Конкурстық іріктеуді қайта өткізу т уралы хабарландыру



Дата04.07.2016
өлшемі49.5 Kb.
#176014
түріКонкурс
Мемлекеттік тілді оқыту курсы оқытушысын

конкурстық іріктеуді қайта өткізу туралы хабарландыру
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесінің Орталық филиалы (Астана қаласы) мемлекеттік тілді оқыту курсы оқытушысын конкурстық іріктеуді қайта өткізу туралы хабарлайды.
1.Құжаттар қабылдау күні және орны:

конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар конкурстық іріктеуді қайта өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 2016 жылдың


12-19 ақпан аралығында мына мекенжай бойынша: 010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 21-үй, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесінің Орталық филиалы (Астана қаласы), конкурсқа қатысушының мекенжайы көрсетілген (өзінің тапсырған немесе почта арқылы жіберген) конвертте немесе ast_80@nationalbank.kz.) электрондық почта арқылы қабылданады.
2.Конкурстық іріктеуге қатысушыларға қойылатын талаптар:

«Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті», «Қазақ тілі мен әдебиеті» немесе аталғандарға ұқсас мамандық бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) филологиялық білімі;

қазақ тілін оқыту тәжірибесі кем дегенде 5 (бес) жыл;

ғылыми дәрежесі (құпталады).



3.Конкурсқа қатысушылар талаптарға сәйкестігін растау үшін ұсынатын құжаттар тізбесі:

жалпы мәліметтерді көрсетумен конкурстық іріктеуге қатысушының түйіндемесі;

жеке тұлғалар үшін азаматтық іс-әрекетке қабілетін растайтын құжаттардың көшірмелері (жеке куәлігі немесе төлқұжаты);

жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі туралы дипломдарының нотариалды куәландырылған көшірмелері;

ұсынымдар (бар болған жағдайда);

білімі, жұмыс тәжірибесі, кәсіби деңгейіне қатысты өзге құжаттардың көшірмелері (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, санатының болуы, ғылыми жарияланымдары туралы, сертификаттар, мінездемелер, ұсынымдар, олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын өзге де мәліметтер) (бар болған жағдайда).



4.Жауапты адам конкурстық іріктеу өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімдерінде мөр басылған конвертте қолына, почта арқылы немесе электрондық түрде электрондық почта арқылы қабылдайды.

5.Конкурстық іріктеуді өткізуге қатысты іс-шараларды ұйымдастыру үшін жауапты адам конкурстық комиссия шешім қабылдағаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде

кандидаттарды әңгімелесу өткізу күні туралы;

әңгімелесуге рұқсат беруден бас тарту алған конкурстық іріктеуге қатысушыларды конкурстық комиссияның шешімі туралы хабардар етеді.

6.Мемлекеттік тіл курстарын өткізу бойынша ақылы қызмет көрсету шартының маңызды талаптары, сондай-ақ ақы төлеу мөлшері және шарттары:

мемлекеттік тіл курстарын өткізу орны – Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 21-үй;

конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған конкурсқа қатысушылармен мемлекеттік тілді оқыту курстарын өткізу бойынша ақылы қызмет көрсету шарты жасалады;

оқыту процесінде «Қазақ тілін банк саласы қызметкерлеріне деңгейлеп оқыту бағдарламасы» пайдаланылады;

бөлінген сомасы – 1 (бір) академиялық сағатқа 4258 теңге 00 тиын;

мемлекеттік тіл курстарын өткізу бойынша нақты көрсетілген Қызметтің ақысы көрсетілген Қызметті қабылдау-өткізу актісіне сәйкес төленеді.



7.Жауапты бөлімшенің (жауапты адамның) орналасқан жері, почталық мекенжайы, телефондары мен факс нөмірлері, электрондық почтаның мекенжайлары:

010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 21-үй, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесінің Орталық филиалы (Астана қаласы), құжаттар 1.208-кабинетте қабылданады, тел.8(7172)703-328, электрондық почта -Turgalieva. a@nationalbank.kz.



Сонымен қатар, құжаттар пакетін толық ұсынбау конкурстық комиссияның оларды қараудан бас тарту үшін негіз болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет