат жіберілді.

- Банк займының жасалмаған шарты бойынша мерзімі өткен борышты төлеуге негізсіз талап қойылған. Осыған байланысты Банкке орын алған жағдайды реттеуге шара қолдануға хат жіберілді.

- Банк заемының шартында сыйақы ставкасы көрсетілмгеген; осыған ұқсас бұзушылыққа «Альянс Банкі» АҚ-на заемшымен қосымша шарт жасауға 14.05.2007 ж. № 10-14/1618 жазбаша ұйғарым шығарылды, Банк орындалған жұмыс бойынша ай сайын есеп береді.


«Банк ЦентрКредит» АҚ:

- заем операцияларын іске асыруда банк заңдарының нормасы бұзылғандығы көрініс алады: заемшының жеке есеп-шотынан, сот шешімімен мемлекеттік баж төлеуге ақша ұсталынып, шығынды өтеген. Бұл мәселе бойынша, Банкке мемлекеттік бажға төлеген ақшаны заемшының жеке есеп-шотына қайта салуға нұсқау беріліп, хат жіберілді.



- Банк мүлікті соттан тыс тәртіпте сатуда заң талаптарын бұзған, осыған байланысты Банкке жазбаша ескерту шығару түрінде шектеулі ықпал ету шарасы қолданылды.

Алдыңғы есеп беру кезеңінде жеке және заңды тұлғалардың шағымдары мен өтініштерін қарау нәтижесінде Агенттік мынадай бұзушылықтарды анықтады:


«Қазақстан Халық Банкі» АҚ:

- жинақтаушы зейнетақы қорынан өтініш берушілердің шотына түскен жинақталған зейнетақы қаражатын есепке алғаны үшін комиссиялық ақы ретінде Банк ақша ұстап қалған, осыған байланысты Банкке жазбаша ұйғарым шығару түрінде шектеулі ықпал ету шарасы қолданылды.








Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет