Көру мүшесінің анатомиясы, физиологиясы, патологиясы. Көз аурулары
Көру мүшесінің анатомиясы, физиологиясы, патологиясы. Көз аурулары
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Академик А.Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
Педагогикалық факультет
Дефектология кафедрасы
Орындаған: Қази Г.Т., Куттыгожина Ж.А.,
Койшыбаева А.К. ДФ-11(3) тобы
Қарағанды 2018
Көру – заттардың ішкі құрылысы мен олардың кеңістікте орналасуы туралы ақпарат беретін қабылдау мүшелерінің бірі.Әсіресе көздңғ жақсы көруі балалар үшін маңызды, себебі көру өткірлігінің қандай да болсын бұзылысы баланың толыққанды дамуына кері әсер етеді.
Көру мүшесі (organum visae; гр. organum — мүше, лат. visa — көру) — құрылысы күрделі көру талдағышының (анализаторының) жарықты қабылдағыш шеткі бөлімі. Ол көз алмасынан, көру жүйкесінен, көздің қорғаныс және көмекші мүшелерінен тұрады.
Көз — оптикалық жүйе. Жарық адамдардың айналадағы нәрселерді көруіне мүмкіндік беретін энергияның бір түрі. Алайда көру арқылы ғана біз қоршаған әлемді танимыз. Көру мүшесі – біздің көзіміз.
Көру функциясының бұзылыстары:
Тұқымқуалаушылық;
Туа пайда болған; (жатырішілік кезеңде пайда болған)
Жүре пайда болған (туғаннан кейін әр түрлі факторладың әсерінен пайда болған). Кейбір көз аурулары бірнеше бұзылыстарға жатуы мүмкін, мысалы жақыннанкөргіштік (миопия), тұқымқуалау арқылы ата-анадан берілсе, жатырішілік кезеңде де пайда болып,сондай-ақ көздің жылдам дамуы нәтижесінде балада жүре пайда болуы.
Жаңа туған нәрестені офтальмологтың қарауы перзентханадан басталады. Бұл бірінші ретте салмағы 2 кг-нан кем, гестация (жүктілік) мерзімі 34 аптадан кем шала туылған балаларға қатысты. Бұл балаларда шала туылғандар ретинопатиясы даму қаупі жоғары. Бұл терминнің мағынасы нәтижесінде тор қабықтың толық түсуі және соқырлыққа әкеліп соқтыратын көздің тор қабығы тамырларының аномалды өсуі жатыр.
Көру бұзылыстары бар балаларда жиі кездесетіндері: алыстан көрмеушілік (близорукость), жақыннан көрмушілік (дальнозоркость), астигматизм, амблиопия, қыликөз, тор қабықтың зақымдалуы, птоз (жоғарғы қабақтың төмен түсуі), зақымданулар (травма) және қабыну аурулары және т.б. нәтижесінде көру бұзылыстары.
Достарыңызбен бөлісу: |