Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары: е-r-3 санаты үшін: білімі жоғары



Дата04.07.2016
өлшемі156 Kb.
#177987
түріКонкурс

БАҚ-ң жариялану күні:

«Ақ жол» 19.11.2015 год

Аяқталу күні: 02.12.2015ж


«Знамя труда» 19.11.2015 год

Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялау туралы хабарландыру
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

Е-R-3 санаты үшін: білімі - жоғары;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда үш жылдан кем емес жұмыс өтілінің бар болуы;

3) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

4) ғылыми дәрежесінің бар болуы.



Е-R-4 санаты үшін: білімі - жоғары;

Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.



Е-G-2 санаты үшін:       жоғары білім;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:


     1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

  2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

     3) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
     4) ғылыми дәрежесінің болуы.

Е-G-3 санаты үшін: білімі - жоғары;

Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.



Е-G-4 санаты үшін: білімі – жоғары; немесе ортадан кейінгі білім не орта техникалық; немесе кәсіптік білім.
Әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің лауазымдық жалақысы


Санаты


Еңбек сіңірген жылдарына байланысты





min

max

Е-R-3

74313

99938

Е-R-4

56376

76235

Е-G-2

71110

96095

Е-G-3

53813

72391

Е-G-4

48047

64704


Жамбыл облысы Байзақ ауданы әкімінің аппараты

(080100, Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылы, Байзақ батыр көшесі, № 107, каб. №20 тел: 8(726-37) 2-28-11, 8(726-37) 2-25-26,

Факс: 8(726-37) 2-17-54, электрондық почта: baizak_akimat@mail.ru)

бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды.
1. Байзақ ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бухгалтерлік есеп және қаржыландыру секторының меңгерушісі, (№07-09), /E-R-3 санаты - 1 бірлік/

Функционалдық міндеттері:

Секторға жалпы басшылық жасау, әлеуметтік төлемдер бойынша азаматтарды қабылдау, тиісті түсініктемелер беру. Смета шығыстары мен штаттық кесте дайындау, бағдарламалар бойынша бекітілген қаржының тиімді пайдалануын қамтамасыз ету. Бухгалтерлік есеп жүргізу, банк құжаттарын, төлем тапсырмаларын талдау және тиісті мекемелерге берілетін мәліметтерді бақылау. Қызметкерлердің жеке істерін, еңбек кітапшаларын реттеп, еңбек өтілін анықтайтын комиссия жұмысын үйлестіру.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – әлеуметтік ғылымдар экономика және бизнес.

Мамандығы: экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы.

«Қазақстанның – 2050» қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Стратегиясын білу, Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы», «Тұрмыстық қатынастар туралы», «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қолдау туралы», «Арал маңындағы экологиялық апат салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қолдау туралы», «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Халықты жұмыспен қамту туралы», «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік- құқықтық актілер туралы» Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымды сәйкесінше мамандандыру облыстарындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білуі.



2. Байзақ ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жұмыспен қамту және ардагерлер мен мүгедектер ісі секторының бас маманы «Б» корпусы, (07-05), /E-R-4 санаты - 1 бірлік/

Функционалдық міндеттері:

Еңбек нарығындағы сұранысқа сәйкес жұмыссыздарды даярлау, қайта

даярлау және білітілігін арттыруға, қоғамдық жұмыстарға және әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілуін ұйымдастыру, арнаулы мамандығы бар жастардың жастар практикасынан өтіп, іс-тәжірибе жинақтауы үшін жұмыс берушілерге орналастыру.

Жеке оңалту бағдарламалары бойынша мүгедектердің қажетті сурдо

тифло техникалармен, жеке көмекші қызметтерімен, санаторий-курорттық жолдамалармен қамтылуы үшін құжаттарын рәсімдеу.

Секторға келіп түскен құжаттарды мерзімінде орындау, қажетті мәліметтер мен ақпараттар әзірлеу.

Автоматтандырылған «Жұмыспен қамту» және «Еңбек нарығы», «Е-Собес», «МОДҚ (ЦБДИ)» бағдарламаларын жүргізу.

Ауылдық округ әкімдерімен бірлесе отырып жұмыспен қамту мәселесіне қатысты жұмыс берушілермен жасалынған келісім шарттардың орындалуын үйлестіру.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі –құқық немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе техникалық ғылымдар және технологиялар

Мамандығы: құқықтану немесе экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе автоматтандыру және басқару немесе ақпараттық жүйелер немесе есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету немесе техник-жоспарлаушы.

«Қазақстанның – 2050» қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Стратегиясын білу, Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Арнаулы әлеуметтік қызмет туралы», «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымды сәйкесінше мамандандыру облыстарындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.



3. Байзақ ауданы әкімдігінің қаржы бөлімінің бюджет атқару және коммуналдық меншік жөніндегі сектордың бас маманы (уақытша, негізгі қызметкердің жұмысқа шыққанға дейін), (09-03), Е-R-4 санаты бойынша 1-бірлік.

Функционалдық міндеттері:

Аудан бюджетінің бюджеттік бағдарламаларының орындалуы туралы мәліметтердің жиынтығын жасау. Аудандық бюджеттің орындалуы туралы есептегі көрсеткіштердің жиынтығын жасау (бекітілген, нақтыланған, түзетілген). Аудандық бюджеттің орындалуы туралы оперативтік мәліметті жасау. Аудандық бюджеттің өзара қатынасы бойынша жоспарлары өзгерістерінің есебін жүргізу. Жергілікті атқарушы органның резерв қорының пайдалану туралы айлық мәлімет жинақтау. Аудандық бюджеттің орындалуы туралы айлық, тоқсандық есептерін талдау және бақылау, аудандық бюджеттің есебі бойынша қорытынды дайындау. Аудан бойынша түсімдердің нақтыланған жоспарын жүргізу. Ағымдағы қаржы жылына болжамдалған бюджет кірісінің орындалуына және аудан мекемелері бойынша бюджеттің орындалуына мониторинг жүргізеді. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің еңбек ақы төлеуге қаралған қаржылық жоспарына және оның төленуіне мониторинг жүргізеді. Аудандық бюджеттің орындалуы туралы айлық, тоқсандық есептерін талдау және бақылау.

Коммуналдық меншіктегі мүліктерге мониторинг жүргізеді, аудандық мүлікті жекешелендіруді жүзеге асырады, жекешелендіру процесін ұйымдастырады, жекешелендіру обьектісін бағалауды қамтамасыз етеді, обьектілерді сатуға дайындайды және келісім шарттар жасайды (жеке және заңды тұлғалармен). Аудандық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлікпен басқаруға береді, ауданның құрған коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестердің даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асырады. Мемлекеттік мүліктер тиімді және мақсатты пайдалануын бақылайды. Коммуналдық меншіктегі мүліктерді жалға беру жұмысын ұйымдастырады, есебін жүргізеді.

Бюджеттің орындалуы мен міндеттерді үйлестіру жұмыстары бойынша мекеме-ұйымдармен (бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен) сектор тарапынан өзара байланыс жасайды.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес

Мамандығы – Экономика немесе қаржы және несие немесе есеп және аудит.

Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Нормативтік құқықтық актілері туралы» Заңдарын және «Бюджет кодексін» осы санаттағы нақты лауазымды сәйкесінше мамандандыру облыстарындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.



4. Байзақ ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы (уақытша, негізгі қызметкердің жұмысқа шыққанға дейін), (№12-2), /E-R-4 санаты - 1 бірлік/

Функционалдық міндеттері:

Аудандағы мекеме ұйымдардағы дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. Дене шынықтыру және спорт бөлімінің және бағынысты ұйымдардың бухгалтерлік есебін және қаржылық шаруашылық жұмыстарын жүргізу. Дене шынықтыру-сауықтыру, спортты және басқа қызметтердің жиынтық есептерін және сараптама материалдарын дайындау. Дене шынықтыру және спорт ұйымдарының мамандарының сапалық және сандық жағынан қамтамасыз етілуін сараптау. Бөлімнің жұмыс жоспарын жасалуын, номенклатураға сәйкес іс-қағаздарының жүргізілуін қамтамасыз ету. Бөлімге келіп түскен арыз шағымдарды тіркеуге алып, уақытылы жауап беруді және бөлім бойынша бұйрықтарды шығару жұмыстарын жүргізу.

Бөлім мамандары мен жаттықтырушы-оқытушылардың біліктілігін көтеру және қайта даярлықтан өтуін қадағалау.

«Дене шынықтыру және спорт туралы», «Еңбек туралы» Заңдарының және көпшілік – спорт жарыстары кезіндегі техника қауіпсіздігі мен санитарлық-гигиеналық норма ережелерінің сақталуын қадағалау.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – білім саласында немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес.

Мамандығы: дене шынықтыру және спорт немесе экономика.

«Қазақстанның – 2050» қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Стратегиясын білу, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, Еңбек кодексін осы санаттағы нақты лауазымды сәйкесінше мамандандыру облыстарындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік–құқықтық актілерін білуі.



5. Байзақ ауданы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы

(уақытша, негізгі қызметкердің жұмысқа шыққанға дейін), «Б» корпусы, (08-02), /E-R-4 санаты - 1 бірлік/

Функционалдық міндеттері:

Бөлімнің бухгалтерлік есеп жұмыстарын жүргізу, есеп құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету, банк құжаттарын, төлем тапсырмаларын жолдау және тиісті мекемелерге берілетін мәліметтерді бақылау. Смета шығыстары мен штаттық кесте дайындау, бағдарламалар бойынша бекітілген қаржының тиімді пайдалануын қамтамасыз ету. Мемлекеттік сатып алу жұмысын жүргізу. Бөлінген қаржының мақсаты және толық игерілуін қамтамасыз ету.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі –әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес

Мамандығы: есеп және аудит немесе экономика немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару.

«Қазақстанның – 2050» қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Стратегиясын білу, Қазақстан Республикасының «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Бухгалтерлік», «Бюджеттік кодексі» «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңды және «Салық кодексі» осы санаттағы нақты лауазымды сәйкесінше мамандандыру облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін  білу.



6. Байзақ ауданы Бәйтерек ауылдық округі әкімінің аппаратына құжаттама құрылымдық бөлімшенің басшысы (уақытша, негізгі қызметкердің жұмысқа шыққанға дейін), «Б» корпусы, (№ 32-03-01), /E-G-2 санаты -1 бірлік/

Функционалдық міндеттері:

Бөлімше жұмысын ұйымдастыру және басшылық жасау. Аппараттағы нұсқаушы және нормативтік актілердің талаптарға сәйкес орындалуын қамтамасыз ету. Кіріс-шығыс құжаттарының тіркелуін және жазбаша арыз-шағымдарды тіркелуін, өз мерзімінде орындалуын қадағалау. Табысы аз адамдарды анықтауды және мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке уақытылы ұсынылуын қадағалау. Мемлекеттік қызмет көрсету стандартары бойынша жұмыстарын жүргізілуін және округ аумағындағы жастарды қарулы күштер қатарына қызмет атқаруға шақырылуын қадағалау. Белгіленген нысандарға сәйкес мұрағатты рәсімделуін қадағалау. Азаматтарды жеке сұрақтармен, арыз-шағымдармен қабылдау. Басшылықтың басқа да тапсырмаларын орындау. Облыстық және аудан әкімі қаулыларының орындалуына, аудан әкімі аппаратына жоғарғы органдардан келіп түскен қаулы, шешімдер, өкімдер және басқа да нормативтік кұқықтық актілер мен қатынас хаттарға уақтылы жауап берілуін және орындалуын, іс-қағаз айналымына бақылау жасау. Ауылдық округ әкімі аппаратың құжаттар айналымын нұсқауға сәйкес жүргізілуін қамтамасыз ету.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі - әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе техникалық ғылымдар және технологиялар немесе білім немесе құқық.

Мамандығы: экономика немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету немесе ақпараттық жүйелер немесе білім (жалпы) немесе құқықтану.

«Қазақстанның – 2050» қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Стратегиясын білу, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы», «Мәдениет туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Жер кодексі, Қазақстан Республикасының «Еңбек кодексі» осы санаттағы нақты лауазымды сәйкесінше мамандандыру сәйкесті салаларындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу.



7. Мырзатай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, (№ 29-04 ), /E-G-3 санаты - 1 бірлік/

Функционалдық міндеттері:

Ауыл шаруашылығы және мал шаруашылығы саласы бойынша мал дәрігердің жұмысына басшылық жасайды, ұйымдастырады және бақылайды.

Ауылдық округ аумағында айналымдағы егістік жерлерді тиімді пайдалануын қамтамасыз ету, шаруа қожалықтары мен жұмыстар ұйымдастырып, ірілендіру бағытында және мемлекеттік бағдарламалар бойынша жұмыстар жүргізу. Мемлекеттік органдардың, заңды тұлғалардың және азаматтардың жерді тиімді пайдалану мен қорғау жөніндегі шараларын үйлестіру. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына сәйкес жұмыстарды жүргізу. Азаматтарды жеке сұрақтар бойынша қабылдайды. Ауылдық округ аумағында спорттық іс шараларды ұйымдастырып, жүргізу. Жергілікті салықтардың түсімін қадағалау. Ауылдық округ аумағында халықтың денсаулығын адам мен жануарларға ортақ аурулардан қорғау, қоршаған ортаның ластануының алдын-алу және оны жоюды жүзеге асыру.

Аудан әкімдігінің ауыл шаруашылық бөлімдерімен және аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасымен бірлесіп, іс-қимыл жасау.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе білім немесе ветеринария немесе құқық немесе техникалық ғылымдар және технологиялар.

Мамандығы – экономика немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе білім (жалпы) немесе ветеринария (жалпы) немесе құқықтану немесе техникалық ғылымдар және технологиялар (жалпы).

«Қазақстанның – 2050» қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Стратегиясын білу, Ветеринария саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сонымен қатар осы санаттағы нақты лауазымды сәйкесінше мамандандыру облыстарындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік–құқықтық актілерін білуі.



8. Байзақ ауданы Қостөбе ауылдық округі әкімі аппаратының ветеринар бас маман, (№23-05), /E-G-3 санаты - 1 бірлік/

Функционалдық міндеттері:

Жануарлардың энзоотиялық және аса қауіпті аурулары бойынша ветеринарлық іс шаралардың орындалуын және оларды жүргізуге бөлінген бюджеттік қаражаттың мақсатты пайдалануын қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен ветеринариялық есепті жүргізіп, жинақтап, талдап оларды уәкілетті органға табыс етуін қамтамасыз етеді. Азаматтарды жеке сұрақтар және арыз шағымдармен қабылдау.

Ауылдық округ тұрғындардың денсаулығын адам мен жануарларға ортақ аурулардан қорғау және оларды емдеуді ұйымдастыру, ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағын басқа мемлекеттерден жұқпалы және экзотикалық аурулардың әкелінуімен таралуынан қорғау, жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асырған кезінде қоршаған ортаның ластаудың алдын алу және оны жоюды жүзеге асыруынан қадағалау. Ауылдық округтегі лицензиялық мал дәрігердің жұмысына басшылық жасайды, ұйымдастырады және бақылайды.

Аудан әкімі мен ветеринарлық бөлімі ауылшаруашылық бөлімі жергілікті атқарушы органдар және санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасымен бірлесіп іс қимыл жасау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – Ветеринария.

Мамандығы: ветеринарлық медицина немесе ветеринарлық санитария.

«Қазақстанның – 2050» қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Стратегиясын білу, Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Ветеринария туралы» Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымды сәйкесінше мамандандыру облыстарындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік–құқықтық актілерін білуі.



9. Бурыл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, (№ 18-04-03 ), /E-G-3 санаты - 1 бірлік/

Функционалдық міндеттері:

Ауыл шаруашылығы және мал шаруашылығы саласы бойынша мал дәрігердің жұмысына басшылық жасайды, ұйымдастырады және бақылайды.

Ауылдық округ аумағында айналымдағы егістік жерлерді тиімді пайдалануын қамтамасыз ету, шаруа қожалықтары мен жұмыстар ұйымдастырып, ірілендіру бағытында және мемлекеттік бағдарламалар бойынша жұмыстар жүргізу. Мемлекеттік органдардың, заңды тұлғалардың және азаматтардың жерді тиімді пайдалану мен қорғау жөніндегі шараларын үйлестіру. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына сәйкес жұмыстарды жүргізу. Азаматтарды жеке сұрақтар бойынша қабылдайды. Ауылдық округі аумағында спорттық іс шараларды ұйымдастырып, жүргізу. Жергілікті салықтардың түсімін қадағалау. Ауылдық округ аумағында халықтың денсаулығын адам мен жануарларға ортақ аурулардан қорғау, қоршаған ортаның ластануының алдын-алу және оны жоюды жүзеге асыру.

Аудан әкімдігінің ауыл шаруашылық бөлімдерімен және аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасымен бірлесіп, іс-қимыл жасау.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе білім немесе ветеринария немесе құқық немесе техникалық ғылымдар және технологиялар.

Мамандығы – әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (жалпы) немесе білім (жалпы) немесе ветеринария (жалпы), немесе құқық (жалпы) немесе техникалық ғылымдар және технологиялар (жалпы).

Қазақстанның 2050 жылға дейінгі Даму Стратегиясын, Ветеринария саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сонымен қатар осы санаттағы нақты лауазымды сәйкесінше мамандандыру облыстарындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік–құқықтық актілерін білуі.



10. Үлгілі ауылдық округі әкімі аппаратының есепші бас маман, (№16-03), /E-G-3 санаты - 1 бірлік/

Функционалдық міндеттері:

Округ әкімі аппаратының есеп-қисап жұмыстарын жүргізеді, тиісті органдарға уақытылы есеп беру. Жұмсалатын қажетті қаржыларды жоспарлау. Бөлінген қаржыны дұрыс, әрі толық игерілуін ұйымдастыру.

Ауылдық округ әкімі аппаратының материалдық құндылықтарының есебін жүргізу. Қызметкерлердің айлық жалақыларын басқада төлемдердің уақытылы берілуін қадағалау. Ауылдық округтегі салық төлеушілердің жалпы саны салық мөлшерін анықтау және өндіру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес

Мамандығы: экономика немесе есеп және аудит.

Қазақстанның 2050 жылға дейінгі Даму Стратегиясын, «Бухгалтерлік», «Бюджеттік кодекс», «Мемлекеттік сатып алу туралы» және «Салық Кодексі» Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымды сәйкесінше мамандандыру облыстарындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.



11. Байзақ ауданы Қостөбе ауылдық округі әкімі аппаратының есепші бас маман, (№ 23-04), /E-G-3 санаты - 1 бірлік/

Функционалдық міндеттері:

Округ әкімі аппаратының есеп-қисап жұмыстарын жүргізу, тиісті органдарға уақтылы есеп беру. Жұмсалатын қажетті қаржыларды жоспарлау. Бөлінген қаржының дұрыс, әрі толық игерілуін ұйымдастыру.

Ауылдық округ әкімі аппаратының материалдық құндылықтарының есебін жүргізу. Қызметкерлердің айлық жалақыларын басқада төлемдердің уақтылы берілуін қадағалау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес.

Мамандығы: экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы.

Қазақстанның 2050 жылға дейінгі Даму Стратегиясын, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңдарын, «Бюджет кодексі», «Салық кодексі», осы санаттағы нақты лауазымды сәйкесінше мамандандыру облыстарындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.



12. Байзақ ауданы Суханбаев ауылдық округі әкімі аппаратының қаржы агенті бас маман, (№28-05), /E-G-3 санаты - 1 бірлік/

Функционалдық міндеттері:

Салық төлеушілердің жалпы салық және салық мөлшерін анықтау, өндірілмей келе жатқан салық қарыздарын өндіру. Жаңадан ашылған салық төлеушілерді тіркеуге алып, түсініктеме жұмыстарын жүргізу. Салық төлеушілермен кездесіп, салықты мерзімінде төлеудің қажеттілігін түсіндіру. Ауылдық округте жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілерінің орындалуын қамтамасыз ету. Мемлекеттік органдардың, заңды тұлғалардың және азаматтардың жер заңдарын, жерді тиімді пайдалану - мен қорғау жөніндегі шаралардың орындалуына бақылау жасау.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе құқық саласында.

Мамандығы: экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе статистика немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе құқықтану.

Қазақстанның 2050 жылға дейінгі Даму Стратегиясын, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Жер кодексі, Салық кодексі, осы санаттағы нақты лауазымды сәйкесінше мамандандыру облыстарындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік–құқықтық актілерін білуі.



13. Байзақ ауданы Бәйтерек ауылдық округі әкімі аппаратының қаржы – шаруашылық бөлімшесінің есепші бас маман, (№32-04-02), /E-G-3 санаты - 1 бірлік/

Функционалдық міндеттері:

Округ әкімі аппаратының есеп-қисап жұмыстарын жүргізу, тиісті органдарға уақтылы есеп беру. Жұмсалатын қажетті қаржыларды жоспарлап, оны мәслихатта бекіту. Бөлінген қаржының дұрыс, әрі толық игерілуін ұйымдастыру.

Ауылдық округ әкімі аппаратының материалдық құндылықтарының есебін жүргізу. Жұмысшы-қызметкерлердің айлық жалақыларын басқада төлемдердің уақтылы берілуін қадағалау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес.

Мамандығы: экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе еңбекті ұйымдастыру және нормалау.

Қазақстанның 2050 жылға дейінгі Даму Стратегиясын, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, осы санаттағы нақты лауазымды сәйкесінше мамандандыру облыстарындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу.



14. Байзақ ауданы Сарыкемер ауылдық округі әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімшенің ветеринар бас маман, (№25-04-03), /E-G-3 санаты - 1 бірлік/

Функционалдық міндеттері:

Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасына белгіленген тәртіппен ветеринариялық есепті жүргізіп, жинақтап, талдап оларды уәкілетті органға табыс етуін қамтамасыз етеді. Ауылшаруашылық, экономикалық салалары бойынша мемлекеттік бағдарламаларға сәйкес іс-шараларды жүзеге асырады. Аудан әкімі мен ветеринарлық бөлімі ауыл шаруашылық бөлімі, жергілікті атқарушы органдар және санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасымен бірлесіп іс қимыл жасау. Жануарлардың энзоотиялық және аса қауіпті аурулары бойынша ветеринариялық іс – шаралардың орындалуын және оларды жүргізуге бөлінген бюджеттік қаражаттың мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етеді. Әлеуметтік, идеологиялық, экономикалық салалары бойынша мемлекеттік бағдарламаларға сәйкес іс-шараларды жүзеге асыру. Азаматтарды жеке сұрақтар және арыз – шағымдармен қабылдайды. Бөлімше басшысының басқада тапсырмалар орындау.

Ауылдық округ аумағында халықтың денсаулығын адам мен жануарларға ортақ аурулардан қорғау, жануарларды аурулардан қорғау және оларды емдеуді ұйымдастыру, ветеринариялық – санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, тиісті әкімшілік – аумақтық бірліктің аумағын басқа мемлекеттерден жұқпалы және экзотикалық аурулардың әкелінуі мен таралуынан қорғау, жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асырған кезінде қоршаған ортаны ластаудың алдын – алу және оны жоюды жүзеге асырыуын қадағалау. Ауылдық округтегі лицензиялық мал дәрігердің жұмысына басшылық жасайды, ұйымдастырады және бақылайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – Ветеринария.

Мамандығы: ветеринарлық медицина немесе ветеринарлық санитария.

Қазақстанның 2050 жылға дейінгі Даму Стратегиясын, Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Ветеринария туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Жер Кодексі осы санаттағы нақты лауазымды сәйкесінше мамандандыру облыстарындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік–құқықтық актілерін білуі.



15. Үлгілі ауылдық округі әкімі аппаратының іс жүргізуші бас маман (уақытша, негізгі қызметкердің жұмысқа шыққанға дейін), (№ 16-02), /E-G-3 санаты - 1 бірлік/

Функционалдық міндеттері:

Округ әкімі жоқ кезінде міндетін атқару. Аппараттың регламенті мен жұмыс жоспарын дайындау. Аппарат қызметкерлерінің еңбек және орындаушылық тәртібінің орындалуын қамтамасыз ету. Аппараттағы нұсқаушы және нормативтік актілердің талаптарға сәйкес орындалуын қамтамасыз ету. Ауылдық округ әкімі аппаратының жұмысын жоспарлау, болжамдау, ұйымдастыру кіріс және шығыс құжаттарын нұсқауға сәйкес орындалуын қамтамасыз ету. Азаматтардың түскен арыз-шағымдарды тіркеп, мерзімінде орындалуын қадағалау. 1-ТӨ нысанды есебін жүргізу. Ауылдық округтегі мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары бойынша жұмыстарын жүргізеді.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі –әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе құқық немесе білім немесе ветеринария

Мамандығы – Экономика немесе құқықтану немесе білім (жалпы) немесе ветеринариялық медицина немесе ветеринарлық санитария.

«Қазақстанның – 2050» қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Стратегиясын білу, «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы», «Еңбек кодексі» және «Жер кодексі» осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.



16. Қызыл жұлдыз ауылдық округі әкімі аппаратының іс жүргізуші бас маман, (№ 24-03), /E-G-3 санаты - 1 бірлік/

Функционалдық міндеттері:

Ауылдық округ әкімі аппаратының регламентін және жұмыс жоспарын әзірлеу. Аппарат қызметкерлерінің еңбек және орындаушылық тәртібінің қамтамасыз ету. Кіріс және шығыс құжаттарды нұсқауға сәйкес жүргізілуін қамтамасыз ету. Кіріс және шығыс құжаттарды, азаматтардан түскен арыз-шағымдарды тіркеп, мерзімінде орындалуын қадағалау және оларға талдау жасау. 1-ТӨ нысанды есебін жүргізу. Ауылдық округтегі мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары бойынша жұмыстарын жүргізеді. Округ әкімінің басқа да тапсырмаларын орындау.

Округтегі құжат айналымын электрондық пошта арқылы бір жүйеге жүргізілуін қамтамасыз ету. Әлеуметтік, идеологиялық, салалары бойынша мемлекеттік бағдарламаларға сәйкес іс-шараларды жүзеге асырады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі –әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе білім немесе ауылшаруашылық ғылымдары немесе құқық немесе техникалық ғылымдар және технологиялар

Мамандығы – Экономика немесе білім (жалпы) немесе агрономия немесе құқықтану немесе ақпараттық жүйелер.

«Қазақстанның – 2050» қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Стратегиясын білу, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының Жер кодексі, Қазақстан Республикасының «Еңбек кодексі», осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік –құқықтық актілерін білу.



17. Байзақ ауданы Үлгілі ауылдық округі әкімі аппаратының әскери есеп жүргізуші жетекші маман «Б» корпусы, (16-05), /E-G-4 санаты -1 бірлік/

Функционалдық міндеттері:

Ауылдық округ аумағында жасөспірімдерді диспансеризациядан өтуін қамтамасыз ету. Ауылдық округ аумағында әскерге шақырушы жастарды дәрігерлік тексеруден өткізу үшін әскери комиссариатқа мерзімінде және толық баруын қамтамасыз ету. Запастағы жауынгерлер, сержанттар мен офицерлердің есебін жүргізу. «Әскери қызмет туралы», «Жалпыға бірдей әскери міндет туралы», «Азаматтық қорғаныс туралы» Заңдарының орындалуын қамтамасыз ету. Ауылдық округ аумағында білім беру, денсаулық сақтау мекемелерімен бірлесіп іс-қимыл жүргізу. Ауылдық округі аумағында ауыл шаруашылық, төтенше жағдайлар мен азаматтық қорғаныс жұмыстарын ұйымдастырып басшылық ету.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Мамандығы: жалпы.

«Қазақстанның – 2050» қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Стратегиясын білу, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жалпыға бірдей әскери міндет туралы», «Азаматтық қорғаныс туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымды сәйкесінше мамандандыру сәйкесті салаларындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

18. Байзақ ауданы Бәйтерек ауылдық округі әкімі аппаратының құжаттама құрылымдық бөлімшесінің жетекші маман «Б» корпусы, (32-03-04), /E-G-4 санаты -1 бірлік/

Функционалдық міндеттері:

Округтегі шаруашылықтар бойынша статистикалық есепке алуды жүзеге асырады. Ауылдық округтің шаруашылық жөніндегі №1 нысандағы кітаптарын, алфавиттік кітаптарын нұсқауға сәйкес жүргізілуін қамтамасыз ету. Ауыл әкімі аппаратындағы компьютерлерлік техниканың жұмысын барысын қадағалау. Сайлауға қатысты жұмыстарды ұйымдастырылуын, сайлаушылар санын анықтау.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Мамандығы: жалпы.

«Қазақстанның – 2050» қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Стратегиясын білу, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Сайлау туралы» Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымды сәйкесінше мамандандыру сәйкесті салаларындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы 06-7/32 бұйрығымен бекітілген мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға конкурс өткiзу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш (бұдан әрі-Қағида);

2) 3х4 үлгідегі суретпен Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;

3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда №6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органмен белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі).

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Конкурсқа қатысуға құқық беретін сертификатты алу үшін келесі тестілеу бағдарламалары қарастырылған:

Е-R-3 және Е-G-2 санаттары бойынша тестілеу бағдарламасы:

мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма);

логикалық тест (10 тапсырма);

Қазақстан Республикасының Конституциясы (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының конституциялық заңы, «Мемлекеттік қызмет туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ).

E-R-4, Е-G-3 және Е-G-4 санаттары бойынша тестілеу бағдарламасы:

мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма);

логикалық тест (10 тапсырма);

Қазақстан Республикасының Конституциясы (15 сұрақ), «Мемлекеттік қызмет туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ).

Құжаттарды қабылдау мерзiмi конкурс өткiзу туралы хабарландыру

соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күннің ішінде, жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша орналасқан Байзақ ауданы әкімі аппаратына тапсырылуы тиіс.

Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзiмiнде азаматтардың өздерi әкеліп берген немесе поштамен жiберген (қоса тіркелген

құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) құжаттары қабылданады.

Конкурсқа қатысу үшін көрсетілген құжаттарды электрондық почта арқылы берген азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға

дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірмей береді. Аталған құжаттардың түпнұсқасы берілмеген жағдайда тұлға әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейiн, құжаттарды қарау қорытындысы бойынша әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, әңгімелесуге жіберілгені туралы хабар алған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылы, Байзақ батыр көшесі, № 107, (№20 - кабинет) мекенжайында орналасқан Байзақ ауданы әкімі аппаратында әңігімелесуден өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі.



Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтерме ақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.

Аудан әкімі М. Шүкеев

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет