Көркем еңбекті оқыту әдістемесінің мақсат, міндеттері



Дата26.09.2023
өлшемі42.38 Kb.
#478607
түріСабақ
К ркем е бекті о ыту дістемесіні ма сат, міндеттері


Көркем еңбекті оқыту әдістемесінің мақсат, міндеттері
Бастауыш мектептегі көркем еңбек сабағы пән мазмұнының құрылымына қарай төрт блоктан тұрады. Текстильді жұмыс жүргізу соның ішіндегі “көркем еңбек” блогына жатады. Еңбек сабағына енгізілген қолөнер туралы мағлұмат оқушыларға бірінші сыныптан бастап қалыптастыруды қажет етеді. Алғашқы сабақтан бастап оқушыларға жұмыс істеу әрекеті, тапсырманы дұрыс орындау, жұмыс орнын таза, мұқият ұстауға, жұмсалатын материалдарды үнемдеуге дағдыландыру көзделеді.
Көркем еңбек
1. Ермексаз және сазбалшықпен жұмыс.
2. Матамен жұмыс.
3. Қолданбалы қолөнер.
Оқушылар 4 жыл ішінде бейнелеу пәнімен байланысты архитектура (сәулет өнері) мүсін, графика, техника, сәндік қолданбалы қолөнер шығармасымен танысады. Дизайндық білім негіздерімен танысады.
Өзіне-өзі қызмет ету еңбегі барысында оқушылар күнделікті тұрмыста кездесетін жұмыстарды атқаруды үйренеді.
Мысалы: Кластағы жұмыс орнын (парта үстін) таза ұстау, кітаптары мен дәптерлерін қанттай ұқыпты ұстай білу, киімдерін таза ұстау, тазарта білу, жамау, түйме қадау ілгек түрін қадай білуге үйренеді.
Ауылшаруашылық еңбегі қала және ауылдық мекендерде екі бағытта жүргізіледі.
Ауылшаруашылық жұмыстары көбінесе жергілікті жердің жағдайымен мектептің мүмкіндіктеріне қарай жоспарлануы тиіс.
Күнтізбелік тақырыптың оқу жоспарын тізген кезде бастауыш класс мұғалімдері өзгеріс, қосымша материалдар енгізе алады.
«Көркем еңбек» пәнінің міндеттері:
- оқушының жеке тұлғасын мотивтік саналарын дамыту.
- оқушының шығармашылық қабілетін дамыту.
- оқушының қарапайым құралдармен және әртүрлі материал-дармен жұмыс жасау біліктілігін қалыптастыру.
- пәндік практиканың дағдыларын қалыптастыру.
Көркем еңбек пәнінің ерекшелігі
Мектеп оқушыларын еңбекке баулудың басты міндеттерінің бірі-балаларды негізінен еңбекке тәрбиелеу, қоғам игілігі үшін еңбек жасату, оқушылардың еңбекке деген көзқарастарын шығармашылық қатынаста тәрбиелеу. Көркем еңбек сабағында баланың ой-өрісінің дамуына түсініктерінің кеңейюіне, ғылым мен техника туралы білімнің негіделуіне әсерін тигізу үшін біріншіден көркем еңбек пәнінің мұғалімдерінің өзінің саяси сауаттылығымен бірге техникалық сауаттылығы қатар болып, білім аясы терең әрі жан-жақты болуы шарт. Екіншіден, өз бойындағы білімін мектептің бастауыш сатысында білім алып жатқан жас жеткіншектерге жеткізіп, асқан шеберлікпен меңгерте білу. Көркем еңбек пәнінің міндеті-осы мақсаттарды шешуді көздейді. Пәннің негізгі мақсаты, жалпы білім беретін орта мектептердегі оқу-тәрбие үрдісі барысында өтілетін еңбекке баулу сабағын оқытудың әдісі мен оқытудың әдіс-тәсілдерін ,формаларын игеру. Пәнге берілген жалпы сағат саны көп болмағанымен оқу материалының ауқымы көлемді. Жалпы білім беретін орта мектептерде өтілетін көркем еңбек сабағы жасөспірім оқушылардың еңбекке ынтасын, сабаққа ықыласын арттыруда, оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытуда орасан зор негіз болып табылады. Адамдардың ең бірінші өмірлік қажеттілігі-еңбек екені, сол арқылы өз бойындағы еңбек қабілеттерін дамытып отыратыны, үлкейе келе өзінің бойындағы асыл қасиеттерінен өмірлік нәр алатындығын мектеп табалдырығын аттаған жасөспірімдердің бойына ерте бастан дарыта білу керек. Педагогика ғылымының негізгі ұстанымдары бойынша бастауыш сыныптарда өтілетін барлық пәндердің ара салмағы бірдей болып саналатындығы белгілі екенін ескерсек те дегенмен әрбір пәннің өзіндік ерекшеліктері, мүмкіндіктері әркелкі болып келеді. Көркем еңбек сабағы - мектеп оқушыларына жай ғана білім беріп қана қоймай, ең бастысы оқушыларды ізденімпаздылыққа, еңбекқорлыққа баулитын тәлім сабағы болып келеді. Көркем еңбек сабақтары арқылы баланың бойында еңбек қабілеттері, дүниетанымдары кеңейе түсіп, олардың бәрін жинақтау қабілеттері, техникалық сауаттылықтары арта түседі. Көркем еңбек сабақтары арқылы баланың бойында еңбек сүйгіштік қабілеттері дами түсіп адамгершілік қасиеттері қалыптасады және еңбек адамдары туралы түсініктері кеңейе түседі. Бастауыш сыныптарда өтілетін көркем еңбек сабақтарында оқушылардың орныдайтын жұмыстары қаншалықты қарапайым әрі оңай болғанымен еңбек жөніндегі тәжірибесі аз балаға оны орындап шығу қиынға соғады. Бұл жұмыстар алғашқы күннен бастап мұғалімнің көмегімен жүзеге асырылып отырады. Сондықтан алғашқы сабақтан бастап түрлі жұмыстарды жүйелі түрде орындай білуге оқушыларды дағдыландырсақ, іске төселдірсек олардың қандай істі болса да атқара алатындығына сенімдері арта түседі. Ондай кездерде оқушы бойында еңбекке деген құштарлықтары, сабаққа ынтасы, ықыласы да арта түседі. Бастауыш сынып мұғалімдері жаңа оқу жылы бас кезінде әрбір жекелеген сыныптар үшін бөлінген сағат сандары бойынша бағдарлама талаптарына сәйкес атқаратын тапсырмаларды енгізе білуі тиіс. Көркем еңбек сабағының блоктық бөлімдеріндегі жұмыс түрлерін, тапсырмаларды орындауға ыңғайлы оқу кезеңдерінің жыл мезгілдеріне байланысты рет-ретімен жоспарлай білуі тиіс. Біріншіден, бастауыш сынып мұғалімдері көркем еңбек сабағының тақырыптарының негізгі оқу мақсатын, сабаққа қойылатын негізгі талаптарды орындай білуі керек. Екіншіден, күнделікті өтілетін әрбір сабақты сапалы әрі жауапты түрде өткізе білуі тиіс. Аталған еңбек сабағының негізгі талаптарын орындай білуін мұғалім өз-өзінен және оқушылардан талап ете білуі шарт. Сабақтың жемісті болуы мұғалімнен үлкен шеберлікті талап етеді. "Сабақ мұғалім, күнбе-күн оқушыларға білім, тәрбие беретін және жан-жақты дамытатын оқу-тәрбие прлцесінің негізгі саласы", деген Сухомлинский. Сабақта мұғалімнің жеке басының үлгісі оқушылар үшін маңызды екені белгілі. Бұл туралы Сухомминский былай деп жазған : "Сабақ мұғалімнің жалпы педагогикалық мәдениетінің бет-бейнесі, оның зияттық байлығының өлшемі, оның ой-өрісінің , білімдарлығының көрсеткіші". Қазіргі жаңартылған білім беру үдерісінде қалыптасып отырған жаңа атаудағы «Көркем еңбек» білім беру бағдарламасы кіріктірілген тұрғыда білім берудің теориялық негізіне сәйкес анықталғаны белгілі[5]. Бұл атаудағы оқу пәнінің білім беру мазмұнына талдаулар жасау барысында, оның тұжырымдық бөлімінде, яғни мақсаты – оқушылардың көркемдік-технологиялық білімі мен іскерліктерін қалыптастыруға, шығармашылық қабілеттері мен ойлауын дамытуға бағытталып, еңбекке баулу оқу материалдарына басым бейімделсе, оның нәтижеге бағытталған оқыту мақсаттарының жүйесі бейнелеу өнері оқу материалдары кеңінен қарастырыла қамтылғаны байқалады. Екі оқу пәнерінің кіріктіріле құрылған мақсаты мен білім беру мазмұны арасында үйлесімділіктің толық анықталмағаны және қисынсыздықтың белгілері айқындалып отыр.
Кіріктірілген «Көркем еңбек» білім беру бағдарламасының құрылуында ескерілетін мәселе, ол кіріктіре білім беру мен оқытудың теориялық негізін ерекше көңіл аударылуы қажет еді. Ол білім беру тұрғысында екі оқу пәннің біріктірілуінде бір оқу пәнінің оқу материалының басымдылығымен анықталуды ұсынады. Бірақ, ол оқу материалы қоғамдық қажеттілікті, оқушы тұлғасының сұранысы мен қызығушылықтарын ескеруі абзал. «Көркем еңбек» оқу пәнінің атау мазмұнында да бейнелеу өнерінің оқу материалына тән белгі – «көркем» ұғымымен ғана байланысты болып қана тұр. Оның өзі де тек «механикалық» сөз құрауға ғана қажет болғаны байқалады. Шын мәнінде «көркем» сөзіне емес «еңбек» ұғымы сөйлемнің және «көркем еңбек» атаудың түйінді мәнін ашады. Олай болса, «Көркем еңбек» білім беру бағдарламасының мақсаты орынды анықталып, ал, оқыту жүйелерінің мақсаттары және қолданылатын ресурстар бейнелеу өнер оқу материалдарына икемделіп кеткені анықталып отыр. Сондықтан, кіріктірілген «Көркем еңбек» оқу бағдарламасының білім беру мазмұнында жетекші білім беру мазмұны технология оқу материалы болып сақталуына толық дәрмендігі бар. Ал, бейнелеу өнері оқу материалы оқушылардың еңбек өнімдерін жасау барысында қолданбалы сипаттағы, яғни бұйымдарды әсемдеу мен көркемдеу тәсілдерін қолдануда ғана қажет етеді. Көркем еңбек оқу пәнінің сабақтарында оқушылар технология оқу пәнінің оқу материалдарымен тығыз жұмыстана отырып, өздерінің танымдық, тұлғалық және әлеуметтік қасиеттерін дамытуға толық мүмкіндіктері бар.
«Көркем еңбек» оқу пәнінің атауы технология білім беру мазмұнын толық мәнін, бейнелеуін сипаттай алмайды. Өйткені, технология оқу пәнінің оқу материалы сәндік-қолданбалы өнер мен көркем құрастыру ғана оқу материалымен шектелмейді. Сонымен бірге, электротехника және электроника, ауылшаруашылық өндірісі, конструкциляқ материалдарды өңдеу, тұрмыстық үй және үй экономикасы, кәсіби бағдар, қазіргі өндіріс технологиясы, техникалық шығармашылық сияқты оқу материалдары да қамтылған. Ал, біздің оқу пәнінің атауы «көркем еңбек». Олай болса, кіріктірілген білім беру мазмұны тек бейнелеу өнері мен технология оқу пәнінің сәндік-қолданбалы өнер мен көркем құрастыру оқу бөліміне ғана қатысты болып отыр. Технология оқу материалының қалған оқу бөлімдеріне тән оқу пәнінің атауы, оның білім беру мазмұнын толық қамтымай отыр.
Осыған сәйкес, біздің тарапымыздан бірнеше рет ұсыныстар жасалды. Ол ұсыныс «көркем еңбек» атауды «технология және дизайн» атауына алмастыру. Оның себебі, кез-келген еңбекте маман өнімнің түрін анықтап, оның нобайын жасау кезінде техникалық, технологиялық белгілерін бірінші қарастырып, анықтап алады. Оны әсемдеу жағы екінші кезеңде орын алады. «Технология» деген ұғым пән атауының мазмұнында болуы кіріктірілген білім беру мазмұнын толық сипаттауға, ашуға мүмкіндігі жеткілікті. Кез-келген еңбек – ол белгілі технологиялық процестен құралады. Соның ішінде бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары бойынша жұмыстарды орындау технологиялық процесті құрайды. Сондықтан, «көркем еңбек» оқу пәнінің атауында технология деген ұғымды енгізу біршама білім беру мазмұнының мәнін толық ашуға мүмкіндік береді. Екіншіден, технология ұғымы қазіргі кезде өзектілігі мен қолданылуы кең таралып отырғаны белгілі.
«Көркем еңбек» оқу пәнінің аталуы қазіргі қоғамның дамуы мен жетілу үдерісіне үйлесімсіздігін білдіреді. Бұл атаудың білім беру саласында қалыптасуы, ол өткен ғасырдың 80-90 жылдары Қазақстанның тәуелсіздік алып, халықтың ұлттық мәдениеті мен дәстүрін қайта қалыпына келтіре жаңарту мен дамытумен байланысты. Соның негізінде технология оқу пәнінің оқу материалдары құрамында кеңінен «қолөнер», «сәндік-қолданбалы өнері», «көркем еңбек» деген атаулар жиі қолданылып отырды. Әрине, сол кезеңде «көркем еңбек» атауының өзектілігі жоғары болды. Бірақ, қазіргі кезде оқушыларды жалпы орта мектепте «көркем еңбек» оқу пәнінің білім беру мазмұнымен ғана шектемей, қазіргі қоғамның өндірісі мен қызмет көрсету саласындағы замануи технологиялар мен ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың көмегімен қалай жаңа өнімдер мен өндірістерде адамның еңбегін жеңілдете аламыз. Міне, осы қоғамның жаңа талаптары мен қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған жас ұрпақты мектептің қабырғасында дайындау қисындылығымен жанасады.
2. Мектептің бастауыш сатысындағы білім мазмұны- оқушылардың меңгеруі, олардың жан-жақты дамуы үшін негіз қамтамасыз ететін, олардың ойлауын, танымдық қызығушылығы мен еңбек іс-әрекетіне дайындығын қамтамасыз ететін білім, іс-әрекет тәсілдері, шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі, әлемге эмоциялы құнды қатынас жүйесі.Табысты оқу қамтамасыздығы үшін неге оқыту қажет, білім мазмұны қандай болуы керектігін анықтап алу міндетті шарт. Білім мазмұны түсінігі бойынша біркелкі пайымдама жоқ. Білімдендіру қызметін іске асыруға бағытталған дəстүрлі педагогикада білім мазмұны оқушылар игеруі тиіс педагогикалық икем мен сəйкестікке келтірілген ғылыми ақпарат жəне оған байланысты тəжірибелік ептіліктер мен дағдылар жүйесі ретінде қабылданған Білім мазмұнының мəнін ашуда бұл бағыт білімдік бағдарлы (знаниево- ориентированное) оқу атамасын алған. Мұндай оқу жүйесінде адамзаттың тарихи дамуы барысында жинақталған білімдер ғана əлеуметтік құндылық ретінде танылады. Бұл көзқарастан демократиялық қоғамның басты міндеті- шығармашыл, дербес ой жүргізе алатын адам қалыптастыру – жалаң білім жинақтау талаптарының көлеңкесінде қалып келді. Соңғы кезеңдерде білімді адамиластыру идеясының арқасында білім мазмұнының мəнін айқындауда тұлғалық бағдарлы (личностно- ориентированное) оқу бағыты кең назарға алынуда. Осы бағытқа орай оқушылар белгілі оқу мазмұнын ғана меңгерумен шектелмеуі тиіс. Оқу-тəрбие барысында ең алдымен шəкірттерде құндылықты- мəнді сұраныстар мен ниеттер қалыптастыру міндеті тұрады, олар тұлғаға қажет сапа-қасиеттердің орнығуына негіз ретінде қабылдануы лəзім. Болашақ қоғам мүшесі –тұлға педагогикалық процесс аймағында өз əрекет – қылықтарына, қоғам мен ел тағдырына, қоршаған ортаны қорғауға деген жауапкершілік сезімін қалыптастырып, əділетсіздік пен немқұрайлықтан қашық болуға баулынады, өзінікінен басқаша пікірлерді ымырашылдықпен тыңдап, ұрда-жық ысырып тастамай, қажеттісін қабылдауға үйренуі тиіс. Тұлғалық бағдардағы білім мазмұны мейлінше толық құрылымға келтірілген, педагогикалық тұрғыда икемге түсірілген əлеуметтік тəжірибе күйінде төрт элементтен құралып, төмендегідей іс-əрекеттерде көрініс береді: - нəтижелік формасы –білім (қоғам, табиғат, техника, ойлау, іс-əрекет əдістері жөнінде) күйінде бекіген танымдық іс-əрекеттер;- үлгі бойынша орындау ептіліктері (ақыл-ес жəне практикалық ептіліктер мен дағдылар) формасындағы əрекеттердің белгілі əдістерін іске асыра білу; - проблемді жағдайларда қалыптан тыс шешімдер қабылдау ептіліктері формасындағы – шығармашыл іс-əрекет, қызмет; - тұлғалық бағдар (қоршаған ортаға, дүниеге, адамдарға, өз басына, мораль нормаларына, көзқарастық идеяларға жəне т.б.) формасындағы көңіл-күй құндылықты қатынастарды орындай білу. Білім мазмұнының аталған элементтері бір-бірімен байланысты жəне өзара шарттасқан. Əлеуметтік тəжірибенің осы элементтерін игерген адам жақсы орындаушы ғана болып қалмастан, дербес, өз бетінше шығармашылдықпен əрекет істей алатын, қалыптасқан қатынастар жүйесіне өз үлесін қоса білетін тұлға дəрежесіне көтерілуге мүмкіндік алады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет