Конспекті Павлодар Кіріспе «Ғылыми зерттеу негізі»



бет1/2
Дата17.06.2016
өлшемі309.5 Kb.
#141232
түріКонспект
  1   2

Қазақстан Республикасы бiлiм беру және Ғылым Министрлiгi

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттiк университетi


Факультет металлургии, машиностроения и транспорта

Металлургия кафедрасы




ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ НЕГІЗДЕРІ

пәнiнен бойынша


дәріс сабақтарының сүйеніш конспекті



Павлодар



Кіріспе
«Ғылыми зерттеу негізі» пәніне бакалавр дайындайтын оқу

жоспарына енеді және жоғары білімді мамандардың сапасын арттырудың ең маңызды құралдарының бірі.

Қазіргі өндірістің дамуы, ақпарат легінің интенсивті ұлғаюы, білімнің тез ауыспалығы, жаңаруы жағдайы өзбетімен шығармашылық жұмысқа өндіріс процесінде жаңа және үлгермелі нәтижелерін игеруге қабілетті мамандар дайындауда ерекше мәнге ие.

«Ғылыми зерттеу негізі» курсын оқудың негізгі мақсаты және міндеті жалпы әдісі және ғылыми таным нысаның, эксперименттерді жоспарлауды, мәліметтердің талдау әдісі және оларды өңдеу тәртібін оқуға, ғылыми жұмыстардың нәтижесін ресімдеу және оларды өндірісте игеру, ғылыми ұжымда жұмыстарды ұйымдастыру бойынша нұсқау беру болады.



1 Ғылыми танымның методологиялық негіздері
Ғылыми зерттеу іс-әрекетінің саласы, табиғат, қоғам және ойлау туралы жаңа білім негіздерін иеленуге бағытталған. Қазіргі уақытта ғылым материалдық өндіріс прогресінің негізгі күші болып танылады.


    1. Ғылымның жіктелімі және ғылыми зерттеу

жүмыстарын ұйымдастыру

Ғылымдар жаратылыстану, техникалық, қоғамдық және философияға бөлінеді. Бұл жіктелімдер негізінде материалдық әлемнің нысандарын қарастыру ерекшеліктері туындайды. Техникалық ғылымдар мақсатты түрде табиғи денелер мен үрдістерді техникалық нысандармен қатысты қарастырады, құрастырмалы-техникалық іс-әрекеттер әдістері барысында сонымен бірге қоғамдық өндіріс жүйесінде техникалық нысандарды қалыптастыру амалдары жайында ой білдіреді.

Ғылым аясында негізгі координатор білім беру Министрлігі мен Қазақстан Республикасының ғылыми саласы енеді. Қазақстан Республикасының жоғарғы ғылыми мекемесі – Қазақстан Республикасының Ғылым Академиясы, қоғамдық және жаратылыстану ғылымдарының ғылыми негіздемелерін айқындап, барлық ғылыми мекемелер мен жоғары оқу орындарындағы зерттеулерге басшылық жасайды. Ғылыми зерттеулердің орындалуына жоғары оқу орындарының профессор – оқытушылық құрамы тартылып, жоғары мектептің ғылыми жүйесін құрайды. Жоғары оқу орындарында ғылыми мекемелер, ғылыми зерттеулер зертханалары, ғылыми зерттеу институттары ұйымдастырылады.

Ғылыми зерттеулер жұмыстарына студенттер тартылады. Кадрларды ғылыми-педагогикалық негізнде даярлау жоғары оқу орындары мен ғылыми мекемелердегі магистратура мен аспирантура арқылы жүзеге асады. Білім беру жүйесінде ең жоғары саты – докторантура.


1.2 Ғылыми білім ұғымы, зерттеу әдістері

Білім объективті әлемнің байланысы жайлы заңдылықтардың көрінісі. Білім функциясы, қызметі-табиғат, қоғам мен ойлау заңдылықтары турасында жинақтау үрдістері, тәжірибелік іс- әрекетке жинақталған теориялық жүйелерді ойластыру. Адам ойлаудың қозғалыс үрдісі білместіктен білімге ұмтылу таным деп аталады. Танымның дамуының қозғаушы күші – тәжірибелік тұтыну қажеттілігі. Таным екі деңгейді қажет етеді: сезімдік және рационалды. Сезімдік таным эмпирикалық білімді, ал рационалдық теоретикалық білімді қалыптастырады.

Сезімдік таным адамның қоршаған ортамен үздіксіз байланысын қамтамасыз етеді. Сезімдік таным элементтері – түйсіну, қабылдау, қиял елестету. Рационалды таным сезімдікті толықтырып, үрдіс мәнін тануға итермелейді, даму заңдылықтарын ашады. Танымның негізгі міндеті – өзгерістер себебін нақтылау мен нақты жағдайлар мен үрдістерді дамыту. Рационалды таным формасы - абстрактылы ойлау.

Ойлау – адамның миындағы мәнді белгілердің жинақталған көрінісі, себептік қатынастар нысан мен жағдай арасында өрбиді. Ойлаудың негізгі құралы – адамның логикалық ой толғанысы, құрылымдық элементтері – түсінік, ұғым , ойда қорыту.

Ұғым – бұл ойлау, зат пен жағдайдың қажетті белгілерінің мәнді көрінісі. Ғылыми зерттеулер үрдісінде келесі кезеңдерді атап өтуге болады: идеялардың туындауы, ұғым түсініктерді қалыптастыру, гипотеза ұсыну, ғылыми деректерді жинақтау, гипотеза мен ұғымдардың дұрыстығын дәлелдеу.

Ғылыми идея – жағдайды интуитивті түсіндіру. Гипотеза – себептің нақтылануы, аталмыш себеп-салдарына байланысты. Егер бақыланатын деректермен гипотеза құпталса, онда оны ғылымда теория немесе заң деп аталады.

Заң – жағдайлардың ішкі мәнді байланысы, заңды дамуға негізделеді. Заң жағдайлар мен материалды нысандар арасындағы тұрақты байланысты аңғартады. Теория – жинақталған білім жүйесі, іс-әрекеттің бір жағына түсінік беру. Теория танымдық іс-әрекет пен тәжірибені тұжырымдау нәтижесінде туындайды. Теория құрылымы принциптері: аксиомалар, заңдар, түйіндер, ұғым, категория, деректер. Ойдың қозғалысы білместіктен білуге әдістемемен басшылыққа алынады. Методология – таным әдістері жайлы философиялық ілім, әлемді тану көзқарастары принцитерін таным үрдісінде рухани шығармашылықпен тәжірибеде қолдану. Әдіс – мақсатқа жету жолдары. Әдіс – бағдарламалық құрылым мен теорияны тәжірибелік қолдану. Әдістерді мынадай түрлерге бөліп қарастыруға болады: жалпы, жалпы ғылыми, жеке арнаулы, ерекше.

Жалпы ғылыми әдістерге енетіні: бақылау, салыстыру, есеп, өлшем, эксперимент, жинақтау, абстрактылау, анализ, синтез, индукция, дедукция, аналогия, моделдеу, аксиоматикалық, гипотетикалық, тарихи, және жүйелік әдістер енеді.

Байқау, бақылау – объективті әлемді тану амалы, заттар мен жағдайларды зерттеушілердің үрдіске араласпай – ақ сезім орындары арқылы қабылдау. Салыстыру – материалдық әлем нысандардың араларындағы айырмашылыңтарды тану, сезім органдарымен қоса қабат арнаулы құрылымдар да араласады.

Есеп – бір типті нысандардың сандық қатынасын айқындау. Өлшем – физикалық үрдіс, кейбір шамалардың сандық мәнін оның эталондары мен салыстыру жолымен айқындау.

Эксперимент – адами тәжірибенің бір саласы, ұсынылатын гипотезаның шынайылығын тексеруге немесе объективті әлем заңдылықтарын айқындауға арналады. Эксперимент барысында зерттеуші қарастырып отырған үрдісті тану әдісімен араласып, осы орайда тәжірибенің бір жағдайлары шоғырланып, кейбіреулері жойылады, үшіншілері күшейіп немесе әлсізденеді. Жинақтау – жалпы ұғымдағы анықтама, аталмыш класс нысандары көрініс табады. Абстрактылау – зерттеушіні қызықтыратын заттық қатынастарды оймен нақтылау. Абстрактылаудың жарқын үлгісі – идеалды газ, физика, термодинамика және басқа ғылымдарда көрініс табады. Формальдандырунысан мен жағдайдың белгілік пішінде көрініс табуы және зерттеу мүмкіндіктерінің шынайы мүмкіндіктерін қамтамасыз ету, лайықты белгілерді формальды зерттеу. Аксиоматикалық әдіс – ғылыми теориялық құрылымы амалдары, осы орайда кейбір оксиомалар дәлелдемелерсіз қабылданады, әрі қарай логикалық ережелермен қалған білімді игеруге ықпал етеді. Талдау-зерттеу, пән, нысан, қасиет белгілерін мүшелсндіру көмегімен құрамды бөліктерде ыдырату. Синтез – пәннің жетелеген тұстарын біртұтас жүйеге біріктіру. Анализ бен синтез өзара байланысты, қарама-қайшылық бірлігін қамтамасыз етеді. Таным теориясындағы маңызды түсінік - ұғымдар: индукция – деректерден кейбір гипотезаға қарай ой қорытылымы, дедукция – ақыл ой тұжырымы, түйін кейбір элементтерде барлық мүшелердің қасиеттерін негізге ала отырып жүзеге асады. Дедукция мен индукция – таным амалдары. Ғылыми танымның белгілі әдістерінің бірі – аналогия, заттар мен жағдайлар туралы білім басқа ыңғайдағылармен ұқсастық тұстары нысанға алынады. Аналогия моделдеумен, модельдік экспериментпен тығыз байланысты. Гипотетикалық әдіс ғылыми гипотезаның физикалық, химиялық ыңғайда қарастыруды қажет етеді, алгоритмнің есептік сызбасын қүруға, оны тануға, анализге негізделеді. Танымның тарихи әдісі нысандар дамуымен қалыптасуын, туындауын хронологиялық тәртіпте қарастырып, нәтижесінде зерттеуші қарастырып отырған нысаны барысында қосымша дерекке ие болады. Идеализация –нысандырды ойлы түрде құрастырмалау; күрделі жүйелерді зерттеуде сан алуан байланыстармен қоса қабат жүйелі әдістер де қолданылады (операцияларды зерттеу, басқару теориясы, көптелу теориясы). Осы орайда негізгі, көмекші факторларды ерекшелендіруге болады. Ғылыми танымның әр қилы әдіс амалдары шартты түрде бірнеше деңгейге бөлінеді: эмпирикалық, экспериментті-теоретикалық, теоретикалық және метатеоретикалық.
2 Ғылыми зерттеу бағыттарын іріктеу және ғылыми зерттеу жұмыстарының кезеңдері
2.1 Ғылыми зерттеудің бағыттарын таңдау

Ғылыми зерттеудің мақсаты – жан жақты, нысанды нақтылы тану; үрдіс пен жағдай, олардың құрылымы, байланысы мен қатынасы барысында терең қарастырулар, сонымен бірге өндіріске тәжірибелік негізде нәтижелер енгізу. Кез келген ғылыми зерттеу нысаны мен пәні болады. Ғылыми зерттеу нысаны материалдық, идеалдық жүйе. Пән- жүйелер құрылымы, жүйе аралығындағы элементтердің өзара әрекетінің заңдылықтары, түрлі қасиет, сапалық белгілері.

Максатты тағайындалым ыңғайына қарай ғылыми зерттеулер үшке бөлінеді: фундаментальді, қолданбалы және әзірлемелер. Фундаментальді зерттеу жаңа жағдайларды ашу, үйрену, табиғат заңдылықтарын қарастыруға, зерттеудің жаңа принциптерін құруға арналған. Олардың мақсаты – қоғамның ғылыми деңгейін көтеру, адамның тәжірибелік іс-әрекетінде қолданатын үрдістеріне бағыт- бағдар беру. Мысалы, фундаментальды зерттеу бағыты ПМУ-ның металлургия кафедрасында қолға алынған. Көп компонентті жүйелердегі үрдістердің физика-химиялық негздері. Пирометаллургиялық үрдістердің ғылыми негіздерін әзірлеу – фазатүзілімі және физика-химиялық негіздердің темір құрамдас жүйелердегі ерекшелігі. Жоғары түйінді технологиясының физика - химиялық бағалау жүйесі металдардың кендерге қатысты әрекеттерінде белен алады. Қолданбалы зерттеулер табиғат заңдарын пайдалану амалдарын табуға бағытталған және адами іс-әрекеттің амал-тәсілдерін жандандыруға әрекет етеді. Мақсаты – ғылыми білімді пайдалану жолдарын нақтылау, негізгі зерттеулер мен адамның тәжірибелік іс-әрекеттеріне бағытталады. Қолданбалы зерттеулер түрлері: ізденіс, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік - құрастырмалық. Зерттеудің ізденісті түрі факторларды нақтылауға бағытталған, нысандарға әсер берік, фундаментальды зерттеулер нәтижесінде, ұсынылған амалдар негізінде жаңа технологиялар мен техникаларды қарастыру мақсаты көзделеді. Ғылыми зерттеу жұмысы нәтижесінде жаңа технологиялар құрылады, тәжірибелі қондырғылдар, құралдар және т.б. әзірленеді. Тәжірибелік қүрастырма жұмыстарының мақсаты – құрастырмалау ерекшеліктерін іріктеу, логикалық негізін нақтылау. Қолданбалы зерттеу мақсаты – зерттеу нәтижелерін өндіріске енгізу. Қолданбалы зерттеу бағытындағы үлгі С.Торайгыров атындағы ПМУ-ның металлургия кафедрасында орын алған:

І) Металлургиялық өнеркәсіп қалдықтарын қайта өңдеу негізінде экологиялық баға технологияны даярлау – қара металл сынықтарын қайта өңдеу теориясымен технологиясы, нәтижесінде импорт – алмастырғыш прокатты өнімдерді жарыққа шығару.

2) Ғылыми-техникалық іс-әрекеттің инфроқұрылымын дайындау және инженер кадрларын дайындаудың қазіргі технологиясы.

Инженер – металлургтерді дайындау технологиялары әзірлемесі. Қаржыландыру көзіне байланысты ғылыми зерттеулерді мемлекеттік – бюджетті, щаруашылык келісімі, қаржыландырылмайтын болып бөлінеді. Әр ғылыми зерттеу жұмысына белгілі бағытпен қатынас жасалынады. Қосалқы ғылыми бағыт ретінде ғылым немесе ғылым кешені түсіндіріледі, яғни сол салада зерттеу жүргізілетіні ескеріледі. Ғылыми бағыттың құрылымдық бірліктері кешенді проблемалар, мәселелер, тақырыптар және ғылыми сауалдар.

Кешенді проблемалар біртұтас мақсатқа жұмылдырылған. Негізгі мәселе күрделі теориялық және тәжірибелік міндеттердің жиынтығы. Ғылыми зерттеудің тақырыбы – мәселенің құрамдас бөлігі. Зерттеу нәтижесінде тақырып бойынша нақтылы ғылыми сұрыптағы мәселеге қатысты жауап алынады. Ғылыми зерттеу бағытын таңдау - жауапты міндет. Зерттеудің нақты бағыты өндірістік қажеттіліктерді, тұтынуды тануға ыңғайланып, өзекті мәселе жайын арқау етеді. Мәселені іріктеу мен ғылыми зерттеу тақырыбын таңдауда ең алдымен талдау нәтижесінде мәселе қалыптасып, күтілетін нәтиже орындалып, проблеманың құрылымы әзірленеді, тақырыптар, сауалдар ерекшеленіп өзектілігі қалыптасады. Осы орайда маңыздылығы – мәселелер ретін ғылыми проблемалардан ажырата білу, ол оз кезегінде ғылыми қызметкерлерден ақпараттану деңгейіне де қатысты. Мәселені нақтылап, құрылымы реттелгеннен кейін ғылыми зерттеу тақырыбы анықталады, әр қайсысы өзекті болуы қажет деп саналады, ғылыми жаңашылдығы болуы шарт, яғни ғылымға тиісті үлес қосып, өндіріс үшін тиімді деп саналынған. Тақырыпты іріктеуге әдебиет көздерінен танысуға көңіл бөлінеді. Ол зерттеу мәселелеріне қатысты болады, осы орайда дискуссиялар,

мәселелерді талқылау, маман-тәжірибе иегерлерімен кеңес алуда басты әрекетке енеді.


2.2 Ғылыми зерттеу жұмысының кезеңдері

Ғылыми зерттеу жұмысы белгілі бір, қалыпты бір жүйемен атқарылады. Ең алдымен мәселемен танысу барысында тақырып қалыптасады. Осы тақырып аясында зерттеу орындалып, негізгі жоспар алды. Құжат технико-экономикалық негіздеме тақырыбында әлеуметтік нәтижелер көрсетді. Бұл үрдістерден кейін зерттеу мақсаттарымен міндеттері нақтыланады. Тақырып бойынша әдебиеттердің библиографиялық тізімі мен әдебиет көздерінің аңдатпасы орын алады, егер тақырып бойынша реферат қажет деп танылса, жағдайлар сипат алып, үрдістері,пәні нысанға алынып, онда нақты зерттеулер қамтылады, сонымен бірге зерттеу әдістері мен тәсілдері өзекті мәселені ашу барысында қолданылады. Теоретикалық зерттеулер мақсаты - пәннің физикалық мәнін жете тану. Нәтижесінде физикалық модель қалыптасып, математикалық модель әзерленеді және алынған қосымша нәтижелерге талдау жүргізіледі. Экспериментті зерттеулерді ұйымдастыруда міндеттер нақтыланып әдістеме таңдалады. Әдістеме - деректік материалдарды игеру құралы. Әдістемені әзірлегеннен кейін зерттеу жүмысына жүмыс жоспары құрылады, онда эксперименттік жұмыстың көлемі көрсетіліп, әдісі, техникасы, еңбек сыйымдылығы және мерзімі көрсетіледі. Зерттеу аяқталғаннан кейін алынған нәтижелерге талдау жүргізіледі. Әрі қарай ғылыми және өндірістік түйін-тұжырымдар орын алып, есеп құрастырылады. Тақырыпты қарастырудың келесі кезеңі - өндіріске зерттеу жүмысының нәтижелерін еңгізу және олардың экономикалық тиімділігін айқындау. Осылайша, ғылыми зерттеудің бүкіл болмыс-бітімін төмендегі сызба негізінде байқатуға болады:

1) таңдалған тақырыптың өзектілігін нақтылау;

2) мақсат қоя білу немесе зерттеудің нақты міндеттерін ажырату;

3) нысан мен зерттеу пәнін анықтау;

4) зерттеуді жүргізу әдісін таңдау;

5) зерттеу үрдісіне сипаттану;

6) зерттеу нәтижелерін талқылау;

7) алынған нәтижелерді, тұжырымдарды негіздеу, қалыптастыру.
2.3 Кез-келген ғылыми жұмыстың оңтайлы жүзеге асырылуының жоспары болады

Мұндай жоспар барлығын қарастырып, алға қойылған мақсат-міндеттердің үдесімен шыға білуі тиіс.

Жұмыс жоспарын құру тақырыпты жан-жақты қарастырудан басталады, яғни ғылыми зерттеу нысанына үніліп, қандай гипотеза лайық екенін аңғару. Жұмыс жоспары зерттеу пәнінің негіздерінде басты назарға алып, әрі қарай жоспар нақтыланады, іс-әрікет үрдісінде қойылған міндет өзгеріссіз қалуы тиіс.

Жұмыс жоспары пішіні әр алуан. Аталмыш тақырыптардың ішкі зерттеу нысанының логикалық мәніне қатысты жайлармен толықтырылады.

Жұмыс жоспарының құрамына мүмкіндігіне қарай тақырыптардан өзге жекелеген жолдармен келетін шағын тақырыптар орын алады. Жұмыс жалғасымдылығын таба келе, жоспар-жоба негіздері құрылады, онда логикалық тәртіппен сұрақтар реті орын алып, әрі қарай барлық жинақталған деректік материал жүйеленеді. Сол үшін жоспарда ғылыми-зерттеу жұмысы немесе диссертацияның тақырыбының ашылу принциптері белең алады.
3 Зерттеудің тақырыбы бойынша жинау және сұрыптау
Әр зерттеушіге міндетті түрде өз жұмысы үшін қажетті әдебиеттерді іздестіріп, іріктеуі қажет. Қарастырылып отырған мәселенің негізгі сұрақтары әрдайым ертерек жарияланған зерттеулерде орын алады.

Ең алдымен міндетті түрде тақырып бойынша әдебиеттер көзін табуға үйренген дұрыс.


3.1 Әдебиет көздерінің библиографиялық іздеуі

Қарастырылған әдебиеттердің мазмұны зерттеу тақырыбымен сәйкес келуі шарт. Оларға енетін материалдар түрлі басылымдарда жарияланады (ғылыми зерттеу жұмыстары жайлы есептер, тәжірибе-құрастырмалау жұмыстары, диссертациялар, қолжазбалар, өндірістік формалар материалдары), ресми материалдар. Құжаттар бастапқы және қосалқы болып жіктеледі. Бастапқысында ғылыми зерттеулер нәтижелері, әзірлемелері, жаңа ғылыми мәліметтер мен белгілі идея, деректерді тұжырымдау енеді. Қосалқысында бастапқы құжаттарды логикалық, аналитикалық қайта өңдеу нәтижелері көрініс табады.

Бастапқы құжаттар жарияланған басылымдар мен жарияланбағандарға ажыратылады. Бастапқы құжаттар қатарына кітаптар, шағын брошулалар енеді. Олардың ішінде маңызды мәнге ие болатыны – монографиялар, оларда бір тақырып не проблема жан-жақты зерттелініп, ол бір не бірнеше авторға тән болуы мүмкін. Ғылыми еңбектер жинағында бірнеше авторлардың туындылары, рефераттар мен түрлі ғылыми материалдар енеді. Оқыту мақсатында шығарылатын оқулықтар мен оқу құралдары ғылыми мәліметтер құрап, оқытуға қолайлы болып келеді. Ақпараттың шұғыл түрдегі кең таралған түрлеріне мерзімдік басылымдарда – журналдар мен газеттер. Мерзімді түріне жататын басылымдар – ғылыми еңбектер жинағы, институт, жоғары оқу орындарының еңбектері. Олар көбіне-көп «Еңбектер», «Ғылыми жазбалар», «Жаңалықтар» болып, осы атаулармен жарияланады.

Техникалық басылымдар түрлеріне нормативті-техникалық құжаттар (стандарттар, нұсқаулар, типтік ережелер және басқалар енеді). Стандартқа енетіні: ГОСТ (мемлекеттік), ОСТ (салалық), СТ (өндіріс стандарты) және т.б.

Ғылыми зерттеу жұмыстарының негізгі мәнін иеленетін дүние -патенттік құжат, ондағы құжаттар жиынтығы жаңа ашылымдар, тың зерттеулер мен өнеркәсіптік меншіктер барысында ой өрбетеді. Бастапқы құжаттар – ғылыми-техникалық есептер, диссертациялар, қолжазбалар, құрастырмалы құжаттар, ақпараттық мәлімдемелер, оларда ғылыми-техникалық конференция, семинарлар барысында деректер беріледі.

Қосалқы құжаттар мен басылымдар былайша бөлінеді: анықтамалар, рефератты, библиографиялық шолу. Анықтамылық басылымдарда (анықтама сөздіктерде) теориялық жинақтау еңбектерінің нәтижелері орын алып, өндірістік мәндегі материалдардың түрлі шамалары мен мәні сипатталады. Библиографиялық басылымдар библиографиялық сипаттамалар жиынтығы, зерттеушіге оны қызықтыратын сауалдар жөнінде деректер ұсынады, материалдарды қарастыру барысында материалдар жайынан ақпарат береді.

Рефератты басылымдар рефераттар жиынтығын қамтиды, негізгі мәліметтер мен деректер жинақталған. Рефератты басылымдарға реферативті журналдар, реферативті жинақтар, экспресс-ақпарат, ақпараттық дүниелер енеді. Шолу басылымдарына бір мәселе бойынша жасалынатын шолу енеді. Жаратылыстану және техникалық ғылымдарында құжаттың негізгі түрлерін жинақтаумен ВИНИТИ институты айналысады; НИР және ОКР есептері жарияланады. ВНТИЦ диссертациялар қорғаумен шұғылданады; нормативті-техникалық құжаттармен – ВНИМКИ.

Қосалқы құжаттар құрамына тіркеу және ақпараттық карталар, есептік диссертациялық карточкалар, қолжазбалар мен аудармалар көрсеткіштері, ақпараттық мәлімдемелер енеді.

Қызықтыратын мәселе барысында ақпарат іздестіру үшін қазіргі уақытта ерекше мәнге ие болып отырған – Интернет желісі ақпараттық іздестіру жүйесі болып есептеленеді.
3.2 Әдебиеттерді зерттеу және нақты фактыларды жинау

Тақырыпты мақсатты түрде қарастыру ақпараттық басылымдармен танысудан басталады, мақсаты-мазмұнды ақпарат иелену. Ізденіс деректері бастапқы ақпарат көздеріне назар аударудан бастау алады. Әдебиеттерді қарау, таңдалған тақырып бойынша іздестіру жалпы жұмыстардан басталады, негізгі сауал төңірегінде терең түсінік алып, содан кейін барып жаңа материал іздеуге көшеді.

Ғылыми мақалаларды танудың кезеңдік сипаты:

– туындымен жалпы, тұтастай танысу;

– барлық мазмұнға көңіл аудару;

– материалдың қалыптылығына, ретіне көңіл бөлу;

– туындының белгілі бөлімін іріктей оқу;

– материалдардың қажетті тұстарын жазып алу;

– жазылған дүниеге сыни көзқарас, болашақ еңбектің, есеп, диссертацияның дұрыс редакторлануына көңіл бөлу.

Ғылыми мақалаларды қарастыруда міндетті түрде кез келген деректерді жинау емес, ғылыми деректерді қарастырылған абзал. Ғылыми деректерде өзіндік белгілерімен, жаңашылдығымен, дәлдігімен, объективтілік пен нақтылығына жете көңіл бөлінеді. Бұл міндетті түрде ғылыми жаналық ашу емес, біз білмейтін тың дүниелер жайлы жаңа білім. Деректерді іріктеуде ғылыми объективті болған дұрыс. Деректерді түсіндіру қиын деп тәжірибелік қолданыстан ығыстырған дұрыс емес. Ғылыми деректердің нақтылығы – олардың сөзсіз ұзақ мерзім үрдісте жалғасып табуы. Көптеген жағдайларда соңғы жаңа деректерге сүйенген дұрыс, ең абыройлы деректерді іріктеп, сілтемені жасап отырған дұрыс. Іріктелген деректік материалдар ұқыпты түрде тіркеледі, топталады, әрі қарай жинақталған материал көлемінде конспект, реферат немесе шолу әзірленеді. Конспект – аталмыш материалдың шағын түсінік дүниесі. Реферат тақырыпты, зерттеу пәнін, мақсатын, жұмыстың өтілу әдіс-тәсілдерін, алынған нәтижені, қолданылу ауқымын қамтиды. Ғылыми шолу – мәтін, ақпараттың белгілі бір сұрақ бойынша синтезделген түрін қамтып, жинақталған бастапқы құжаттарға сүйеніледі. Ғылыми шолуды мақалалар ретінде журналдарда, мақалаларды басылымдарда, конференция еңбектерінде, сонымен бірге монографиялар мен ғылыми-техникалық есептерде жариялайды. ГОСТ 7.23 – 96 талабына сай шолу келесі элементтерді қамтиды: реферат, кіріспе бөлім, аналитикалық бөлім, түйін-тұжырымдар, нұсқаулар мен қосымша.

Кіріспе бөлімде тақырыптың таңдалуы, өзектілігі, мәні, шолу тағайындалымы, талданатын кезеңнің уақытша интервалы, қолданылатын әдебиеттер тізімі, қарастырылатын сұрақтың тақырыптық шегі орын алады.

Аналитикалық бөлім талдау мен оның нәтижелерін құрайды, қарастырылып отырған сүрақ жайлы деректерді жүйелеп, зерттеу әдістері мен амалдары қолданылады, зерттеу жағдайы, ғылыми-техникалық деңгейі, ұйымдастырушылық-экономикалық ахуалы, даму тенденциялары белең алады.


4 Теоретикалық зерттеу
4.1 Теоретикалық зерттеулердің мақсаттары мен міндеттері

Теориялық зерттеулер мақсаты – қарастырылатын нысан мен қоршаған орта арасындағы мәнді байланыстарды айқындау, эмпирикалық зерттеу нәтижелерін жинақтау, жалпы заңдылықтарды айқындау.

Теория өз дамуында түрлі кезеңдерден – сапалы түсінік беру мен үрдістерді сандық өлшеуге дейінгі аралықты, сапалық белгілерді математикалық қатынас ретіне дейінгі аралықты қамтиды.

Теоретикалық зерттеудің міндеті – зерттеу нәтижелерін қорыту, өңдеу, тәжірибелік деректерді талдау негізінде жалпы заңдылықтарды табу, нысанды зерттеу нысанының сенімділігін көтеру.

Теоретикалық зерттеулер аясына енеді: үрдістердің физикалық мәніне талдау, зерттеу гипотезасын қалыптастыру; физикалық модель құру; математикалық зерттеу жүргізу; теоретикалық шешімдерге талдау; түйін-тұжырымдарды негіздеу.

Теоретикалық зерттеулерді өткізу үрдісі бірнеше кезеңнен тұрады:

– оперативті кезең – техникалық мүмкіндіктер ыңғайын нысанға алып, қоршаған орта, нысандағы мүмкіндік өзгерістерге баға берелі, есептің шешімінің ғылымның басқа салаларынан ерекшелену мүмкіндіктерін байқатады;

– синтетикалық кезең – нысанның бір бөлігшің өзгерістерінің басқа бөліктер құрылымына әсері қадағаланып, басқа нысандардың өзгерістері анықталады, өзгертілген нысанның жаңа тұрпаттық мүмкіндіктері, жаңа идеялардың басқа міндеттерді шешудегі әрікеттері орын алады;

– міндеттер қойылымы кезеңі – міндеттердің соңғы шешімін анықтау және есептерді шешудің анағұрлым тиімді жолдарын қарастыру, талап етілетін сандық көрсеткіштерді анықтау;

– аналитикалық саты соңғы нәтиже негіздерін айқындаумен қатысты, нақты нәтиже алуға бөгет болып отырған келеңсіздіктер себебін ажыратып, осы кемшілікті жою жолдарын нақтылайды.

Теоретикалық міндеттердің шешімін табуы шығармашылық мәнге ие болуы керек.
4.2 Зерттеулердің математикалық тәсілдері

Тәжірибелік есептерді математикалық амал-тәсілдермен шешу қалыпты түрде міндеттерді математикалық негізде ыңғайлауға қатысты, әдісті таңдау математикалық модельдер мен құрылымдарға қатысты.

Математикалық тұрғыдағы негіздемелер сандар, геометриялық бейнелер, қызмет, теңдеу жүйесі негізінде өрбиді. Нысанды, жағдайды сипаттау үздіксіз, дискретті, детерминделген немесе стохастикалық және басқа да математикалық пішіндермен қатысты.

Математикалық модель математикалық қатынастарға ие – формулалар, функциялар, теңдеулер жүйесі, теңдеулер, қарастырылатын нысан мен үрдіс, жағдайдың алуан түрлі жағын сипаттамаға алады.


Зерттеу объектісі







1– Сурет
Математикалық модельдеудің бірінші кезеңі – міндеттерді қою, нысанды және зерттеу мақсаттарын нақтылау, нысанды тану өлшемдеріне үңілу.

Модельдеудің келесі кезеңі – математикалық модель типін таңдау. Аталмыш ізденіс эксперимент нәтижесінде, талдау барысында нақтыланады: икемділік, ыңғайлылық, стационарлық, сонымен коса қарастырылып отырған нысан мен үрдістің детерминациялану сатысы.

Нысанның жалпы ерекшеліктерін нақтылау математикалық аппаратты іріктеуге негіз болады. Осының базасында математикалық модель құрылады. Іріктеу 1-ші суретегі сызбаларға сәйкес жүзеге асады.

Математикалық модельдеуде қойылатын мақсаттар мен міндеттердің модель типін таңдауда да мәні зор. Тәжірибслік міндеттер қарапайым математикалық аппараттарды, ал фундаментельды түрі - күрделілерін талап етеді.

Модельдеудің үшінші кезеңі – математикалық модельді класқа ыңғайлай іріктеу. Аталмыш кезең нысанның зерттеленетін параметрлерімен байланысты; Сандық параметрлер үшін теңдеулер жүйесі түрлері қолданылса, сапалық үшін – функция тапсырмаларының таблицалық амалдары қолданылады.

Матемитикалық модельді іріктеу кезеңінде ерекше орын иеленетіні – нысанды ерекшелендіретін белгілерді айқындау. Принципті тұрғыдан кіру факторларының төрт сызбасы мен шығу көрсеткіштерін қадағалауға болады:

– бір қырлы сызбалар;

– бір қырлы – көп қырлы сызбалар;

– көп қырлы – бір қырлы сызбалар;

– көп қырлы – сызбалар.

Осы сызбаларға қатысты түрлі математикалық модельдер тандалынып, зерттеу нысаны сипатталады. Динамикалық нысанның модельдерінің түрін іріктеу дифференциялды теңдеулер құруға ұласады. Физикалық міндеттер мына теңдеулердің үшеуінің біреуіне әкеледі:

1) Дифференциалдағы дифференциалды теңдеулер. Бұларды құру ерекшелігінің мәні мынадай: міндеттер жағдайынан дифференциалдар арасындағы қатынас шығады. Бүл үшін шамалардың шағын көлемі олардың дифференциалдарымен алмасады, тепе-тең емес физикалық үрдістер dt шағын уақыт аралығында тепе-тең ретінде қарастырылады.

2) Дифференциалды теңдеу туынды мәндерде. Бұл теңдеулерді құрудың мәні – міндеттер жағдайынан функциялар өзгерістерінің қарқынмен аргументтер қатынасы құрастырылады.

3) Қарапайым интегралды теңдеулер мәніне ие. Жұмыс күшін бағалауда, денелер көлемін қарастыруда, тура, қисық сызықты бет алаңдарын нақтылауда оларды нақтылы интегралдар мен интегралды формулаларға сүйеніп сипаттау керек.

Денелердің физикалық қасиеті; бастапқы шарттар, шектік жағдайлар, яғни жүйенің қоршаған ортамен өзара әрекеті ыңғайда болады. Бастапқы және шектік жағдайлар өлкелік болып есептеленеді. Мүмкіндік нысандарды модельдеуде реттеу заңдылықтармен қоса қабат ену, шығу шамаларының арасындағы өзіндік байланыста нысанға алынады. Сол үшін модель құрамына корреляция мен функцияның өзара мәндес ыңғайдағы коэффициенттері орын алады (мысалы: yср=f(x) – шығу шамасының орташа мәні; σ=f(x) – шығу шамаларының орташа квадратты ауытқуы).

Нысанның математикалық моделін іріктеу үрдісі оны қосымша бақылаумен аяқталады. Осы орайда бақылаудың келесі түрлері белең алады: көлемдік, сандық, тәуелділік ерекшелігі, төтенше жағдайға ыңғайы, шектеу жағдайлары, физикалық мән, модель тұрақтылығы.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет