Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары



Дата05.07.2016
өлшемі141.95 Kb.
#179077
түріКонкурс
«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

Е-4 санаты үшін: жоғары білім; мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.

Е-G-1 санаты үшін: жоғары бiлiм; мемлекеттiк қызмет өтiлi екі жылдан кем емес; немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда жұмыс өтiлi үш жылдан кем емес; немесе жоғары және жоғары оқу орындарынан кейiнгi бiлiм бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы бiлiм беру ұйымдарында мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде немесе шетелдiң жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссия бекiтетiн басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы немесе ғылыми дәрежесiнiң бар болуы.

Е-G-3 санаты үшін: жоғары білім; мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.

Е-G-4 санаты үшiн: жоғары немесе ортадан кейiнгi бiлiм не орта техникалық немесе кәсiптiк бiлiм.
- «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агентігі Төрағасы бірінші орынбасарының 2008 жылғы 9 қаңтардағы № 02-01-02/5 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2008 жылы 10 қаңтардағы № 5084 болып тіркелген).

Мемлекеттік әкімшілік қызметкерлердің лауазымдық жалақылары:

Санаты

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты




min

max

Е-4

59578

80719

Е-G-1

94172

126844

Е-G-3

53812

72391

Е-G-4

48047

64703


«Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімінің аппараты» ММ (101000, Осакаровка к., Достық к. 33, анықтама үшін телефон: 8 (72149) 43317, факс: 8(72149) 43030, электрондық пошта: osak_kense2011@mail.ru) әкімшілік мемлекеттік лауазымдардың бос орындарына орналасуға конкурс жариялайды:
1. «Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімінің аппараты» ММ персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бөлімінің бас маманы (1 бірлік, № 2-1-1, Е-4 санаты).

Функционалдық міндеттері:

Ортақ тәртіптік жаза комиссиясының, ортақ аттестаттау комиссиясының, еңбек өтілін есептеу комиссясының хатшысы бола отырып, тәртіптік жаза комиссиясына, ортақ аттестаттау комиссиясына, еңбек өтілін есептеу комиссиясына аудан әкімі аппаратының, кенттер және селолық округтер әкімі аппараттарының, дербес бөлімдердің әкімшілік мемлекеттік қызметшілеріне қажетті құжаттарды дайындауды жүзеге асырады; аудан әкімі аппаратының, кенттер және селолық округтер әкімі аппараттарының, дербес бөлімдердің әкімшілік мемлекеттік қызметшілерін Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінен арнайы тексерістен өткізуге құжаттар рәсімдейді.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі - экономикалық немесе заңгерлік; Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

2. «Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімінің аппараты» ММ құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің бас маманы (1 бірлік, № 4-1-2, Е-4 санаты, 2016 жылдың 26 сәуіріне дейін негізгі қызметкердің бала күтіміне арналған демалыс кезеңіне).

Функционалдық міндеттері:

Мемлекеттік тілде азаматтардың сұрауларына жауап дайындау, оларды өтініш берушілердің өтініштері мен орындаущылары бойынша көбейту және жіберуді жүзеге асыру; мемлекеттік тілде іс жүргізу бойынша кенттер және селолық округі қызметкерлеріне тәжірибелі көмек көрсету; мемлекеттік тілді оқыту мектебін жүргізу, ұсыныстар мен кемшіліктерді жинақтау үшін жәшікшелер арқылы келіп түскен азаматтардың сұраулары мен өтініштері бойынша мониторинг жүргізу. Аудан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуге бақылау жүргізу. Аудан халқына көрсетілген мемлекеттік қызмет бойынша ақпаратты жинақтау.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі - заңгерлік немесе стандарттау, сертификаттау және метрология мамандығы бойынша техникалық; «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

3. «Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімінің аппараты» ММ ұйымдастырушылық жұмысы бөлімінің АҚ және ТЖ бойынша бас маманы (1 бірлік, № 3-1-2, Е-4 санаты).

Функционалдық міндеттері:

Бейбіт және соғыс уакытына арналған жоспарларды дайындау мен үйлестіру, қорғаныс жұмыстары бойынша аудан бөлімдерімен жұмыстарды үйлестіру; АҚ және ТЖ сұрақтары бойынша кенттер және селолық әкімдермен, сонымен қатар АҚ және ТЖ аумақтық құралымдар басшыларымен және АҚ және ТЖ аудандық қызметтерімен оқу кәсіби жұмыстарын жоспарлау және жүргізу; жоғары тұрған органдарға уақытылы шұғыл білдірмелер мен басқа да есеп құжаттарын ұсыну; барлық республикалық және облыстық оқыту курсы санаттарының өтуінің есебін жүргізу, сонымен қатар АҚ және ТЖ нысандарының және аумақтық құрылымдарының әмірлі және сарбазды құрамдарымен жаттығу оқуларының өткізуін бақылау; ауданның мектепке дейінгі тәрбие мекемелері мен оқу орындарында төтенше жағдай уақытында қабылданатын әрекет дағдыларын үйретуін үйлестіру.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі - техникалық; «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

4. «Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімінің аппараты» ММ құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің құжаттамалық қамтамасыз ету бойынша бас маманы (1 бірлік, № 4-1-1, Е-4 санаты).

Функционалдық міндеттері:

Келіп түскен хаттарды өңдеу, жазба өтініштердің және құжаттардың мерзімінде орындалуын қарастыруды қадағалау; аудан мұрағатына істердің мерзімінде және дұрыс жіберілуін қадағалау; бақылауға қойылған құжаттардың орындалу мерзімдерін есепке алу және бақылау; облыс және аудан әкімінің бақылаудағы қаулылары мен өкімдері, іскер хаттары мен факстерінің жиынтық тізімін жасау, азаматтардың жазбаша өтініштерін тоқсандық анализ жүргізу; «Азаматтардың өтініштерін қарастыру туралы» №1-ОГ түріндегі есеп берулерді дайындау; электронды құжат айналымын жүргізу.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі - құжаттандыру немесе басқарманы құжаттамамен қамтамасыз ету мамандықтары бойынша немесе заңгерлік, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

5. Осакаров ауданының Молодежный кенті әкімінің орынбасары (1 бірлік, № 1-1-2, Е-G-1 санаты).

Функционалдық міндеттері:

Кент әкімі өткізетін кеңестер мен комиссия отырыстарына ақпарат даыйндайды, кент азаматтары өкілдерінің жиналыстарын, тұрңындар жиылыстарын өткізіп ұйымдастыруына қатысады, кенттің өнеркәсіп кәсіпорындарының, энергетиканың, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы жұмысын жетекшелейді, көріктендіру, санитарлық тазалық, көктендіру және жарықтандыру жұмыстарымен айналысады, тұрғындар жиылысында қабылданған шешімдердің орындалуын қамтамасыз етеді.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі - техникалық немесе экономикалық; «Қазакстан Республикасындағы жергілікті мемлекетік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

6. Молодежный к. (1 бірлік, № 1-2-1, Е-G-3 санаты), Ақбұлақ с/о (1 бірлік, № 1-2-6, Е-G-3 санаты, 2014 жылғы 05 қаңтарға дейін негізгі қызметкердің бала күтіміне арналған демалыс кезеңіне), Тельман с/о (1 бірлік, № 1-2-9, Е-G-3 санаты), Иртыш с/о (1 бірлік, № 1-2-10, Е-G-3 санаты), Есіл с/о (1 бірлік, № 1-2-14, Е-G-3 санаты) әкімдері аппараттарының бас мамандары.

Функционалдық міндеттері:

Заң шығару ҚР Президентінің актілерін, Үкімет актілерін, аудан әкімі және аудан әкімдігінің актілерінің орындалуын бақылауды жүзеге асыру, кеңсе ісін жүргізу нұсқауына сәйкес және Президент пен Үкімет заң шығару актілеріне сәйкес жұмыс тәртібімен қамтамасыз ету, іс жүргізу бойынша нұсқау, келіп түскен құжаттарды есепке алуды жүзеге асыру, іскерлік құжаттардың орындалуын бақылау, азаматтардың өтініштерін, ААЖ АБАЕ нұсқасы бойынша есеп құру, түрлі құжаттарды куәландырып, рәсімдейтін жұмыстарды жүргізу мен ҚР заңдарында көрсетілген тәртіп бойынша азаматтық хал актілерін тіркеу.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі - құжаттандыру немесе басқарманы құжаттамамен қамтамасыз ету мамандықтары бойынша, экономикалық, заңгерлік, «қазақ тілі және әдебиеті», «орыс тілі және әдебиеті» мамандықтары бойынша педагогикалық; «Қазакстан Республикасындағы жергілікті мемлекетік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

7. Осакаровка к. (1 бірлік, № 1-3-1, Е-G-3 санаты), Молодежный к. (1 бірлік, № 1-3-2, Е-G-3 санаты), Дальний с/о (1 бірлік, № 1-3-3, Е-G-3 санаты), Озерный с/о (1 бірлік, № 1-3-4, Е-G-3 санаты), Садовый с/о (1 бірлік, № 1-3-5, Е-G-3 санаты), Тельман с/о (1 бірлік, № 1-3-6, Е-G-3 санаты), Трудовой с/о (1 бірлік, № 1-3-7, Е-G-3 санаты) әкімдері аппараттарының бас мамандары.

Функционалдық міндеттері:

Бюджет жобасын, жылдық, айлық, тоқсандық және жылдық баланс, есептер, бас кітапты жүргізу, нақты шығыс және кассалық тарату шығыс сметасын дайындау. Специфика бойынша ақша қаражатын, банк операциясын, зейнеткерлік төлем бойынша, жүйе бойынша есепті, шектелімдерді, автотранспорт жұмысын бөлу, негізгі қаражаттың қозғалысы туралы және материалды емес активті, күрделі құрылыс инвестициясын игеру есебі. Қызметтердің еңбекақылық төлемдері төлеу, кассалық кітапты жүргізу.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі - экономикалық; «Қазакстан Республикасындағы жергілікті мемлекетік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

8. Мирный с/о (1 бірлік, № 1-4-1, Е-G-3 санаты), Родниковск с/о (1 бірлік, № 1-4-2, Е-G-3 санаты), Құндызды с/о (1 бірлік, № 1-4-3, Е-G-3 санаты), Пионер с/о (1 бірлік, № 1-4-4, Е-G-3 санаты), Николаевка с/о (1 бірлік, № 1-4-5, Е-G-3 санаты), Иртыш с/о (1 бірлік, № 1-4-6, Е-G-3 санаты), Қаратомар с/о (1 бірлік, № 1-4-8, Е-G-3 санаты) әкімдері аппараттарының бас мамандары.

Функционалдық міндеттері:

Жергілікті салық жинау бақылауын жүзеге асыру. Әкімнің қатысуымен өткізілген жиналыстар өткізу, тұрғындардың жиыны, мемлекеттік тілде іс жүргізу үшін құжаттарымен көмек көрсету, электрқуатын, су пайдалануға қаражат жинау бақылауын, жастармен жұмыс, ӘМК алу құжаттарын дайындау.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі - құжаттандыру немесе басқарманы құжаттамамен қамтамасыз ету мамандықтары бойынша, экономикалық, заңгерлік, техникалық, «қазақ тілі және әдебиеті», «орыс тілі және әдебиеті» мамандықтары бойынша педагогикалық; «Қазакстан Республикасындағы жергілікті мемлекетік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

9. Молодежный к. (1 бірлік, № 1-6-2, Е-G-3 санаты), Батпақ с/о (1 бірлік, № 1-6-3, Е-G-3 санаты), Пионер с/о (1 бірлік, № 1-6-4, Е-G-3 санаты), Есіл с/о (1 бірлік, № 1-6-5, Е-G-3 санаты) әкімдері аппараттарының бас мамандары.

Функционалдық міндеттері:

Келісім-шарт жасасу, конкурс процедураларын өткізу, мемлекеттік сатыпалулар жоспарларын құру мен дайындаудағы жетекшілікті қамтамасыз ету. Нысандардың паспортизациясы мен тіркеуін ұйымдастыруын қамтамасыз етеді. Әкім аппараты жұмысына қатысты ережелер мен қаулыларды, Қазақстан Республикасының заңнама жобаларының сараптамасын ұйымдастырады, заңгерлік қызметке қатысты құжаттарды рәсімдейді, Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес әкім аппаратының өкімдері мен қаулылары құжаттарын тексеру.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі - заңгерлік; «Қазакстан Республикасындағы жергілікті мемлекетік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

10. Молодежный к. әкімі аппаратының бас маманы (1 бірлік, № 1-7-1, Е-G-3 санаты).

Функционалдық міндеттері:

Өнеркәсіп кәсіпорындарымен, тұрғын шаруашылығының қызметтерімен, энергетика, инженерлік от жағушы жүйелермен, телефондық және кенттің басқа да тораптарымен байланыс ұстайды, кент әкімі өткізетін кеңесіне, азаматтар жиылысына және кент әкімінің есебіне ақпарат дайындайды, жиылыста, жиналыста, ПИК қабылданған тапсырмалардың және шешімдердің орындалуын қамтамасыз етеді.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі - техникалық; «Қазакстан Республикасындағы жергілікті мемлекетік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

11. Молодежный к. әкімі аппаратының бас маманы (1 бірлік, № 1-9-1, Е-G-3 санаты).

Функционалдық міндеттері:

Көріктендіру, санитарлық тазалық, көктендіру және жарықтандыру жұмыстарын жетекшілейді. ПИК, АҚ және ТЖ қызметтері бойынша бойынша құжаттамаларды жүргізеді және жұмысын үйлестіреді. Қазақстан Республикасының ағымды заңнамасы бойынша әкім аппараты қызметкерлерін ауызекі және жазба түрінде кеңес жүргізеді.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – техникалық немесе заңгерлік; «Қазакстан Республикасындағы жергілікті мемлекетік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

12. Молодежный к. әкімі аппаратының бас маманы (1 бірлік, № 1-8-1, Е-G-3 санаты).

Функционалдық міндеттері:

Кент әкімінің өткізетін кеңесіне әкімнің есебін және тұрғындардың жиылысына ақпарат дайындайды. Кенттің жыл сайынғы әлеуметтік картасын құрады, кенттің жалғыз қайтыс болған тұрғындарының жерлеуін ұйымдастырады, сайлауды дайындау мен өткізу, халықты қайта есептеу бойынша жұмыстар атқарады, кенттегі мерзімді жазбаларға жазылуды ұйымдастыру бойынша жұмысты жетекшелейді, мемлекеттік және кәсіби мейрамдарды, жалпы кенттік айтулы күндер мен оқиғалардың мейрамдардын өткізу бойынша жұмыстарды ұйымдастырады, құқықтық білім мектебін жүргізеді, кент тұрғындарына жұмысқа тұруына көмек көрсетеді, МБЖ, АӘК, тұрғын жәрдемақыны алуға құжаттар дайындайды.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – әлеуметтік жұмыс мамандығы немесе жергілікті және мемлекеттік басқару; «Қазакстан Республикасындағы жергілікті мемлекетік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

13. Молодежный к. (1 бірлік, № 1-16-2, Е-G-3 санаты), Батпақ с/о (1 бірлік, № 1-16-3, Е-G-3 санаты), Құндызды с/о (1 бірлік, № 1-16-23, Е-G-3 санаты), Родниковск с/о (1 бірлік, № 1-16-16, Е-G-3 санаты), Тельман с/о (1 бірлік, № 1-16-17, Е-G-3 санаты), Иртыш с/о (1 бірлік, № 1-16-20, Е-G-3 санаты), Чапаев с/о (1 бірлік, № 1-16-21, Е-G-3 санаты), Қаратомар с/о (1 бірлік, № 1-16-22, Е-G-3 санаты), Сарыозек с/о (1 бірлік, № 1-16-15, Е-G-3 санаты), Пионер с/о (1 бірлік, № 1-16-19, Е-G-3 санаты), Ақбұлақ с/о (1 бірлік, № 1-16-14, Е-G-3 санаты) әкімдері аппараттарының ветеринария бойынша бас мамандары.

Функционалдық міндеттері:

Ауданның аумағында ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ветеринарлық шаралар жоспарын әзірлеу. Жануарлардың аса қауіпті ауруларының алдын алу бойынша ветеринарлық дәрі-дәрмектерді сақтауды, тасымалдауды (жеткізуді) ұйымдастыру және қамтамасыз ету. Алдын алу мен диагностикасы бюджеттік қаражат есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізіміне ұсыныстар енгізу.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі - ветеринария немесе ветеринарлық медицина мамандықтары бойынша; «Қазакстан Республикасындағы жергілікті мемлекетік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

14. Шідерті с/о (1 бірлік, № 1-13-5, Е-G-4 санаты), Маржанкөл с/о (1 бірлік, № 1-13-7, Е-G-4 санаты), Ақбұлақ с/о (1 бірлік, № 1-13-8, Е-G-4 санаты), Құндызды с/о (1 бірлік, № 1-13-9, Е-G-4 санаты), Пионер с/о (1 бірлік, № 1-13-10, Е-G-4 санаты), Чапаев с/о (1 бірлік, № 1-13-13, Е-G-4 санаты), Иртыш с/о (1 бірлік, № 1-13-14, Е-G-4 санаты), Қаратомар с/о (1 бірлік, № 1-13-16, Е-G-4 санаты) әкімдері аппараттарының жетекші мамандары.

Функционалдық міндеттері:

Бюджет жобасын, жылдық, айлық, тоқсандық және жылдық баланс, есептер, бас кітапты жүргізу, нақты шығыс және кассалық тарату шығыс сметасын дайындау. Специфика бойынша ақша қаражатын, банк операциясын, зейнеткерлік төлем бойынша, жүйе бойынша есепті, шектелімдерді, автотранспорт жұмысын бөлу, негізгі қаражаттың қозғалысы туралы және материалды емес активті, күрделі құрылыс инвестициясын игеру есебі. Қызметтердің еңбекақылық төлемдері төлеу, кассалық кітапты жүргізу.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі - экономикалық; «Қазакстан Республикасындағы жергілікті мемлекетік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

15. Осакаровка к. (1 бірлік, № 1-11-1, Е-G-4 санаты), Шідерті с/о (1 бірлік, № 1-11-8, Е-G-4 санаты) әкімдері аппараттарының жетекші мамандары.

Функционалдық міндеттері:

Заң шығару ҚР Президентінің актілерін, Үкімет актілерін, аудан әкімі және аудан әкімдігінің актілерінің орындалуын бақылауды жүзеге асыру, кеңсе ісін жүргізу нұсқауына сәйкес және Президент пен Үкімет заң шығару актілеріне сәйкес жұмыс тәртібімен қамтамасыз ету, іс жүргізу бойынша нұсқау, келіп түскен құжаттарды есепке алуды жүзеге асыру, іскерлік құжаттардың орындалуын бақылау, азаматтардың өтініштерін, ААЖ АБАЕ нұсқасы бойынша есеп құру, түрлі құжаттарды куәландырып, рәсімдейтін жұмыстарды жүргізу мен ҚР заңдарында көрсетілген тәртіп бойынша азаматтық хал актілерін тіркеу.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – экономикалық немесе заңгерлік; «Қазакстан Республикасындағы жергілікті мемлекетік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

16. Дальний с/о (1 бірлік, № 1-12-4, Е-G-4 санаты), Маржанкөл с/о (1 бірлік, № 1-12-6, Е-G-4 санаты), Сарыөзек с/о (1 бірлік, № 1-12-14, Е-G-4 санаты), Чапаев с/о (1 бірлік, № 1-12-15, Е-G-4 санаты), Шідерті с/о (1 бірлік, № 1-12-16, Е-G-4 санаты) әкімдері аппараттарының жетекші мамандары.

Функционалдық міндеттері:

Жергілікті салық жинау бақылауын жүзеге асыру. Әкімнің қатысуымен өткізілген жиналыстар өткізу, тұрғындардың жиыны, мемлекеттік тілде іс жүргізу үшін құжаттарымен көмек көрсету, электрқуатын, су пайдалануға қаражат жинау бақылауын, жастармен жұмыс, ӘМК алу құжаттарын дайындау.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – құжаттандыру немесе басқарманы құжаттамамен қамтамасыз ету мамандықтары бойынша, экономикалық, педагогикалық, заңгерлік, техникалық; «Қазакстан Республикасындағы жергілікті мемлекетік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

17. Осакаровка к. (1 бірлік, № 1-14-1, Е-G-4 санаты), Пионер с/о (1 бірлік, № 1-14-3, Е-G-4 санаты) әкімдері аппараттарының жетекші мамандары.

Функционалдық міндеттері:

Мемлекеттік сатыпалулар бойынша жоспар құрады және дайындайды, конкурс құжаттамаларын дайындайды, конкурс процедураларының өткізуін ұйымдастырады, келісім-шарттарды құрады. Келісім шарт бойынша міндеттерін орындау сұрақтары бойынша мердігерлермен жұмыстар жүргізеді. Өткізілген мемлекеттік сатыпалулар бойынша есеп берулер тапсырады.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – заңгерлік немесе экономикалық; «Қазакстан Республикасындағы жергілікті мемлекетік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар (өкілетті орган белгілеген нысандағы өтініш; өкілетті орган белгілеген нысандағы сауалнама; білім туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмелері; еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылғы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі; құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органмен белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат) осы хабарландыру соңғы жарияланған күннен бастап 10 жұмыс күннің ішінде көрсетілген мекенжай бойынша тапсырылуы тиіс.

Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтардың өздері әкеліп берген немесе поштамен жіберген (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) құжаттары қабылданады.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер «Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімінің аппараты» ММ әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде өтеді.

Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтерме ақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.



Сертификат алу үшін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментіне келесі мекенжай бойынша хабарласу қажет: Қарағанды қаласы, Бейбітшілік бульвары, 39, 205 бөлме, анықтама телефоны: 8(7212) 42-13-23.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің сайты: www.kyzmet.gov.kz

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет