Бекітемін:
Отырар аудандық тұрғын үй-
коммуналдық шаруашылық,
жолаушылар көлігі және
автомобиль жолдары
бөлімінің бастығы
_______________Т.Жаппаров
«06» мамыр 2008 жылғы
№ 22 бұйрығы
Отырар ауданының ішкі автомобиль жолдарын орташа жөндеуден өткізу жұмыстарын мемлекеттік сатып алу бойынша ашыќ конкурсќа ыќтимал µнім берушілерге конкурстыќ µтінімдерді дайындау және ќатысу ‰шін ұсынылатын
КОНКУРСТЫЌ Ќ¦ЖАТТАМА
Тапсырыс беруші – «Отырар аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі (ОҚО, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Жібек жолы №25, веб-сайт - www.otraraimak.kz СТТН (РНН)-580500210976, ЖСК (ИИК) -001130891, БСК (МФО-БИК)-195301070, Мем. Мекеме Коды 4583512, Отырар аудандық қазынашылық бөлімі)
Тапсырыс берушінің өкілі - Тасыбай Әбсадық - Отырар аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы, тел: 8/72544/21-3-78
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы - «Отырар аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі (ОҚО, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Жібек жолы №25, электрноды адрес – otrar_econom@mail.ru және веб-сайт - www.otraraimak.kz СТТН (РНН)-580500213123, ЖСК (ИИК) -009145781, БСК (МФО-БИК)-195301070, Мем. Мекеме Коды 4533503, Отырар аудандық қазынашылық бөлімі)
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының өкілі – Бекқұлы Рашид Базарбайұлы -Отырар аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің сектор меңгерушісі, тел: 8/72544/ 21-6-66, электрноды адрес – otrar_econom@mail.ru
Конкурстық құжаттама тегін ұсынылады.
1. Жалпы ережелер
1. Ашық конкурс Отырар ауданының ішкі автомобиль жолдарын орташа жөндеуден өткізу жұмыстарын мемлекеттік сатып алу бойынша өнім берушінілерді таңдау мақсатында өткізіледі.
2. Жұмыстарды мемлекеттік сатып алу жөніндегі осы конкурс (лот) үшін бөлінген сома құрайды, мың теңге:
Лот
№
|
Автомобиль жолдарының (көшенің) атауы
|
Жал-пы
ұзындығы
км
|
Орта жөндеу жүргізілетін
ұзындығы км
|
2004 жылғы жалпы құны
|
Түзету коэф-фициенті
|
Қазіргі құны мың теңге
|
Орта жөндеу жүргізілетін бөлігінің құны
|
2008 жылға бөлінген сома
|
1
|
Рүстемов
|
0,3
|
0,3
|
2250,0
|
1,507
|
3390,0
|
3390,0
|
3390,0
|
2
|
Төлбасиев-Құлбатыров
|
1,9
|
1,9
|
1751,2
|
1,507
|
2639,0
|
2639,0
|
2639,0
|
3
|
Абай
|
1,2
|
0,4
|
9690,0
|
1,507
|
14602,8
|
2771,0
|
2771,0
|
Барлығы
|
|
|
|
|
|
8800,0
|
8800,0
|
3. Осы конкурстық құжаттама мыналарды қамтиды:
1) осы конкурстық құжаттамаға 1-қосымшаға сәйкес сатып алынатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) тізбесін;
2) осы конкурстық құжаттамаға 2 қосымшалаға сәйкес белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттаманы қоса алғанда жұмыстардың сипаты мен талап етілетін техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамасын;
3) осы конкурстық құжаттамаға 3 және 4-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша заңды және жеке тұлғалар үшін конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді;
4) осы конкурстық құжаттамаға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыстарды беру үшін әлеуетті өнім берушінің біліктілігі туралы мәліметтерді;
5) әрбір өлшемнің проценттік мәнін көрсете отырып, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 17-бабының 4-тармағына және Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесіне сәйкес неғұрлым сапалы тауар, жұмыс, қызмет көрсетуді ұсынатын конкурсқа қатысушыны айқындау мақсатында конкурсқа қатысушыны анықтау кезінде конкурстық комиссия ескеретін міндетті өлшемдердің тізбесін;
6) объектілер салуға не оларды қайта жаңартуға байланысты жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада жұмыстарды орындау кезеңдерін, түрлерін және көлемдерін, сондай-ақ егер кіші жобалау құжаттамасына сәйкес оларды орындау мерзімі бір қаржы жылынан асатын болса, әрбір қаржы жылындағы осындай жұмыстарды мемлекеттік сатып алудың сомасын көрсетуі қажет.
4. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтініммен қоса тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген соманың бір проценті мөлшерінде конкурсқа қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз етуді төменде санамаланған нысандардың бірінде енгізеді:
1) банктік шотқа орналастырылатын ақшаның кепілдік берілген ақшалай жарнасын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының банктік шотына (Депозиттік шот жоғарыда көрсетілген)
2) осы Конкурстық құжаттамадағы 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банктік кепілдік.
Конкурсқа қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі конкурсқа қатысуға арналған өтінімнің өзінің мерзімінен кем болмауға және конкурстық өтінімдерді ашу күнінен бастап 45 (қырық бес) күннен кем болмауға тиіс.
2. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған әлеуетті өнім берушілерге оның ережелерін түсіндіруі
5. Конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім беруші 2008 жылғы «26» мамыр сағ. 19.00 мин. кешіктірмей конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы жазбаша сұрау салумен жүгінуге тиіс. Әлеуетті өнім берушілердің сұрау салуларын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының мынадай деректемелері бойынша жіберуі қажет: (ОҚО, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Жібек жолы №25, 1 қабат-Отырар аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі).
6. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы сұрау салуды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оған жауап беруге және сұрау салу кімнен келіп түскенін көрсетусіз:
1) олар туралы мәліметтер конкурстық құжаттаманы алған тұлғаларды тіркеу журналына енгізілген тұлғаларға конкурстық құжаттама ережелерін түсіндіруді жіберуге;
2) конкурстық құжаттама ережелерін түсіндірулердің мәтінін тапсырыс берушінің веб-сайтында жариялауға міндетті.
7. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы 2008 жылғы «30» мамыр 18 сағ. 00 мин. мерзімнен кешіктірмей жеке бастамашылығы бойынша немесе мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың көшірмесін берген әлеуетті өнім берушінің сұрауына жауап ретінде конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізуге тиіс. Конкурстық құжаттамаға өзгерістер енгізу конкурстық құжаттаманы бекітудегі сияқты тәртіппен ресімделеді.
Енгізілген өзгерістердің міндетті күші болады және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы оларды конкурстық құжаттамаға өзгерістер бекітілген күннен бастап бір жұмыс күнінен аспайтын мерзімде өтеусіз негізде конкурстық құжаттаманың көшірмесі берілген барлық әлеуетті өнім берушілерге жібереді. Бұл ретте конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің түпкілікті мерзімін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдерде осы өзгерістерді әлеуетті өнім берушілердің есепке алуы үшін кемінде он жұмыс күні мерзіміне ұзартады.
Ұйымдастырушы енгізілген өзгерістер мен (немесе) толықтыруларды көрсете отырып, нақтыланған конкурстық құжаттаманы тапсырыс берушінің веб-сайтында жариялайды.
8. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың көшірмелері берілген әлеуетті өнім берушілермен не олардың уәкілетті өкілдерімен конкурстық құжаттаманың ережелеріне жұмыс уақыты кезеңінің ішінде 12-13 сағат аралығында түсіндіру жүргізуге кездесу өткізіледі. (ОҚО, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Жібек жолы №25, 1 қабат-Отырар аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі)
9. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушілермен кездесудің хаттамасын жасайды, онда әлеуетті өнім берушілердің конкурстық құжаттаманы түсіндіру туралы олардың көздерін көрсетпестен, ұсынылған сұратулары, сондай-ақ осы сұратуларға жауаптар көрсетіледі. Хаттама әлеуетті өнім берушілермен кездесу өткізілген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей конкурстық комиссияға және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттама алған әлеуетті өнім берушілерді тіркеу журналында көрсетілген почталық деректемелері бойынша конкурстық құжаттаманың көшірмесін берген барлық әлеуетті өнім берушілерге жіберіледі.
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушілермен болған кездесу хаттамасының мәтінін тарсырыс берушінің веб-сайтында жариялайды.
3. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімді ресімдеуге қойылатын талаптар және конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдер салынған конверттерді әлеуетті өнім берушілердің ұсынуы
Конкурсқа қатысуға өтінім
10. Конкурсқа қатысуға өтінім осы конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес тауарды беруді жүзеге асыруға (жұмысты орындауға, қызметтер көрсетуге) конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушінің келісім білдіру нысаны болып табылады.
11. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға беретін конкурсқа қатысуға өтінім мыналарды қамтуға тиіс:
1) әлеуетті өнім беруші осы Конкурстық құжаттамаға 3 және 4-қосамшаларға сәйкес нысан бойынша толтырған және қол қойылған өтінімді;
2) әлеуетті өнім беруші оның жалпы біліктілік талаптарына сәйкестігін растау ретінде ұсынатын құжаттардың тізбесін:
құқықтық қабілеттілігін (заңды тұлғалар үшін), жеке тұлғалар үшін азаматтық қабілеттілігін (кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелгені туралы құжат, СТН, жеке басын растайтын куәлігінің көшірмесі) растайтын нотариалды куәландырылған құжаттарды;
заңды тұлға заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жарғының нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынуға тиіс. Қазақстан Республикасының резиденті еместер мемлекеттік және (немесе) орыс тілдеріне аудармасымен сауда тізілімінен нотариалды куәландырылған, заңдастырылған үзінді көшірмесін ұсынуға тиіс.
әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын тауарларды өндіруге, қайта өңдеуге, беруге және өткізуге, жұмыстарды орындауға және көрсетілетін қызметтерді көрсетуге құқығын растайтын лицензиялардың және/немесе патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, дипломдардың, басқа құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін;
төлем қабілетін растайтын құжаттарды;
осы Конкурстық құжаттамаға 7-қосымшаға сәйкес әлеуетті берушіге қызмет көрсететін банктің немесе банк филиалының әлеуетті берушінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі, кредиттік серіктестіктердегі және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспарына сәйкес банктің немесе банк филиалының алындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған мерзімі өткен берешектің жоқтығы туралы банктің (банк филиалының) бірінші басшысының немесе оның орынбасарының банктің мөрі соғылған анықтамасының түпнұсқасы (егер әлеуетті өнім беруші екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдарының, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса, осы анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады). Анықтама конкурстық өтінімдер салынған конверттер ашылатын күннің алдындағы бір айдың ішінде алынуға тиіс;
бірінші басшы немесе оны алмастыратын тұлға, сондай-ақ бас бухгалтер (бухгалтер) қол қойған соңғы қаржы жылындағы бухгалтерлік теңгерімнің түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі. Егер конверттерді ашу ағымдағы жылдың 30 сәуіріне дейінгі мерзімде жүрігізілсе, онда соңғы қаржы жылының алдындағы қаржы жылындағы бухгалтерлік теңгерімнің түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі ұсынылуы мүмкін;
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен міндетті түрде аудит жүргізу белгіленген заңды тұлғалардың соңғы қаржы жылындағы аудиторлық есептің түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі. Егер конверттерді ашу ағымдағы жылдың 1 маусымына дейінгі мерзімде жүргізілетін болса, онда соңғы қаржы жылының алдындағы қаржы жылы үшін аудиторлық есептің түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесін;
салық органының басшы немесе орынбасары қол қойған, конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашатын күннің алдындағы бір айдан кешіктірмей алынған, үш айдан астам уақыттағы салықтық берешегінің және жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешегінің (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі кейінге қалдырылған кездегі жағдайларды қоспағанда) жоқтығы немесе бар екендігі туралы тиісті салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасын;
бар болған жағдайда, ҚҚС (қосылған құн салығы) бойынша есепке тұрғаны туралы куәліктің көшірмесін.
Конкурстық құжаттама әлеуетті өнім берішінің конкурсқа қатысуға өтініммен бірге жүргізілетін мемлекеттік сатып алу сомасының жүз процентіне тең мөлшерде Қазақстан Республикасының бір немесе бірнеше банк-резиденттердің банктік кепілдіктері түрінде шартты орындауды қамтамасыз ету арқылы төлем қабілеттілігі туралы жалпы біліктілік талабына сәйкестігін растау құқығы туралы ақпаратты қамтуы тиіс. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындауды қамтамасыз ету әлеуетті өнім берушілерге мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді толық орындау үшін конкурстық құжаттамада белгіленген мерзімге беріледі;
3) әлеуетті берушінің және (немесе) оның қосалқы мердігерлерінің (бірлесіп орындаушылардың) мемлекеттік сатып алу туралы заңнамарнайы біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды;
Конкурстық құжаттамаға 8-қосымшаға сәйкес үлгі нысан бойынша қызметкерлердің біліктілігін, мамандығы бойыша тауарларды өндіру және/немесе беру, қызметтер көрсету, жұмыстарды орындау үшін мамандығы бойынша жұмыс стажын көрсете отырып, қызметкерлердің бар-жоғы және саны туралы құжаттың түпнұсқасын немесе нотариалды куәландырылған көшірмесін;
әлеуетті өнім берушінің және оның қосалқы мердігерінің (бірлесіп орындаушылардың) осы талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттарды көрсете отырып, арнайы біліктілік және өзге де талаптардың толық тізбесін қамтитын осы Конкурстық құжаттамаға 5-қосымшаға сәйкес нысандар бойынша мемлекеттік сатып алу процесіне қатысуға арналған біліктілігі туралы мәліметтерді;
Егер әлеуетті өнім беруші жұмыстардың не қызмет көрсетулердің қосалқы мердігерлерін (бірлесіп орындаушыларды) тартуды көздеген жағдайда әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға тартылатын қосалқы мердігерлердің (бірлесіп орындаушылардың) жалпы және арнайы біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынуы тиіс;
осы Конкурстық құжаттамаға 9-қосымшаға сәйкес конкурста сатып алудың мәні болып табылатын жұмыстарды орындау жөніндегі қосалқы мердігерлер (қызметтер көрсету кезінде бірлесіп орындаушылар) туралы мәліметтерді және бас мердігердің жұмыстар (құрылыстың құны), қызмет көрсетілер көлемінің үштен екісінен астам жиынтығында қосалқы мердігерлікке беруге тыйым салу шартын;
4) берілетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) тізбесі (қатысатын лоттарды көрсете отырып), оның ішінде:
тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық, сапалық және пайдалану сипатының сипаттамаларын (техникалық ерекшеліктерін);
тауарды беру (жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету) орнын, шарттарын және мерзімін (кезеңдерін);
тауарға қызмет көрсетуге, тауарды пайдалануға арналған шығыстарға (қажет болған кезде) тауардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) сапасына кепілдік беру мерзімін және (немесе) көлемін;
төлеудің баламалы шарттарын;
5) банктік кепілдік не мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының банктік шотына орналастырылатын кепілдік берілген ақшалай жарнаны растайтын төлем құжаты түрінде Заңда белгіленген мөлшерде конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді;
6) тиісті мемлекеттік және салалық стандарттар мен нормативтердің тізбесін, сондай-ақ техникалық ерекшеліктерін қоса алғанда, тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) сапалық сипаттамаларын және олардың конкурстық құжаттамаға сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынғаны туралы міндеттемені;
7) жұмыстарды мемлекеттік сатып алуға конкурсқа мынадай құжаттар қосымша ұсынылуы тиіс:
шарттасқан баға ведомосі;
ағымдағы бағаларда материалдар қажеттігінің есебі;
жабдыққа (жобалау-сметалық құжаттама көрсетілген) техникалық сипаттама;
жұмыстарды орындау кестесі;
8) әлеуетті өнім берушінің жарғысына сәйкес сенімхатсыз қол қою құқығы бар әлеуетті өнім берушінің бірінші басшысын қоспағанда, әлеуетті өнім берушінің мүдделерін білдіретін адамға (адамдарға) конкурсқа қатысуға өтінімге қол қою және конкурстық комиссияның отырыстарына қатысу құқығына берілетін сенімхат.
Конкурсқа қатысуға өтінімді ресімдеуге қойылатын талаптар
12. Конкурсқа қатысуға өтінімді әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға тігілген түрде, нөмірленген беттерімен береді және соңғы бетіне оның қолымен, ал заңды тұлға үшін – мөрімен (жеке тұлға үшін ондай бар болса) куәландырылады.
Конкурсқа қатысуға өтінімнің техникалық бөлігі (тігілген түрде, нөмірленген беттерімен, соңғы беті әлеуетті өнім берушінің қолымен және мөрімен (жеке тұлға үшін ондай бар болса) куәландырылған түрде және конкурсқа қатысуға өтінімнің қамтамасыз етуін растайтын құжаттың түпнұсқасы жеке беріледі.
13. Конкурсқа қатысуға өтінімнің нысаны басылуы немесе өшірілмейтін сиямен жазылуы және оған әлеуетті өнім беруші қол қоюы, әлеуетті өнім берушінің мөрімен бекітілуі (жеке тұлға үшін ондай бар болса) тиіс.
14. Конкурстық өтінімде әлеуетті өнім берушінің грамматикалық немесе арифметикалық қателерді түзетуі қажет болатын жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай ендірме, өшірілген сөздер немесе толықтырулар болмауы тиіс.
15. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді конвертке желімдейді, оның беткі жағында әлеуетті өнім берушінің толық атауы мен почталық мекен-жайы (егер ол «кешікті» деп жарияланса, конкурсқа қатысуға өтінімді ашпаған күйінде қайтару мақсатында), мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы мен почталық мекен-жайы, конкурс тәсілімен мемлекеттк сатып алудың дәл атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы мәтін көрсетілуге тиіс: «САТЫП АЛУ ЖӨНІНДЕГІ КОНКУРС (конкурстың дәл атауы көрсету қажет) және «ДЕЙІН АШПАҢЫЗ» (конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашатын күн және уақыты көрсету қажет)».
Конкурсқа қатысуға өтінімді беру тәртібі
16. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді әлеуетті өнім берушілер не олардың уәкілетті өкілдері мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға қолма-қол немесе мекен-жайы бойынша тапсырысты почталық байланысты пайдалана отырып : 6 маусым 2008 жылғы 15 сағаттан бастап (конкурстық өтінімдерді қабылдау аяқталатын дәл күн және уақыт көрсету қажет) қоса алғанда «Отырар аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесіне –адресі: Индексі 160700, ОҚО, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Жібек жолы №25, кабинет-5, Бекқұлы Рашид Базарбайұлына (мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының толық почталық мекен-жайы, бөлме нөмірі, конкурсқа қатысуға өтінімді қабылдау мен тіркеуге жауапты адамның (дардың) Т.А.Ә. көрсету қажет) береді.
17. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық өтінімдерді берудің соңғы мерзімі біткеннен кейін алған барлық конкурстық өтінімдер ашылмайды және конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерде көрсетілген деректемелер бойынша оларды ұсынған әлеуетті өнім берушілерге не алғаны туралы қолхатпен әлеуетті өнім берушілердің тиісті уәкілетті өкілдеріне жеке өздеріне қайтарылады.
18. Әлеуетті өнім берушілер немесе олардың уәкілетті өкілдері ұсынған конкурсқа қатысуға өтінімдерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының жауапты адамы конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, тиісті журналға тіркейді.
19. Осы конкурстық құжаттамада көзделген конкурсқа қатысуға өтінімдерді ресімдеуге қойылатын талаптары бұзылған конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттер қабылданбайды және тіркелмейді.
Конкурстық өтінімдерді өзгерту және оларды қайтарып алу
20. Әлеуетті өнім беруші өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін конкурстық өтінімдерді берудің соңғы мерзімі біткенге дейін өзі енгізген қамтамасыз етуді қайтарып алу құқығын жоғалтпастан, өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін өзгертуі немесе қайтарып алуы мүмкін. Өзгеріс енгізу конкурсқа қатысуға өтінімнің өзі сияқты дайындалуы, желімделуі және ұсынылуы тиіс.
Конкурсқа қатысуға өтінімді қайтарып алу туралы хабарлама, әлеуетті өнім беруші заңды тұлға болып табылған жағдайда әлеуетті өнім беруші қол қойған және мөрімен бекітілген сатып алуды ұйымдастырушының атына еркін түрде жазылған өтініш түрінде ресімделеді.
Конкурсқа қатысуға өтінімге өзгеріс енгізу не конкурсқа қатысуға өтінімді қайтарып алу, егер оларды мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің түпкілікті мерзімі аяқталғанға дейін алған болса, жарамды болып табылады.
21. Конкурсқа қатысуға өтінім салынған конвертті ұсынудың түпкілікті мерзімі аяқталғаннан кейін конкурсқа қатысуға өтінімдерді қайтарып алу сияқты, оларға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізуге жол берілмейді.
22. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада белгіленген конкурсқа қатысуға өтінімдердің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін он күнтізбелік күннен кешіктірмей нақты уақыт кезеңіне арналған өтінімнің қолданылу мерзімін ұзарту туралы әлеуетті өнім берушілердің сұрау салуын жасауға құқылы. Әлеуетті өнім беруші мыналарды жоғалтпастан мұндай сұрау салудан бас тартуға құқылы:
1) оның конкурсқа қатысуға өтінімінің мерзімі ішінде конкурс тәсілімен жүргізілетін мемлекеттік сатып алуға қатысу;
2) осындай өтінімнің қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін ол енгізген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді қайтарып алу.
23. Әлеуетті өнім беруші конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға оның қатысуымен байланысты барлық шығыстарды көтереді. Тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, конкурстық комиссия, сараптама комиссиясы, сарапшы конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың нәтижелеріне қарамастан, осы шығыстарды өтеу жөніндегі міндеттемелерді көтермейді.
4. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдер салынған конверттерді конкурстық комиссияның ашуы
24. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашуды келген барлық әлеуетті өнім берушілердің немесе олардың уәкілетті өкілдерінің қатысуымен конкурстық комиссия жүргізеді. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттер 6 маусым 2008 жылы 17 сағат 00-де мына мекен-жай бойынша ОҚО, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Жібек жолы даңғылы №25 – Аудан әкімдігінің мәжіліс залында ашылады (конкурстық өтінімдер ашылатын және конкурс өткізу туралы хабарландыруда (хабарламада) көрсетілген конкурстық комиссияның отырысы өткізілетін дәл күнін, уақытын және орнын көрсету қажет). Конкурстық өтінімдерді берудің соңғы мерзімі мен конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу арасындағы кезең екі сағаттан аспауға тиіс.
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының хабарландыруында (хабарламасында) және осы конкурстық құжаттамада белгіленген мерзімде және тәртіппен ұсынылған әлеуетті өнім берушілердің өтінімдер салынған конверттер ашылуға жатады.
Егер конкурсқа (лотқа) конкурсқа қатысуға арналған бір ғана өтінім ұсынылса, онда конкурсқа қатысуға арналған осы өтінім де ашылады.
25. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсіміне қатысып отырған әлеуетті өнім берушілердің уәкілетті өкілдері өздерінің қатысуын растай отырып, олардың өкілеттіктерін растайтын құжаттарды көрсетуге және әлеуетті өнім берушілерді тіркеу журналына тіркелуге тиіс уақыт пен орын: соңғы уақыты 6 маусым 2008 жылы 15 сағат 00-ді қоса алғанда мына мекен-жай бойынша ОҚО, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Жібек жолы даңғылы №25 – Аудан әкімдігінің мәжіліс залында (тіркеу орнын, күнін және уақытын көрсету қажет, бұл уақыт конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашатын уақыттан бұрын болуға тиіс, ал тіркеу орны конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсімі өткізілетін орынмен бірдей болуға тиіс).
Әлеуетті өнім берушілер мен олардың уәкілетті өкілдері конкурстық комиссияға конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсімін жазу үшін пайдалануға ниет етіп отырған аудио және бейне жазбаның техникалық құралдары туралы хабардар етуге тиіс (Жабық конкурс өткізілетін кезде осы абзац алынып тасталады).
26. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі конкурстық комиссияның отырысына қатысып отырған әлеуетті өнім берушілердің және оның уәкілетті өкілдерінің мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілінің, конкурстық комиссияның, конкурстық комиссия хатшысының қызметіне араласуына жол берілмейді.
27. Конкурстық комиссияның көрсетілген отырысында:
1) осы конкурстық құжаттамада ол туралы мәліметтер көрсетілген мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілі қатысушыларды мыналар туралы хабардар етеді:
конкурстық комиссияның құрамы, конкурстық комиссияның хатшысы туралы;
конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған әлеуетті өнім берушілердің саны;
әлеуетті өнім берушілердің бар немесе жоқ екендігі, сондай-ақ мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру жөніндегі әлеуетті өнім берушілермен кездесу өткізгені;
конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу фактісінің бар немесе жоқ екендігі, сондай-ақ себептері;
тиісті тіркеу журналына тіркелген конкурсқа қатысуға өтінімдерді белгіленген мерзімде ұсынған әлеуетті өнім берушілер;
2) конкурстық комиссияның өкілі не конкурстық комиссия мүшелерінің қатарынан төраға белгілеген тұлға:
конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашады және өтінімде қамтылған құжаттардың тізбесін және олардың қысқаша мазмұнын жария етеді;
3) конкурстық комиссияның хатшысы:
тиісті конверттерді ашу хаттамасын ресімдейді;
әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкілдерін конкурстық комиссия отырысының көрсетілген хаттамасының көшірмесін ала алатын мерзім туралы хабардар етеді.
Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі конкурстық комиссия отырысының хаттамасына конкурстық комиссияның отырысқа қатысып отырған барлық мүшелері, оның төрағасы, оның орынбасары, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы әр бетіне қол қояды.
Конкурстық комиссияның көрсетілген отырысы хаттамасының көшірмесін конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі конкурстық комиссияның отырысына қатысқан әлеуетті өнім берушіге немесе уәкілетті өкіліне конкурстық комиссияның көрсетілген отырысы өткізілген күннен кейінгі екі жұмыс күнінен кешіктірмей, ал қатыспағандарға – олардың жазбаша сұрауы бойынша сұрау алынған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынылады.
Достарыңызбен бөлісу: |