Көшбасшы деген қоғамның ұстазы, нұсқаушысы. Сіз кез келген істің жасалуын білмесеңіз, оған кірісе алмайсыз. Сіз өмірде сәтсіздікке ұрынбас үшін өз ойларымен, тәжірибиесімен бөлісетін ол қоғам көшбасшысы



Дата17.10.2019
өлшемі37.15 Kb.
#447232
7 көшбасшы

Түсінік хат

Көшбасшы деген  – қоғамның ұстазы, нұсқаушысы. Сіз кез келген істің жасалуын білмесеңіз, оған кірісе алмайсыз. Сіз өмірде сәтсіздікке ұрынбас үшін өз ойларымен, тәжірибиесімен бөлісетін ол – қоғам көшбасшысы.

Үздік көшбасшы  – идеолог, оратор, өз ісінің маманы, психолог, философ болуы міндетті. Біздің қоғам жаңа қалыптасып келе жатқан жас қоғам.  Жас қоғамда әркез көшбасшылар аз болады.  Қазіргі кездегі біздің ең білікті көшбасшымыз (бұл жерде еліміздің емес, қоғамның) – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Ол кісінің қоғамымыздың рухани мәдениетін көтеруде үлкен жетістікке жеткен. Қаншама жыл бодан болып, ендігі азат күн туғанда қоғам санасын шашыратпай өз рухымызды ту етіп ұстап, Қазақ жеріндегі қазақтың рөлін айқындап берген жан.

Көшбасшылық (ағылшын тілінен lead – басқару, ал leadership – басқара алу қабілеті деген мағынаны білдіреді) – бұл адамдарды өз-өзін белгілі бір мәнерде ұстауына мәжбүр ету арқылы олардың мінез-қылықтарына әсер ету үшін басқарушының қолданатын құралы. Көшбасшы деген  – қоғамның ұстазы, нұсқаушысы. Қазақстан Республикасының тұңғыш президентін жас ұрпаққа оқытып таныстырудың маңызы өте зор. Өйткені еліміздің бүгінгі дамуы, экономиканың өркендеуі әлеуметтік саланың дамуы, саяси бағытымыздың дұрыстығы — әлем мойындаған Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті – елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбегі екені айқын. Өздеріңізге ұсынылып отырған 7 сыныптарға арналған « Көшбасшысы мектебі » атты арнаулы курстың мақсаты – оқушыларға егемен еліміз, елбасымыз туралы мағлұматтар бере отырып, өз елінің нағыз патриоты болуға тәрбиелеу.

Көшбасшылық - бұл адамдарды жинап алға қойылған мақсатқа бағыттау. Көшбасшы мен Басшы мағынасы бір емес. Басшы – бұл  жұмысты беруші және сол жұмыстарға жауап беруші.  Көшбасшы  адамдарды жандандырады, мақсатқа жетуде  болашақты көру қасиеті арқылы  адамдарды ортақ мақсатқа бағыттайды.

   Көшбасшылық адамның мінезі негізінде құралады.  Көшбасшы болу үшін  сізге  өзіңіздің дамуыңызға , жұмыстағы құлшысыңызға көп көңіл бөлу керек.

       Көшбасшылық – бұл талант. Оны дамытпасаң ол өшеді.

Қазіргі кезде қоғамдағы дамудың жаңа кезеңі – ақпараттық кезең, яғни барлық ақпараттық-коммуникативтік технологиялар инженер-педагог қызметкерлердің барлық салаларына кірігіп, оның табиғи ортасына айналуында. Қазақстан Республикасы-Тәуелсіз мемлекет. Сол Тәуелсіз Қазақстанның басты жетістіктерінің бірі-жастарымыздың белсенді, озық ойлы, патриот, сауатты да салауатты, әрі көшбасшы болуы.Ел көшбасшысы Н.Назарбаев айтпақшы-барлығы жастардың қолында. Тек солар ғана болашақты құрады. «Көшбасшылық мектеп» бағдарламасының мазмұны жастар мен жасөспірімдерде көшбасшылық қасиеттерді Қ.Р Президенті , Ұлы Көшбасшы Н.Назарбаевтың өмірлік жолы үлгісіне құрылған.



Оқу пәнінің мақсаттары мен міндеттері

Мақсаты: Кәсіби білім негізінде жаңаша жобалау арқылы көшбасшылық қабілетін дамыту және бірлескен мақсат жетістігіне қол жеткізу үшін қажетті қасиеттер қалыптастырудың жолдарын таныту

Міндеттері:

1.Қазіргі күнгі көшбасшылықтың негізгі түсініктері мен теория-тәжірибелік қорына толық мәлімет беру;

Тұлғаның қоршаған ортадағы жүріс-тұрысы, мәдениет дәрежесі туралы жалпы түсінік беру

Ақпараттарды жинау мен өңдеуде және өз көзқарасын мүлтіксіз қорғаудағы дағдыларға машақаттану ;

Көшбасшылыққа тән қасиеттерді зерттей отырып, оқшылардың бойына сіңіру.,

Оқушылардың белсенділіктерін арттыру, олардан белсенді, көшбасшы тұлғаны қалыптастырудың психологиялық-педогогикалық механизмдерін анықтау.



2. Қоршаған ортаның өзгерістеріне төселу дағдыларын үйрену арқылы өз ортасында көшбасшы болуға дайындау

3.Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Ә Назарбаевтың көшбасшылық өмір жолыментаныстыра отырып, шығармашылық мұрасының мазмұнын жан-жақты дамыту;

4.Қазіргі жылдам өзгеретін әлем және азаматтық қоғам жағдайында жеке демократиялық мемлекеттің азаматы ретінде тәрбиелеу.

5.Жалпы адамдық және ұлттық құндылықтар негізінде оқушылардың рухани дамуына қолайлы жағдай туғызу.

6.Өмірлік өзін-өзі анықтауда , рухани және азаматтық қалыптастыруда , тұлғалық өзін-өзі танытуда көмек көрсету.

Оқу курсының тақырыптарының мазмұны"

«Көшбасшылық мектеп» бағдарламасының мазмұны жастар мен жасөспірімдерде көшбасшылық қасиеттер Қазақстан Республикасының Президенті. Ұлт көшбасшысы Н.Назарбаевтың өмірлік жолы үлгісіне құрылған.

« Көшбасшы мектебі» үйірме курсы бағдарламасы аптасына 1 сағаттан,

Барлығы 34 сағат берілген.



Үйрменің мазмұны төмендегідей тақырыптарды қамтиды:

  1. Кіріспе мұнда орталықтың мақсаты мен таныстыру, көшбасшы және көшбасшылық , көбасшы феномені

  2. Аса беделді тұлға тақырыбында ,дара тұлғаның, көшбасшылық жолы

  3. Көшбасшылық тақырыбында.,дара тұлғаның көшбасшылығы, жеке қасиеттер жиынтығы, ұлт көшбасшысы.

  4. Харизматикалық бейне, көшбасшылықтың түрлері.

  5. Практикалық сабақ, етикет, көшбасшылық жетістігі,

  6. Көшбасшының сөйлеу техникасы, практикалық сабақ сөйлеу техникасына , мақсат айқындылығы, қарым-қатынас өнері,

  7. Ерлік-көшбасшылық қасиеттердің ең бастысы, қырағылық басты қасиет,

  8. Бағытты айқын ұстану, тыңтай білу мәдениеті, құштарлық-жетістікке жетудің алғашқы қадамы,

  9. Позитивті ұстаным, практикалық сабақ, басқаларға қызмет істеуг дайын болыңыз, көшбасшы болу-өмір бойы оқушы болу,

  10. Болашақты көре білу көшбасшылықтың жаулары ,

  11. Имиді көшбасшы имиджі, практикалық сабақ, көшбасшы бағытын айқын ұстану ,ерлік- көшбасшылық қасиеттердің ең бастысы,мәселені шешу,

  12. Жауапкершіліктің жоғарлығы,өзін-өзі ұстай білу,

  13. ХХІ ғасыр көшбасшысы тақырыптарына тоқталамыз.


Оқу тақырыптық жоспар 7сынып



Тақырыбы

Сағат саны

Мерзімі




Кіріспе




1

Кіріспе. Орталықтың мақсатымен таныстыру

1




2

Көшбасшы және көшбасшылық

1




3

Көшбасшы феномені

1




4

Ұлт көшбасшысы

1




5

Дара тұлғаның көшбасшылығы

1




6

Жеке қасиеттер жиынтығы

1




7

Харизматикалық бейне

1




8

Көшбасшылықтың түрлері

1




9

Практикалық сабақ

1




10

Этикет

1




11

Көшбасшылық жетістігі

1




12

Көшбасшының сөйлеу техникасы

1




13

Практикалық сабақ

1




14

Мақсат айқындылығы

1




15

Қарым-қатынас өнері

1




16

Ерлік-көшбасшылық қасиеттердің ең бастысы

1




17

Қырағылық басты қасиет

1




18

Бағытты айқын ұстану

1




19

Тыңдай білу мәдениеті

1




20

Құштарлық жетістікке жетудің алғашқы қадамы

1




21

Позитивті ұстаным

1




22

Практикалық сабақ

1




23

Мәселені шешу

1




24

Жауапкершілік жоғарылығы

1




25

Өзін-өзі ұстай білу

1




26

Басқаларға қызмет істеуге дайын болыңыз

1




27

Көшбасшы болу-өмір бойы оқушы болу

1




28

Болашақты көре білу

1




29

Көшбасшылықтың жаулары

1




30

Имидж

1




31

Көшбасшы имиджі

1




32

Практикалық сабақ

1




33

ХХІ ғасыр көшбасшысы

1




34

Қорытындылау

1






Пәннің оқу- әдістемелік қамтамасыздандырылуы
1. Баспасөз бетерінен алынған материалдар

2. Дидактикалық және көрнекті құралдар (суретті плакаттар, кесте плакаттар, сызбалар)

3. Тақырыптық қима қағаздар мен деңгейлік тапсырмаларжинағы

4. Электронды оқулықтар

5. Тірек-сызбалар

6. «Мәдени мұра» порталы

7. Гумилев Л. Көне түріктер. А., 1994ж.

8. Әбілғазы Б. Түрік шежіресі, 1992 ж.

9. Қазақстан тарихы Қ.И. Оспанов Алматы «Жеті Жарғы» 2007ж.

10. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы, 2006 ж.

11. Қазақстан тарихы Жолдасбаев С, Алматы, 2012ж.

Практикалық сабақтар

1. Құжатты оқып білу, рефераттың таныстырылымының зерттеу

2.Кеңес, пікір алмасу, іскерлік ойын, пікірталастар, диспуттар, топтық жұмыс, дөңгелек үстел;

3.Психологиялық диогностика өзін-өзі танудың формасында;

Әлеуметтік, психологиялық тренинг;

4. ЖОО ғаламдарымен, аудандағы қоғамдық өмірінің әр түрлі салаларындағы көрнекті қайраткерімен кездесу және басқару.



Білімді меңгеру деңгейін бақылау


  • Сабақ сайын – нақты сабақтың оқу материалдарын меңгеру, нәтижелерін қадағалау;




  • Тақырыптық – оқу бағдарламасының түйінді тақырыптары бойынша білім мен біліктерді білім алушылардың меңгеру нәтижелерін қадағалау;



  • Жалпылау – тоқсан соңында немесе жылдың соңында оқу курсы бойынша білім алушылардың пәндік білімді және іс-әрекет тәсілдерін меңгеру нәтижелерін қадағалау;



  • Қорытынды – нақты сыныптығы немесе мектеп сатысындағы білімнің соңғы нітижелерін қадағалау;


Пәнді меңгеру деңгейіне қойылатын талаптар:
1. Көшбасшы жұмысы үш бағыт бойынша жүруі тиіс:

 Тапсырма қажеттілігі – негізгі мақсаттың орындалуын қамтамасыз ету;

 2.Топ қажеттіліктері – топты белгілі бір тапсырманы орындау үшін құру, сақтау мен ынталандыру, топтық жұмысты марапаттау;

3.Жеке қажеттіліктер – әрқайсысының жеке қажеттіліктерін анықтау және олардың арасындағы татулықты сақтау;

4.Егер көшбасшы жұмысын осы үш элементке негіздесек, онда оның басты мақсаты нақты жағдай шартында қойылған мақсатқа жету үшін адамдар арасындағы ең жақсы балансқа жету болып табылады.

5.Көшбасшының орындайтын функциялары.

Егер көшбасшы төменде көрсетілген үш функцияны орындап жүрсе, онда оны көшбасшы деп толығымен атауға болады:

1. Бағыттаушы;

2 .Ұйымдастырушы;

3. Ынталандырушы.

6. Қарапайым алғашқы білімдерін жүйелі айта білу;

7. Алған білімдерін басқа пәндерден алған білімдерімен байланыстыра білу;

8. Өзінің ойын аргументті түрде пайымдау;

Оқушыларға ұсынылған әдебиеттер тізімі


  1. Республикалық ғылыми әдістемелік және ақпараттық – сараптамалық журнал 12 жылдық білім беру №1 (73) 2009ж

  2. Жаңа зиялыларға арналған танымдық журнал «Мөлдір бұлаұ» №7 шілде 2010ж

  3. «Қазақстан мектебі» журнал №2,2012ж

  4. Қазіргі кездегі оқытудың педагогикалық технологиялары (1 кітап) Алматы 2007ж

  5. Қазіргі кездегі оқытудың педагогикалық технологиялары (2 кітап) Алматы 2009ж

  6. Педагогикалық әдістемелік журнал. «Озық тәжірибе» 9,( 10) қыркүйек 2013ж

  7. Балалар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық газет «Ұлан» №48 2012ж.


Мұғалімдерге ұсынылыатын әдебиеттер тізімі

  1. Қазақстан Республикасының Білім туралы заңы 2007ж 3тарау,11 бап

  2. Н.Ә Назарбаев , Өмірбаян кітабы. Деловой Мир Астана,2013ж

  3. «Қазақстан жолы» Н.Ә Назарбаевтың кітабы. Қарағанды 2006ж372бет

  4. Мағжан Жұмабаев «Педагогика» Алматы Рауан 1993ж

  5. Нұрхат Шукузадаұлы «Жетістікке жету жолдары» тәлім тәрбие бөлімі. Кітап сериясы №5 Алматы Құс жолы 21,2002-192бет

  6. Асхат Әлімов «Интербелсенді әдістеме» ЖОО да қолдану мәселелері. Оқу құралы. Алматы,2013-448бет.

  7. Ғаламторда «Жаңа ой орталығы» лидерге қажетті 21 қасиет.

  8. Республикалық ғылыми әдістемелік және ақпараттық –сараптамалық журнал 12жылдық білім беру№1 (73). 2009ж.

  9. Жаңа зиялыларға арналған танымдық журнал «Мөлдір бұлақ» №7 шілде 2010.

  10. «Қазақстан мектебі» журнал №2, 2012ж

  11. Қазіргі кездегі оқытудың педагогикалық технологиялары( 1 кітап) Алматы 2007

  12. Қазіргі кездегі оқытудың педагогикалық технологиялары (2кітап) Алматы 2009ж

  13. Педагогикалық әдістемелік журналы «Озық тәжірбие» 9-10 қыркүйек 2013ж

  14. Балалармен жасөспірімдерге арналған Республикалық газет «Ұлан» №48 (8258) 27 қараша 2012 ж

Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің

« №51 орта мектебі» комуналдық мемлекеттік мекемесі

Бекітемін ________ Ғылы әдістемелік

Мектеп директоры кеңестің отырысында қаралып,

Б.Ж.Сапаралиева бекітуге ұсынылды

"31" тамыз 2019 ж №1 хаттама

"29" тамыз 2019ж



"Көшбасшы мектебі"

үйірме курсының бағдарламасы

7 сынып

Құрастырған: Ауганбаева Ж.Ж

2019-2020 оқу жылы

Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің

« №51 орта мектебі» комуналдық мемлекеттік мекемесі

«Әдістемелік бірлестіктің

шешімімен бекітілген

« ____»_________2019ж

Мектеп директоры

Б.Ж Сапаралиева

__________________

"Көшбасшы мектебі"

үйірме курсының бағдарламасы

7 сынып


Құрастырған: тарих пәнінің мұғалімі Ауганбаева Ж.Ж



2019-2020 оқу жылы

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет