Аян бейнесін құрастыру.
Аянның түр-сипаты, киімі, іс-әрекеті, әдеті бейнеленген жолдарды мәтіннен тауып аламыз, осылайша кейіпкер бейнесін құрастырамыз.
“Шолақ жең, ақ жейде, тізеден жоғары қысқа қара шалбар киген, кекіл шашы бар, мұнтаздай таза бір бала тұр екен”.
Бұл жолдардан Аянның қандай қасиеті байқалады?
“Ол өте ақкөңіл, ақылды бала екен. Адамды іш тартып тұратын жайдары жүзі, не десең де көне кететін жұмсақ мінезі бізді бірден үйіріп әкетті.
Ең жақсы қасиеті- ешкіммен төбелесіп, сөзге келмейтіндігі. Бір- екі рет кейбір шатаққұмар балалар тиісіп те көрген екен. Аян үндеместен қабағын түйіп, ондайлардан сырт айналып кетіп жүрді” деген үзінді нені байқатады?
Аян екеуміз бір партада отыратынбыз. Бірінші күннен-ақ ол зеректігімен көзге түсті. Мұғалімнің тақтаға жазған әріптерін айна қатесіз қағазға түсіріп, тез жаттап алып жүрді. Тіпті келе-келе күніне бір-екі әріптен ғана өткенімізге көңілі толмай:
Барлық әріптерді тезірек неге үйретпейді екен. Шіркін, ағама хат жазар едім,-деп күңкілдейтін” деген үзіндіде нені байқадыңдар?
Аянның әжесі өліп қапты деген сыбырды алқына тұрып, шүйінші сұрағандай бірімізге-біріміз жеткіздік.
Жарғақ сары тон киген Аян күлімдеп тұратын қара көзі шарасынан шыға жаутаңдап, өңі боп-боз, есігінің алдында тұр екен. Үйінде көрші –қолаң әйелдер бір-бірімен шуылдаса көрісіп, азан-қазан болып жатқанмен, ол көзіне жас алмапты”
Сонда қалай ойлайсыңдар? Аян мүлде жылай білмей ме?
“Жаз ортасы. Аңызақ жел ұйытқи соққан ыстық күннің бірінде ауылға тағы бір қаралы қағаз келді. Бұл жолғы қаралы қағаз ешкімнің үйінен зарлы жоқтау айтатын дауыс шығарған жоқ. Бұл жолы қаралы қағаз көшеде ойнап жүрген балалардың ең соңында…. “Ей, тоқтаңдаршы, мен сендерге кешегіден де қызық ертегі айтамын”,- деп жалына дауыстай жүгірген Аянға келген еді. Ол үнсіз қабылдады. Қаралы қағазды ұзақ отырып екі-үш қайтара ежіктеп оқыды да, төрт бүктеп ышқыр қалтасына тықты. Онан соң ойнап жүрген балалардың жанына кеп, әдетінше алыс-жұлысты сырттай қарап қызықтап тұрды. Тек балалар үйді-үйіне тараған кезде, ол ауылдың шетіндегі ат қораға барып кірді. Соңынан мен де бардым… Аян қараңғы бұрышта бір уыс боп бүрісіп, екі алақанымен бетін басып солқылдап жылап отыр екен. Ұзақ жылады. Онан соң көзін сүртті де қорадан шықты”.
Бұл үзіндіде Аянның қандай бала екендігін байқадыңдар?
Аян мен әңгімеші баланың бойынан қандай адамгершілік қасиеттерді байқадыңдар?
Олардың достығы туралы ойланыңдар да, шын достық туралы ойларыңды ортаға салыңдар.
Шығарманың тақырыбы дегеніміз не?
Автор повесті неге “Жусан иісі” деп атайды? Жусан иісі арқылы жазушы оқырманға қандай ой тастайды?
Әңгіменің негізгі идеясы не?
Өздерің бұл әңгімеге қандай тақырып қояр едіңдер?
Үйге тапсырма:
“Аянның болашағы” тақырыбында өз қиялдарыңмен повесті аяқтау.
Семантикалық карта кестесін толтыру.
Әңгімеден үзінді Антоним Мінездеу Тұрақты тіркес Теңеу Портрет
-Жарғақ сары тоны қаудырлаған,тобығы тайған сол аяғын сүйрете жүгіретін,шілбиген арық,ақсақ қара бала.
-Шолақ жең ақ жиде,тізеден жоғары қысқа қара шалбар киген,кекіл шашы бар мұнтаздай таза бала. +
Аян –ақкөңіл,еқбекқор,білімге құштар,жігерлі,төзімді,досқа адал бала. +
Қотыр тайға тіл бітеді.Естімеген адамша міз бақпайды.Қас пен көздің арасында қыбырлаған бала толып кетуші еді. +
Ылди-өрге бірдей сырғанайтын шана.Киімнің кімдікі қара,кімдікі ақ екенін біліп болмайды. +
Шашы аппақ,қудай. +
Достарыңызбен бөлісу: |