Кредиттік бюроларға жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді тіркеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың ақпарат беру ережесін бекіту туралы



Дата03.07.2016
өлшемі53.91 Kb.
#175100
Источник: ИС ПАРАГРАФ, 13.09.2012 14:34:15
Кредиттік бюроларға жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді тіркеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың ақпарат беру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының
2010 жылғы 1 маусымдағы № 77 Қаулысы

 

Кредиттік бюролардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса берілген Кредиттік бюроларға жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді тіркеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың ақпарат беру ережесі бекітілсін.

2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

3. Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова):

1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;

2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне, «Бірінші кредиттік бюро» ЖШС мәлімет үшін жіберсін.

4. Агенттіктің Төрайым қызметі (А.А. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары Қ.Б. Қожахметовке жүктелсін.

 

 

Төрайым

Е. Бахмутова

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Әділет министрлігі

министрдің міндетін атқарушы

Д.Р. Құсдәулетов

2010 жылғы 30 қыркүйек

 

Қазақстан Республикасы Қаржы



нарығын және қаржы ұйымдарын

реттеу мен қадағалау агенттігі

Басқармасының 2010 жылғы

1 маусымдағы № 77 қаулысымен



бекітілді

 

 

Кредиттік бюроларға жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді тіркеуді

жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың ақпарат беру

ережесі

 

1. Осы Ереже «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 4 шілдедегі Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және кредиттік бюроларға жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді тіркеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың (бұдан әрі - тіркеуші орган) кредиттік тарихтар субъектілері туралы иелігіндегі жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтарға (құқықтар ауыртпалығына) қатысты ақпаратты (бұдан әрі-ақпарат) беру тәртібін және шарттарын белгілейді.

2. Тіркеуші органдар Заңның 19-бабының 3-тармағында қарастырылған талаптарды сақтайды.

3. Ақпарат тіркеуші орган мен кредиттік бюроның арасында жасалған ақпарат беру туралы шарттың негізінде беріледі.

4. Ақпарат беру туралы шартта мынадай талаптар:

1) тараптардың толық атауы, орналасқан жері, банк деректемелері;

2) шарттың қолданылу мерзімі, оны өзгерту, тоқтату және біржақты тәртіппен бұзу негіздемелері мен тәртібі, сондай-ақ шарт бойынша міндеттемелерді бұзғаны үшін айыппұлдардың мөлшері;

3) кредиттік тарихты қалыптастыратын ақпараттың түрлері, көлемі, мерзімі (кезеңділігі), беру тәртібі, шарт тараптары көрсететін қызметтерге ақы төлеу талаптары, сондай-ақ кредиттік тарихтың деректер базасын және пайдаланылатын ақпараттық жүйелерді қорғау жөніндегі ұйымдастырушылық, техникалық шаралар мен технологиялық талаптарды бірлесіп іске асыру талаптары;

4) кредиттік бюроның берілетін ақпаратты тек осы Заңда көзделген мақсаттарға сәйкес пайдалану туралы міндеттемесі;

5) кредиттік бюроның барлық алынатын ақпаратқа қатысты құпиялылық режимін сақтау және оны тек осы Заңда көзделген негіздемелерде, шарттарда және тәртіппен ашу туралы міндеттемесі;

6) ақпарат берушінің кредиттік бюроға жіберілетін барлық ақпаратқа қатысты құпиялық режимін сақтау туралы міндеттемесі;

7) ақпарат берушінің кредиттік бюроға дәйектемесіз ақпарат берген жағдайдағы жауапкершілігін қоса алғанда, тараптардың жауапкершілігі болуға тиіс.

5. Тіркеуші органдардың кредиттік бюроға берген ақпаратта мынадай мәліметтер болу тиіс:



1) жеке тұлғалар үшін - тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), туған күні, заңды мекенжайы, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен деректемелері, салық төлеушінің тіркеу нөмірі немесе бар болса жеке сәйкестендіру нөмірі, жылжымайтын мүлікке құқықтарын тіркеу туралы және осы құқықтарға ауыртпалықты тіркеу туралы мәліметтер болуы тиіс;

2) заңды тұлғалар үшін - атауы, орналасқан жері, заңды тұлға ретіндe мемлекеттік тіркеу нөмірі мен күні, салық төлеушінің тіркеу нөмірі немесе бар болса бизнес - сәйкестендіру нөмірі, жылжымайтын мүлікке меншік құқығын және осы құқықтарға ауыртпалықтарды тіркеу туралы мәліметтер болуға тиіс.

Ақпарат кредиттік бюро мен ақпарат беруші арасындағы келісім бойынша, олар жасасатын ақпарат беру туралы шарт негізінде, егер бұл Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген талаптарға қайшы келмесе, толықтырылуы мүмкін.

6. Шарттағы ақпаратты қағаз түріндегі жеткізушімен беруі көзделген жағдайларды қоспағанда, ақпарат берушілер кредиттік бюроға ақпаратты электрондық жеткізушімен береді.



7. Кредиттік бюро алған ақпараттағы бұрмалау тіркеуші органның немесе кредиттік бюроның техникалық қателерінің салдарынан, олардың қызметкерлерінің өзге де іс-әрекеттерінің немесе әрекетсіздігінің салдарынан орын алған жағдайда, онда тіркеуші орган болдырған бұрмалаушылықты анықтаған күннен бастап он жұмыс күн ішінде бұрмалауды анықтаған күні ақпарат берушіде бар ақпаратты кредиттік бюроға береді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет