Газезова Д. Р «Даму мүмкіншіліктері шектелген балаларға арналған обылыстық балалар үйі» кмм



Дата09.06.2016
өлшемі74.27 Kb.
#123907
Газезова Д.Р

«Даму мүмкіншіліктері шектелген балаларға арналған обылыстық балалар үйі» КММ

тәрбиеші

Даму мүмкіншіліктері шектелген балаларды ұлттық тәрбие арқылы тәрбиелеу

Қазіргі таңда қоғам өзгерісіне байланысты әлеуметтік мәселердің ішіндегі ең өзектісі жетім балалар тәрбиесі болып келеді. Балалар үйіндегі ұлттық тәрбие –қазақтың елдігінің мәселесі. Ұлттық тәрбие -қазақ ұлттының болашағы,үміт артқан ертеңі, жас жеткіншекті тәрбиелеу деп айтамыз.

Даму мүмкншіліктері шектелген балалар үйіндегі тәрбиеленушілерді – оқу мен тәрбиесі қиын балалардың даму ерекшелігін есепке алатын және оның кемшіліктерін жоюға барлығынша көмектесу.

Ата – анасының қамқорынсыз қалған жетім балаларға қатысты ҚР мемлекеттік саясаттың, ДМШ балаларды медико – педагогикалық және әлеуметтік жағынан түзету мемлекеттік стратегиясының іске асуына жәрдемдесу.

Құбылып тұрған әлеумет жағдайына қарап, тәрбиеленушілерді жақсы өмірге дайындау үшін, балалар үйінде тәрбиелеу және түзете отырып дамыту кеңістігін ұлттық тәрбие арқылы құрылуда.

М.Жұмабаев айтқандай:

“Тәрбие-қиын іс, тәрбиеге жағдай жасау-ең әуелгі борыштарының бірі. Өйткені, өзіңді және жақындарыңды білімді етуден маңызды еш нәрсе жоқ.”

Балалар үйі мекемелеріндегі оқу-тәрбие және ұйымдық-әдістемелік жұмыстарды әдіскер,тәрбиеші,педагог-дефектолг, педагог-психолог,музыка жетекшісі,дене шынықтыру жөніндегі инструктор,мединциналық мейірбике ,даму мүмкіншіліктері шектелген балалардың дамып жетілулеріне байланысты тәрбиелік жұмыстарын жүргізеді.



Балалар үйінің тәрбиеленушілеріне қандай тәрбиелік іс –әрекеттерді ұлттық салада жүргізу керек?

  • Жеке тұлғаны тәрбиелеу құзыреттілігі

  • Азаматтық тәрбие

  • Рухани адамгершілік тәрбиесі

  • Эстетикалық тәрбие

  • Кәсіптік бағдар . Еңбек тәрбиесі.

  • Салауатты өмір салты

Осы бағытағы жұмыстың тәрбиелік құндылықтарын ұлттық тәрбие саласында жүргізу болып келеді. Келесі құндылықтар мен құрылғыларды ұлттық тәрбие арқылы өндіру жолдарын қарастырайық:

  • адам құндылықтарының қалыптастыруы; әртүрлі көзқарас пен сенімділіктерге демократиялық ұстанымның болуы; белсенді азаматтық ұстанымның қалыптасуы; қоғам құндылықтары және қоғам міндеті санасында қалыптасуы; балалар үйі, сыны, мектеп, қаланың қоғамдық өмірінде қатысуға дайындық.

Қазақстан және туған жер аймағының тарихын білу; мемлекеттің құрылуы және дамуы; ҚР азаматтарының саясаттық құқықтары мен міндеттерін білу; саяси партиялардың ролі; ҚАЖ адам мен қоғам өмірінде; тұрғылықты және Республикалық деңгейде ҚР басқарма структурасын білу.



  • Тарихи деректерді әділетті бағалау және талдау; тарихи және саясат процестерін өз бетінше бақылау, өз өмірлік ұстанымын белгілеу; саясат деректерді әділ бағаланған, талданған мәселені, қабылданған шешімдерді, бір-бірімен байланысуына берілген анализ бойынша баға беру; жеке тұлғаның рухани байлығын қабылдау және оны өмірде қолдану; өзінің және қоғам игілігі үшін қоғам өміріне белсенді қатысу, заң нормаларының әралуандығына, қазіргі заман адамдарына ұсынылатын, өз бетімен жөн табу;қоғам және мемлекет өміріне белсенді қатысу; Отаның қорғауға дайындық; жеке адамды құрметтеу, басқа адамды жеке тұлға ретінде, өз таңдауын жасауға құқылы деп қабылдау.

 

  • (Азаматтық және патриотизмді тәрбиелеу, Отаны – Қазақстан Республикасын сүюге, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу, халқымыздың салт – дәстүрін құрметтеу. Саясат мәдениетінің қалыптасуы. Этнопедагогика. Құқықтық саланың қалыптасуы, азаматтық жауапкершілікке тәрбиелеу).



  • Адамгершілік дүние танымын қалыптастыру; өз халқының және басқа елдердің салт-дәстүрлерін зерттеуге қызығушылықтарының қалыптасуы; адам өмірінде және қазіргі қоғамда рухани құндылықпен мәдениетінің қажеттілігін ұғыну; этика мен эстетиканы білу қажеттілігін ұғыну;



  • әлемнің ғылыми суреті туралы; өз халқының және өзге ұлт халықтарымен салты мен дәстүрі; адам және қоғам өміріндегі рухани мәдениет; этикалық норма және өзін -өзі ұстау ережесі;



  • өз халқының және өзге ұлт халықтарының мәдени салттарын құрметтеу (саяси мәдениетті тұлға); рухани құндылықтарға құнтты қарау; мәдени және рухани жетілу; берілген мәдени орталығы шегінде жұмыс істей білу; басқаларды ести және тыңдай білу; әңгімеде интелегенттікті ұстану; қазіргі адамға ұсынылып отырған құндылықтар мен нормалар көптігінде өз бетімен бағдар алу; ауызша және жазбаша тіл мәдениетін білу.

 

  • (Бастапқы этикалық мәдениетіне тәрбиелеу, әлем және Отан мәдениетінің жетістіктеріне қатыстыру, шығармашылық қабілетін дамыту. Құқық тәрбиесі, өзін өзі ұстау мәдениеті. Тәрбиеленуші мәдениеті. Этикалық тәрбие.)

Мұның бәрі баланың жеке тұлға ретінде дамуына қажетті көркемдік ,ізгілік қасиеттерін бойына жинауда халықтың рухани мұрасының құндылығын қуаттайды. Қазіргі таңда әрбір жеке тұлғаның бойындағы қасиеттерін дамытып,қалыптастыруға аса мән беріліп отырғаны белгілі. Әсіресе ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келе жатқан салт-дәстүр,әдет-ғұрыптар арқылы балалардың жеке бас бас қасиетін дамыту баршынша көңіл бөлінгенін аңғарамыз.

Бүгінгі бала –ол ертеңгі қоғам иесі. Сонымен қатар, балалардың дара ерекшіліктеріне байланысты (кемістік түрлеріне байланысты) тәрбиеленудің ең алғашқы сатысынан бастап оларға саналы тәрбие беру,оған ұлттық мағына бере келіп,ақыл-ойы дамыған салт-дәстүрін білетін баланы тәрбиелеп шығару-халықтың тәлім-тәрбиесі түрлерін көбірек насихаттап,ұрпақ бойына ізгілік,адамгершіліктің жақсы қасиеттерің жүрегіне ұялатсақ,олардың өз тіліне, Отанына,дініне, халқына деген сүйіспеншілігі артып, өз елінің әдет-ғұрыптарын бойына аздап болса да сіңіруі сөзсіз.

С.Қалиев, М. Оразбаева, М. Смайлова «Қазақ халқының салт-дәстүрлеріне» тоқтала отырып,үш жақты көрсетті: ол ұлттық сезім, ұлттық салт-дәстүрлер және ұлттық мінез. Осы үш бірлік ұлттық мәдени ерекшіліктің шартты белгілері болып табылады

Ұлттық сезім дегеніміз-баланың туған жеріне, өскен еліне,ана тіліне,ұлттық салт- дәстүрлерге деген сүйіспеншілігін білдіреді.

Ұлттық сезім баланың жеке басының бір іске қанағаттануына ,шаттануына немесе риза болуына, немесе қанағаттанбауына байланысты ой-қиял,әсер түйсігін тіл арқылы өзгелерге жеткізіледі.

Ұлттық салт-дәстүріміздің туы ұлттың ұлт болып қалыптасуына байланысты екенін айтып өткеніміз жөн.

Ұлттық мінез-құлыққа тоқталар болсақ,ақыл-ойы кем балаларға сана-сезімдерінің қабылдауы.

Даму мүмкіншілігі шектелген балаларға ұлттық тәрбие бере отырып,ұлының ұлағатты,қызының инабатты болып есейіп ер жетуі біздер үшін әрі қуаныш,әрі мақтаныш. Тал бойынан үлгі өнеге, тәлім-тәрбие көргендігі көзге ұрып тұрады. Аға-әкпелеріміз үлкенді сыйлап,кішіні аялап,өз қамқорлығына алып жүреді. «Қызға қырық үйден тию» демекші, қатаң тәртіптегі шолпысы шылдырлап,күлкісі сыңғырлап қана ақырын естілетін қыздар,ою-өрнектерін салып,кестелерін тігіп,құрақтарын құрап өнегелі болса,жаман болар ма еді. Ұлдар болса ата ұлағатынан үлгі алып,үй шаруасын жүргізіп,басқаруға икемдене бастаса,жаман болар ма?

Ал енді өзіміздің XXI ғасырлық жастарымызға көз жүгіртсек, Шортанбай Қанайұлының айтқанындай:



Бұл асылық асқан заманда

Баласы кетті тыюдан.

Қазіргі жастар үлкенді сыйлап,кішіге құрмет көрсетуден жұрдай,ата –анасын қадірлеу дегенді атымен білмейді. Осы балалар ертеңі өздері де әке болып, шеше болып, тастанды балалар санның көбейтсе ше?

Қылт етсе, егісіп, тайталасып шыға келеді. Одан қалса,жоқтан жағаласып,жерден алып,жерге салатын әдеті тағы бар. Бұрыңғы кездегі үкісін үлбіретіп,қос етек көйлеген әпкелеріміздің сыпайы жүріс-тұрысынан,байсалды іс-әрекетінен кісіге көрсеткен сый-құрметтері,әдепті көзқарастары бірден аңғарылушы еді. Ал бүгінгі қыздарымызда бір тамшы кішпейілділіктің ұшқыны қылаң бермейді. Киім киістері де, сөз саптаулары да өрескел. Өзін-өзі ұстау,үлкендерден қаймығу дегенді ұмытқан,мінездері жеңілтек,ұшып-қонған көбелектей еркін,жүрістері де ашық-шашық.

Сонымен қатар,салмақты да сабырлы,аз сөйлеп,көп іс тыңдыратын серілеріміз де бүгінгі таңда серілігін жоғалтқан. Балалар үйінің тәрбиеленушілеріне ар ,ұят,ынсап деген адамгершілік туралы сөздерді, терең сіндіріп ,ұзаққа бойлап,ақыл-ой өлшеміне салып салмақтайтын да тәрбиеші. Бала тәрбиесіне көп көңіл бөліп,үздіксіз жұмыс арқасында ,қазіргі таңда балалар үйінің тәрбиеленушілері істерін орнықты,жұмыстарына тиянақты елімізді де, тәрбиешілерді де,ағайын-жұртымызды да көкке көтеріп,мерейін өсіріп,қадір-қасиетін білетін қаншама ұл,қызларымыз, ақылды ,парасатты жастарымыз бар десеңізші?!

Ендіше, саналы,сауатты халқымыздың барлық салт-дәстүрлеріне де,әлем мәдениетіне де қанық, ел тізгінін берік ұстай білетін ұрпақ тәрбиелеу бүгінгі барлық мұғалім тәрбиешінің басты парызы.

Жағымсыз жақтарымызды көрсетпей,оны болашақта қайталамауға,сонымен бірге,түзетуге тырысуымыз керек. Еліміздің кемел келешекте өсіп,өркендеуі мен гүлднеуі біздер,жастардың қолында. Балалар үйінің тәрбиеленушілеріне елі мен жерін,тілі мен дінін,халқы мен салтын шексіз сүюіне де қадірлеп,қастерлеуіне де тәрбиелейтін,әсер ететін де тәрбиешілер. Балалар үйінде негізгі өзекті мәселе бала тәрбиесі болғандықтан,тәлім-тәрбиеге де көңіл бөлетіні де сондықтан.

Балалар үйіндегі міндеттердің бірі ретінде,жеке адамның шығармашылық,рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту,адамгершілік пен салауатты өмір салтын берік негіздерін қалыптастыру,жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интеллектіні байыту-деп көрсетілген.

Бүгінгі таңда даму мүмкіншіліктері шектелген балаларды ұлтық тәрбие арқылы тәрбиелеу, көпшілікпен,ұжымдық, тәрбиешілерге,мектеп ұжымына,мұғалімдерге міндеттеледі. Еліңнің ертеңін ойласаң талғамынды түзе! Тәрбиенді түзе.



 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:



  1. Педагогикалық сөздік. Алматы,1999ж

  2. Болдырев Н.И. Мектептегі тәрбие жұмысының методикасы Алматы: Мектеп,2000ж

  3. Майғаанова Ш., Нысанбаева Г. Тәрбие хрестоматиясы , «Ғылым» ғылыми баспа орталығы ,Алматы, 2001,9 бөлім,220б

  4. С.Қалиев, М. Оразбаева, М. Смайлова «Қазақ халқының салт-дәстүрлеріне»,2002 ,21-36б


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет