Коронавирус инфекциясы деген не?



Дата18.11.2022
өлшемі164.52 Kb.
#465158
Коронавирустан сақтану жолдары ЕКПЕ алу туралы

Коронавирус инфекциясы

Коронавирус инфекциясы деген не?

  • коронавирус – вирус инфекциясының 2019-nCoV деп аталатын жаңа типі;
  • жоғары тынысалу жолдарының жеңіл немесе орташа ауруына, өкпенің қабынуына, өлім-жітімге cебеп болуы мүмкін;
  • Ол алғаш 2019 жылы Қытайдың Хубей провинциясындағы Ухань қаласында тіркелді және коронавирустың жаңа түрі екені анықталды.
  • вирус басқа елдерге сапарға шыққан адамдармен бірге таралады;
  • коронавирус өте жылдам тарайды;
  • Коронавирус – вирустардың үлкен тұқымдасы, ол жануарлар арасында, оның ішінде түйе, мүйізді ірі қара мал, мысық пен жарқанаттарда кең таралған.
  • Бірақ ауру жұқтырған адамдардың көпшілігі жануарлармен байланыс болмағанын айтады

Сақтану жолдары

  • 2019-nCoV инфекциясының алдын алу жолы- екпе алу.
  • Егер сіз саяхатта болсаңыз немесе вирустан қауіптенсеңіз, аурудың алдын алудың ең тиімді жолы – оның әсер етуін болдырмау:
  • 1. Қолыңызды сабынмен немесе сумен кем дегенде 20 секундтан жиі жуып тұрыңыз.

    2. Егер сабын мен су қолжетімсіз болса, спирт негізіндегі қолға арналған дезинфекция құралын қолданыңыз.

    3. Жуылмаған қолды көзіңізге, мұрныңызға және аузыңызға жақындатпаңыз.

    4. Науқас адамдармен байланыстан қашыңыз.

    5. Жоғарыдағы белгілер байқалса, дәрігерге «103» ке жедел жәрдем көмегіне хабарласыңыз.

    6. Ауырған кезіңізде үйде болыңыз. Жөтелген немесе түшкірген кезде бетіңізді бетпердемен жауып, оны жиі 2-3 сағат сайын ауыстырап отырыңыз, қоқысқа пластикалық қалтаға салып, аузын байлап тастаған дұрыс.

    7. Сіз үнемі қолданыста болатын құралдарды,

    үйдің ішін ылғалды тазартып және

    дезинфекция жасап, желдетіп отырыңыз.

ЕКПЕНІҢ ПАЙДАСЫ

  • Екпе арқылы аурудың таралуы мен адам өлімі азаяды
  • Екпе- адам организміне қауіптің бар екенін сездіріп, сол вирустан қорғануға үйретеді.
  • Үнемдеу жағынан ауруды емдеуге немесе асқынуды емдеуге кеткен шығыннан 3-4 есе арзан.
  • Дүниежүзілік денсаулық сақтау мамандарының бағалауы бойынша, екпе- ең тиімді қорғаныс жолы.
  • Екпе арқылы бір ғана адам емес, сонымен бірге оның айналасындағылар да қорғана алады.

COVID-19 вакцинациясына қарсы көрсетілім

  • Бірнеше аурулар қатарынан болған жағдайда коронавирусқа қарсы екпе қабылдамаған дұрыс,
  • –Ең қарапайым мысал — онкология. Өйткені оның емі иммунодепрессияға алып келеді.
  • Екпеге қатысты осы типтес барлық мәселені емдеуші дәрігер шешуі тиіс.

  • Қабыну, аутоиммунды аурулар, қызыл лупус, жүйелі қан аурулары
  • Иммундық жүйе олардың антигендеріне жауап береді және антиденелер шығара бастайды. Мұндай топқа склероз, полиневрит ауруы сияқты біренеше аурулар жатады.
  • Сондай-ақ аралық типтегі тиреотоксикоз, I типті қант диабеті және т. б. сияқты аутоиммунды аурулар бар. Аутоиммунды реакция инфекциялық агент тудырған тіндердің жойылуымен немесе олардың антигендік құрылымының өзгеруімен байланысты болуы мүмкін. Осылайша патологиялық өзгерген тін қабылдаушы орган үшін иммуногенге айналады.

Иммунодепрессанттар – иммунитетті жасанды түрде төмендететін препараттар. Бұл препараттарды өте сақтықпен пайдаланған дүрыс: созылмалы бүйрек, бауыр, өкпе, сүйек кемігі аурулары, Эндокринді ауруы - I типті қант диабеті Жүйелі қан аурулары (журек талмасымен ауырған, эндокардит, миокардит, жүрек ишемиясы) ЖҚТБ-ның бірінші ж/е екінші кезеңі. аутоиммунды аурулар бар. Өкпе ауруы, ентікпе, созылмалы қабынған өкпе ауруы Диабет ауруымен ауыратын науқас ж/е метаболикалық ауру белгісі, аллергиялық реакцияларымен атапия экзема қатерлі ісік, қатерлі қан ауруы

ЕКПЕ ЕГІЛУГЕ БОЛМАЙТЫН ЖАҒДАЙЛАР

ЕКПЕ ЕГІЛУГЕ БОЛМАЙТЫН ЖАҒДАЙЛАР

  • Құрамында ұқсас компоненттері бар вакцинаның қандай да бір компонентіне аса жоғары сезімталдық өмірінде ауыр аллергиялық реакциялармен кездескен жағдайда;
  • жүктілік және бала емізу кезеңі;
  • 18 жасқа дейін және 60 жастан жоғары (тиімділік және қауіпсіздік туралы деректердің болмауына байланысты)
  • II компонентті салу кезінде вакцинаның I компонентін салған кезде вакцинадан кейінгі ауыр асқынулар
  • анафилактикалық шок,
  • ауыр генерализацияланған аллергиялық реакциялар,

  • құрысу синдромы,
  • 40°С температура және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет