Конкурстық іріктеуден өткізу т уралы хабарландыру



Дата16.06.2016
өлшемі26.53 Kb.
#140064
түріКонкурс
Мемлекеттік тілді оқыту курсы оқытушысын

конкурстық іріктеуден өткізу туралы хабарландыру
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесінің Қызылорда филиалы мемлекеттік тілді оқыту курсы оқытушысына іріктеу өткізу туралы хабарлайды.

1. Құжаттар қабылдау күні және орны:

- конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар конкурстық іріктеу өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 2016 жылдың 04 мен 10 ақпаны аралығында мына мекенжай бойынша: 120015, Қызылорда қаласы, Бекзатхан Асқар көшесі, 30-үй, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесінің Қызылорда филиалы, конкурсқа қатысушының мекенжайы көрсетілген (өзінің тапсырған немесе почта арқылы жіберген) конвертте немесе kuz_80@nationalbank.kz электрондық почта арқылы қабылданады.



2. Конкурстық іріктеуге қатысушыларға қойылатын талаптар:

«Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті», «Қазақ тілі мен әдебиеті» немесе аталғандарға ұқсас мамандық бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) филологиялық білімі;

қазақ тілін оқыту тәжірибесі кем дегенде 5 (бес) жыл;

ғылыми дәрежесі (құпталады);



3. Конкурсқа қатысушылар талаптарға сәйкестігін растау үшін ұсынатын құжаттар тізбесі:

- жалпы мәліметтерді көрсетумен конкурстық іріктеуге қатысушының түйіндемесі;

- жеке тұлғалар үшін азаматтық іс-әрекетке қабілетін растайтын құжаттардың көшірмелері (жеке куәлігі немесе төлқұжаты);

- жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі туралы дипломдарының нотариалды куәландырылған көшірмелері;

- ұсынымдар (бар болған жағдайда);

- білімі, жұмыс тәжірибесі, кәсіби деңгейіне қатысты өзге құжаттардың көшірмелері (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, санатының болуы, ғылыми жарияланымдары туралы, сертификаттар, мінездемелер, ұсынымдар, олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын өзге де мәліметтер) (бар болған жағдайда).



4. Жауапты адам конкурстық іріктеу өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімдерінде мөр басылған конвертте қолына, почта арқылы немесе электрондық түрде электрондық почта арқылы қабылдайды.

5. Конкурстық іріктеуді өткізуге қатысты іс-шараларды ұйымдастыру үшін жауапты адам конкурстық комиссия шешім қабылдағаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде

кандидаттарды әңгімелесу өткізу күні туралы;

әңгімелесуге рұқсат беруден бас тарту алған конкурстық іріктеуге қатысушыларды конкурстық комиссияның шешімі туралы хабардар етеді.

6. Мемлекеттік тіл курстарын өткізу бойынша ақылы қызмет көрсету шартының маңызды талаптары, сондай-ақ ақы төлеу мөлшері және шарттары:

- конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған конкурсқа қатысушылармен мемлекеттік тілді оқыту курстарын өткізу бойынша ақылы қызмет көрсету шарты жасалады;

- 1 (бір) академиялық сағаттың құны Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес төлеуші есебінен табыс салығының ұсталуымен 5 000 (бес мың) теңгені құрайды;

7. Жауапты бөлімшенің (жауапты адамның) орналасқан жері, почталық мекенжайы, телефондары мен факс нөмірлері, электрондық почтаның мекенжайлары:

- 120015, Қызылорда қаласы, Бекзатхан Асқар көшесі, 30-үй, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесінің Қызылорда филиалы, құжаттар 112-кабинетте қабылданады, тел.8(7242) 27-22-15, электрондық почта - kuz_80@nationalbank.kz.;



8. Құжаттар топтамасын ұсыну мерзімінің басталуы – 2016 жылғы 04 ақпан сағат 9:00-ден бастап, құжаттар топтамасын ұсынудың аяқталу мерзімі – 2016 жылғы 10 ақпанда сағат 18:00.
Сонымен қатар, құжаттар пакетін толық ұсынбау конкурстық комиссияның оларды қараудан бас тарту үшін негіз болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет