Конкурстың бірінші мектепішілік кезеңі Өткізу тәртібі білім беру мекемесі директорының бұйрығымен анықталады



Дата02.07.2016
өлшемі77.54 Kb.
#173075
түріКонкурс


«Turan-junior – 2016»

мектеп оқушылары арасындағы ең үздік ғылыми жұмысТардЫҢ XIIІ қалалық конкурсЫ
өткізу тәртібі




Іс-шара

Мерзімі

Ескерту

1.

Конкурстың бірінші мектепішілік кезеңі

Өткізу тәртібі білім беру мекемесі директорының бұйрығымен анықталады



2.

Жобалар мен қосымша құжаттарды қабылдау

1-11 наурыз

Мына телефон арқылы: 260-40-17 (ішкі 763) техникалық хатшымен алдын ала келісіп алу қажет.

1-қосымшаны қара

3.

Конкурстың екінші кезеңінің бірінші туры. Ашық түрде қорғауға жобаларды іріктеу

14–18 наурыз

Екінші турға өткен қатысушылар тізімі университет сайтына орналастырылады.

1-қосымша қара


4.

4.1


Қалалық кезеңнің екінші туры.
Ғылыми жобаларды ашық қорғау

1сәуір

Түсініктемелер, толықтырулар –

қосымшаларда.

Қорғау кестесі 30.03.2014ж. университет сайтына орналастырылады



4.2

4.2.1


4.2.2


Шығармашылық конкурстар

ІII Фотосуреттер

IІ Кинофестиваль

1.04



Түсініктемелер, толықтырулар –қосымшаларда.

От.Секеева А.М



5

Жоғары сынып оқушыларының қалалық конференциялары

5.1

ІV «Қазақстан және әлем: тарихы, мәдениеті, аймақтануы» қалалық конференциясы


7 сәуір

Түсініктемелер, толықтырулар –

8-қосымшада


5.2

ІIІ «Қазақстандағы туризм: мүмкіндіктері, проблемалары, даму болашағы» қалалық конференциясы


8 сәуір

Конференциялардың бағдарламалары 7.04.2015 ж. университет сайтына орналастырылады


5.3

ІІ «Қазақстан экономикасының қазіргі үрдістері» қалалық конференциясы


11 сәуір

Түсініктемелер, толықтырулар –

8-қосымшада.

Конференциялардың бағдарламалары 9-10.04.2015 ж. университет сайтына орналастырылады




5.4

ІІ «Психология және Мен» қалалық конференциясы

12 сәуір

5.5

І «Қазақ филологиясы мен әдебиеті: болашаққа көзқарас» қалалық конференциясы

13 сәуір

5.6

І «Физика және техниканың қазіргі заман мәселелері» қалалық конференциясы

14 сәуір

6.

6.1

6.2

6.3.


Соңғы іс-шара. Қорытындылар шығару, жеңімпаздарды марапаттау.

II «Ғылым және мектеп» атты қалалық конференциясы

Фотокөрме


Іс-шара күнін сайттан біле аласыздар

Соңғы іс-шара «Тұран» университетінің акт залында өткізіледі. Конференцияға қатысуға байқауға қатысушылар, мектептік ғылыми қоғамдар, білім беру ұйымдарының жетекшілері және басқа да қызығушылық танытушылар шақырылады.


1-қосмыша
Ескерту


  1. Баянаманы, тезисті және CD-ді «Turan-junior» мектеп оқушылары арасындағы ең үздік ғылыми жұмыстардың қалалық конкурсы туралы Ережеге сәйкес ресімдеңіз.

Әсіресе, оқушылар мен ғылыми жетекшілер аты-жөндерінің баяндамада, тезистерде және қосымша құжаттарда дұрыс жазылуын мұқият тексеріңіз.

  1. Конкурстың екінші кезеңіне қатысушылар тізімі (ашық қорғау) сайтқа 18 наурыз күні сағат 10.30 орналастырылады

Екінші турға өткен қатысушылар тізімі сайтқа орналастырылған соң, оқушылар мен ғылыми жетекшілер аты-жөнінің, сонымен қатар баяндама тақырыбының дұрыс жазылуын мұқият тексеріңіз. Қатені тапқан жағдайда Нургалиева Айдана Бахытқызына 260-40-17 (ішкі номер 763) телефоны арқылы хабарлаңыз, әйтпесе, марапаттау құжаттарының ресімделуіне қатысты наразылықтар қабылданбайды.
2-қосымша

2. Ғылыми зерттеулердің бағыттары (секциялар)



  1. физика, техника, жер және ғарыш ғылымдары;

  2. математика, информатика;

  3. экономика

  4. құқықтану;

  5. химия, экология

  6. биология, экология;

  7. тарих, мәдениет, аймақтану;

  8. тіл білімі, әдебиет (қазақ тілі)

  9. тіл білімі, әдебиет (орыс тілі)

  10. тіл білімі, әдебиет (ағылшын тілі)

11) география, өлкетану, туризм;

12) психология;

13) дінтану
3-қосымша
«Тарих, мәдениет, аймақтану» секциясы бойынша қорғау өткізуге түсініктеме.

Мектеп оқушылары арасында ең үздік ғылыми жұмыстардың қалалық конкурсында «Тарих және мәдениет» секциясына «Аймақтану» бағыты енгізілді.



Аймақтану (шетелдік аймақтану) казақстандық жоғары білім жүйесінде салыстырмалы түрде жаңа мамандық болып табылады, оның пайда болуы –сән қуалаушылық емес, уақыт талабы. Бұл нақты аймақты, жеке елді немесе елдер тобын кешенді зерттеу қажеттілігімен байланысты. Аймақтанулық білімнің беделдігі барлық – экономикалық, саяси, мәдени, діни, әлеуметтік, демографиялық және т.б. аспектілерді ескере отырып, оқиғалар дамуын талдап болжай алатын мамандар қажеттілігімен түсіндіріледі. Сондықтан аймақтану –еңбек нарығында аса қажетті мамандық. Аймақтанушының ой-өрісі кең болу қажет және оған қоса ол саясат, экономика, халықтың түрлі топ өкілдерінің қарым-қатынасы және түрлі конфессиялар мәселелеріне қатысты кез келген елге тән көптеген өзгешеліктерді білуі қажет.

Бұл мамандық түрлі ғылыми салалар білімін өзінде біріктіруінің арқасында аймақтанушы өзінің кәсіби қабілеттілігін көптеген салаларда пайдалана алады.


4-қосымша
«Дінтану» секциясы бойынша ашық қорғау өткізу туралы түсініктеме
Мектеп оқушылары арасында ең үздік ғылыми жұмыстың қалалық конкурсына «Дінтану» бағыты енгізілді.

Ұлтаралық шиеленістер, дінаралық және мәдениетаралық диалог жолдарын іздеу қарқыны өскен қазіргі қиын заманымызда дінтану ғана диалогтың орнауына үміт береді. Сондықтан бұл курс орта білім беру мекемелерінің бағдарламаларына енгізілген, ал 2015ж. бастап жоғары оқу орндарына да енгізілді.

Осы жылы конкурста аталмыш ғылымның түрлі аспектілерін зерттейтін жұмыстар болады деп үміттенеміз.


5-қосымша
Фотосуреттер конкурсына түсініктеме
Конкурсқа бір тақырып аясына біріктірілген қосымша құжаттармен 12 фотосурет ұсынылады:

  • мектеп өтініші мен жолдама қағазы («Turan-junior» конкурсы туралы Ереже, 1, 2-қосымшаларды қара);

Фотосуреттер ақ-қара және түрлі түсті болуы мүмкін. Өлшем: 15×20 бес фотосурет және 20×30 бес (автор ойынша ең үздіктері) қағаз және электрондық нұсқада (СD).

Фотосуреттің артқы жағында конкурсқа қатысушының аты-жөні, жасы, толтыру күні жазылуы тиіс, фотосурет нөмірі аннотация тізіміне сәйкес көрсетілуі тиіс.

Тақырып таңдауына шектеу жоқ.

6-қосымша

Кинофестивальға түсініктеме
«Turan-junior – 2016» қалалық конкурсы аясында жас кинематогравшылар конкурсы өткізіледі.

Қатысуға 2015 жылдан ерте түсірілмеген кез келген жанрдағы және шығармашылық шешімдегі (ойындық, ойындық емес, ғылыми-танымал кино, бағдарламалар, телесюжеттер) фильмдер жіберіледі. Әр қатысушыдан (шығармашылық топтан немесе жеке автордан) қоымша құжаттамамен бес фильмге дейін қабылданады:



  • мектеп өтініші мен жолдама қағазы («Turan-junior» конкурсы туралы Ереже, 1, 2 қосымшаны қар.);

  • Фильм DVD дискіде: AVI, MPEG, FLASH (дискке жазылған) форматында;

  • синопсис (фильмнің атауы және қысқаша мазмұны) қағаздық тасымалдауышта.

Фильм ұзақтығы – 3–10 минут. Осы талапқа сай келмейтін фильмдер катысуға жіберілмейді.

Қатігездікті, зорлықты, азғындықты насихаттайтын жұмыстар қарастырылмайды.

Тақырып таңдауына шектеу жоқ.

7- қосымша
Жоғары сынып оқушыларының конференциясын өткізуге түсініктеме
Конференциялар ашық қорғау қорытындылары бойынша өткізіледі. 9–11 сынып оқушыларының үздік жеті жобасы Евровидение жүйесі бойынша баяндамаларды балалар қазылар алқасы бағалайтын конференцияға қатысуға жіберіледі.

Әділқазылар ретінде мектептердің 11-сыныптарынан 25 оқушыдан шақырылады, олардың жобалары конференцияда көрсетіледі. Барлығы 175 адам. Балалар мектеп қатысушыларынан басқа қатысушылар тегі мен баяндама тақырыбы көрсетілген бюллетеньдер алады. Осылайша, әр баяндамашыға 150 адам дауыс береді.

Балалар қазылар алқасының сайлау қорытындылары конкурс қатысушысының бөлек нәтижесі болып табылады, яғни ашық қорғауда жеңіске жеткен және конференцияға қатысқандар екі сыйлықтан алады.

Тәжірибе көрсетіп отырғандай, ересек қазылар алқасы (ашық қорғауда) мен балалар қазылар алқасының (конференцияда) ойлары сай келмеуі мүмкін

Конференциялар бөлек қазақ және орыс тілдерінде өткізіледі.

Ұйымдастыру комитеті төрағасының

орынбасары, «Тұран» университетінің

ғылым және аккредиттеу

жөніндегі проректоры, п.ғ.д. С. К. Исламгулова


Орындаушы:

Нургалиева Айдана Бахытқызы , конкурстың техникалық хатшысы, ғылым және аккредиттеу жөніндегі проректор көмекшісі.

Телефондар: 260-40-17 (ішкі 763), +7 7473428503 ; e-mail: turan_nauka@mail.ru,

050000, Алматы қаласы, Сатпаев к-сі 16-18, 18А, «Тұран» университеті, 403 каб. Университет сайты: http://www.turan.edu.kz






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет