Конспект «Қазақ Әдебиеті»



Дата03.01.2022
өлшемі19.32 Kb.
#450198
түріКонспект
2-сабақ


ТІРЕК - КОНСПЕКТ «ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ» ПӘНІ БОЙЫНША

«Атамұра» баспасы бойынша


Әзірлеуші:

«Жаңа Ғасыр» №175 гимназияның

қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Ажибаева Алиман Махмутовна

Алматы қаласы Білім басқармасының ҚББЖТҒӘО қолдауымен ұсынылып отыр.

Пәні:

қазақ әдебиеті

Сынып: 7 (Т1)

IІ тоқсан

Сабақ № 2

Бөлім атауы:

Толғауы тоқсан қызыл тіл

Сабақтың тақырыбы:

Шортанбай Қанайұлы

Ресурстар:

Оқулық: Арман-ПВ. Авторы С.Ч.Тұрсынғалиева, Р.Зайкенова

Қосымша материалдар (бейнематериалдарға сілтемелер):

https://yandex.kz/video/search?text www.zharar. com/kzw.

Иллюстрациялық материал:


Сабақтың мақсаты:

7.2.2.1. Эпикалық, поэзиялық, драмалық шығармадағы автор бейнесін анықтау

Бағалау критерийі:

Поэзиялық шығармадағы автор бейнесін анықтайды

Сабақтың қысқаша тезистік конспектісі

«Зар заман» өлеңін оқи отырып, авторға мінездеме бер. Өлеңнің әр шумағында көтерілген мәселе бойынша автордың сол кездегі көңіл-күйін анықта. Автордың сол заман туралы көзқарасын анықтап, өз ойымызбен сипаттама беріп көрейік.


Оқу материалдары:



Бұл тақырып бойынша нақты ақпаратты сіз мына тапсырмаларды орындау арқылы аласыз:

Жауап бер

  1. Өлеңде ақынның ішкі жан дүниесі, сезімі қалай бейнеленген?

  2. Өз ойыңды өлеңнен мысал келтіре отырып дәлелде.




1-тапсырма

Төмендегі өлең жолдары арқылы автор бейнесін анықта?

Мына заман қай заман?

Азулыға бар заман,

Азусызға тар заман.

Тарлығының белгісі:

Жақсы – жаннан түңілген,

Жаман – малдан түңілген,

Мұның өзі – зар заман.

Зарлығының белгісі:

Бір-бірлерін күндеген,

Жай-жайына жүрмеген,

Мынаy өзі – тар заман



Орында

2-тапсырма

«Зар заман» өлеңінің мазмұны бойынша пікірлеріңді «ПОПС формуласы» арқылы білдіріңдер.



Бірінші сөйлем: «Меніy ойымша, ...»

Екінші сөйлем: «Себебі мен оны былай тyсіндіремін ...»

Yшінші сөйлем: «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын ...»

Соңғы сөйлем: «Осыrан байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім ...»


Кері байланыс



Орындаған тапсырмаңды мұғалімге электронды пошта немесе «WhatsApp» мобильді қосымшасы арқылы жібер.



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет