001 «Әлеуметтiк-еңбек сала кадрларының біліктілігін арттыру бойынша қызметтер » бағдарламасының республикалық бюджеттiк iшкi бағдарламасына Азаматтық бюджет. «ҚР ЕХӘҚМ кадрларының біліктілігін арттыру курстары» РМҚК
«Мемлекеттiк қызметшiлердiң біліктілігін арттыру» бағдарламасының мақсаттары Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылдың 29 қазанындағы № 1132 қаулысымен ескерiлген «Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің сұрақтары» Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінің (бұдан әрi - министрлiк) аймақтық бөлiмшелерiнiң кадрларын дайындау және қайта дайындау қызметтеріне сәйкес анықталған.
Мемлекеттiк қызметшiлерге жоғары сапалы білім саласындағы қызметтерін дер кезінде көрсету олардың білім деңгейін арттыруға бағытталған. Аймақтық органдардың қызметкерлерiнiң кәсіптік шеберлігінің өсімі және тұрғындарға берiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң сапасының жоғарылауы оқудың қорытындысы болып саналады.
Оқу жоспарлары және біліктілікті арттыру курстарының бағдарламалары мемлекеттік қызметкерлердің бiлiм беретiн қажеттiктерiнiң есепке алуымен жасалады, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің Комитеті мен Департаментімен келіседі және Министрліктің басшылығымен бекітіледі
Тақырыпты жоспарға сәйкес оқу келесi тақырыптар бойынша жүргiзiледi:
-
Қазақстан Республикасының қауіпсіздік және еңбек қорғау саласындағы заңнаманың талаптарының сақталуына мемлекеттiк қадағалау және бақылау.
-
Медициналық - әлеуметтiк сараптаманың өзекті сұрақтары.
-
Зейнетақы және жәрдемақылармен мемлекеттiк қамтамасыз ету.
-
Еңбек қатынастарының реттеуi
-
Еңбекақы төлеуді мөлшерлеу
Штаттық дәріскерлер жоқ. Оқу ҒЗИ-ның және академиялық жоғары оқу орындарының профессорлар - оқытушылар құрамының шақырылуымен, сонымен бірге еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің, денсаулық сақтау Министрлігінің Комитеті мен Департаментінің жауапты қызметкерлерімен жүргізіледі. Қазақстан Республикасының басқа өлкелерінен бастаушылар, ғалымдар шақырылады және тәжірибе сабақтары ғылыми орталықтар мен кәсiпорындарға барумен жүргізіледі.
Дәріскерлерге еңбекақы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылдың 29 желтоқсанындағы № 1400 қаулысымен «Мемлекеттiк бюджет қаражат есебіндегі қазыналық кәсiпорындардың,ұйымдардың қызметкерлерінің, азаматтық қызметшілердің еңбекақы төлеу жүйесi» негізінде жасалады.
2011 жылы дәріскерлердің еңбекақы төлеу жоспары 1670,4 мың теңгені, нақты игерушілік - 1670,4 мың теңге немесе жоспардан 100 % құрады:
Сағаттық ақы мөлшері келесідей контингенттерге және өзіне тән коэффициенттерге бөлшектенеді:
-
Профессор, ғылым докторы – 0,12;
-
Доцент, ғылым кандидаты – 0,10;
-
Атағы және ғылыми дәрежесі жоқ тұлғалар - 0,09.
-
профессорға, ғылым докторына бiр сағат дәріс үшін - 2124 теңге;
-
доцентке, ғылым кандидатына бiр сағат дәріс үшін - 1770 теңге;
-
атағы және ғылыми дәрежесі жоқ тұлғаға бір сағат дәріс үшін – 1593 теңге еңбекақысы есептелiп қойылды.
Сағаттық төлемнiң мөлшерлемесі Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен лауазымдық қызметақы базасынан және сағаттық төлемнiң коэффициенттерiнiң тиісті мөлшерімен анықталады.
2011 жылы 001 «Әлеуметтiк-еңбек сала кадрларының біліктілігін арттыру бойынша қызметтер » бағдарламасы бойынша республикалық бюджетпен 17290,0 мың теңге бөлінді.
Осы бағдарлама бойынша қаражаттарды қаржыландыру жұмыстар мен қызметтердің түрлері бойынша бекітілген тарифтерге сәйкес істелінген қызметтеркөлемінің өткізу/қабылдау акт негізінде жүргізілді. Қызметтер 100% толық көлемде орындалған, 2011 жылға кәсiпорын табыстарының сметасы жылдың басына ақшалай қаражаттардың қалдығының есебінде 32594,5 мың теңге бекітілген.
(мың теңге)
|
Атауы
|
2011 жыл шығыстар жоспары
|
2011 жылға
нақты шығындар
|
% орындау
|
|
Барлық кірістер
|
32594,5
|
32594,4
|
100
|
|
Жыл басына қалдық
|
14004,5
|
14004,5
|
100
|
|
Бюджеттен кіріс
|
17290,0
|
17290,0
|
100
|
015бағд.
|
НҚ бойынша трансферттер
|
1300,0
|
1299,9
|
100
|
|
Барлық шығыстар
|
32594,5
|
30622,1
|
93,9
|
|
Қызметкерлердің еңбекақысы
|
10151,0
|
10151,0
|
100
|
|
Салықтар және бюджетке басқа да міндетті төлемдер
|
5597,1
|
5597,1
|
100
|
|
Іссапар шығындары
|
1218,0
|
1218,0
|
100
|
|
НҚ бойынша трансферттер
|
1300,0
|
1299,9
|
100
|
|
Ғимаратқа қызмет көрсету бойынша шығындар
|
209,2
|
209,2
|
100
|
|
Байланыс қызметтері
|
570,6
|
570,6
|
100
|
|
Көлік қызметтері
|
420,0
|
420,0
|
100
|
|
НҚ ағымдағы жөңдеу
|
31,5
|
31,5
|
100
|
|
Бөлменiң жалдауы
|
130,7
|
0,0
|
0
|
|
Басқадай шығындар
|
12455,1
|
10613,3
|
85,2
|
|
Материалдардың алуы
|
511,5
|
511,5
|
100
|
2011 жылы шығындардың орындалу жоспары 93,9 % құрады.
015 «Республикалық деңгейде әлеуметтiк қорғау ұйымдарының күрделі шығындар» бағдарламасы бойынша
2011 жылы 015 бағдарламасы бойынша Курсттардың материалдық-техникалық базасын жабдықтауға республикалық бюджетпен 1300,0 мың теңге бөлінді.
(мың теңге)
|
Атауы
|
2011 жылға шығындар жоспары
|
2011 жылға нақты шығындар
|
орындау
%
|
|
Көшіргі аппарат
|
1029,0
|
1029,0
|
100
|
|
Кеңсе үшiн жиhаз
|
271,0
|
271,0
|
100
|
|
Барлығы
|
1300,0
|
1300,0
|
100
|
2012 жылдың 1 шiлдесiнің жағдайы бойынша «Әлеуметтiк-еңбек сала кадрларының біліктілігін арттыру бойынша қызметтер» бағдарламасы бойынша шығындардың орындау жоспары
Мемлекеттiк мекеме Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылдың 14 қазанындағы № 1169-шы қаулысымен Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің қызмет саласындағы білім саласында қызметтер көрсету бойынша функцияларының жүзеге асыруы үшiн құрылды.
2012 жылы 8 ай ішінде 280 немесе жоспардан 64 % жоспар арқасында 179 тыңдаушы оқудан өтті.
(мың теңге)
|
Атауы
|
2011 жылға шығындар жоспары
|
2012 жылдың 1 шілдесіне факті
|
орындау
%
|
015бағд.
|
НҚ бойынша трансферттер
|
208,0
|
163,4
|
79
|
|
Барлық шығыстар
|
16083,0
|
6695,2
|
42
|
|
Қызметкерлердің еңбекақысы
|
5903,0
|
2775,0
|
47
|
|
Қосымша ақшалай төлем
|
1510,0
|
1510,0
|
100
|
|
Өтемақылық төлемдер
|
513,0
|
64,0
|
13
|
|
Салықтар және бюджетке басқа да міндетті төлемдер
|
748
|
377,1
|
51
|
|
Іссапар шығындары
|
894,0
|
0
|
0
|
|
Коммуналдық қызметтер
|
249,0
|
123,9
|
50
|
|
Көлік қызметтері
|
1495,0
|
478,2
|
32
|
|
Байланыс қызметтері
|
546,0
|
200,8
|
37
|
|
Бөлмені жалдауға төлем
|
245,0
|
0
|
0
|
|
Басқадай шығындар
|
3424,0
|
975,0
|
29
|
|
Материалдардың алуы
|
556,0
|
191,1
|
35
|
Сағаттық төлемнiң мөлшерлемесі Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен лауазымдық қызметақы базасынан және сағаттық төлемнiң коэффициенттерiнiң тиісті мөлшерімен анықталады.
2012 жылы дәріскерлердің еңбекақы төлеу жоспары 1251,3 мың теңгені, нақты игерушілік - 559,4 мың теңге немесе жоспардан 45 % құрады:
Сағаттық ақы мөлшері келесідей контингенттерге және өзіне тән коэффициенттерге бөлшектенеді:
-
Профессор, ғылым докторы – 0,12;
-
Доцент, ғылым кандидаты – 0,10;
-
Атағы және ғылыми дәрежесі жоқ тұлғалар - 0,09.
-
профессорға, ғылым докторына бiр сағат дәріс үшін - 2124 теңге;
-
доцентке, ғылым кандидатына бiр сағат дәріс үшін еңбекақы - 1770 теңге;
-
атағы және ғылыми дәрежесі жоқ тұлғаға бір сағат дәріс үшін – 1593 теңге еңбекақысы есептелiп қойылды.
Сағаттық төлемнiң мөлшерлемесі Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен лауазымдық қызметақы базасынан және сағаттық төлемнiң коэффициенттерiнiң тиісті мөлшерімен анықталады.
2013 жылы ортақ қамтумен 300 оқу өтетіндерден тұратын 13 тыңдаушылар тобын құрастыру жоспарлануда.
2014 жылы ортақ қамтумен 310 оқу өтетіндерден тұратын 14 тыңдаушылар тобын құрастыру жоспарлануда.
2015 жылы ортақ қамтумен 310 оқу өтетіндерден тұратын 14 тыңдаушылар тобын құрастыру жоспарлануда.
2013 жылы мемлекеттiк бюджеттен біліктілікті арттыру курсында оқу процесін ұйымдастыру үшін 16422,0 мың теңге, оқуға шығындар есебінен мемлекеттік тапсырыс бойынша оқылатын бір тыңдаушыға 54740,00 тенге сомасын құрды.
Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асыру шеңберінде азаматтық бюджеттің орындалу барысы туралы
ақпарат
(2012 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша)
Азаматтық бюджетте 2012 жылы Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын қаржыландырудың жалпы көлемі 62 342 745 мың теңгені құрайды.
«Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының шеңберінде ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне кредит беру» 019 бюджет бағдарламасы бойынша Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының (бұдан әрі – Бағдарлама) 8 151 қатысушысына кредит беруге 12 149 305 мың теңге көзделген.
Есепті мерзімде нақты Бағдарламаның 3 364 қатысушысына (жоспарланған мөлшердің 41,3%-ы) микрокредит берілді. Игерілген қаражаттың сомасы 6 879 100 мың теңгені (жылдық соманың 56,6%-ы) құрады.
«Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының шеңберінде іс-шараларды іске асыру» 128 үйлестіруші бюджеттік бағдарламасы бойынша 50 193 440 мың теңге көлемінде қаражат көзделген.
Бағдарламаның бағыттары бойынша орындалу мынадай:
«Өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздарды және табысы аз адамдарды оқыту және олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу» бірінші бағыты
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тарапынан 63150 адамға кәсіптік оқыту ұйымдастыруға 17 152 985 мың теңге бөлінді.
Есепті кезеңде 8 800 200 мың теңге игерілді, бұл жылдық соманың 49,6%-ын құрайды.
Оқытумен барлығы 49 795 адам (жоспардың 78,9%-ы), оның ішінде:
-
кәсіптік даярлаумен – 38 282 адам;
(бұл ретте, оқуды 2009-2010 жылдардағы Жол картасынан 20750 адам, 2011 жылғы Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасынан 17 532 адам жалғастырып келеді)
-
қайта даярлаумен – 9 737 адам;
-
біліктілікті арттырумен – 1 776 адам қамтылған.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің тарапынан:
ішінара жұмыспен қамтылған 625 жалдамалы қызметкерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру үшін 60 868 мың теңге бөлінді.
Есепті мерзімде 12 900 мың теңге (жылдық соманың 21,2%-ы) игерілді, қайта даярлауға – 159 адам, біліктілікті арттыруға – 107 адам (барлығы 266 адам – жоспарланған мөлшердің 42,6%-ы) жіберілді.
Әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылған 16 827 Бағдарлама қатысушысының жалақысын ішінара субсидиялауға 3 600 173 мың теңге бөлінді.
1 862,7 млн. теңге игерілді (жылдық соманың 51,7%-ы, әлеуметтік жұмыс орындарына нысаналы топтарға жатқызылған жұмыссыз азаматтар қатарынан 23 491 Бағдарлама қатысушысы (жоспардың 139,6%-ы) орналастырылды).
15 230 Бағдарлама қатысушысын жастар практикасынан өту үшін құрылған жұмыс орындарына (жалақыны толық субсидиялау) орналастыру үшін 2 775 640 мың теңге көлемінде қаражат көзделген.
Жыл басынан бастап жастар практикасына кәсіптік білім беру түлектерінің қатарындағы 16 806 Бағдарлама қатысушысы жіберілді.
Жастар практикасына қатысушылардың еңбекақысын субсидиялауға шығындар 915 500 мың теңгені (бір жылға бөлінген соманың 33,0%-ы) құрады.
«Ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу» екінші бағыты
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің тарапынан:
5 893 Бағдарлама қатысушысына кәсіпкерлік негіздерін оқытуға 311 491 мың теңге бөлінді, олардың ішінде 140,1 млн. теңге (бір жылға бөлінген соманың 45,0%-ы) игерілді.
Кәсіпкерлік негіздерін оқудан 3 751 адам (жоспардың 62,3%-ы) өтті.
Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің тарапынан:
Микрокредит алған 1 206 Бағдарлама қатысушысының жобалары бойынша инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды (бұдан әрі – ИКИ) дамытуға және жайластыруға 1 728 405 мың теңге сомасында қаражат бөлінді.
«Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру» үшінші бағыты
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің тарапынан:
Бағдарлама қатысушыларының және олардың отбасы мүшелерінің (барлығы 12 850 адам) көшуіне субсидия төлеуге 230 892 мың теңге көлемінде қаражат көзделген.
Нақты 2 425 адам үшін 30 200 мың теңге сомасында төлемдер жүзеге асырылды.
Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі агенттігі тарапынан:
Кейіннен жұмысқа орналасу үшін әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті жоғары елді мекендерге және экономикалық даму орталықтарына өз еркімен көшуге ниет білдірген Бағдарлама қатысушылары және олардың отбасы мүшелері (барлығы 14 674 адам) үшін қызметтік тұрғын үй салуға 8 994 456 мың теңге көлемінде қаражат көзделген.
Аталған қаражат және 2011 жылы бөлінген осыған ұқсас қаражат есебінен 4618 пәтерлі 1115 үйдің құрылысы көзделді. Олардың ішінде 1024-і жеке тұрғын үй, 91-і көппәтерлі тұрғын үй.
427 тұрғын үйдің (1391 пәтер) құрылысы аяқталды.
Бүгінгі күні 497 үйдің (2369 пәтер) құрылысы жалғастырылып келеді және 191 үй бойынша құрылыс жүргізіліп жатқан жоқ (конкурстық рәсімдер өткізіліп жатыр).
Құрылыс және салынып жатқан үйге ИКИ үшін 1 780 782 мың теңге сомасында қаражат бөлінді.
Есепті мерзімде 501 700 мың теңге немесе бөлінген соманың 28,2%-ы игерілді.
«Ауылдық елді мекендерді дамыту» төртінші бағыты
Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің тарапынан:
Бағдаламаның аталған бағыты шеңберінде коммуналдық-инженерлік, инженерлік-көліктік және әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін жөндеу және ауылдық елді мекендерді көркейту бойынша жобаларды іске асыруға 10 000 000 мың теңге бөлінді, бұл ауылдық жерде қосымша 8,0 мыңға жуық жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді, оларға 4,0 мың Бағдарлама қатысушысын жұмысқа орналастыру жоспарланып отыр.
Бүгінгі күнде іске асырылып жатқан жобалар бойынша 4 513 800 мың теңге (жылдық соманың 45,1%-ы) игерілді, ауылдық жерде 4,8 мыңға жуық жұмыс орны құрылды, оларға 4771 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 2420 адам Бағдарлама қатысушысы болып табылады.
043- бағдарлама бойынша
ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ЕҢБЕК САЛАСЫНЫҢ БІРЫҢҒАЙ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІ ТУРАЛЫ
Ынтымақтастық, жинақтаушылық зейнетақы және әлеуметтік қауіпсіздік жүйелеріндегі ақпараттық процестері жеткілікті жоғарғы деңгейде болуымен, Министрлік еңбек қарым-қатынасы, жұмыспен қамту, әлеуметтік қолдау және әлеуметтік көмек саласын ақпараттық қамтамасыздандыруды өз алдына мақсат етті.
Әлеуметтік еңбек саласының біріңғай ақпараттық жүйесін (бұдан әрі – ӘЕС БАЖ) құру жөніндегі жобаны іске асыру 2009 жылы басталды. Осы жылы республикамыздың барлық өңірлерінде есеп, мониторинг және болжамдаудың жаңа көзқарастары бар, нақты уақыт режимінде жергілікті атқарушы органдарында істейтін жаңа ӘЕС БАЖ ақпараттық кіші жүйелер енгізілді.
1) «Еңбек нарығы» ААЖ – еңбек нарығы мен жұмыспен қамтудың жай-күйі туралы жалпыұлттық дерекқор. Оған жұмыс берушілер мен салалық министрліктерден жекелеген өңірлер мен жалпы республика бойынша бос жұмыс орындары туралы, бұл бос орындарға орналасу үшін қажетті білім мен біліктілік талаптары жөніндегі ақпарат шоғырланады. Дерекқорда біліктілікті арттыру мүмкіндіктері мен шарттары, жұмысқа орналасуға көмек алу туралы мәліметтер де қамтылған.
Бұл дерекқор Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын ақпараттық қолдауда және оның іске асырылуына мониторинг жүргізгенде маңызды құрал болмақ.
-
«Шетелдік жұмыс күші» ААЖ - республиканың кәсіпорындарына шетелдік қызметкерлерді тартатын жеке және заңды тұлғалар туралы, тартылатын қызметкерлердің білім деңгейі мен біліктілігі туралы, сондай-ақ жұмыс берушілерге рұқсат берудің ерекше шарттарының орындалуы туралы соңғы және нақты ақпаратты қамтитын дерекқор;
-
«Е-собес» ААЖ - жергілікті деңгейде алушылар құрылымына мониторинг жүргізуді, талдау мен бағалауды қоса алғанда, атаулы әлеуметтік көмек пен арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетумен байланысты іс-шараларды жоспарлау (болжау) және іске асыру бойынша жергілікті атқарушы органдардың функцияларын автоматтандыруға мүмкіндік беретін дерекқор;
-
«Әлеуметтік көмек: АӘК, МБЖ» ААЖ әлеуметтік төлемдерді алушының әрқайсысын, оның отбасы құрамын, тұрғылықты жері мен жұмыс орнын, табысы мен отбасының қолындағы активтерді дербес есепке алуды қамтамасыз етеді.
Аталған жүйе Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың ақпараттық жүйесімен кіріктірілген, бұл әр түрлі ұйымдар мен мекемелерден қағаз жинап, тапсыру машақатын ЗТМО-ның ақпараттық жүйелерінен ақпарат алумен алмастыруға мүмкіндік берді.
Оператор қандай да бір адам туралы деректерді енгізсе болғаны, 2-3 минут шамасында жәрдемақының қандай түрін алу құқығы бар екенін анықтауға болады. Бұл ретте, ЗТМО-ның ақпараттық жүйелерімен байланыс арналары бойынша бірнеше секунд ішінде өтініш беруші ұсынған ақпараттың дұрыстығы анықталады;
-
«Еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі» ААЖ нақты уақыт жағдайында еңбек жағдайларын, өндірістік жарақаттану динамикасын, еңбек қатынастары мен еңбекті қорғау саласындағы заң бұзушылықтарды және оларды жоюды, еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігінің заманауи стандарттарын енгізуді есепке алу мен мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді. Аталған автоматтандырылған жүйені пайдалану мемлекеттік еңбек инспекторларының жұмысын анағұрлым ашық болуын қамтамасыз етеді және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алуға мүмкіндік береді.
-
«Контакт-орталық» ақпараттық-анықтамалық орталығы, ол арқылы азаматтар телефон арқылы, ұялы байланыс, SMS және электронды пошта, ресми сайт пен WEB, WАP порталдары арқылы әлеуметтік мәселелер бойынша ақпараттық қызметтерді тегін ала алады.
Халықты жұмыспен қамту, жинақтаушы зейнетақы жүйесін қоса алғанда, зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру, міндетті әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік көмек көрсету саласындағы мемлекеттік қызметтермен елімізде 6 млн. астам адам немесе жалпы халық санының 40 % қамтылды.
Әлеуметтік қорғау және еңбек саласындағы ақпараттық қолдауды дамытудың келесі кезеңінде қызметтерді электрондық үкімет порталы арқылы көрсету жоспарланған.
Салалық министрліктер үлгі дерекқорларын – жеке тұлғалардың дерекқорын, АХАЖ, денсаулық сақтау ақпараттық жүйелерін үнемі жаңартып отырады.
Осы дерекқорлармен байланыс орнату және ақпарат алмасу әлеуметтік қолдауға өтініш білдірген адамдарға қатысты қандай да бір әлеуметтік шешім қабылдау үшін қажетті қағаз түріндегі құжаттардың саны мен оларды жинау уақытын барынша қысқартуға мүмкіндік береді. Азаматтың өтініш пен жеке басын куәландыратын құжатты бергені жеткілікті, қалған ақпарат (өтініш берушінің рұқсатымен) қолданыстағы дерекқорлардан электрондық үкімет порталы арқылы алынатын болады.
Бұл ақпараттық жүйелердің әлеуметтік қорғау және еңбек саласының дамуына тигізер әсері ұшан теңіз. Пилоттық жобаларды енгізу кезеңінің өзінде әлеуметтік қызметкерлер ақпараттық технологияларды дамыту және таратудың қаншалықты маңызды екені аңғарып отыр. Бұл ақпараттық технологиялардың дамып, жетілуіне ықпал етеді.
Мұндай жүйе мемлекеттік қызметтерді алу үшін қажетті ақпараттар мен құжаттарды жинақтауға кететін уақытты қысқартуға; осыған байланысты шығындарды азайтуға, қызметтерді халықтың тұрғылықты жерінде көрсетуге, әлеуметтік қызмет көрсетудің тиімділігін тұтастай арттыруға мол мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |