Көзі ауыратын адамдар саны жылдан жылға көбейіп келеді



Дата01.11.2022
өлшемі19.33 Kb.
#463780
Көзі ауыратын адамдар саны жылдан жылға көбейіп келеді


"Көзі ауыратын адамдар саны жылдан жылға көбейіп келеді".


Гонконгтағы қазақ дәрігермен сұхбат

Мұхит Құлмағанбетов – Гонконгтағы көз және көру қабілетін зерттеуге арналған орталықта жұмыс істейтін дәрігер-офтальмолог. Ол Ұлыбританиядағы Кардифф университетінің PhD докторанты атанған кезде әлемнің алты елінен жұмысқа шақырту алған.

Informburo.kz тілшісі ғалыммен сұхбаттасып, көз аурулары мен емі, медицинадағы тапшы мамандықтар және кванттық офтальмология туралы сұрады.

Сұхбаттан үзінділер:



 Орташа өмір сүру жасы үлкейгенімен, жас ерекшелігіне байланысты аурулар да көбейеді.
***
Адамдар бұрынғыдай табиғатта немесе ашық алаңда көп уақыт өткізбейді. Бәріміз технологияларды көп пайдаланамыз және көбіміздің көкжиекке қарайтындай мүмкіндігіміз жоқ. Сондықтан да жастарда миопия (алыстан көрмеу) жиі тарап келе жатыр.
***
Глаукома, диабеттік ретинопатия, макулярлы дегенерация – әлеуметтік мағынасы үлкен аурулар. Себебі, салдарынан адам көру қабілетін жоғалтып, зағип болып қалуы мүмкін. 
***
Адам экранға қараған кезде қабағын сирек қағатыны дәлелденген. Ал ол кезде көздің беткі қабаты құрғай бастайды. Жиі құрғаса, құрғақ көз синдромына алып келеді. Кейін көз ашиды немесе қызарады, арасында өзінен-өзі жас ағатын болады. 
***
Көзге операция жасардан бұрын 2-3 жыл бойы әр алты ай сайын тексеріліп отырған дұрыс. Егер сол аралықта науқастың миопиясы тұрақты болса, операция жасауға болады. Ал, егер ол өсіп кетсе, ота жасауға тыйым салынады. Өйткені, коррекциядан кейін де миопия дами беруі мүмкін.  
***
Білікті офтальмолог көздің түбіне, көздің жағдайына қарап, адамның басқа да ауруларын анықтай алады.
***
Егер жобамыз сәтті болып жатса, болашақта "кванттық офтальмология" деген жаңа ғылым түрі ашылуы мүмкін. Сондай бір үлкен ғылымның бастамасында тұрудың өзі үлкен мәртебе деп ойлаймын.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет