Мақсаты: Студенттерді тек еңбек арқылы барлық жетістікке жетуге болатынды-ғын түсіндіру. Студенттерге адал еңбек жөнінде айта отырып.оның маңызын тү-сіндіріп, адал еңбек етуге баулу. Адам еңбегін бағалай білуге. еңбек адамдарын сыйлай білуге тәрбиелеу.
Коррекциялығы: Студенттердің сөздік қорларын. есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Көрнекілігі: интерактивті тақта. слайдтар: видеолар.
Әдісі: «Алтын қақпа» ойыны.
Жүру барысы:
Ұйымдастыру. Студенттердің назарларын шараға аударып, қызығушылықтарын ояту. (Жай әуен тыңдап.соның ырғағында бір-біріне сәттілік тілейді)
Ой шақыру. Бейне сөз арқылы тақырыпты табу: «Адам көркі - адал көркі»
Түсінік беруі: ~ Міне. Қазақстанды Орта Азия барысына айналдыру үшін жасалған Елбасымыздың «Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасы бүл күнде ұшса құс қанаты талатьн кең байтақ өлкемізді шарлап кетті. Бұл құжат - еліміздің болшақтағы айнасы. құнды бағдарлама. келешекке деген үмітті нығайтады. XXI ғасырдың білімді. ойлы ұрпақтары осы жоспарды болашақта іске асырушы еліміздің экономикасына үлес қосушы сендерсіңдер! Біздің мемлекетіміз өседі және өсіп орнығып нығаяды онымен бірге балаларымыз да өсіп жетіледі. Балалар Отанымыздың болашағы, ал біздің болашақ азаматтарымыздың денсаулығы мық-ты, сапалы білімді, еңбекқор болып өсуге тиісті - деп айтылған. Сонда ғана біз өр-кениетті елдердің қатарына қосыламыз, Қазақстан Орта Азия барысына айналады. Сендер, болашаққа бүгін де үлестеріңді қосып, еңбек өткелі отырсыздар. Сол еңбектеріңіз осы уақытқа дейін пәндер бойынша алған білімдерін ән – күймен, ма-қал – мәтелмен, ұшқыр ойларың арқылы өрнектеп ортаға салыңдар. Еңбек дегені-міздің өзі - күнделікті өмірден алынады.Үйде ата – ана, оқу орныныда мұғалім: -Балам, не істесең де адал істе: ісіңді тындырымды, ұятқа қалмайтындай атқар - дейді.
Қаншалықты қиын, қызықсыз болғанымен істі аяғына жеткізіп бітіру керек.
Бүл - еңбек тәртібі.
Еңбекпен өмір өркенді.
Еңбекпен келер бағың да.
Білім терең теңіз бе.
Білім, еңбек егіз бе? – деп бүгінгі тәрбиелік шарамызды адал еңбек тақырыбына байланысты түрлі тапсырмалар орындап білімдерімізді сынаймыз.
Ол үшін біз «Адал жастар» еліне сапар шекпекпіз:
Олай болса, «Алтын қақпа» ойынын басатайық!
«Тас қақпа»
Мақалдарды жалғастыр:
1. Еңбек түбі -- (зейнет)
2.Жақсы жұмыс -- (жанға тыныс)
3.Еңбек мүратқа (жеткізер)
4.Жалқаулық аздырады (еңбек оздырады)
5.Еңбек етсең ерінбей,
(Тояды қарның тіленбей)
6.Еңбек ердің - көркі.
(Ер елдің көркі)
7. Еңбексіз өмір -- (сөнген көмір)
8.Еңбектін көзін тапқан,
(Байлықтың өзін табады)
9.Еңбек мұратқа жеткізер,
(Жалқаулық абыройды кеткізер)
10.Еңбегің қатты болса (татқаның тәтті болар)
2. «Қола қақпа»
-- Бұл сөздерді кім айтқан?
1. Талап, еңбек, терең ой қанағат рақым ойлап қой
Бес асыл іс көнсеңіз.
(Абай)
Елге сіңірген еңбек жақсы.
Еңбекті елеген ел жақсы.
(Спандияр Көбеев)
Адамды адам еткен - еңбек. (Фрейдрих Энгельс)
Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас.
Қардың суы секілді тез суалар.
(Абай)
Еңбексіз өмір кешуге жол жоқ.
Күшіңе сенбе. адал ісіңе сен. (М.Әуезов)
3.«Алтын қақпа
Венн диаграммасы бойынша «Еңбектің пайдасын» топтастырады.
Топ жетекші сөзі: Итальяндық ғалым, суретші Леонардо да Винчидің «Көп еңбек еткенге бақыт басын иеді» деген екен. Олай болса. еңбектің пайдасын жекелеп айта отырып, мына диаграмманы толықтырып көрелік.
Мысалы:
Еңбектің пайдасы - тәрбиелейді, жігерлендіреді. куш береді, қуантады. бақытты етеді. өмір суруге уйретеді. үнемшіл болуға үйретеді, ширатады. шынықтырады.
«Біз - еңбекқор жастармыз» бір шумақ өлең шығару.
«Ортадағы қаламсап» стратегиясы бойынша бір шумақ өлең шығарады.
Қорытынды: Сонымен, оқушылар. біз бүгінгі тәрбиелік шарамызда еңбектің мәні мағынасын жан- жақты түсінуге тырыстық. Адамды адам өткен - еңбек» - деп Фрейдрих Энгельс айтқандай адамның адам болып қалыптасуында еңбек шешуші роль атқарғандығын адамзат еңбекті еңбектің құралдарын жетілдіре отырып, өзі де жетіліп кемелдене бергенін сөйтіп талмай қажымай еңбек етудің арқасында адамзат қоғамы жан-жақты дамып жетіліп осынау жоғары өркениетке жетіп отыр-ғандығын бүгінгі шарада айтып жеткіздік. Олай болса. «Адал еңбектің нәтижесі адамды қуанышқа бөлейді. Адам өз мақсатына ерінбей еңбек еткенде ғана қол жеткізе алады» -- дей келе жақсы әуен тыңдай отырып қолымыздан ұстай отырып бір-бірімізге игі тілектер айтып шарамызды аяқтаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |