Мәдениеттің мақсаты негізінен адамзаттың әр ұрпағының келесі ұрпаққа өлмес те, өшпес мұра қалдыру, олай болса, аталған Батыс п



Pdf көрінісі
бет1/130
Дата17.09.2024
өлшемі3.17 Mb.
#503684
түріОқулық
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   130
Философия Оқулық (3)




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ 
 
УДК 378 (075.8):008 
ББК 71.0 я73 
ФИЛОСОФИЯ 
ОҚУЛЫҚ 
Символ «Рухани жаңғыру» 
Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым Министрлігі Республикалық оқу-
əдістемелік кеңесі қаулысымен «Оқулық» грифі берілді (29.06.2017); хаттама 
№ 2
 

 

Пікір жазғандар:
Философия: 
2021. – 296 бет . 
ISBN 5-7427-0314-7 
Жаңа басылымда оқырман пікірлері ескеріліп, толықтырулар мен 
өзгерістер енгізілді. Он бес тақырыптан тұратын оқулықта философияның 
теориялық қағидалары əлемдік жəне отандық руханият пен өркениет 
үлгілерінің мəнмəтінінде қарастырылады. Кітап Қазакстан Республикасы Білім 
жəне ғылым министрлігі бекіткен типтік оқу бағдарламасына (№ 603, 
31.10.2018) сəйкес орындалған. Елімізде қабылданған кредиттік оқу жүйесі 
талаптарына сай жазылған. Оқулық студенттер мен оқытушыларға, ғылыми 
қызметкерлерге жəне философия мəселелері қызықтыратын оқырманға 
арналған. 
©
© 
Алматы, 2022 



АЛҒЫСӨЗ 
Ұсынылған оқулық нақты қазақстандық білім беру дискурсының 
сұранымына жауап ретінде бүгінгі қазақстандық қоғамның талаптарына сай 
орындалған. «Мəдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының дүниетанымдық 
парадигмасы арнасында кейбір ескі үлгідегі оқулықтарға тəн тарихи-
философиялық үдерісті түсіндіруде көнерген маркстік штамптардан арылуға 
талпыныс жасалған. Философиялық сұрақтар бүгінде барлық адамзат үшін, 
оның ішінде Қазақстан үшін де ең маңызды мəселеге айналып отыр. Сондықтан 
қазақстандық оқырмандарды классикалық философиялық мұралаымен 
таныстыру рухани жəне жалпымəдени мағынада да, сонымен бірге оларда 
тұтас философиялық дүниені түсінуін қалыптастыруда да пайдалы бола түсері 
анық. Барлық жүйелердің философияны практикалық қажеттілік ретінде 
қарастырып, жақсы өмірге жетудегі нұсқау ретінде дамытуы басты 
айырмашылығы болып табылады. Философиялық даналықтың мақсаты 
интеллектуалдық əуестікті жəй қанағаттандыру емес, көрегендікпен, терең 
алғырлықпен нұрланған жақсы өмірге жету ең бастысы болып табылады
.
Қазақ философиясы (фəлсафасы) өзін түрлі философиялық бағыттарда 
Батыспен жəне Шығыспен сұхбаттасуға тырысушы, бірегей, адам онтологиясы 
мен экзистенциясының негізгі мəселелерін қарастырушы ретінде көрсетеді. 
Белгілі «Философия – теологияның қызметшісі» деген сөз Ортағасырлық 
Еуропада «даналыққа махаббатқа» екінші рөл бере отырып, теологияны «мəңгі 
философия» ретінде анықтады. Мұсылман əлемінде философия діни күтуші 
болған жоқ, ол дін туралы толығымен жемісті ой дамыта алар еді деген ой 
келеді. Мұсылман философиясымен байланыста исламды, антикалық 
философияны, түркілік руханилықтың басын қосқан – қазақ философиясы 
дамыды. Ол ұлттық рухани тəжірибенің философиялық рефлексия тəсілі. 
Түркілердің жəне олардың мұрагері қазақтардың талай мыңжылдық рухани 
бастауын, далалық бірегейлік кілтін сақтаған қазақ философиясы этика мен 
философиялық антропология, мистикалық философия (суфизм), өмір 
философиясы (экзистенциализм) сияқты бағыттарды дамытты.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   130




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет