Мемлекеттік тілді оқыту курсы оқытушысын іріктеуден өткізу туралы
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесінің Маңғыстау филиалы, 130000, Ақтау қаласы, 23 шағынаудан, интернет-ресурсы www.nationalbank.kz ҚРҰБ Маңғыстау филиалына мемлекеттік тілді оқыту курсы оқытушысын конкурстық іріктеуден өткізетінін хабарлайды.
Конкурстық іріктеуге қатысушыларға қойылатын талаптар:
-
«Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті», «Қазақ тілі мен әдебиеті» немесе аталғандарға ұқсас мамандық бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) филологиялық білімі;
-
қазақ тілін оқыту тәжірибесі кем дегенде 5 (бес) жыл;
- ғылыми дәрежесі (құпталады).
Конкурстық іріктеуге қатысқысы келетін тұлғалар келесі құжаттарды ұсынады:
- жалпы мәліметтерді көрсетумен конкурстық іріктеуге қатысушының
түйіндемесі;
-
жеке тұлғалар үшін азаматтық іс-әрекетке қабілетін растайтын құжаттардың
көшірмелері (жеке куәлігі немесе төлқұжаты);
-
жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі туралы дипломдарының нотариалды куәландырылған көшірмелері;
-
ұсынымдар (бар болған жағдайда);
- білімі, жұмыс тәжірибесі, кәсіби деңгейіне қатысты өзге құжаттардың
көшірмелері (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру,
санатының болуы, ғылыми жарияланымдары туралы, сертификаттар,
мінездемелер, ұсынымдар, олардың кәсіби қызметін, біліктілігін
сипаттайтын өзге де мәліметтер) (бар болған жағдайда).
Көрсетілген қызметке ақы төлеу қызмет көрсету туралы акт негізінде ай сайын Орындаушының банктік шотына операциялық 10 (он) күн ішінде ақша аудару арқылы жүзеге асырылады.
Ақы төлеу мөлшері 1(бір) академиялық сағатқа 4 (төрт мың) теңге көлемінде. Шарттың басқа да маңызды талаптары осы хабарландыруға тіркелген шарт жобасында қарастырылған.
Құжаттар пакетін толық ұсынбау конкурстық комиссияның оларды қараудан бас тартуы үшін негіз бола алады.
Конкурсқа қатысуға тілек білдірушілер конвертке салынып бекітілген құжаттарды Ақтау қаласы., 23 шағынаудан ҚР ҰБ Маңғыстау филиалы 304- бөлме мекен-жайына қолға немесе пошта арқылы немесе Mang_38 @nationalbank.kz. электронды поштасы арқылы беріледі(жолданады).
Құжаттар 2016 жылдың 26 қаңтары 14.00 сағаттан 2016 жылдың 01 ақпаны 16.00.сағатқа дейін мына мекен-жай бойынша: Ақтау қаласы., 23 шағынаудан ҚР ҰБ Маңғыстау филиалы 304- бөлмеде қабылданады
Қосымша ақпараттар мен анықтамаларды мына мекен-жайдан алуға болады: Ақтау қаласы., 23 шағынаудан ҚР ҰБ Маңғыстау филиалы, жауапты тұлға: Беккалиева Р.Е. маман-аудармашы, 304 -бөлме, байланыс тел: 8(7292)42-81-51.
Достарыңызбен бөлісу: |