Мемлекеттік тілді оқыту курсы оқытушысын
конкурстық іріктеуден өткізу туралы хабарландыру
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесінің Қарағанды филиалы мемлекеттік тілді оқыту курсы оқытушысын іріктеу өткізу туралы хабарлайды.
1. Құжаттар қабылдау күні және орны:
- конкурсқа қатысуға арналған құжаттар 2016 жылдың 04-10 ақпан аралығында мына мекенжай бойынша: 100000, Қарағанды қаласы, Бұқар жырау даңғылы, 19, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесінің Қарағанды филиалы, 51 кабинет, конкурсқа қатысушының кері мекенжайы көрсетілген (өзінің тапсырған немесе пошта арқылы жіберген) конвертте немесе Ainur.Yerbekeyeva@nationalbank.kz электронды поштасы бойынша электронды түрде қабылданады.
2. Конкурстық іріктеуге қатысушыларға қойылатын талаптар:
«Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті», «Қазақ тілі мен әдебиеті» немесе аталғандарға ұқсас мамандық бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) филологиялық білімі;
қазақ тілін оқыту тәжірибесі кем дегенде 5 (бес) жыл;
ғылыми дәрежесі (құпталады);
3. Конкурсқа қатысушылар талаптарға сәйкестігін растау үшін ұсынатын құжаттар тізбесі:
- жалпы мәліметтерді көрсетумен конкурстық іріктеуге қатысушының түйіндемесі;
- жеке тұлғалар үшін азаматтық іс-әрекетке қабілетін растайтын құжаттардың көшірмелері (жеке куәлігі немесе төлқұжаты);
- жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі туралы дипломдарының нотариалды куәландырылған көшірмелері;
- ұсынымдар (бар болған жағдайда);
- білімі, жұмыс тәжірибесі, кәсіби деңгейіне қатысты өзге құжаттардың көшірмелері (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, санатының болуы, ғылыми жарияланымдары туралы, сертификаттар, мінездемелер, ұсынымдар, олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын өзге де мәліметтер) (бар болған жағдайда).
4. Жауапты адам конкурстық іріктеу өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімдерінде мөр басылған конвертте қолына, пошта арқылы немесе электрондық түрде электрондық пошта арқылы қабылдайды.
5. Конкурстық іріктеуді өткізуге қатысты іс-шараларды ұйымдастыру үшін жауапты адам конкурстық комиссия шешім қабылдағаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде
кандидаттарды әңгімелесу өткізу күні туралы;
әңгімелесуге рұқсат беруден бас тарту алған конкурстық іріктеуге қатысушыларды конкурстық комиссияның шешімі туралы хабардар етеді.
6. Мемлекеттік тіл курсын өткізу бойынша ақылы қызмет көрсету шартының маңызды талаптары, сондай-ақ ақы төлеу мөлшері және шарттары:
- конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған конкурсқа қатысушылармен мемлекеттік тілді оқыту курсын өткізу бойынша ақылы қызмет көрсету шарты жасалады;
- бір академиялық сағаттың құны Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес төлеуші есебінен табыс салығының ұсталуымен 4 050 теңге.
7. Жауапты бөлімшенің (жауапты адамның) орналасқан жері, пошталық мекенжайы, телефон нөмірлері, электрондық поштаның мекенжайлары:
- 100000, Қарағанды қаласы, Бұқар жырау даңғылы, 19, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесінің Қарағанды филиалы, құжаттар 51 кабинетте қабылданады, тел. 8(7212) 41-91-78 А.Т.Ербекеева, электрондық пошта Ainur.Yerbekeyeva@nationalbank.kz.
Сонымен қатар, құжаттар пакетін толық ұсынбау конкурстық комиссияның оларды қараудан бас тарту үшін негіз болады.
Достарыңызбен бөлісу: |